№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет32/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
66 
үйретеді. Мысалы: 6 сыныпта «Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр 
жүйесінің  типтері:  кіндік  және  шашақ  тамырлар»  тақырыбы  бойынша  сабақта 
оқушыларды  үш  топқа,  топтарға  әр  түрлі  тамыр  түрлерін,  яғни  «Негізгі  тамыр», 
«Жанама  тамыр»,  «Қосалқы  тамыр»  етіп  бӛлуге  болады.  Әр  топ  әр  түрлі  суреттер, 
кестелер,  ақпараттар  жинап,  постер,  кластер  сызып,  тақтаға  ыңғайлы  етіп 
орналастырып,  әр  топ  кезегімен  ӛздері  жинақтаған  мәліметтерін  қорғайды,  қалған 
басқа топтар тыңдайды. Тамыр туралы кӛптеген қосымша мәліметтер алады. 
«Биология»  сабағында  тӛмендегідей  әдіс-тәсілдерді,  атап  айтқанда,  «Жұптағы 
ой қозғау», «Постер», «Кластерлер», «Жұптаса талқыла», «Серпілген сауал», «Еркін 
жазу», «Сұрақтар шеңбері», «Атаулар туралы үш сұрақ», «Ыстық орындық» сияқты 
тәсілдер оқушылардың сабаққа ынтасын арттырып қана қоймай, әрі білім сапасын да 
жетілдіріп,  функционалдық  сауаттылықтарын  қалыптастыруға    мол  ықпалын 
тигізеді.  Сондай-ақ  «Биология»  сабағында  тек  білім  беру  қызметін  ғана  емес, 
тәрбиелеу қызметін де атқаратындай 
жағдай  жасау  керек.  Мұндай  сабақтардың 
ӛтілуі  нәтижесінде  оқушыларда  бір-бірімен  сӛйлесе  білу  мәдениеті,  тәртіптілік, 
топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан 
безу қасиеттері қалыптасады. 
Жаңа технология стратегияларын оқу үрдісінде қолдану нәтижесінде: 
- Оқушылардың барлығы жұмыс жасайды
- Ойын ашық айтуға, жеке пікір айтуға дағдыланады; 
- Оқушы ӛзін еркін сезініп, жеке тұлға ретінде ізденеді, ой түйеді; 
- Оқушы ӛзін-ӛзі тексереді және бағалайды; 
- Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізеді; 
- Оқушылар арасында достық, ұжымдық қарым-қатынас орнатады; 
- Бәсекеге түсу қабілеті дамиды; 
- Пән аралық байланыс болады
-  Ауқымды  материалдан  қажетті  ақпаратты  тауып,  шешім  қабылдауға 
дағдыланады, сӛздік қоры дамиды. 
Сабақ  түрі  жаңа  заман  талаптарына  сай  ӛзгеріп,  жаңарып  отырса, 
жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-
түйсіктеріне  әсер  ете  білген  ізденістердің  пайдасы  ӛте  кӛп.  Ақыл-парасаттан  кӛрі 
сезім  түйсігі  ұшқыр  балаларға  кӛп  жағдайда  бағдарламалық  тақырыптарды  тосын 
тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. 
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  енгізу  –  оқыту  үрдісінің  тиімділігін 
арттырып  қана  қоймайды,  басқа  да  кӛптеген  мәселелерді  шешеді.  Оқушы 
мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, ӛз қабілетіне қарай таңдау, әрі  қарай 
білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану 
оқушылардың  сабаққа  деген  белсенділігін,  қызығушылығын,  танымдық,  ойлау 
қабілеттерін  арттырудың,  яғни  функционалдық  сауаттылықтарын  дамытудың 
бірден-бір кӛзі. 
Қорыта  келгенде, оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  – 
бүгінгі заман талабы. Осы орайда, бастауыш сыныптан бастап дұрыс үйрете білу ӛте 
маңызды. Педагогтің сабақ ӛту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті 
ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Ӛз мамандығын толық 
меңгерген  жоғары  деңгейлі  оқытушының  алдынан  шыққан  оқушы  –  ӛмір 
айдынындағы ӛз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін 
абырой,  яғни  үмітінің  ақталғаны,  әрбір  мұғалім  осыған  ұмтылса,  ұрпақ  алдындағы 
қарыздың ӛтелгені. 
Мұғалімнің сабағының ӛн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен 
шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда ӛз мақсатына жетеді. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
67 
Әдебиеттер 
1  Білім  беру  мекемелері  қызметкерлерін  ақпараттық-коммуникациалық 
технология  саласы  бойынша  біліктілігін  кӛтерудің  ғылыми-әдістемелік  негіздері.  – 
Алматы, 2012. 
2  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жӛніндегі  2012-2016 
жылдарға арналған Ұлттық жоспары // Ғылыми-әдістемелік журнал. – №4. – 2007. 
3  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жӛніндегі  2012-2016 
жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы). 
4  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан 
халқына Жолдауы. 
 
САЙМАҒАМБЕТОВА Нҧрсҧлу Тауленқызы, 
№6 орта мектебі «География» пәнінің мҧғалімі, Шалқар қаласы, 
Шалқар ауданы, Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
СИСЕНОВА Дина Ӛтебайқызы, 
№6 орта мектебі «Биология» пәнінің мҧғалімі, Шалқар қаласы, 
Шалқар ауданы, Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
САБАҚТАРДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Халық пен халықты, 
адам мен адамды 
теңестіретін нәрсе – білім. 
М. Әуезов 
Оқушыларға  қазіргі  заман  талабына  сай  жоғары  дәрежеде  сапалы  білім  мен 
тәрбие беруде әр пәнді оқыту жоғары ғылыми дәрежеде жүргізілуі керек. Қоғамның 
даму кезіңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық ӛзгерістер 
тәрбие  мен  білім  беру  жүйелерінің  ісін  жаңа  сатыға  кӛтеру  үшін  білім  саласында 
жаңа,тиімді әдіс-тәсіледерді қолданудың қажеттілігін дәлелдеп отыр. 
Жалпы  білім  беру  жүйесіндегі  және  мектеп  мұғалімінің  алдында  тұрған 
кӛлемді  әрі  жауапкершілігі  мол  міндеттердің  бірі  –  оқушыға  тиянақты  білім  беру 
болып  табылады.  Ӛз  мамандығын  шын  сүйетін,  ӛзі  оқытатын  пәнін  жақсы  кӛретін 
мұғалім  әрбір  сабағын  ерекше  дайындықпен  және  үнемі  ізденіс  үстінде  жүргізеді. 
Оқушылардың  ынтасын  арттыру,  пәнге  қызығушылығын  дамыту,  білімді  берік  те 
саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп, қолданады. 
Оқыту 
мен 
тәрбиелеу 
мақсатында 
жүргізілген 
жұмыстың 
тиімді 
кӛрсеткіштерінің  бірі  –  оқушының  белсенділік  қабілеттері  және  пәнге  деген 
қызығушылығын  ояту,  терең  де  мазмұнды  білім  беру,  ой-ӛрісін,  шығармашылық 
ізденісін  дамытып,  қазіргі  нарық  заманы  бәсекесіне  тӛтеп  бере  алатындай  білікті 
тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу. 
Зерттеушілер  жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  –  білім  сапасын 
арттырудың  бірден-бір  жолы  деп  кӛрсеткендей,  біздің  әр  күн  сайынғы  сабағымыз 
жаңа технологиямен ӛткізуді қажет етеді. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны 
қабылдауы,  ынтасы,  құштарлығына  кӛңіл  бӛлінуі  тиіс.  Мектептердің  оқу  үрдісіне 
жаңа  технологияны  енгізу  арқылы  оқу  сапасы  жақсарып,  дамыта  оқыту  жүзеге 
асырылып, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау