Хорда ұзындығы
Бастапқы нүкте
Ішкі бұрыш
Сурет 4.14 – Доға салуда қолданылатын параметрлердің геометриялық мәні
Сурет 4.15-тегі схема доға салу параметрлері арасындағы өзара байланыс жайлы түсінік береді.
Сурет 4.15 – Доға салу командалары параметрлері
Arc командасын іске қосқаннан кейін, Start point (Начальная точка-Бастапқы нүкте) немесе Center (Центр-Центр) екі параметрінің бірін таңдай аласыз, ары қарай келесі параметрлерін бересіз.
Draw (Рисование-Сурет салу) құлайтын менюінен Arc (Дуга-Доға) командасы шақырылады немесе Draw инструменттер панелінен Arc пиктограммасына тінтуір арқылы шерту арқылы шақырылады (сурет 4.16).
Сурет 4.16 – Доға салу командалары
Үнсіздік бойынша доға оның бойында жатқан үш нүкте арқылы салынады: бастапқы (Start), аралық және соңғы (End). AutoCAD-та үнсіздік бойынша доға сағат тіліне қарсы салынатын келісім қабылданған.
Үнсіздік бойынша доға салу командасының сұрауы:
тәсілін қолданғанда доға алдыңғы сызық немесе доғаның жалғасы ретінде салынады. Мұнда доғаның алғашқы нүктесі және алғашқы бағыты ретінде соңғы жасалған доға немесе кесіндінің сәйкесінше соңғы нүктесі және соңғы бағыты алынады.
4.2.5 Нүктелер
Нүкте типті объект (нүктелік объект) сызбада геометриялық нүктені білдіреді.
Нүкте стилі
Сызбаларда нүктелік объект ретінде әртүрлі шартты символдар қолданылады. AutoCAD-та нүктелерді салудың барлығы 20 стилі (символы) қабылданған. Нүкте салмас бұрын, оның стилін орнатып алу керек. Нүкте символының нысаны және оның өлшемі Format (Формат) менюіне Point Style… (Стиль точки…Нүкте стилі...) командасы арқылы шақырылатын Point Style (Стиль точки-Нүкте стилі) сұхбаттық терезесінде орнатылады (сурет 4.17). Символ өлшемі экран өлшеміне қатысты пайыз бойынша немесе абсолют өлшем бірлікте орнатылады.
Сурет 4.17 – Нүкте стилін реттеу Сурет 4.18 - Point командасын сұхбаттық терезесі шақыру
4.2.6 Нүктелік объектілерді жасау
_point (Точка-Нүкте) командасы – Draw (Рисование-Салу) Point (Точка-Нүкте) құлайтын менюінен шақырылады (сурет 4.18) немесе Draw инструменттер панелінен Point пиктограммасына шерту арқылы шақырылады.
Нүкте оның координаталарын көрсету арқылы анықталады.
Команданы бір мәрте шақыра отырып, нүктені бірнеше қайтара салуға болады (Esc пернесін басқанға дейін).
Нүктелер түйін ретінде, немесе объектілік байлауыш немесе арақашықтықты есептеу үшін қажет болуы мүмкін.
Команда сұрауы:
PDMODE және PDSIZE жүйелік айнымалылары нүктелік объектінің стилі мен өлшемін анықтайды.
4. 3 Салынған объектілерді жою
Салынған объектіні жоймас бұрын, оны ерекшелеу керек. Салынған объектілерді ерекшелеудің жиі қолданылатын тәсілдері:
Бір объектіні ерекшелеу. Бұл жағдайда тінтуір көрсеткішін жойылатын объектіге апарып, сол жақ пернесіне шерту керек.
Ерекшелеу шегіне енген объектіні тұтас белгілеу. Ерекшелеу шегі – экрандағы тінтуірдің сол жақ пернесіне басу арқылы көрсеткішті жылжыта отырып салынатын тікбұрышты аймақ. Көрсеткішті солдан оңға қарай жылжытқанда, ерекшелеу шегіне толық енген объектілер ғана ерекшеленеді.
Ерекшелеу шегіне толық енбеген объектілерді ерекшелеу. Көрсеткішті оңнан солға қарай жылжытқанда, ерекшелеу шегіне толық енбеген объектілер де ерекшеленеді.
Экранда ерекшеленген объект үзік сызықпен көрсетіледі (сурет 4.19).
Сурет 4.19–Команда сұрауы бойынша Сурет 4.20–Команда сұрауынсыз
ерекшеленген объект ерекшеленген объект
Егер объект команда сұрауынсыз, оны күту режимінде ерекшеленсе, объектіде үзік сызықтан басқа, қолдар деп аталатын тікбұрышты маркерлер де пайда болады (сурет 4.20).
Объектілерді ерекшелеудің екі тәсіліне сәйкес, оларды жоюдың да екі тәсілі қарастырылған.
_erase (Стереть) командасы – Modify (Изменить) Erase (Стереть) менюінен немесе Modify (Изменить-Өзгерту) инструменттер панелінен Erase (Стереть-Өшіру) пернесіне шерту арқылы таңдалады, жойылатын объектілер сурет 4.19-да көрсетілгендей ерекшеленген соң, Enter пернесі шертіледі.
Екінші жағдайда алдымен өшірілетін объектілер ерекшеленеді (сурет 4.20), кейіннен Delete пернесі шертіледі.
Ерекшеленген объектілер құрамынан қандай да бір объектіні шығару үшін, оны Shift пернесін басып тұрып, екінші қайтара ерекшелеу керек.
Shift пернесінің осындай режимдегі жұмысы Tools (Сервис) Options (Настройка-Күйге келтіру) менюінен шақырылатын Options (Настройка-Күйге келтіру) сұхбаттық терезесінің Selection (Выбор-Таңдау) бетінде күйге келтіріледі. Бұл жағдайда Selection modes (Режимы выбора-Таңдау режимдері) (сурет 4.21) бөлімінде Use Shift to add to selection (Использование Shift для добавления-Қосу үшін Shift қолдану) жолына жалауша орнату керек.
Сурет 4.21 – Объекті ерекшелеу параметрлерін орнату
Достарыңызбен бөлісу: |