№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
68
туады. Жаңа технология оқушының ӛзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы –
оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.
Осы заман талабына сай, әр мұғалім, ӛз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды
сабақтардан гӛрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды ӛз сабақтарында
күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сӛзсіз.
Бұл жӛнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу», - деп атап кӛрсеткен.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта ӛркениетті,
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды
дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан,
қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-
тәжірибесі зерттеліп, білім мекемелерінің ӛміріне енуде. Білім сапасын арттыру және
нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт
берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен
дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық-
коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады.
Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек кәсіби
икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін
үнемі оқып-үйрену және ӛзін-ӛзі қалыптастыру талабын қалыптастыра алады.
Ӛзінің кӛптеген еңбектерінде ойынның бала ӛміріндегі маңызына үлкен мән
берген ғалымдар аз емес. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең
бастысы баланы – мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақтастықта болуға
үйретеді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені
танудың тәсілі. Ойын балаларға ӛмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолын
үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Сабақта оқушы қызығушылығын арттыру үшін ойын-сабақтарын жүргізу ӛте
тиімді. Ойын жӛнінде белгілі педагогтардың айтуынша, ойынсыз ақыл-ойдың
қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге
құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре
отырып ӛтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Яғни,
мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек.
Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы рӛлін арттыра түсу қажет. Сонда
ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі. Ойын баланың кӛңілін ӛсіріп,
ойын сергітіп қана қоймайды. Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып,
жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне
сенімді кӛмекші бола алады. Ӛйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне
байланысты ойынға ӛте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі
қызығып орындайтын болады.
Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы
басты
құрал.
Ойын
барысында
балалардың
белсенділігі,
шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға ӛз
қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің ӛзара байланысы ғылыми түрде анықталды.
Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
69
әлеуметтік
факторлармен
келісімі
жӛнінде
кең
қарастырылуда.
Ойын
технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін
педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең кӛлемді топтарын біріктіреді,
оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және
оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне
сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне
ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының кӛмегі арқылы
құрылады.
Ойындар оқушылардың ой-ӛрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар,
үйретілген, ӛтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді.
Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар,
сӛздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау
барысында үйренген сӛздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада
қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста
жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру
жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін
пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында
пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны
тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың
сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ
балаларға кӛңілді, жеңіл келеді.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын, біріншіден, білу және үйрену,
екіншіден, адамның ойнай отырып, ӛзіндік білім алуы ӛмір тәжірбесін жинақтауға
кӛмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері
бар. Ол дем алу, кӛңіл кӛтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам
қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте кӛрініс табады. Ойынды ерте
заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған.
Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде
кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну
үшін ӛздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе
оның бір бӛлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде
қолданылады.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат – оларды мектептегі оқуға,
ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру, ойлау, сӛйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс
түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау
белсенділігін қажет етеді.
Ойын ӛткізудің ережелері мынадай:
1. Ойын – оқытудың маңызды, байыпты түрі.
2. Ойын барысындағы кӛтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек.
3. Балалардың барлығы үздіксіз іс-әрекетте болуы керек. Ойынға барлық
оқушылар қатысуы керек.
4. Ойынды сырттан бақылап тұруға болады. Сіздің кӛмегіңізсіз ойын
жалғаспайтын жағдайда ғана ойынға араласу қажет. Ойын барысында қиындық
туындаса, шара қолдануға асықпаңыз. Оқушыларға проблеманы шешу үшін
ойлануға уақыт беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |