49 шығарылым Бөлімдер: «Ет өнімдері өндірісі»


§ 108. Шұжық өнімдерін формалаушы



жүктеу 2,26 Mb.
бет4/9
Дата27.02.2018
өлшемі2,26 Mb.
#10812
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 108. Шұжық өнімдерін формалаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вакуум щприцтерде және автоматтарда толтырудың қажетті тығыздығы және қабығы мен фарштың шығу нормасын сақтай отырып фарш толтыру арқылы шұжық өнімдерін формалау. Жіп орауыш орнату және ауыстыру. қысым және босаған бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша вакуум шприцтерде реттеу. Рулет, балық және мойнын жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтардың, вакуум-шприцтердің құрылысы мен пайдалану ережесі; шұжық өнімдерінің мөлшері және сұрыбына қарай фаршпен толтыру тығыздығы және сапасына қойылатын талаптар; қабығы мен фарштың шығу нормасы.
§ 109. Шұжық өнімдерін формалаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вакуум щприцтерде және автоматтарда толтырудың қажетті тығыздығы және қабығы мен фарштың шығу нормасын сақтай отырып фарш толтыру арқылы шұжық өнімдерін формалау. Фаршталған шұжық, ысталған өнім және даналаған өнімдерді (формадағы ветчина, буженина, карбонат және т.б.) толық жасау. Шикізатты қарау, шашақтарын кесу, дәмдеуіштермен өңдеу, сүйегі мен сіңірлерін алып тастау. Шпикті пластарға кесу және оны өнімнің сұрыбына қарай мөлшері бойынша ұсақтау, тілін, шошқа етін, бұзау етін, сиыр етін, жұмыртқаны, майда және т.б. дайындау. Шұжықты формалау, қабығын кигізу. Толық орау және байлау. Формаға қалау, пісіруге және одан әрі өңдеуге жіберу. Даяр өнімнің шығу нормасын сақтау.

Білуге тиіс: қолданылатын шикізаттың сапалық белгілері мен түрлері; қабатты шұжықтар және басқа да шұжықтар, ысталған өнімдер мен даналаған өнімдердің фарштауға жартылай фабрикаттар іріктеу ережесі; шұжық өнімдерінің техникалық шарттары мен шұжық өнімдерінің шығу нормалары.
2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі


р/с№

Осы бөлімде ораналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2004 жылғы басып шығарылған

БТБА-ның қолданыстағы шығарылымы бойынша кәсіптердің атаулары



Разряд диапазоны

БТ

БА шығарыл

ым



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Шлям ұйыту аппаратшысы

4

Шлям ұйыту аппаратшысы

4

49

Ет өндіру

2.

Қан өңдеу аппаратшысы

4-6

Қан өңдеу аппаратшысы

4-6

49

-"-

3.

Альбумин өндіру аппаратшысы

4,

6-7


Альбумин өндіру аппаратшысы

4,

6-7


49

-"-

4.

Бульон

кубик өндіру аппаратшысы



4-5

Бульон

кубик өндіру аппаратшысы



4-5

49

-"-

5.

Тағамдық

май өндіру аппаратшысы



3-6

Тағамдық

май өндіру аппаратшысы



3-6

49

-"-

6.

Майлайтын

май өндіру аппаратшысы



4-5

Майлайтын

май өндіру аппаратшысы



4-5

49

-"-

7.

Техникалық

өнім өндіру аппаратшысы



2-7

Техникалық

өнім өндіру аппаратшысы



2-7

49

-"-

8.

Ет өнімдерін термиялық өңдеу аппаратшысы

3-6

Ет өнімдерін термиялық өңдеу аппаратшысы

3-6

49




9.

Ішек-қарынды термиялық өңдеу аппаратшысы

4

Ішек-қарынды термиялық өңдеу аппаратшысы

4

49

-"-

10.

Етті сүйектен ажырату құрылғысының аппаратшысы

5

Етті сүйектен ажырату құрылғысының аппаратшысы

5

49

-"-

11.

Конфискатты кәдеге жарату аппаратшысы

5

Конфискатты кәдеге жарату аппаратшысы

5

49

-"-

12.

Техникалық шикізатты химиялық өңдеу аппаратшысы

4

Техникалық шикізатты

химиялық өңдеу аппаратшысы



4

49

-"-

13.

Беконшы

3-6

Беконшы

3-6

49

-"-

14.

Қасапшы

2-6

Қасапшы

2-6

49

-"-

15.

Етті сіңірден

және ішек-қарыннан ажыратушы



2-4

Етті сіңірден

және ішек-қарыннан ажыратушы



2-4

49

-"-

16.

Ет және ет өнімдерін тұздаушы

2-5

Ет және ет өнімдерін тұздаушы

2-5

49

-"-

17.

Тері тұздаушы

2-5

Тері тұздаушы

2-5

49

-"-

18.

Жасанды шұжық қабық жасаушы

3-4

Жасанды шұжық қабық жасаушы

3-4

49

-"-

19.

Тері жұмсартқыш жасаушы

3

Тері жұмсартқыш жасаушы

3

49

-"-

20.

Лайка жасаушы

1-2

Лайка жасаушы

1-2

49

-"-

21.

Жартылай ет фабрикаттарын жасаушы

4

Жартылай ет фабрикаттарын жасаушы

4

49

-"-

22.

Табиғи шұжық қабығын жасаушы

1-5

Табиғи шұжық қабығын жасаушы

1-5

49

-"-

23.

Шек жасаушы

1-6

Шек жасаушы

1-6

49

-"-

24.

Шек және тігісті бақылаушы

6

Шек және тігісті бақылаушы

6

49

-"-

25.

Жемдеуші

1-3

Жемдеуші

1-3

49

-"-

26.

Теріні шелдеуші

5

Теріні шелдеуші

5

49

-"-

27.

Ет ажыратушы

3-6

Ет ажыратушы

3-6

49

-"-

28.

Ветеринарлық санитарлық ақауларды өңдеуші

4-5

Ветеринарлық санитарлық ақауларды өңдеуші

4-5

49

-"-

29.

Шаш, жүн және қыл өңдеуші

3

Шаш, жүн және қыл өңдеуші

3

49

-"-

30.

Шұжық өнімдерін өңдеуші

2-3

Шұжық өнімдерін өңдеуші

2-3

49

-"-

31.

Ет ұшаларын өңдеуші

3

Ет ұшаларын өңдеуші

3

49

-"-

32.

Мүйіз өңдеуші

2-3

Мүйіз өңдеуші

2

49

-"-

33.

Тері өңдеуші


2-5

Тері өңдеуші


2-5

49

-"-

34.

Пісірілген шұжық өндіру автоматының операторы

4-5

Пісірілген шұжық өндіру автоматының операторы

4-5

49

-"-

35.

Жартылай фабрикат өндіру автоматының операторы

2-4

Жартылай

фабрикат өндіру автоматының операторы



2-4

49

-"-

36.

Автоматты сосиска өндіру желісінің операторы

6

Автоматты сосиска өндіру желісінің операторы

6

49

-"-

37.

Фарш әзірлеу желісінің операторы

5-6

Фарш әзірлеу желісінің операторы

5-6

49

-"-

38.

Мал қабылдаушы

4-5

Мал қабылдаушы

4-5

49

-"-

39.

Техникалық өнімді елеуші

3

Техникалық өнімді елеуші

3

49

-"-

40.

Ішек-қарын аршушы

1-3

Ішек-қарын аршушы

1-3

49

-"-

41.

Ет өнімдерін арамен кесуші

3-5

Ет өнімдерін арамен кесуші

3-5

49

-"-

42.

Ет өнімдерін ораушы

2-4

Ет өнімдерін ораушы

2-4

49

-"-

43.

Ет өнімдерін кесуші

2-4

Ет өнімдерін кесуші

2-4

49

-"-

44.

Эндокриндік-ферменттік шикізат жинаушы

3

Эндокриндік-ферменттік шикізат жинаушы

3

49

-"-

45.

Эпителий жинаушы

3-4

Эпителий жинаушы

3-4

49

-"-

46.

Тері сұрыптаушы

3,6

Тері сұрыптаушы

3,6

49

-"-

47.

Фарш жасаушы

4-6

Фарш жасаушы

4-6

49

-"-

48.

Тері тұздықтаушы

3,5

Тері тұздықтаушы

3,5

49

-"-

49.

Шұжық өнімдерін формалаушы

1-5

Шұжық өнімдерін формалаушы

1-5

49

-"-



«Сүйек өңдеу және желім өндірісі» бөлімі
§ 1. Газбен консервілеу аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті газбен консервілеу аппаратшысының басшылығымен күкірт ангидридімен немесе күкірт қышқылымен сутегі тотығымен газ аппараттарда және құрылғыларда өңдеу арқылы желім және желатин бульондарды консервілеу процесін жүргізу. Күкірт пештер мен газды аппараттарды жұмысқа жіберу. Күкірт ангидриді мен буланған бульондарды газ аппараттарына жіберу. Өңделген бульондарды уақытылы құю және өндірістік кейінгі сатысына жіберу. Сынама алу және талдау жүргізу. бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бульондарды өңдеу дәрежесін айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі, күкірт ангидридін алудың технологиялық процесі; бульондарды концентрациялауға байланысты консервілеу режимдері, желім және желатиннің физикалық-химиялық қасиеті; консервілеу жолымен бульон өңдеудің технологиялық процесі.
§ 2. Газбен консервілеу аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күкірт ангидридімен немесе күкірт қышқылымен сутегі тотығымен газ аппараттарда және құрылғыларда өңдеу арқылы желім және желатин бульондарды консервілеу процесін жүргізу. Күкірт пештер мен газды аппараттарды жұмысқа жіберу. Консерванттар мен бульондардың сапалық көрсеткіштеріне байланысты консервілеу режимін айқындау. Күкірт, күкірт қышқылы және сутегі тотығының қажетті мөлшерін есептеу және әзірлеу. Күкірт пештерінің режимін, буланған бульон және күкірт ангидридін газ аппараттарына жіберу режимін реттеу. Баллондағы күкірт ангидридін, булағыштағы майды, қанықтыру бачогындағы суды тексеріп отыру. Күкірт ангидридінің бітуіне қарай баллондарды ауыстыру. Газдың температурасын, қысымын және түсу жылдамдығын және басқа да технологиялық режимдердің басқа да параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және жүргізілетін талдаулардың нәтижелері бойынша бақылау. Өңделген бульондардың уақытылы құйылуын қамтамасыз ету. Технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін жою. Жөндеуден жабдықты қабылдау. Жабдықтың, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен қорғану айлабұйымдарының жағдайын тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және пайдалану ережесі, жөндеуден қабылдау; күкірт, күкірт газының шығу нормасы; бульонның концентрациясына байланысты консервілеу режимдері; газ температурасы, қысымы мен жылдамдығын бақылау тәсілдері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережесі.
§ 3. Казеин желімін өндіру аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті казеин желімін өндіру аппаратшысының басшылығымен кезеңімен істейтін аппараттарда казеин желімін жасау процесін жүргізу. Желім компоненттерін дайындау: казеин, фтористі натрий, әк, мыс купоросы. Оларды ұсақтау және ылғалдық дәрежесін айқындау, өлшеу және аппараттарға қатаң белгіленген тәртіпте салу. Даяр өнімді алу, ыдысқа салу, өлшеу және этикетка жапсыру. Рецепторлық журналда жазба жүргізу. элеваторлардың, араластырғыштардың, аэрозольтранспортерлер мен желдеткіш жүйелерін қарау және жұмысқа дайындау. Жабдықты тазалау және майлау. Шикізат және материалдарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы: казеин желімін (казеин, керосин, фтористі натрий, әк, мыс купоросы) өндіруге арналған шикізаттың және даяр өнімнің химиялық қасиеті; казеин желімінің сапалық көрсеткіші; казеин желімін жасау рецептурасы; казеин желімінің мемлекеттік стандарттары.
§ 4. Казеин желімін өндіру аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен істейтін уату агрегатында казеинді уату процесін жүргізу. казеин желімін өндіруге арналған шикізатты іріктеу. Белгіленген сыртқы белгілеріне қарай казеин желімінің сұрыптылығын айқындау. Желімнің аталған түрін жасау үшін қажетті казеин мөлшерін есептеу. Казеиннің қажетті сұрыптылығын, ылғалдығын және уатылуын желімнің маркасына қарай іріктеу. Уату машинасының діріл транспортерін, циклонды, центрифугалды жұмысқа дайындау және олардың тетіктерін майлау. Казеинді уату агрегатына пневмотранспортермен немесе қолмен біркелкі жіберу. Уатылған казеинге талдау жүргізу. казеинді одан әрі өңдеуге жіберу. Уату агрегатының жұмысын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: уату агрегатының құрылысы және пайдалану ережесі; казеиннің физикалық-химиялық қасиеті; казеиннің сұрыптылығының сыртқы белгілері; бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері, қызметі, пайдалану ережесі; пайдаланылатын шикізаттың сапасы мен оның уатылу дәрежесіне қойылатын талаптар.
§ 5. Казеин желімін өндіру аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен істейтін агрегаттарда казеинді желім жасау процесін жүргізу. Желім компоненттерінің мөлшерін есептеу, өлшеу және қатаң белгіленген тәртіпте аппараттарға аэротранспортермен немесе қолмен жіберу. Желім жасау процесін қадағалау және шикізат және материалдарды оңтайлы пайдаланылуын сақтау. Желім араластыру процесінің ұзақтығын айқындау және реттеу. Жабдықтың бірқалыпты жұмыс істеуін қадағалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы; казеин желімін (казеин, керосин, фтористі натрий, әк, мыс купоросы) өндіруге арналған шикізаттың және даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеті; барлық маркадағы казеин желімінің сапалық көрсеткіштері; казеин желімін жасау рецептурасы және оның компоненттерін есептеу ережесі; казеинді желімнің компоненттерін араластырудың режимі; казеин желімінің мемлекеттік стандарттары.
§ 6. Сүйек желімін өндіру аппаратшысы

4-разряд

Характеристика работ. Анағұрлым жоғары білікті сүйек желімін өндіру аппаратшысының басшылығымен кезеңімен істейтін диффузионды аппараттарда желім зат алу процесін жүргізу. Белгілі бір жұмыс кестесіне диффузорлар орнату. Диффузорларды салу және түсіру. Диффузия процесінің аяқталғанын және желім заттарды алудың болғандығын айқындау. Желім бульондарын бульон жинағыштарға жіберу. Жабдық жұмысын тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; бу, су және бульонды коммуникациялардың орналасу тәсімдері; диффузорларды салу және түсіру ережесі; даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
§ 7. Сүйек желімін өндіру аппаратшысы

6-разряд

Характеристика работ. Кезеңімен істейтін диффузионды аппараттарда желім зат алу процесін берілген технологиялық режим бойынша жүргізу. Диффузияның қажетті тәсімін іріктеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және талдау нәтижелері бойынша берілген режимдерге сәйкес технологиялық процесс параметрлерін реттеу. Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; желім заттарды алудың технологиялық процесінің параметрлері мен реттеу ережесі; ақуыз шикізатының қасиеті, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою ережесі.
§ 8. Шелдеу желімін өндіру аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті шелдеу желімін өндіру аппаратшысының басшылығымен кезеңімен және үздіксіз істейтін шелдеу желімі бульондарын жасау және өңдеу процесін жүргізу. Шикізат, су және буды пісіру аппараттарына жіберілуін реттеу. Бульондарды фракциялық әдіспен пісіру процесін жүргізу. майды май жинағышқа кезеңімен құйып отыру, жүргізілген талдамалардың нәтижелері бойынша пісірудің аяқталғанын айқындау. Бульондарды тазалауға айдау. Сүзгі сығымдағыштар мен сепараторларда бульон тазалау процесін жүргізу. Күкірт қышқылы мен қалайы ерітіндісін консервілеу үшін әзірлеу. Бульондарды консервілеу процесін қадағалау. Кезеңімен сынама жасау. Бульон концентрациясын айқындау. Бульондарды өңдеудің кейінгі сатысына айдау. Жабдықты қарау және жұмысқа дайындау. Жабдықтар мен бульон жинағыштарды зарасыздандыру немесе химиялық өңдеу. Шикізат, материалдарды, бу, су және электр энергиясының шығу нормаларын сақтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, пайдаланылатын шикізаттың физикалық-химиялық қасиеті; шелдеу желімі бульондарын жасау және өңдеудің технологиялық процесінің режимі; шелдеу желімі бульондарының сапалық көрсеткіштері; олардың бұзылуының себептері мен бұзылудың алдын алу және жою тәсілдері, күкірт қышқылды қалайының шығу нормалары мен сұйық желімнің концентрациясына байланысты шелдеу желімі бульондарын консервілеу режимі.
§ 9. Шелдеу желімін өндіру аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен және үздіксіз істейтін түрлі шикізаттан жасалған шелдеу желімі бульондарын жасау және өңдеу процесін жүргізу. Шикізат, желім компоненттерінің рецептуралық есептерін дайындау. Шикізатты аппараттарға салуды реттеу. Желім компоненттерінің температурасын, қысымын, ұзақтығын, жылдамдығын, сондай-ақ бульон концентрациясы мен басқа да технологиялық режим параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша бақылау. Пісіргеннен және сепарирлегеннен кейін майды кезеңімен құю және майды тазалау бөлімшесіне жіберу. Жабдықтарды жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдап алу. Стандартты өнімнің шығуын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы; желім шикізатының және шелдеу желімі компоненттерінің физикалық-химиялық қасиеті; шикізат және шелдеу желімі компоненттерінің шығу нормалары; шелдеу желімінің мемлекеттік стандартары, қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдап алу ережесі.
§ 10. Силикатты желім өндіру аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті силикат желім өндіру аппаратшысының басшылығымен айналып тұратын немесе стационарлық автоклавтарда силикат желім пісіру процесін жүргізу. Су және будың баруын, силикат желімнің автоклавтарға жіберілуін реттеу. Желімді жинағыштарға құю. Желімді құю станцияларына сорғымен және теміржол цистерналарына айдау. Құю станцияларындағы желімді бочкаларға құю.

Білуге тиіс: стационарлық және айналып тұратын автоклавтарды қолдану қағидаты, силикат желімге арналған бу және су коммуникациялары мен құбыржолдарының тәсімдері; қысыммен істейтін аппараттардың жұмыс істеу ережесі; силикат желімнің сапасына қойылатын талаптар.
§ 11. Силикатты желім өндіру аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Айналып тұратын немесе стационарлық автоклавтарда силикат желім пісіру процесін жүргізу. Желім компоненттерінің есебін жасау. Су, бу беруді реттеу және силикатты шикізатты автоклавтарға салу. Силикатты желім концентрациясын жүйелі түрде іріктеу және тексеру. Желімді құю станцияларындағы жинағыштарға және теміржол цистерналарына сорғымен айдау. Ауыспалы технологиялық журнал жүргізу. Аппаратураны, жабдықтарды, өлшеу аспаптарын, құралдардың жарамдылығын тексеру және олардағы ұсақ кемшіліктерді жою. Арнайы майлау материалдарын дайындау.

Білуге тиіс: стационарлық және айналып тұратын автоклавтардың құрылымы; силикат желім компоненттерін есептеу тәсілдері; қысыммен істейтін аппараттарда жұмыс істеу ережесі; силикат желімнің мемлекеттік стандарты; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жоюдың ережесі.
§ 12. Қабықшаны жетілдіру аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Илейтін заттары бар коллагеннің рН ылғалдығын теңестіру және химиялық әсер етуі мақсатында жетілдіру камерасындағы қабаттың беті бойынша қабықшаны жетілдіру процесін жүргізу. Көлік құралдары арқылы камераларға қабықшасы бар бобиндерді жіберу, оларды партиялары, жетілдіру түрлері және мерзімдері бойынша орналастыру. Қабықшаны ылғалдандыру режимін белгілеу. Технологиялық режимдерге сәйкес бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша камераға үздіксіз және біркелкі су және ауа жіберілуін реттеу. Су шашу жөніндегі аппаратқа қызмет көрсету. Қабықшаны жетілдірудің технологиялық параметрлерін кезеңімен өлшеу. Сынама алу. Қабықшаның дайындығын органолептикалық түрде және зертханалық талдау деректері бойынша айқындау. өңдеудің мөлшері, түр-түрі және түрлері бойынша өндірістік партияларды құрастыру үшін қабықшаларды сұрыптау. Ақаудың түрі бойынша сыныптауышқа сәйкес қабықшаның жетілуін іріктеу.

Білуге тиіс: қабықшаның жетілу процесін жүргізудің технологиясы және оның режимі; қабықшаның физикалық-химиялық қасиеті; қызмет көрсетілетін жабдықтар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, жұмыс істеу қағидаты, көлік құралдарын пайдалану ережесі; қабықшаның стандартты ылғалдық нормасы; қабықшаның жетілу дайындығын анықтау әдістері; қабықшаны ылғалдандыру режимдерін реттеу тәсілдері.
§ 13. Желім және желатин кептіру аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі кептіргіштерде желім және техникалық желатин кептіру процесін жүргізу. кептіргіштердегі желім және техникалық желатині бар вагоншаларды толтыру, орналастыру және жарысуын реттеу. Желім галертасы қабатын кептіру, концентрациясын және қалыңдығының температуралық режимін, кептіргіштердің желдеткіш құрылғылары мен калориферлерінің жұмысын бақылау-өлшеу аспаптары бойынша қадағалау және реттеу. Кептіру аппаратының аймақтары бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдығын және температураны айқындау, желім және техникалық желатин плиткаларын біртегіс кебуін айқындау. Кептіру процесінің аяқталғанын зертханалық талдау деректері бойынша айқындау. Кептіргіш арналардағы желімді сұрыбына қарай есептеу. Кептіру камераларына қажетіне қарай желім және техникалық желатині бар вагоншалар салу; құрғақ желімді түсіру, кептіргіш арналарды күкірт газымен газдау. Жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен қосалқы жабдықтардың түрлі үлгідегі кептіргіштердің құрылымдары мен жұмыс істеу қағидаты; желімнің, техникалық желатиннің және атмосфералық жағдайларының физикалық-химиялық қасиетіне байланысты кептіру процесінің режимін; желім және желатиннің мемлекеттік стандарттары, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою ережесі.

Анағұрлым жоғары білікті желім және желатин кептіру аппаратшысының басшылығымен түйіршіктелген және қабыршақталған желімді кептіру процесін жүргізуде – 4-разряд.


§ 14. Қайнатылған сүйекті кептіру аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз істейтін кептіру барабандарында қайнатылған сүйектерді кептіру процесін жүргізу. Қайнатылған сүйектерді қабылдағыш бункерлерге біркелкі етіп тарату; сүйектерді кептіру барабанына жіберілуін реттеу. Кептіру процесінің технологиялық режимін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша реттеу. Шнекті транспортерлердің, кептіру барабандарының, элеватор электромагнитінің жұмысын қадағалау. Кептіру агрегатын, қоршаулар мен қорғау айлабұйымдарын тексеру. Қабылдағыш бункерлерді, шнекті транспортерлерді және элеваторларды бөгде заттардан тазарту. Кептіру агрегаты жабдықтарын іске қосу және белгілі бір кезектілікте тоқтату. Шығарылатын өнімнің шығу нормаларын қадағалау және сапасын бақылау.

Білуге тиіс: кептіру агрегатының құрылымы және жұмыс істеу қағидаты, қайнатылған сүйектерді кептіру процесінің технологиялық режимі; құрғақ будағы ылғалдықты айқындау ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою әдістері; қайнатылған сүйектің мемлекеттік стандарттары.
§ 15. Диффузорларды тиеуші (түсіруші)

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диффузорларды қолмен немесе механизмдердің көмегімен тиеу және түсіру. Элеваторлардың, жуу барабандарының, тар теміртабандардың, айналмалы дөңгелектер мен вагоншалардың тиейтін көлік механизмдерінің жұмысын тексеру және сынамалау. Диффузорларды шрот тиеуге дайындығын тексеру. Шротты транспортерге біркелкі таратылуын қадағалау және оны диффузорлар бойынша қызметіне қарай (желім және желатин өңдеуге) бөлу. Буланған сүйекті диффузорлардан рельсті вагоншаларға немесе арбаларға түсіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы; пайдаланылатын шикізаттың түр-түрі, шрот тиеу нормалары мен кезеңділігі; диффузорлардың орналасуы және нөмерленуі; қызметіне қарай буланған сүйек пен шроттың сапасына қойылатын талаптар.
§ 16. Сүйрейтін машинаның машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сүйрейтін машинада коллагенді жұқа талшық пленкасын алу мақсатында кесікті сүйреу процесін жүргізу. Ұсақталған кесікті машинаның жұмыс органдарына біркелкі етіп жіберу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша өңдеу режимдерін реттеу. Кесікті сүйрету дәрежесін және температурасын бақылау. Сүйретілген шикізаттың сапасын органолептикалық түрде бағалау. Сүйрету процесінің технологиялық параметрлерден ауытқудың ықтимал себептерін айқындау және жою. Жинақтағыш бункерлерге қызмет көрсету. Сүйретілген кесікті белгілі салмақ пропорциясында арбаларға салуды бақылау. Арбаларды өлшеу, партияларды таңбалау, тоңазытқышқа жіберу. Жабдықты іске қосу және тоқтату, оны жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау.

Білуге тиіс: кесіндіні сүйретудің технологиялық процесі және оның қызметі; қолданылатын шикізатқа қойылатын талаптар, және даяр сүйретілген кесіндінің органолептикалық көрсеткіштері; сүйрету режимдері; негізгі және қосалқы жабдықтарды қолдану принципі және пайдалану ережесі.
§ 17. Сүзгі сығымдағыш машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті сүзгі сығымдағыш машинисінің басшылығымен механикалық ластықтарды, кесіндінің сүйретілмей қалған қалдықтарын және массаның жабысқақтығын көбейту мақсатында гидравликалық сүзгі сығымдағышта коллаген массаны сүзгілеу және гомогендеудің технологиялық процесін жүргізу. Жабдықты жұмысқа дайындау. Коллаген массаны сүзгі сығымдағыштың аударатын құрылғысына жіберу. Сүзгі сығымдағыш цилиндрлерін коллаген массамен толтыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша масса өңдеу режимін реттеу. Жабдықты іске қосу және тоқтату. Жабдықты жөндеуге дайындау, оны жөндеуден қабылдап алу.

Білуге тиіс: коллаген массаны сүзгілеу және гомогендеу процесстерін реттеу технологиясы, режимі және ережесі; қысыммен істейтін технологиялық жабдықты қолдану қағидаты мен пайдалану ережесі.
§ 18. Сүзгі сығымдағыш машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалық ластықтарды, кесіндінің сүйретілмей қалған қалдықтарын және массаның жабысқақтығын көбейту мақсатында гидравликалық сүзгі сығымдағышта коллаген массаны сүзгілеу және гомогендеудің технологиялық процесін жүргізу. Цилиндрлерді сүзгі құрылғыларына біркелкі толтыруды, құбыржол бойынша сүзгілеу құрылғысына коллаген массаны жіберуді реттеу және қадағалау. Массаның тазалық деңгейі мен жабысқақтығын бақылау. Сүзгі сығымдағыштар мен бақылау-өлшеу аспаптарының барлық тораптары мен тетіктерінің жұмысын реттеу. Массаны сүзгілеу және гомогендеу процесінде технологиялық режимнен ықтимал ауытқу себептерін айқындау және жою.

Білуге тиіс: коллаген массаны сүзгілеу және гомогендеу процесстерін реттеу технологиясы; коллаген массаның физикалық-химиялық қасиеті; қысыммен істейтін технологиялық жабдықты қолдану қағидаты мен пайдалану ережесі.
§ 19. Шрот жылтыратушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шротты құрғақтай және сулап жылтырату процесін жүргізу. Шротты жылтырату және калибрлеу барабандарына, азотты қалдықтарды елек бураттарға біркелкі жіберуді, сондай-ақ су қысымы мен температурасын реттеу. Жылтырату және калибрлеу барабандарының, транспортерлердің, элеваторлардың, тұндырғыштардың жұмысын қадағалау. Жылтырату барабандарын, транспортерлерді, элеваторларды іске қосу. Майсыздандырылған сүйектерді экстракторлардан транспортерлерге біркелкі етіп жібере отырып түсіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және пайдалану ережесі; қолданылатын шикізаттың қасиеті және жылтыратылған шроттың сапасына қойылатын талаптар.
§ 20. Коллагенді жгутты сығымдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ирек сығымдағышта коллаген массаны жгуттаудың технологиялық процесін жүргізу. Коллагенді массаның ирекше сығымдағышта біркелкі жіберілуін реттеу және қадағалау. Ирекше сығымдағыштан үздіксіз шығып отыратын жгутты спираль тәрізді поллитирлейтін кәрзеңкелерге қалау. Сығымдағыш және бұрып қалайтын құрылғының және қосалқы жабдықтар жүйесін жұмыс басталардан алдын тексеру, сынамалау және дайындау. Жгут массасын ирекше сығымдағыштан шығардағы температурасы мен диаметрін бақылау. Коллаген массасының әрбір партиясын таңбалау. Кәрзеңкелерді қалайтын құрылғылардан түсіру және оларды өңдеудің кейінгі сатыларына жіберу. Жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

Білуге тиіс: коллаген массасын формалау процесстерінің қызметі, коллаген массаны жгуттаудың технологиялық процесс режимдері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы, қолдану қағидаты, қызмет көрсету және пайдалану ережесі; таңбалауға арналған коллаген массасы сапасының мен қабықша диаметрлерін көрсетудің параметрлері.
§ 21. Желім шикізатын қабылдаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сүйек немесе жұмсақ шикізатты өндіріске қабылдау. Шикізат сапасы мен санын тексеру, шикізаттың ластану деңгейінің түрін айқындау. Көтергіш-көлік құрылғысының көмегімен автомашиналардан шикізатты түсіру. Шикізатты жеткізу орнына тасымалдау. Желім шикізатын және бөгде заттарды іріктеу. Аспапты және жабдықтарды жұмысқа дайындау.автомашиналардан шикізатты қолмен түсіру, сүйектерді бункерлерге тасымалдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы; шикізат түрлері және олардың мемлекеттік стандарттары, шикізатты автомашинадан түсіру ережесі.
§ 22. Елеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен істейтін елек бураттарда шрот қалдықтарын елеу және сұрыптау процесін жүргізу. жабдықтарды дайындау және сынамалау. Шрот қалдықтарын елек бураттарға жіберуді реттеу. Жабдықты елеу сапасын және біркелкі салуды бақылау. Азот қалдықтарын кейіннен штабельге қалай отырып ыдысқа орау. Шроттың ірі бөліктерін қайталап жылтыратуға жіберу. Елек бетін бөлшектеу, құрастыру, тазалау және ауыстыру. механизмдерді тазалау және майлау. Жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы; шрот қалдықтарын елеу тәртібі; азот қалдықтарының сапасына қойылатын талаптар.
§ 23. Фторидті натрий және кесек әк елеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фторидті натрий және кесек әкті центрифугада елеу процесін жүргізу. Фторидті натрийді уату машиналарында алдын ала уату. Технологиялық жабдықты дайындау, тексеру және оның жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Фторидті натрий мен әкті апару, элеваторға жіберу. Центрифуганы іске қосу. Еленген фторидті натрий мен әкті пневмотранспортермен немесе элеватормен қабылдау бункерлеріне жіберу. Елеу талдамасын жүргізу. елеу талдамасы нәтижелері бойынша елеу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: елеу механизмдері мен тасымалдайтын құрылғылардың құрылымы және пайдалану ережесі; фторидті натрий және кесек әк қасиеттері мен сапалық белгілері; фторидті натрий және кесек әктің мемлекеттік стандарттары; елеу талдамасын жүргізу ережесі.
§ 24. Буланған сүйекті тартушы (диірменші)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шар диірмендерде кейіннен елей отырып буланған сүйекті тарту (ұсақтау) процесін жүргізу. Елеу талдамасының нәтижелері бойынша буланған сүйекті ұсақтау деңгейін реттеу. Ұсақтаудың берілген деңгейінен ауытқу себептерін жою. Тасымалдайтын құрылғылардың көмегімен шар диірменін біркелкі және үздіксіз толтырып отыру және пневмокөлік құрылғыларының көмегімен түсіру.

Білуге тиіс: шар диірменінің құрылымы; тартуға кететін шикізаттың сапасына және өнімнің сапасына қойылатын талаптар; буланған сүйек тарту сапасына қойылатын талаптар; сүйек ұнының ылғалдығын, қоспаны және тартуды айқындау ережесі.
§ 25. Сүйек сұрыптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сүйекті анатомиялық белгілері және қызметі бойынша сұрыптау, транспортердің көмегімен түсетін шикізаттан бөгде заттарды алып тастап, желатин бермейтін сүйекті іріктеу; уату машиналарына металл және басқа да желімделмейтін заттардың түсуін болдырмау. Аспап пен транспортерді жұмысқа дайындау, ішпектерді майлау. Сүйектің транспортерлік таспаға түсуін және транспортердің жұмысын қадағалау. Транспортерлерді іске қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: уату агрегатының құрылымы және пайдалану ережесі; сүйекті сұрыптау тәсілдері; желімделмейтін шикізаттың белгілері; сүйек өңдеу жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; сұрыпталатын сүйектің техникалық шарттары.
§ 26. Желім түсіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Желім плиткалары мен техникалық желатинді желатиндейтін үстелден және формалардан түсіру, және оны кептіруге жіберу. Желім плиткаларын рамалардан, торшалардан және сөрелерден кептіргеннен кейін түсіру және оларды орау. Желім плиталарын және техникалық желатинді түсіне, мөлшеріне, формасына және ылғалдығына қарай сұрыптау. Желім плиталарын және техникалық желатинді сұрыптары бойынша ыдысқа орау. Оралған өнімді жұмыс орнына жіберу, қаптарды тігу, биркалар мен этикеткаларды жапсыру.

Білуге тиіс: желім және техникалық желатиннің мемлекеттік стандарттары; желім мен техникалық желатинді сұрыптары, сыртқы түрі бойынша сұрыптау тәсілдері; даяр өнімді түсіру және қалау ережесі; желім және техникалық желатинді кептіруге арналған торлардың мөлшері; желім және техникалық желатин кептіру рамкаларын жөндеу және шпагатты тарту ережесі.

Желім және техникалық желатин кептіру торшаларын дайындау, қанарларды тігу және биркаларды байлау жөніндегі жұмыстарды орындауда-2-разряд.

Этикеткаларды жапсыру және желім плиткаларын есептеу жөніндегі жұмыстарды орындауда – 1-разряд.

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі


р/с№

Осы бөлімде ораналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2004 жылғы басып шығарылған

БТБА-ның қолданыстағы шығарылымы бойынша кәсіптердің атаулары



Разряд диапазоны

БТ

БА шығары

лым



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7




1.

Газбен

консервілеу аппаратшысы



4-5

Газбен

консервілеу аппаратшысы



4-5

49

Сүйек өңдеу




2.

Казеин

желім өндіру аппаратшысы



4-6

Казеин

желім өндіру аппаратшысы



4-6

49

-"-




3.

Сүйек

желімін өндіру аппаратшысы



4, 6

Сүйек

желімін өндіру аппаратшысы



4, 6

49

-"-




4.

Шелдеу

желімін өндіру аппаратшысы



4-5

Шелдеу

желімін өндіру аппаратшысы



4-5

49

-"-




5.

Силикат

желім өндіру аппаратшысы



3, 5

Силикат

желім өндіру аппаратшысы



3,5

49

-"-




6.

Қабықшаны жетілдіру аппаратшысы

3

Қабықшаны жетілдіру аппаратшысы

3

49

-"-




7.

Желім және

желатин кептіру аппаратшысы



4-5

Желім және желатин кептіру аппаратшысы

4-5

49

-"-




8.

Буланған

сүйекті кептіру аппаратшысы



4

Буланған

сүйекті кептіру аппаратшысы



4

49

-"-




9.

Диффузорды

тиеуші (түсіруші)



3

Диффузорды тиеуші (түсіруші)

3

49

-"-




10.

Сүйрейтін машина машинисі

4

Сүйретін машина машинисі

4

49

-"-




11.

Сүзгі- сығымдағыш машинисі

4-5

Сүзгі- сығымдағыш машинисі

4-5

49

-"-




12.

Шрот

жылтыратушы



4

Шрот жылтыратушы

4

49

-"-




13.

Коллагенді жгут сығымдаушы

3

Коллагенді жгут сығымдаушы

3

49

-"-




14.

Желім шикізатын қабылдаушы

4

Желім шикізатын қабылдаушы

4

49

-"-




15.

Елеуші

3

Елеуші

3

49

-"-




16.

Фторидті

натрий және

кесек әк елеуші


3

Фторидті

натрий және

кесек әк елеуші


3

49

-"-




17.

Буланған

сүйекті тартушы (диірменші)



4

Буланған

сүйекті тартушы (диірменші)



4

49

-"-




18.

Сүйек сұрыптаушы

3

Сүйек сұрыптаушы

3

49

-"-




19.

Желім түсіруші

1-3

Желім түсіруші

1-3

49

-"-


«Құс және қоян өңдеу» бөлімі
§ 1. Балауыз массасын регенерациялау аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бумен сумен қызатын қазандықтарда балауыз массасын әзірлеу және регенерациялау процесін жүргізу. Өңделген ластанған балауыз массаны қазандыққа жіберу, балауыз массаны қыздыру және араластыру. Балқытылған балауыз массаны ластықтардан центрифугада тазалау, таза балауыз массаны сақтау немесе балауыздау үшін бұлауға жіберу, центрифуганы тазалау және жуу. Балауыз массасын жіберу және ұсақтау, оны қазандыққа салу, балауыз массаны талап етілген температураға дейін қыздыру және ұшаларды балауыздауға арналған даярлық параметрлерін айқындау, даяр балауыз массаны сақтау немесе балауыздау бұлауына жіберу. Су немесе будың қазандыққа жіберілуін реттеу. Даяр балауыз массасының температурасын өлшеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы; балауыз массасын әзірлеу және регенерациялау процесінің технологиясы; балауыз массасының физикалық-химиялық қасиеттері; балауыз массасының қызметі және оны әзірлеудің технологиялық режимі.
§ 2. Балауыз массасын регенерациялау аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Температуралық режимді автоматты басқарылатын аппараттарда балауыз массасын әзірлеу және регенерациялау процесін жүргізу, сондай-ақ бұлауды балауыз массасы деңгейін толтыру. Ұсақталған балауыз массасын бу немесе сумен қызатын аппараттарға балқытуға ұсақталған балауыз массасын жіберуді реттеу, су немесе бу жіберуді реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша балауыз массасының температурасы мен басқа да технологиялық режим параметрлерін бақылау. Даяр балауыз массасын сақтау немесе балауыздау бұлауларына сорғылардың көмегімен айдау. Ұшалардан табиғи тұндыру немесе центрифугалау әдісімен алынған балауыз массасын оларды ластықтан тазарту мақсатында регенерациялау жөніндегі жұмыстарды орындау. өңделген балауыз массаны қолмен немесе транспортермен регенерациялауға жіберу. Тазарту процесін қадағалау. Сақтау немесе балауыз бұлауларға балауыз массасын таза балауыз масса жіберу. Жабдықтарды жөндеуге жіберу және жөндеуден қабылдап алу.

Білуге тиіс: балауыз массасын әзірлеу және регенерациялау процесінің технологиясы; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, қолдану қағидаты және пайдалану ережесі; балауыз массасының физикалық-химиялық қасиеті және қызметі.
§ 3. Тіс тазалағыш жасаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіс тазалайтын жасау жөніндегі жұмыстарды кешенді орындау: белгіленген мөлшер бойынша ірі немесе қауырсынын іріктеу, оларды пачкаға орау, желпуішті механикалық қайшымен кесу. Қауырсын өзекшесінің төменгі мөлдір бөлігін бөлу, оны алдын ала булау және барабанда тегістеу. Сығымдағышта тіс тазалайтынды белгіленген мөлшер бойынша кесу. Тіс тазалайтынды целлофан пакетке саны және мөлшері бойынша сұрыптау және қалау, пакеттерді желімдеу және оларға таңбалау жапсырмаларды жапсыру. Оралған тіс тазалағыштарды автоклавта зарарсыздандыру, оларды тиеу және түсіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы, тіс тазалағыш жасау үшін қауырсынды іріктеу, тегістеу және штампылау тәсілдері мен ережесі, тіс тазалағыштар жасауға арналған қауырсынды тазалап тегістеуге қойылатын талаптар; тіс тазалағыштарды автоклавта зарарсыздандыру режимі.
§ 4. Қауырсын түбіт бұйым жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Берілген массаны мөлшерлей отырып автоматтар мен жартылай автоматтарда қауырсын түбіт толтырғыштармен жастық және көрпе тыстарын толтыру. Тыстарды алдын ала өлшеу. Жастықтардың, көрпе және тыс массаларының атауларына (артикулдарына) сәйкес мөлшерлеу автоматтарында толықтырған массасын орнату. Мөлшерлегіш автоматтардың жұмысын бақылау, жұмыс процесінде таразы балансын реттеу. Жастық және көрпелерді тігуге жіберу. Тыстың ашық жағын тігу және әмбебап тігу машиналарында мата жапсырманы қайыптап тігу. Қауырсын түбіт толтырғыштарды мөлшерлегіш автоматтарға және тыстарға жіберудің пневматикалық құрылғысының жұмысын қадағалау. Толтырылған жастықтар мен көрпелерді арнайы щеткелі машиналармен және қолмен тазалау. Жіп үзілген жерінен түйін жасау. Жастықтар мен көрпелерді мата қаптарға орау: көрпе және жастықтарды байластыру, оларды қаптарға қалау; тігін машинасында қапты тігу, қапты таңбалау. Оралған жастықтар мен көрпелерді штабельге қалау. Жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: пневматикалық жабдықтардың, таразы автоматтардың, тігін машиналары мен бұйымдарды тазалау машиналарының құрылысы, жұмыс қағидаты, пайдалану және ерттеу ережесі; технологиялық операцияларды орындау тәсілдері мен әдістері; қауырсын түбіт бұйымдардың техникалық шарттары.
§ 5. Қауырсын түбіт бұйым жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түбіт, жартылай түбіт және қауырсын көрпе жасау жөніндегі жұмыстарды орындау. Көрпелерді рамаларға арнайы үстелде бекіту және созу. Көрпенің бойына толтырғышты біркелкі етіп бөлу. Көрпелерді қабу автоматында трафарет көшірме бойынша немесе арнайы қабу машинасында сурет бойынша қабу. Дұрыс қабылуын және орындалатын суреттің симметриялығын қадағалау, жіптің үзілген жерін жалғау, шпульді ауыстыру, жіптің созылуын және тігу жиілігін реттеу. Рамадан көрпені алу. Матрацтарды шпагат инемен қабу, түйреген жерлерге кнопка бекіту. Матрацтың барлық жеріне толтырғышты біркелкі етіп бөлу.

