42 Жастарды отбасы өміріне даярлау. 43. Халықтық педагогикадағы адамгершілік ұғымы


).Балалар ұжымының өзін-өзі басқару мәселелері. И.П. Ивановтың коммунарлық методикасы



жүктеу 2,19 Mb.
бет19/28
Дата18.05.2022
өлшемі2,19 Mb.
#38668
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
23,06,2021 тәрбие жұмысының әдістемесі

70).Балалар ұжымының өзін-өзі басқару мәселелері. И.П. Ивановтың коммунарлық методикасы.
. А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" дамытты. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдьщ жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың "Коллектившілерді тәрбиелеу" атты еңбегінде жазылған.
Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1-кезенде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. іс жобасы жасалады.
2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.
4-кезеқде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы — сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.
5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.
6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.


71).Көрнекті педагогтар ұжым туралы
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский ұжым туралы.
Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәсел есі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Ұжым теориясына Н.К.Крупская,А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Щацкий, В.А.Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.
А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардық жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Ұжымдьщ іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С.Макаренконыөойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір үясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.
А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:
• ұжым алдындағы айқын мақсат;
• ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
• ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
• өз арасында міндеттер белгілеуі;
• белгіленген міндеттерді орындауы;
• қатаң тәртіптің болуы;
• өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.
В. А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Коллективтің құдіретті күші", т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.
Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.



жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау