№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет35/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
72 
«Пошта»  ойыны.  Тақтаға  «Шығыс  Еуропа  елдері»  және  «Оңтүстік-Батыс 
Азия  елдері»  атты  екі  конверт  ілінеді.  Әр  топ  қажетті  географиялық  обьектілерді 
тауып, ӛз конвертіне салу керек. 
«Сыңарын  тап»  ойыны.  Ойынға  екі  топ  қатысады.  Топ  мүшелері  кезекпен 
шығып,  тақтаға  жазылған  таулардың,  шыңдардың,  олардың  биіктіктерінің 
сәйкестігін  тауып  жазады  (Кавказ,  Анды,  Кордильер,  Алтай,  Орал,  Гималай, 
Эльбрус,  Аконкагуа,  Белуха,  Народная,  Мак-Кинли,  Джомолунгма  –  6959,  6194, 
1899, 4506, 8848, 5642). 
Орындалу үлгісі: Кавказ – Эльбрус – 5642. 
«Телефон» ойыны. Телефон шырылдайды. Судың дыбысы анимация арқылы 
жіберіледі. Бір оқушы телефонды кӛтеріп: «Бұл тұщы су ғой, ол ӛзінің аз қалғанын, 
оны қорғау керектігімізді айтты», - дейді. Оқушылар суды қорғау керектігі жайында 
ортақ ойға келеді. 
«Номенклатура»  ойыны.  Бұл  ойында  географиялық  нысандарды  картадан 
кӛрсету арқылы жүргізіледі. 
«География»  сабағында  әр  кезде  пайдаланылатын  мұндай  ойын  элементтері 
оқушының  танымдық  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылық  бағытқа  жетелейді. 
Ойын арқылы оқыту технологиясы «Биология» сабақтарында кеңінен қолданылады. 
Мәселен,  8  сыныптың  «Эритроциттердің  оттек  пен  кӛмірқышқыл  газын 
тасымалдауы» тақырыбын қарастырайық. 
«Алтын  қақпа»  ойыны.  Ойын  барысында  үш  қақпа  ашылады.  Әр  қақпада 
тапсырмалар  беріледі.  Ол  қақпалар  ашылған  сайын  тапсырмалар  күрделене  түседі. 
Осы  ойын  арқылы  оқушылардың  білімдерін  тексеремін.  Сабақта  білімдерін  ортаға 
салып,  тапсырмаларды  мүлткісіз  орындатып,  сандықтағы  сыйлықты  алуға 
тырысады. 
І. Тас қақпа тапсырмасы: Сӛзжұмбақ шешу. 
І топқа: Сӛзжұмбақтың сұрағы: 
1. Организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі (Қан). 
2.  Қан  ұлпалар  мен  мүшелерге  қоректік  заттарды,  суды  минералды  тұздарды 
және дәрумендерді тасымалдайды (Ас қорыту). 
3. Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок неден құралады? (Фибрин). 
ІІ топқа: ІІ. Күміс қақпа тапсырмалары: 
Топ  басшылары  шығып,  күміс  қақпасындағы  2  хатты  оқып,  1  минут  ішінде 
ойланып, әңгіме құрастыру керек. 
І топқа – «Донор», ІІ топқа – «Реципиент» деген тақырыптарда ой қозғау керек. 
ІІІ.  Алтын  қақпа  тапсырмалары.  Тапсырмаларды  алғаш  орындап,  алтын 
қақпаны ашқан оқушы сандықтың тапсырмасын орындайды. 
Сандықтың  тапсырмасы:  Сандық  ішінде  әр  түрлі  тақырыпқа  байланысты 
суреттер беріледі, екі топ сол суреттерді анықтау керек. 
Биологиялық  кештерде  ойналатын  ойын  тҥрлері.  «Брейн-Ринг»  ӛткізу 
әдістемесі. Оқушылардың дүние танымын кеңейітіп, танымдық қабілетін ӛрістетуге 
«Брейн-ринг» зерделік-танымдық ойынын қолдану тиімді әрі қызықты болмақ. 
Бұл ойын мынадай мақсатты кӛздейді: 
1.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  оқылатын  пәндердің  жекеленген 
тақырыптары  мен  мәселелері  бойынша  балалардың  танымдық  қызығуын  ояту, 
ғылыми-мәдени білімін арттыру. 
2. Оқушыларды бағдарламалық материалдарды тереңірек меңгеруге, қосымша 
ақпарат кӛздерін пайдалануға тарту. Ойынға кӛбірек қатыстыру. 
Ойын ережесі. Ойын екі бӛлімнен тұрады: бастапқы кезең және финал. Кезеңде 
мезгілде  екі  топ  қана  қатысады  да,  3  ұпай  жинағаны  (финалдық  кезеңде  –  5) 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
73 
жеңімпаз болады. Ойын алдында жеребе тасталып, ойын әдістеріне («Айналмалы», 
«Олимпиадалық»  т.б.)  қарай  топтардың  қайсысы  қайсысымен  сайысатынын 
анықтайды. 
Топтарға сұрақ беріледі, оны талдауға бір минут бӛлінеді. Топ жауапқа дайын 
болса,  капитан  жалаушаны  кӛтеріп,  белгі  береді.  Жалаушаны  жүргізушінің  «Уақыт 
бітті»  деген  сӛзінен  бұрын  кӛтеріп  қойған  топ  «Фальстарт»  алып,  жауап  беру 
құқынан айырылады. Бұл жағдайда ойлануға қарастырылған 10 секунд уақыты бар, 
біріншінің берген жауабы қате болғанда да солай. 
Жүргізуші  сұрағына екі  топ та қате жауап берсе, келесінің  «құны»  бір ұпайға 
артады.  Екі  топ  үш  сұраққа  бірдей  қате  жауап  берсе,  кезең  тоқтатылады.  Олардың 
орнына басқа топтар келіп, жаңа кезең басталады. 
Финалдық кезеңде әрбір сұрақтың құны бір ұпайға ғана тең. Мұнда жүргізуші 
дұрыс жауаптарды міндетті түрде естіртеді. 
Ойын  барысында  қатысушылардың  кӛрермендермен  байланысуына  тыйым 
салынады, кӛмек беріліп қойған жағдайда, кӛмектесуші залдан қуылады. 
Барлық даулы жағдайда жүргізуші шешеді. 
Бүгінгі таңда білім беретін мектептердің міндетін ӛзінің талантын танып және 
оны  таныта  алатын  жан-жақты  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Ол 
үшін  ең  алдымен  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  маңызды  жақтарына  кӛп 
кӛңіл  аударуымыз  керек.  Оқушылардың  шығармашылығын  дамыту  педагогикада 
басым бағыт болып есептеледі. 
Жалпы  алғанда,  ӛркениеттің  прогрессивті  дамуының  негізгі  қозғаушы  күші 
шығармашыл  тұлға  екені  белгілі.  Ӛйткені  біздің  заманымыздың  электрондық, 
атомдық,  ғарыштық  пен  аталып  жатуының  ӛзі   адамның  ақыл-ойының,  санасының 
жетілгендігінің  кӛрінісі.  Сондықтан  оқушылардың  оқу  үдерісінде  дамуын  жүзеге 
асыру  білім  алу  кезіндегі  шығармашыл  белсенділігі,  ӛз  беттерімен  білімді  игеру 
дәрежелері  дидактика  мен  мектеп  ӛмірінде  үнемі  басты  мәселенің  бірі  болып  қала 
береді. 
Әлеуметтік  тұрғыда  адамның  белсенділігі  мен  дербестігі  оның  еңбегінің 
жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Ендеше оқушыларда 
осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып 
саналады. 
Жеке  тұлғаның  ақыл-ойын,  танымдық  үдерісін  жетілдірудің,  әлеуметтендіру 
мен  жан-жақты  тәрбиелеудің  кӛрсетткіші  ретінде  бағаланатын  оқу  үдерісінде 
оқушылардың  жас  және  дербес  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  ойын  әрекеттерін 
ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол. 
 
Әдебиеттер 
1 Есипова Б.П. Педагогика. – М., 1967. 
2 Баженова И.Н. Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан, 1990. 
3 «География және табиғат» журналы. – №2. – 2006; №3. – 2012. 
4 «География және табиғат» журналы. – №1. – 2014. 
5 «Биология және салауаттылық негізі» журналы. – №6. – 2011. 
6 Адам экологиясы, денсаулығы және ӛмірлік дағдылары. Әдістемелік құрал. – 
Алматы, 2010. 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау