3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жасанды шұжық қабатын қолмен жасау. Дайындамаларды қолмен кесу және оларды желімдеу. Желім жасау және оның сапасын тексеру. Нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жасанды қабықтың сапа көрсеткіштерін бақылау.
Білуге тиіс: жасанды шұжық қабығының сапасына қойылатын талаптар; желім жасау ережесі.
§ 44. Жасанды шұжық қабығын жасаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Желімделген жасанды шұжық қабығын машинада жасау. Пленкалы бобиндерді бобин ұстағышта бекіту. Желім дайындау және онымен машинаны толтыру. Бос машинаны жүргізіп тексеру. Машинаның жұмысын қадағалау. Нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес қабықтың сапа көрсеткіштерін бақылау. Қабықты ыдысқа қалау. Машинаның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы және тораптарының жұмыс істеу қағидаты, жасанды шұжық қабығының сапасына қойылатын талаптар; машинаның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою әдістері.
§ 45. Тері жұмсартқыш жасаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тері жұмсартқыш жасау процесін жүргізу. Ұйқы безін волчокта және кептірілген тері жұмсартқышты перплексте ұсақтау. Ұсақталған ұйқы безіне үгінділерді және кептірілгеннен кейін аммоний сульфатымен араластыру. Ұсақталған тері жұмсартқышты ыдысқа салу, қоймаға (экспедиция) өлшеп, тапсыру. Жұмыс орнына жіберу және үгіндіні електен өткізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; қолданылатын шикізат пен материалдардың сапасына қойылатын талаптар; даяр өнімнің рецептурасы мен мемлекеттік стандарттары; тері жұмсартқышты ыдысқа салу, қоймаға өлшеп, тапсыру ережесі.
§ 46. Лайка жасау
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пленка будаларын шешу, тұзын шаю үшін суы бар чанды толтыру. Пленканы ластықтар мен май қалдықтарынан тазарту. Пленканы белгіленген мөлшерге дейін шаблондарда созу және кептіру үшін ілу. Кептірілген лайканы түзету. Пленканы жұмыс орнына тасымалдау.
Білуге тиіс: лайканы созуға дайындау белгілері, пленканы шаблондарда созу ережесі.
§ 47. Лайка жасау
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пленканы илеу процесін жүргізу. илеуге арналған күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау. Ерітіндіге пленка тиеу, ағызу үшін үстелге түсіру. Лайканы ұзындығы және түсі бойынша сұрыптауға бөлу және пачкалап қалау. Кептірілген лайка жиегін тегістеу, оларды пачкаға орап байлау; сұрыптылығын көрсете отырып санын есептеу.
Білуге тиіс: қолданылатын химикаттардың қасиеті; ерітінді жасау рецептурасы мен тәртібі; лайканың сұрыптылық белгілері; лайканы сұрыпқа бөлу ережесі.
§ 48. Жартылай ет фабрикат жасаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механизацияланған желілерде немесе қолмен табиғи порциялық, ұсақ бөлшекті және аунатылған жартылай ет фабрикаттарын өндіру үшін ірі бөлшекті жартылай ет фабрикаттарын іріктеу. Бифштекс, ромштекс, шницель, антрекот, филе және шошқа, бұзау, қойдың төс етінен жаншылған табиғи котлета жасау үшін ірі бөлшекті жартылай ет фабрикаттарды дайындау. Ұсақ бөлшектелген жартылай ет фабрикаттары үшін шикізат іріктеу және дайындау, бефстроганы, қуыру, гуляш, кәуап үшін етті кесу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; түрлі мал етінің қасиеттері; табиғи жартылай фабрикаттар жасау үшін ұшаның бөліктерінің қызметі; белгіленген порция өлшемдері және жартылай фабрикаттар өндіру жөніндегі технологиялық нұсқаулық талаптары.
§ 49. Табиғи шұжық қабық жасаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Машинамен майсыздандырғаннан кейін шошқа және қой ішектерін, сиырдың қарындарын қолмен қосымша тазалау операцияларында ішекті өңдеу жұмыстарын орындау. Жібітіп ішекті бөлу.
Білуге тиіс: ішектерді өңдеу ережесі мен тәсілдері.
§ 50. Табиғи шұжық қабық жасаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Малдың барлық түрінің ішектерін өңдеу жөніндегі операциялардағы жұмыстарды орындау: ішектерді белгіленгендей байлап, олардың калибрін көрсете отырып бумалап немесе пачкалап байлау; ішектерді кептіру үшін үрлеу. Машинада тазалағаннан кейін ішектерді қолмен қосымша тазалау. Тұздалған ішек шикізатын түсіру, тұздықта жуу және туарлық белгілеріне сәйкес сұрыбы және калибрі бойынша қалау. Шошқаның ішектерін өңдеуде – ішектерді суға салып бөлу. Қойдың ішектерін өңдеуде – ішектерді суға батырып қойып, бөлу, көк бауырдың ішіндегісін тазалап, шаю, қарындарды өңдеу.
Білуге тиіс: ішектерді өңдеу ережесі мен тәсілдері.
§ 51. Табиғи шұжық қабық жасаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ішекті өңдеудегі операциялар жөніндегі жұмыстарды орындау. Малдың барлық түрінің ішектерін (аш ішек, тоқ ішек, қарын) айналдыру және ішіндегісін шайып, тазарту, қуықтарды өңдеу, көк қарынның сыртқы қабығын алу. Ірі қара малдың ішектерін өңдегенде – қарынның ішіндегісін шайып, тазалау, тоқ ішек пен талақтың шырышты қабығын машинамен және қолмен алып тастау; тоқ ішекті және ас қорыту мүшелерін толықтай тазалау. Шошқа ішектерін өңдегенде – аш ішектің ұзындығын өлшеу, ұлтабар және кудрявканы қырыққабат ажырату, ішіндегісін шайып, тазарту және кудрявкаларды толықтай тазарту. Қой ішегін өңдегенде – көк бауыр мен қарынды бөлу, көк бауырдың шырышты қабығын машинамен және қолмен алып тастау; аш ішектің ұзындығын өлшеу, қырық қабатты гузенкадан ажырату, гузенканы толықтай өңдеу. Тапсырысқа сәйкес ішектің барлық түрін жинақтап, орау. Ішек қабығын шұжық өндіру үшін дайындау (суға салып қою, шаю). Ішек майын өңдеу (ішектің кесіндісінен майды, етті, ластықтарды ажырату). Жабдықтарды іске қосу, сынамалау.
Білуге тиіс: ішекті өңдеу ережесі мен тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану.
§ 52. Табиғи шұжық қабық жасаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Малдың барлық түрінің ішектерін даяр фабрикатқа бөлу және өңдеу жөніндегі операциялар кешенінің барлығын орындау: аш ішекті қырық қабаттан бөлу, малдың барлық түрінің ішегін машинамен немесе қолмен тазалау; малдың барлық түрінің ішегін тұздау, тұз және тұздайтын керек-жарақтарды дайындау; тұздағаннан кейін ішекті сұрыбы және калибрі бойынша бөлу. Ірі қара малдың ішегін өңдеуде – аш ішектер мен қарынды машинамен және қолмен майсыздандыру; ішектің ұштарын және қарынды өлшеу; талақты толықтай өңдеу. Шошқа ішегін өңдеуде – глухаркалардың майын алып тастау. Қой ішегін өңдегенде – талақтың майын алу; шұжық өндірісі үшін қабық дайындағанда – шұжық өнімдерін калибрлеу, бүлінген жерлерін табу, түрі мен сұрыпына қарай белгіленген ұзындық бойынша кесу. Фарш үшін саны және сапасына қарай қабықтың барлық түрін қабылдау. Фарш үшін қабықтың сұрыбы және санатына қарай орта сынамаларды іріктеу және ілеспе құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын айқындау. Жабдықты іске қосу, сынамалау және реттеу.
Білуге тиіс: ішекті өңдеудегі операциялар кешенін орындаудың тәсілдері; өңделетін шұжық өнімдерінің барлық түрінің фаршына арналған қабыққа қойылатын технологиялық талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесі.
§ 53. Табиғи шұжық қабық жасаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Малдың барлық түрінің ішектерін даяр фабрикатқа бөлу және өңдеу жөніндегі операциялар кешенінің барлығын орындау. Ішектерді сұрыптау және калибрлеу (ауамен үрлеу); майсыздандыру сапасын тексеру, кесінділерді анықтау және есептеу; ішектерді сұрыбы бойынша өңдеу. Нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес арнай тапсырыс бойынша малдың барлық түрінің ішектерін жинақтау және орау (тұздау ыдысынан ішек орамаларын түсіру; тұз қалдықтарынан арылту; сұрыбы және калибрлері бойынша бөлу; тұздау; санына қарай ыдысқа салу; орағаннан кейін орамдардың саны туралы белгісі бар биркаларды ресімдеп сұрыбы және калибрі бойынша және ыдыстың таңбалануы бойынша ыдысқа қалау). Аспаптарды, керек-жарақты, ыдысты дайындау; су құбырлары мен ауа құбырларының жарамдылығын тексеру.
Білуге тиіс: ішек шикізаты және даяр фабрикаттың нормативтері; ішектің алдын болған кемістері мен өндірістік ақаулары белгілері және оларды анықтау тәсілдері; ішек өңдеу жолдары мен тәсілдері.
§ 54. Шек жасаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Малдың ішектерінен барлық түрдегі шек жасау жөніндегі қосалқы операцияларды орындауда ішек жолдарының жекелеген ұштарын бір жіпке байлау, бірнеше қатардан шпагат иіру; жіптен түйін орау.
Білуге тиіс: ішек жолақтарының ұштарын өңдеуге қойылатын талаптар; шпагатты жолақтарға иіру және жіптен түйін жасау ережесі мен тәсілдері.
§ 55. Шек жасаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жолақ шектерді тігу үшін техникалық тігуді қалыптастыру. Шек орамаларын сұрыбы бойынша жинақтау. Барлық түрдегі шектерді орау және таңбалау. Шек жолақтарын орау және бояу. Санына қарай шектерді орау.
Білуге тиіс: жолақ шектердің тиісті сұрыбы үшін жолақ шек орамдарын техникалық тігу және бояуды қалыптастыру ережесі; шек орамдары мен бумаларын орау тәсілдері.
§ 56. Шек жасаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Малдың ішегін сумен шаю, ішек орамдарын бөлу және бір жіппен орау, ажыратылған және шайылған ішектерді ісіру үшін аммиак ерітіндісін құю. Музыкалық, теннистік жолақ шектер жасау және техникалық тігу үшін техникалық тігуді химиялық өңдеу. Жолақ шектерді қолмен сақиналау құрылғысымен музыкалық және теннистік жолақ шектерді сақиналау. Сақиналарды жіппен байлау. Тегістеу станогында техникалық тігісті тегістеу. Техникалық тігіс ұштарын конусқа қайрау станоктарында қайрау. Белгіленген калибрге (диаметрге) сәйкес техникалық тігісті екі бөлікке бөлеу. Техникалық тігіс калибрін микрометрмен өлшеу. Ішектерді тасымалдау. Сақиналау құрылғысының жұмысын сынамалау.
Білуге тиіс: жолақ шектер жасау үшін ішектерді дайындау ережесі; қолмен сақиналау құрылғысының, тегістеу және қайрау станоктарының құрылысы мен пайдалану ережесі; шектерді сақиналау тәсілдері; техникалық тігіс калибрлеріне белгіленген техникалық шарттар; техникалық тігіс конустарының мөлшері; техникалық тігісті тегістеу жолдары; техникалық тігісті тегістеуде қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар.
§ 57. Шек жасаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ішектерді ластықтан тазалау машинасында ластықтан, қалдықтардан тазалау, ұзындығына қарай ішекті кесу; жоғары дайындықты талап ететін жартылай фабрикаттардан жасалған музыкалық және теннистік жолақ шектер жасау үшін тегістеп оң және сол жағын ажырату. Кесілген жолақтарды ыдысқа қалау. Машинаны баптау.
Білуге тиіс: ішектерді тазалау және жолаққа кесу ережесі мен тәсілдері, ішек шикізатының сапалы белгілері мен қасиеттері, кесілген жолақтарды ыдысқа қалау ережесі; тазалау машинасының құрылысы мен баптау ережесі.
§ 58. Шек жасаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Музыкалық және теннистік жолақ шектер жасау. Ұзындығы, түсі, тығыздығы, берілген диаметріне қарай ішек жолақтарын сұрыптау; қызмет көрсетілетін машинада түйін түю және иіру. Шектерді күкіртпен екі қайталап күкірттеу; каустикалық сода, спирт-ректификат және пергидроль су ерітінділерімен майсыздандыру. Аммиак ерітінділерінде сулау жолымен жолақтарды бейтараптандыру, ағарту және спирттеу. Ағаш кептіру рамаларына шектерді кигізу, оларды машинамен иіру және кезеңімен иіріп отыру. Түсіне, тығыздығына, нысанына қарай, дөңестер мен жарықтардың болуына қарай шектердің сапасын тексеру. Шек диаметрін микрометрмен тексеру, шекті майлау. Шекті электронды-механикалық машинада калибрлеу және сақиналау. Орауды бақылау. Қызмет көрсетілетін машиналарды баптау.
Білуге тиіс: ішек жолақтарын жасау тәртібі; музыкалық және теннистік жолақ шектерді химиялық өңдеу ережесі; жолақ шектердің сұрыбын және қызметін айқындау үшін стандарт кестелерді пайдалану ережесі; музыкалық және теннистік жолақ шектерді калибрлеу және сақиналау үшін электронды-механикалық машиналарының құрылысы мен баптау ережесі.
§ 59. Шек жасаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күміс, мыс сым, жібек музыкалық жолақ шектерді орау станоктарында орау процесін жүргізу. Ораудан алдын рамаларға шектерді тарту. босауына қарай шектерді тартып отыру. Созылған шектерді бекіту. Берілген калибрлердің тегіс беті және цилиндр формалы шектерді дәлдеу үшін тегістеу станоктарында музыкалық және теннистік жолақ шектерді тегістеу. Музыкалық және теннистік жолақ шектерді зімпара қағазбен, терімен және матамен тегістеп, жылтырату және бормен ысқылау. Жібектен құлып жасау және музыкалық және теннистік жолақ шектердің ұшын бекіту. Жолақ шектердің түйіндерін кесу және сұрыптауға жіберу. Шек диаметрін микрометрмен тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.
Білуге тиіс: музыкалық және теннистік шектердің техникалық шарттары, музыкалық және теннистік шектерді тегістеуге және жылтыратуда қолданылатын жібек, күміс немесе мыс сымның сапасына қойылатын талаптар, орау және тегістеу станоктарының құрылысы мен баптау тәсілдері; музыкалық және теннистік шектерді тегістеу және жылтырату жолдары.
§ 60. Шек және тігісті бақылаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Музыкалық, теннистік шектердің көрсеткіштердің жиынтығы және олардың мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттарға сәйкестігі бойынша техникалық тігістің сапасын бақылау. Музыкалық және теннистік шектер мен техникалық тігістер жасау процесінде, оларды өңдеу сатысы бойынша пайдаланылатын жартылай фабрикаттар мен шикізаттың сапасын тұтастай немесе ішінара бақылау. Шикізат, жартылай фабрикат және даяр өнімнің ақаулықтарын оларды өңдеу процесінде анықтау. Ішек шикізатын қабылдау.
Білуге тиіс: ішек шикізаты, музыкалық және теннистік шектерге, техникалық тігістерге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; музыкалық және теннистік шектер мен техникалық тігістерді өңдеудің технологиялық процестері.
§ 61. Жемдеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті жемдеушінің басшылығымен мал қабылдау, қызмет көрсету және күтім жасау жөніндегі жұмыстарды орындау: малды таңбалау үшін материалдарды дайындау және бояу жасау, түлеген жүнін жинау, холка және кекілін қию.
Білуге тиіс: бояу дайындау тәсілдері мен түлеген жүнді жинау тәсілдері.
§ 62. Жемдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті жемдеушінің басшылығымен мал қабылдау, қызмет көрсету және күтім жасау жөніндегі жекелеген операцияларды орындау: малды қабылдаған кезде нөмір немесе белгіленген таңбалау белгісін жағу.
Білуге тиіс: малды таңбалау ережесі мен тәсілдері.
§ 63. Жемдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Малға қызмет көрсету және күтім жасау жөніндегі жұмыстарды орындау: малды жайылымнан түсірген немесе қабылдаған жерінен айдау; сұрыптауда, таразыға жіберу және өлшегеннен кейін малды айдау; малды ашық қораға орналастыру, тұратын орындарына байлау және ажырату, төсенішін ауыстыру; автоарқан және шынжырдың жарамдылығын қадағалау. Жем тасымалдау немесе жіберу, оларды дайындау (бөлшектеу, булау және т.б.) және белгіленген нормалар бойынша ақырларға бөлу. Малды суғару, су құбырлары мен автосуғарғыш жарамдылығын қадағалау, суатқа малды айдау, суды алып келу және жақындату, суаттарға құю. Малды жайылымға шығару. Пішен маялау. Мал дәрігерінің қорытындысы және мал қабылдап алушының көрсеткіштері бойынша малдың саулығын қадағалау, ауру және әлсіз малды оқшаулау және оны санитарлық қасапханаға немесе карантинге жіберу. Ашық қораларды, орынжайларды, эстакадаларды, пандустарды, кәріз траптарды, жабдықтар мен керек-жарақтарды шаю және зарарсыздандыру. Мал артқан вагондардан және автокөліктерден малды түсіру, көңді жинау және шығару, вагондардағы жабдықтарды, жемдерді белгіленген жеріне түсіру, пішен сығымдау, малдың температурасын өлшеу.
Білуге тиіс: малдың күтіміне және оны сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; малды суару және жемдеу техникасы мен режимі (мерзімі, нормалары); малды айдағанда және тұрған жерінде мінез-құлқы, мал ауырғанда және әлсізденгендегі сыртқы белгілері, малдың температурасын өлшеу ережесі; пішен сығымдау және маялау ережесі.
§ 64. Теріні шелдеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық аша тұяқтылардың етін және майын осу процесін жүргізу. Қызмет көрсетілетін машинаға тері толтыру және өңдегеннен кейін теріні қабылдау. Ет және май кесінділерін теріні зақымдамай шелдейтін жағынан толық алып тастауды қамтамасыз ету. Пышақ біліктердің өтуін қадағалау. Теріні үстелде немесе колодаға төсеу, тағамдық мақсаттағы ет пен май кесінділерін пышақпен, подходкамен, шалғымен немесе тупикпен кесу, және оларды ыдысқа салу. Ет және май кесінділерін тағамдық және техникалық мақсаттарға бөле отырып жинау. Теріні арбаға қалау және оны одан әрі өңдеуге жіберу. өңделетін терінің қалыңдығына қарай қызмет көрсететін машинаны іске қосу, теңшеу және реттеу. Қолданылатын аспапты қайрау және түзету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы және қолданыс принципі; малдың түріне, жынысына және жасына қарай қасиеті; тері өңдеу ережесі; тері кемшін жерлері белгілері, олардың пайда болу себептері мен жою тәсілдері, тағамдық шикізатты өңдеудің санитарлық талаптары.
§ 65. Ет ажыратушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұшаларды, жартылай ұшаларды, ширегін, ұша бөліктерін, малдың басын ажырату. Анағұрлым жоғары білікті ет ажыратушының басшылығымен ет кесектерін ажырату, шошқа ұшаларын ыстауға бөлу кезінде бұлшық еті, май және біріктіретін тканьдерді сүйектен ажырату. Қолданылатын пышақтарды қайрау және түзету.
Білуге тиіс: ұшаның анатомиялық құрылымы туралы, скелет сүйектерін мүшелеу туралы негізгі мәліметтер; қолданылатын пышақтарды қолдану принципі мен қайрау және түзету ережесі.
§ 66. Ет ажыратушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Малдың бір түрінің ұшасы мен ұша бөліктерін ажырату. Бұлшық ет, май және біріктіретін тканьдерді сегізкөз сүйектерін бөлу. Шошқа ұшалары мен жартылай ұшаларының етін, шпикті кесу. Шошқаның бастарын ажырату.
Білуге тиіс: малдың бір түрінің ұшасының анатомиялық құрылымы, скелет сүйектерін мүшелеу және бұлшық ет, май және біріктіретін тканьдердің орналасуы туралы мәліметтер; ажырататын ет пен шпиктің шығу нормативтері; қорғау айлабұйымдарын пайдалану ережесі.
§ 67. Ет ажыратушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Малдың барлық түрінің ұшасын және ұша бөліктерін ажырату. Ет ажырату үшін ұшаларды, жартылай ұшаларды, төрттен бір бөлігін қолмен немесе механикалық аралармен бөлу. Қабырға арасындағы ет пен ірі қара малдың бастарын қоса алғанда, артқы аяқтарын, қабырғаларын, филесін, мойындарын, коробкаларын ажыратқанда бұлшық ет, май және біріктіретін майларды сүйегінен ажырату. Мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес қолмен және дискілік пышақтармен жекелеген бөліктеріне форма бере отырып шошқа ұшалары мен жартылай ұшаларды ыстауға бөлу.
Білуге тиіс: малдың барлық түрінің ұшасының, скелет сүйектерін мүшелеудің анатомиялық құрылымы және бұлшық ет, май және біріктіретін тканьдердің орналасуы; ет, ысталатын еттің шығу нормативтері, механикалық аралар мен дискілік пышақтардың құрылымы мен жұмыс қағидаты.
Мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес жекелеген бөліктеріне форма бере отырып қолмен және таспалық арамен жартылай фабрикаттар мен шұжық өнімдеріне шошқа ұшалары мен ірі қара мал ұшаларын бөлуде - 6-разряд
§ 68. Ветеринарлық санитарлық ақауларды өңдеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ветеринарлық дәрігердің көрсетуі бойынша ветеринарлық конфискаттарды байқау және өңдеу, абсцесстерді алып тасау, ұшаның зақымданған жерлерін кесу немесе аралау, эмбриондардан теріні алу; конфискаттарды ыдысқа жинау және арнайы люктарға жіберу. Қызметкерлерге және айналасындағыларға жұқтырмау мақсатында патологиялық материалдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Білуге тиіс: малдың барлық түрінің ұшасының анатомиялық құрылымы; бұлшық ет, май және біріктіретін тканьдердің сапалық ерекшеліктері, сүйек жүйесін негізгі мүшелеу және ішкі органдарының орналасуы; кескіштер мен пышақтарды пайдалану жолдары мен ережесі.
§ 69. Ветеринарлық санитарлық ақауларды өңдеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ветеринарлық қадағалаумен техникалық өңдеуге жіберілетін ауру малдардың өліктерін немесе ұшаларын өңдеу жөніндегі барлық операцияларды орындау; терісін сыпыру, ішкі құрылысын шығару; бөліктерге бөлу, вагоншаларға немесе арбаларға салу және одан әрі өңдеуге жіберу. Ауру малдардың өліктерінен немесе ұшаларынан теріні алғаннан кейін қайта кигізу. Өлген және ауру малдардың терісін консервілеу процесін жүргізу. Түрлі мал ауруларында зарарсыздандырудың белгіленген мерзімдерін ескере отырып теріні зарарсыздандыру және консервілеу. Белгіленген рецептілер бойынша зарасыздандыру қоспасын немесе ерітінді жасау. Тұндырғыштардағы ағын суларды хлорлау және кәрізге жіберу.
Білуге тиіс: барлық түрдегі малдың ұшасының анатомиялық құрылымы; теріні сыдыруда өндіру кемшіліктерінің алдын алу тәсілдері мен жолдары, малдың ауруында теріні консервілеу және зарасыздандыру тәсілдері, консервілейтін және зарасыздандыру қоспалары мен ерітінділерін жасау рецептурасы мен ережесі, ауру малдың өліктерін немесе ұшаларын өңдеудегі жеке және өндірістік профилактикасы ережесі, аспапты пайдалану ережесі, түрлері мен түзету және қайрау тәсілдері.
§ 70. Шаш, жүн және қыл өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шошқа ұшасының жон терісіндегі қылды алу. Жон тері қылы мен құлақ жүндерін сұрыптау, оларды бумаға байлау. Шаш, қыл және жүнді жинап, бастапқы өңдеу. Барлық малдың құйрықтарын жұмыс орнына жіберу; оларды тазалау. Ірі қара малдың құйрықтарын қолмен суы бар чанда сулау және шаю; шашын қию және оларды біркелкі етіп торға жаю. Ұсақ малдың құйрығын булау және олардың жүнін алу. Қылды қолмен чанда жуу. Үздіксіз істейтін кептіргіштерде шаш, қыл және жүнді кептіру. Рамаларға жаю, кептіргішке салу. Кептіргіштің жұмысын реттеу. Кептірілген шикізатты түсіру, өлшеу, таңбалау және қоймаға тапсыру.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы; шаш, қыл және жүнді жинау, өңдеу ережесі, кептіру режимі, шикізатты орау, өлшеу, таңбалау және қоймаға тапсыру ережесі.
§ 71. Шұжық өнімдерін өңдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Рамаларда шұжық өнімдерін қадағалау және оларды ыдысқа салу. Мемлекеттік стандарт талаптарына сай емес өнімдерді іріктеу. Іріктелген өнімді рамаға жіберу. Шұжық өнімдері батондарының фаршпен, бос қапталған бөліктерін алып тастау және шұжық өнімдері батондарының кесілген ұштарын пергаменттік қағазға шпагатпен байлай отырып орау. Шұжық нандарын, ысталған еттерді (формадағы ветчинаны, рулетті және т.б.) байқау. Даяр өнімді пергаментке орау және экспедицияға жіберу. Шұжық өнімдерін қорғау қабатымен өңдеу және оларды этажеркаға немесе кептіру транспортерімен өлшеу.
Білуге тиіс: шұжық өнімдерінің ақау және мемлекеттік стандарттарға сәйкестік белгілері; шұжық өнімдерін қорғау қабаттарымен өңдеу тәсілдері; оларды кептіргеннен кейін дайын болу белгілері.
§ 72. Шұжық өнімдерін өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикілей ысталған, жартылай ысталған, пісіріп ысталған шұжықтардың батондарын жіберуге дайындау: кептіру камераларында өлшеу, шұжық батондарының бетіндегі көгерген жерлерін алып тастау. Ыдысты (жәшіктерді, қораптарды) жұмыс орнына жіберу, ыдысты өлшеу. Шұжық өнімдерін ыдысқа қалау және оларды өлшеу. Белгіленген мөлшер бойынша қағаз кесу, қағазды ыдыстың арасына салу. Шұжық өнімдерін ыдысқа салу, штабельдерге салу.
Білуге тиіс: шикілей ысталған, жартылай ысталған және пісіріп ысталған шұжықтарды тиеуге орау және дайындау ережесі; ыдысқа қойылатын талаптар.
§ 73. Ет ұшаларын өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мал өңдеу желілеріндегі ұшаларды және шұжық, ет консервілеу өндірісі. Жартылай ет фабрикаттары өндірісі үшін шикізат дайындауда құрғақтай және сулап өңдеу; қаны шыққан, ұрылған жерлерін алып тасау, пленкалар мен жиектерін кесу, ұшаларды технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес майсыздандыру; құйрығын немесе құйрық майын бөлу. Ұшаларды жуу машинасында, шлангіден немесе гидрощеткалармен жуу, ұшадағы су қалдықтарын құрғату. Стандық сіңірді кесіп тастау, шпагатты дайындау, мойын және алдыңғы аяқтарын түйіндеп байлау. Ұшаның семіздігіне қарай таңба жасау. Ұшаларды қадағалау, ветеринарлық және сұрыптық таңбаларды артық ет кетірмей кесіп тастау.
Білуге тиіс: ет ұшаларын құрғақтай және сулап өңдеу жөніндегі технологиялық нұсқаулық талаптары; пышақ, мусаттарды қолдану ережесі.
§ 74. Мүйіз өңдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мүйіздерді қазандыққа (чан, бак, бұлау) салу, бу жіберуді, жидітуді белгіленген режим бойынша реттеу. Мүйізжі түсіру және мүйіз қабатын өзекшесінен алу. өзекшелерін кесу және шаю. Мүйіз қабаттары мен өзекшелерді ыдысқа салу және одан әрі өңдеуге жіберу.
Білуге тиіс: мүйізді өңдеудің температуралық режимдері.
Қысыммен істейтін қазандықтарда мүйіз өңдеу процесін жүргізуде-3-разряд.
§ 75. Тері өңдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Терінің жүн және ажыратылған жақтарын арбада немесе үстелде душтың астында шаю. Душта қан және ластықтарды қырып алып тастау. Теріні үйінділерді жібіту стеллаждарына қалау және оларды алып тастайтын жерлерге жіберу. Үйіндіні алып тастағаннан кейін терінің жүн және ажыратылған жағын душпен шаю.
Білуге тиіс: үйінді және үйінді емес терілерді өңдеу режимі мен ережесі.
§ 76. Тері өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шошқа терісін ажырату машинасында өңдегеннен кейін кигізу, шашақтарын немесе қалған кесінділерді алып тастау. Терілерді барабандарда шаю. Терілерді барабандарға тиеу және оларды түсіру. Суын ағызу үшін арбаларға терілерді іліп қою. Барабандарды жұмысқа дайындау. Үйінділігіне қарай терілерді сұрыптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсету жабдықтары мен механизмдерінің құрылысы және жұмыс ережесі; тері шаюға қойылатын талаптар.
§ 77. Тері өңдеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі және ұсақ мал терісін кигізу: ет, май, шашақ кесінділерін алып тастау. Кесінділерді ыдысқа жинау және қалау. Қой және ешкі терісі табандары мен құйрығын бөлу. Терідегі үйіндіні қол жоңғысымен немесе үйінді тиегіш сүргілермен алып тастау. Мал ұшасынан теріні алып тастағаннан кейін қабылдау жөніндегі жұмыстарды орындау. Теріні үстелге жаю, қарау, малдың барлық түрінің терісінің өндірістік ақаулықтарын айқындау және есептеу. Шешілген терілердің сапасын бағалау.
Білуге тиіс: одан әрі өңдеу үшін тері дайындау сапасына қойылатын талаптар; қол аспабын пайдалану ережесі; терінің өндірістік кемшіліктерінің түрлері; тағамдық шикізатты жинау және өңдеудің санитарлық талаптары.
§ 78. Тері өңдеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үйінділеу машинасында теріні үйінділеу процесін жүргізу. теріні жұмыс орнына жіберу. Машина біліктеріне теріні салу. Тері өңдеу. Машинаны жұмысқа дайындау, оның механизмдерін тазалау және майлау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және жұмыс ережесі; одан әрі өңдеуге арналған тері сапасына қойылатын талаптар.
§ 79. Пісірілген шұжық өндіру автоматының операторы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алюминий бекіткіштермен бекітіп, жасанды қабықпен орай отырып шұжық батондарын формалау процесін жүргізу. пісірілген шұжық өндіру автоматын жұмысқа дайындау: жасанды шұжық қабатын, таңбалау таспасын салу, жинақтағышқа бекіткіштерді салу. Автоматын жұмысын босатын тексеру. Автомат жұмысын, фарштың біркелкі берілуін, батондарды формалаудың тығыздығын, батон шұжықтарды рамаларға қалай отырып, толтырылған рамаларға өнімнің түрін, әзірлеу уақытын көрсетіп паспорттарының ілінуін, оның термиялық өңдеуге жіберілуін бақылау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы; шұжық өнімдерінің түр-түрі мен рецептурасы; пісірілген шұжық және жасанды шұжық қабықтарының мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.
Анағұрлым жоғары білікті пісірілген шұжық өндіру жөніндегі автоматтың операторының басшылығымен жұмыстардыорындауда-4-разряд.
§ 80. Жартылай фабрикаттар өндіру жөніндегі автомат операторы
Достарыңызбен бөлісу: |