№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
119
бірлікте ұстайтын, олардың арасында үлкен мәртебеге ие жас аналықты ӛзі таңдап
орнына қояды. Біраз уақыт оған ӛзінің іс-тәжірибесін үйретеді. Отбасын басқарып
алып кететін жағдайда ӛз тағын түгелдей жас аналыққа тапсырады.
Бал арасының аналығы отбасы мүшелерінің ыңғайына қарап жұмыс береді. Ең
алдымен үйшігін, аналығын күзететін қарауылдарын орын-орындарына қояды.
Аналыққа кіргенше қарауылдарын екі-екіден үш есікке қояды. Әрқайсысының ӛз
міндеттері бар. Гүл шырынын жинауға кеткен аралар шырын әкелді ме, жоқ па, бұл
жағын мұқият қадағалайтын аралар ӛз алдына бір тӛбе. Егер біреуі жалқауланып,
шырын әкелмесе, қарауылдары басын кесіп тастайды. Осындай мықты қадағалау
болғанменен, кейде шырынсыз ӛтіп кететіндері аз да болса кездеседі. Ондай
жалқаулар
аналықтағы шырынды тартып жеп, тез ӛсіп, үлкейіп кетеді.
Омарташы бал шелекті ашып, осындай арамтамақтарды дер кезінде
залалсыздандырып отырады. Қарауылдарын орындарына қойған соң барлаушылары
мен ауа-райын зерттеушілерді таңертеңнен ұяшығынан ұшырады. Олар алдымен
жақын арада күн жылы бола ма, қандай ӛзгерістер сезілетінін, ал барлаушылары
шамамен он шақырымдай жерлерге ұшып барып, қай жерде шырын кӛп, оған қалай
баруға болады, осының бәрін жақсылап тексеріп, жұмыстары аяқталған соң,
аналыққа белгі береді. Аналық осылардың тексерісінен кейін бал шырынын
жинайтын араларды бір мезгілде ұшырады. Олар шамамен он шақырымнан аса
жерлерді аралап, мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып бал жинайды.
Осындай алыстарға ұшып барса да, күн жүйесіне қарап, шыққан ұясын дәл
табады. Ауа-райы күрт ӛзгеріп, жауын-шашын бола қалса, жақын арадағы кез келген
бал арасының ұясына кіріп, күн ашылғанша сауғалайды. Келген қонаққа мұндағы
аралар күн ашылғанша ұясына отыруға рұқсат етеді. Күн ашылған соң қайтадан
ұясынан шығарып жібереді. Мұндай тәсіл аралар арасында жиі ұшырасады. Күн
ашықта келген араны бірден ӛлтіреді.
Аралардың арасында жауынгерлері де бар, олар ӛз шекараларын, ұясын
сыртқы-ішкі жауларынан да жақсы қорғайды. Бір қызығы, бал жиналған бӛлмелерге
ӛзінің иесі – аналықтан басқаның кіруге рұқсаты жоқ. Аналық балды жасап,
әрқайсысының жаздайғы табысына қарай бӛліп береді. Әрбір уақыт, күн мен айлар
есептеулі. Ала жаздай ерінбей жақсы еңбек еткен аралар қысы-жазы тоқ болады.
Ерте кӛктемнен жалқауланған аралар жақсы тұратын, ауқатты араларды кӛре
алмай, кейде оларға шабуылға шығып, соғыс ашады. Кім күшті, жеңіс соныкі.
Жеңілген жақ қолға түскенмен, кеудеден жаны шыққанша шайқасады. Осындай
ақылсыз мақұлықтарға Алла Тағала ерекше сезімталдық, күш-жігер, бірі үшін бәрі
жұмыла жүк кӛтеру, отанын қорғау, жас араларды жетілгенше бағып-баптау,
олардың жатар орнын ауыздарымен тазалап, ықтиятты ұстау, дер кезінде
тамақтандыру сияқты жұмыстарды атқаруды тамаша кӛрегендікпен берген. Тағы бір
айта кететін жағдай – жаздың ыстығында ӛзінің жұмыртқаларымен ара бейнесіне
айналып келе жатқан ұрпақтарын ыстықтан қорғау үшін қанаттарын сабалап,
желдету, суық кезде бӛлмелерін жылылап, тегі болмаса, қанаттарымен қалқалап,
жылу жібереді.
Иә, гүлден-гүлге қонып жүретін кішкентай ғана араның табиғи таза
ресурстарды сақтап қана қоймай, оны кӛбейтуде кӛп рӛл атқарады.
Кӛптеген таза ӛнімдердің ӛндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз
жәндік – осы ара. Олар жиналған әртүрлі ӛнімдерді зиянды заттардан тазартады.
Араларды жергілікті жердің экологиялық жағдайын жақсартуға да қолданады.
Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіре алатын да қасиетке ие. Қалай дейсіз
ғой. Аралар барлық ӛсімдіктерді аралап жүріп, олардың тозаңдану процесін
жақсартады. Аралар ұшқан жерде шӛп бітік әрі тығыз шығады. Әртүрлі дала