Білуге тиіс: қабу машиналары мен автоматтардың құрылысы, реттеу және ұсақ жөндеу ережесі; көрпелерді рамаларға салу тәсілдері мен ережесі; түрлі күрделіктегі трафареттерді пайдалану тәсілдері; көрпе қабу суреттерін орындау тәсілдері; қауырсын түбіт көрпе жасаудың техникалық шарттары.
§ 6. Құс етінен жартылай фабрикат жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Оралатын құс етін аралап кесу процесін жүргізу. дискілік пышақ немесе таспалы араның көмегімен ұшаларды бөліктерге бөлу. Оралған етті таспалы транспортерлерге немесе өлшеу және орау үстеліне жіберу үшін порцияларға қалау. Жабдықтарды реттеу.

Білуге тиіс: құс ұшасын аралап кесу механизмдерінің құрылымы және пайдалану ережесі; құс ұшасының анатомиялық құрылымы; оралатын құс ұшасын аралап кесу ережесі.
§ 7. Құс етінен жартылай фабрикат жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып және қолмен құс етінен жартылай фабрикаттар жасау процесін жүргізу. құс ұшасын технология талаптарына сәйкес бөліктерге бөлу. Ұшаның жекелеген бөліктерін ыдысқа немесе орауға жіберу үшін таспалы транспортерге салу. Етті бөліктерге бөлу жөніндегі технологиялық нұсқаулық талаптарын сақтау. Құс етінен қолмен жаншылған котлета жасау: жұмыс орнына аунатылған етті тауық филесін апару, суық сумен шаю, үстелге қою; техникалық талаптарға сәйкес котлеталарды кесу; котлеталарды салмағына қарай нормаға жеткізіп өлшеу; қалған филе етін сүйектен ажырату; тауық етінен котлета жасау үшін оны тазикке салу.

Білуге тиіс: құстың анатомиялық құрылымы; жартылай фабрикаттар жасау үшін ұша бөліктерін бөлу ережесі; тауық етінен котлета жасау процесінің технологиясы.
§ 8. Қауырсын түбіт өңдеу машинасының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты жууға, кептіруге, шаңнан арылтуға және ұсақтауға арналған машиналарда қауырсын түбіт шикізаттарын өңдеу процесін жүргізу. Автоматика, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен машиналардың технологиялық режимін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларды баптау және ұсақ жөндеу. Қауырсын түбіт шикізатты қолмен немесе механизмдердің көмегімен салу. Жуатын заттар мен антистатик ерітінділерін жасау, оларды мөлшерлегіштердің көмегімен немесе қолмен машиналарға салу. Қауырсын түбіт шикізатты жуу және шаю, жуу режимін, температураны және ерітінді концентрациясын, сұйық модульдың жұмыс істеу параметрлерін реттеу.қауырсын түбіт шикізатты ішінара құрғату жөніндегі жұмыстарды орындау. Қауырсын түбіт шикізатты кептіру және дезинфекциялау, оны салу массасын, будың қысымын, іске қосу уақыты және кептіргіштегі антистатик және антисептиктің санын, кептіру ұзақтығын бақылау. Қауырсын түбіт шикізатты тозаңнан арылту. Сүзгілеу құрылғыларының жұмыс режимін бақылау және реттеу. Фильтрлерді тозаңнан тазарту және босату. Техникалық өнім бөліміне қалдықтарды тасымалдау. Құстың барлық түрінің ірі қауырсындарын ұсақтау, ұсақтау режимін сақтау, машиналар мен жабдықтарды тазалау. өңделетін қауырсын мен түбітті механизмдерді пайдаланып және қолмен қаптарға салу. Салынған қаптарды штабельге қалау немесе одан әрі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: қауырсын түбіт шикізаттың түрі және құрамы бойынша сыныптауышы; түрлі үлгідегі қауырсын тазалағыш, жуу, кептіру және кесу машиналарының, тозаңнан арылту камераларының, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, желдеткіштер мен пневмосымдардың құрылысы, қолдану қағидаты; қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі; жуатын ерітінділердің құрамы және жасау тәсілі; шикізатты тозаңнан арылту және оны тасымалдау кезінде ауа ағынының күшін реттеу тәсілдері.
§ 9. Қауырсын түбіт өңдеу машинасының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымдағы сұрыптау машиналарында қауырсын түбіт шикізатты сұрыптаудың технологиялық процесті жүргізу. машиналардың қабылдау цилиндрлеріне шикізат жіберу. Шикізаттың түріне және физикалық-химиялық көрсеткіштеріне қарай желдеткіштің дроссельді қалқалағышының немесе жылжымалы қабырғасының көмегімен машинада ауа ағынының жылдамдығын реттеу. Шикізатты қажеттігіне қарай стандартты ылғалдыққа жеткізу. Сұрыптау процесінің аяқталғанын айқындау. Жабдықтарды қауырсын және тозаң қалдықтарынан кезеңімен тазарту. Сұрыптау машинасы баптау және ұсақ жөндеу.

Білуге тиіс: сұрыптау машиналарының құрылымы және баптау ережесі; қауырсын түбіт шикізатының түріне және құрамына қарай сыныпталуын; шикізатты бөлуде ауа ағынының жылдамдығын реттеу тәсілдері, қауырсын түбіт шикізатты және жұмыс нұсқаулықтарын сұрыптаудың технологиялық процесінің режимдері; қауырсын түбіт шикізаттың физикалық-механикалық және физикалық-химиялық қасиеттері; қолтық асты, түбіт, қауырсын түбіт және қауырсынды сұрыптағаннан кейін алынған жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар.
§ 10. Қоян терісін шелдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоянның терісінде қалған май және ет кесінділерін өткір пышақпен немесе металл орақпен тазалау, теріні және шелден пленкасын кесіп алмау. Сіңір қалдықтарын алып тастау. Терілерді одан әрі өңдеуге жіберу. Теріні түзеткіштерге жүнін ішіне қарай кигізу. Артқы аяқтарындағы және еріндеріндегі теріні шегемен бекіту.

Білуге тиіс: қоян терісін шелдеу ережесі мен жолдары.

жүктеу 2,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау