Геометриялық параметрлер (бұрыштар). Құралдың геометриялық параметрлерін барлық координаталық жазықтықтар жүйесінде қарастырады. Біз геометриялық параметрлерді координаталық жазықтықтар жүйесіне қарамай қарастырып, анықтама береміз. Алдыңғы бұрыш ( 0 ) - жүздің алдыңғы беті мен негізгі жазықтық арасындағы қиюшы жазықтықтағы бұрыш. Əртүрлі факторлар əсеріне қатысты алдыңғы бұрыш мəні оң, теріс жəне нөлге тең болады. Алдыңғы бұрыш ( 0 ) - жүздің артқы беті мен кесу жазықтығы
арасындағы қиюшы жазықтықтағы бұрыш. Өңдеу жағдайына қарай артқы бұрыш мəні көбіне 6...12° тең болады. Үшкірлену бұрышы ( 0 ) - жүздің артқы жəне алдыңғы беттерінің арасындағы қиюшы жазықтықтағы бұрыш. Негізгі кесуші жиектің көлбеу бұрышы ( 0 ) - кесу жиегі мен негізгі жазықтық ортасындағы кесу жазықтығындағы бұрыш. Алдыңғы бұрыш ( 0 ) сияқты, кесу жиегінің көлбеу бұрышының мəні оң, теріс жəне нольге тең болады жəне жоңқаның түсу бағытын анықтайды. Пландағы бұрыш ( 0 ) - кесу жəне жұмыс жазықтықтары арасындағы негізгі жазықтықтағы бұрыш. Пландағы негізгі бұрыш ( 0 ) жəне пландағы көмекші бұрыш ( 1 0 ) болып бөлінеді. Бұл бұрыштар, кесуші жиектердің негізгі жəне жұмыс жазықтықтарындағы проекциялары арасындағы бұрыштар ретінде қарастырылады. Кескіш төбесіндегі бұрыш ( 0 ) - негізгі жəне көмекші кесу жиектерінің проекциялары арасындағы негізгі жазықтықтағы бұрыш.
а) түзу б) теңбүйірлі в) кері
8 сурет. Кесілетін қабат пішімдері
Кесілетін қабат параметрлері. Өңдеу кезінде құралдың кесуші жүзі дайындама бетінен нақты бір пішім мен өлшемдегі материал қабатын алып тастайды. 7 суретте токарлық өтім кескішімен өңдеудің қарапайым жағдайы кескінделген. Мұндай өңдеуде алынатын қабат, кесудің негізгі қозғалысы жылдамдығының векторына перпендикуляр жазықтықпен қақ жарылады. Дайындаманың бір айналымында кескіш I орыннан II орынға беріліс S шамасына жылжиды. Алынатын қабатты қию нəтижесінде биіктігі «a» жəне қалыңдығы «b» параллелограмм аламыз, осы өлшемдер алынатын қабат параметрлері болып келеді: «a» - алынатын қабаттың қалыңдығы, ал «b» - оның ені. Алынатын қабаттың қалыңдығы деп, дайындаманың бір айналымында кесу бетінің шектес қалпы арасындағы нормаль бойынша өлшенген қабат өлшемін айтамыз. Алынатын қабаттың ені деп, қабат қалыңдығына нормаль бағытында өлшенген қабат өлшемін айтамыз. «a» ені мен «b» қалыңдығын алынатын қабаттың физикалық өлшемдері деп айтамыз.
Алынатын қабаттың физикалық өлшемдері мен кесу режимдерінің элементтері (t, S) арасында геометриялық байланыс бар. Алынатын қабаттың ауданы f=a·b= S·t түрінде анықталады. Алынатын қабаттың жəне кесу режимдері элементтерінің арасындағы байланыс пландағы негізгі бұрыш 0 арқылы анықталады (5 сурет).
T = b · sin 0 жəне S =
a S · t = a · b
sin
Негізгі əдебиеттер: 1 12-23, 2 14-28
Қосымша əдебиеттер:
Бақылау сұрақтары:
Құрал жүзі мен кесілетін қабаттың геометриялық жəне конструкциялық параметрлері.
Координаталар жазықтықтары жүйесі жəне координаталық жазықтықтар.
Кесілетін қабат параметрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |