42 Жастарды отбасы өміріне даярлау. 43. Халықтық педагогикадағы адамгершілік ұғымы


)Дене тәрбиесі арқылы өнегелі, сымбатты ұл-қыз қатынасын қалыптастыру



жүктеу 2,19 Mb.
бет11/28
Дата18.05.2022
өлшемі2,19 Mb.
#38668
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
23,06,2021 тәрбие жұмысының әдістемесі

59)Дене тәрбиесі арқылы өнегелі, сымбатты ұл-қыз қатынасын қалыптастыру
Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:

  • өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суық суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;

  • шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шық, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;

  • арақ ішпе, темекі тартпа;

  • аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;

  • қоршаған ортаны сүй. Айналаңа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;

  • денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;

  • бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;

  • адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досыңа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;

  • жексенбі күні табиғатқа жалаңаяқ шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;

  • ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;

  • ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;

  • іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Бірақ ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".

Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
60).Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері:
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.Материалистік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстстика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері:

  • Эстетикалық қабылдау

  • Эстетикалық сезім

  • Эстетикалық талғам.

Эстетикалъқ қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады.Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі.
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудық маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

  • Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту;

  • Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

  • Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу;

  • Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.


жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау