42 Жастарды отбасы өміріне даярлау. 43. Халықтық педагогикадағы адамгершілік ұғымы


).Экономикалық тәрбие мен білім берудің негізгі міндеттері әдістері, негізгі экономикалық ұғымдары



жүктеу 2,19 Mb.
бет7/28
Дата18.05.2022
өлшемі2,19 Mb.
#38668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
23,06,2021 тәрбие жұмысының әдістемесі

53).Экономикалық тәрбие мен білім берудің негізгі міндеттері әдістері, негізгі экономикалық ұғымдары
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
• мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып отырады.
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады. 


54).Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
Педагогикалық мәдениеттің өзі ең алдымен еңбек педагогикасы және еңбекке тәрбиелеуден тұрады.Еңбек –халық өмірінің өзі. Сондықтан еңбекте тәрбиелеу бүкіл тәрбие қызметі мазмұнын анықтаитын тәрбиенің халықтық жүйе-сінің негізгі өзегі болып табылады.
Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды.Қашанда ең озықты алып жүруші,ең кереметті , ең ұлыны жасаушы еңбекші халық болды.Сон-дықтан алдыңғы қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтың еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.Еңбекті және еңбек адамдарын сүю – бұл халықтық тәрбие жүйесінің аса маңызды өсиеті.Ұлттық ойындардағы еңбек элементерінен көрінісі: балалар үлкендерге еліктеп олардың еңбек операцияларын қайталады, ойын процесінде ойыншықтарды өздері жасады, ойыннан соң өздері соңын жинастырды.Әдетте балалардың үлкендердің еңбектену әрекеттеріне еліктеуі өз беттерімен заттар жасаумен ұштасты. Халық педагогикасында мұндай балалар ойындары әрдайым көтермеленіп отырды. Балалар біртіндеп ойыншық еңбек құралдарынан олардың мүмкіндіктері ескеріліп жасалған нағыз еңбек құралдарына көшті.Шаруашылық кәсіпшіліктер мен жұмыстардың негізгі түрлері қазақ халқында мал өсірумен байланысты болды, онымен бірге тұтастықты құрады.Балалардың алғашқы саналы әрекеттері өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету салаларында жасалды, одан соң ауыл шаруашылығы еңбегіне тартыла бастады.Уақыт өтуі барысында олар жеткілікті тәжірибелі бола отыра, жеке отбасы шаруашылығына қажеттің бәрін еске салусыз өздері атқарды.
Ауыл шаруашылығы еңбегіне балаларды үйретумен отбасында үлкендер мен ата-аналар айналысты. Бұл айтарлықтай қиын жұмыс түрлерін орындаудағы дағдылар мен икемділіктерді балалар ауыл шаруашылығы еңбегіне үлкендермен бірге ұдайы, жүйелілікпен қатысу нәтижесінде игерді.Жеткіншек ұрпақты қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы еңбегінің бұл түрлеріне үйрету кешенді, балалардың жас және дене ерекшеліктерін есепке ала , халықтық педагогика қағидалары, ережелері және әдістеріне сәйкес жүргізілді.
Еңбек әрекеті процесінде қазақ халқы балаларды өнімді пайдалы еңбекке тимді даярлау мен белсенді қалыптастыруға жәрдемдесетін еңбекке тәрбиелеу мен үйретудің құралдарын жасап шығарды.Халық тұрмысында жеткіншек ұрпақ әлеуметтік – экономи-
калық өмір салт талаптары мен шаруашылық жағдайларына сай жан-жақты еңбек дайындығын алды.Еңбек тәрбиесі және еңбекке үйрету мәселесіне қатысты мынадай негізгі тұжырымдарға келуге болады.
Қазақ халқы педагогикасында еңбекшілердің тарихи дамуының түрлі кезеңдерінгі өмірлік, әлеуметтік тарихи тәжірибесі, олардың еңбек және жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу жөніндегі идеялары, ұғымдары, көзқарастары көрініс тапты.
Мақалдар мен мәтелдер, әндер мен билер, ертегілер мен эпостар, аңыздар мен әңгімелер, бата-тілектер мен мерекелер халықтық ортада тартылды.Осылай біртіндеп баланың өсуімен байланысты еңбек дағдылары мен икемділіктері ретінде қалыптасуы кезеңіне дейін созылды.Осы уақыт аралығында балада қоғамдық өмірге араласу үшін қасиетті жеткілікті икемділіктер мен дағдылар жинақталды.Отбасы жағдайындағы өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету еңбегіне үйрету, мәселен ол мыналардан тұрады:
  1. өзін күтуге тұрғын жайды таза және жылы ұстауға, өз киімдерін күтіп ұстай білуге дағдыландыру.


  2. ас әзірлеу, нан және ұннан жасалатын өзге тағамдар пісіру, азық-түлік тағамдарын сақтай білуге үйрету.


3) киім жамау, тоқу, әшекейлеу, пішу, іс тіге білуге машықтандыру.


4) отбасындағы жасы кішілерді күту, оларды жұбату, тамақтандыру, ұйықтауға жатқызу, ойната алуға үйрету.
5) ауланы жинақы ұстау, қақпа, сарай, қора-қопсыны жөндеуге үйрету.
6) отын даярлау, оларды үйге жеткізу мен оларға аулада орын әзірлей білуге баулу.
7) еңбекке сүйіспеншілікке баулу, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
Балалардың бұл міндеттерді игеру өмірмен тікелей байланысты,отбасы тұрмысымен тура жанасуда қызмет ету еңбегімен барлық мәселелері бойынша ұстаз әрі жетекші ата-анамен бірге тұрған жылдар бойына жүзеге асырылады.Сонымен қатар балалар біртіндеп үлкендердің нұсқауымен шамасы келетін жұмысты орындауға, өндірістік ауыл шаруашылығы еңбегіне балаларды еңбеккер дүниетанымын қалыптастыру,оларда еңбектің сан алуан түрлері жайлы білімдерді кеңейту, сондай-ақ еңбекшілердің өткен ұрпақтары жинақтаған тәжірибені жеткізудің тиімді құралы ретінде қолданылды.
Еңбек-өмірдің тұтқасы,тіршілік көзі.Еңбексіз өмір жоқ.Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жа-салады.Осыны терең түсініп,ой топшылаған халық «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбек адамның екінші анасы», «Еңбек түбі береке»,т.б. мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін,сондай-ақ еріншек,жалқаулық кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәппіштеп түсіндіруді білген.Осы жайтты терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Халқымыз балаларды ерте бастан еңбекке, мысалы, алуан түрлі еңбек бұйымдарын жасауға тарту балалардың жас ерекшелігін ескере отыра,ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту барлығы халықтың салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асырды. Ерен еңбегімен күнелткен халқымыздың отбасындағы бала тәрбиесі негізінен еңбек процесінде жүргізіледі.Құт-береке болған еңбек- қазақ халқы үшін күнкөріс көзі ғана емес, сонымен бірге рухани өмірдің, түрлі тәрбиелік дәстүрлердің де өзегі еді. Негізгі шаруашылығы мал өсіру болғандықтан ер балалар 5-6 жасынан мал күтіміне араласты.Сол себепті де, қазақ баласының мал бағу кәсібі туралы ұғымы да ерте қалыптасты.
Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған.Қыз балалар мен ұл балалардың өсіп жетілуінде жас және жеке дара ерекшелігін ескере отыра еңбек түрлерін айқындаған.Қыз баланың құрақ құ-рауы, кесте тігу, жүн түту, жіп иіру, кілем, шекпен, алаша тоқу, кілемге өрнек салу, өзінен кіші іні-сіңілілерге қамқорлық жасау, ал ұл баланы мал бағуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, ер-тоқым, домбыра, үйдің кереге-уығын жасау, сандық, табақ-аяқ және т.б. тұрмысқа керекті заттарды жасау ер баланың міндеті, яғни ер бала осыны міндетті түрде орындауы қажет деп түсінген.
Қазақтың халық педагогикасында еңбек тәрбиесі ерекше орын алады.Тәй-тәй басып, әрекет жолына түсе бастаған бөбектен бастап еңбек тәрбиесі еңбексүйгіштікке (қарекет қылуға), еңбекті құрметтеуге (ата-ананың еңбегін құрметтеп, оны мақтан тұтып, оларға көмек көрсетуді борышым деп санауға), еңбекке дағдыландыруға (үйрету, жаттықтыру, дағдыға айналдыру) үйретеді.Еңбек тәрбиесі алғаш, негізінен, балалық еркін әрекет жасап талпыну, талаптану, ойнау, ойын үстінде үйрену кезінде іске асырылады.Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы-баланы кәсіпке үйрету болып табылады: мал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік, тоқымашылық, құсбегі болу, алуан түрлі ұсталық кәсіпке үйрету негіздері.Мал бағу- қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан, балаға ес біле еңбек етіп, мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның борышы деп есептейді.Киіз үй- қазақтың сәулет өнерінің тарихи табысы.Киіз үйдің жолым үй, төрт қанатты, алты қанатты, он екі қанатты (керегелі) түрлері бар.Оның жабдықтарын (кереге, уық, шаңырақ, туырлық, түндік, жабық үзік,
уық бау, кереге бау, басқұр, ортаққұр, есік, ергенек, т.б.) жасау үшін қыруар еңбек тәрбиесінің бір негізі. Зергерлік өнерін қазақ халқы жоғары бағалап, зергерлерді ардақтап, олардың өнерлерін уағыздап, жастарға үйретіп отырған.
Отбасындағы еңбекке тәрбиелеу ісіндегі еңбек бөлісін көбінесе әке басқарады.Ер баланың малшы, егінші, сәулетші болуы мен әулеттік кәсіпті үйренуі, негізінен, әкенің іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты.
55).Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің ерекшеліктері.

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау