4 Autocad-тың базалық-графикалық объектілері



жүктеу 0,63 Mb.
бет2/6
Дата12.02.2018
өлшемі0,63 Mb.
#9387
1   2   3   4   5   6
Сурет 4.1 – Кесінделерді салу


      1. Көпбұрыштарды салу


_polygon (Мн-угол) командасы – дұрыс көпбұрыш салады, ол дегеніміз бірдей ұзындықтағы қабырғалары бар тұйық контур. Draw (Рисование)  Polygon (Мн-угол) құлайтын менюінен немесе Draw инструменттер панелінен Polygon пиктограммасына шерту арқылы шақырылады.

Көпбұрыштар тұйық полисызықтар; оларда бірдей ұзындықты 3-тен 1024-ке дейін қабырғалары болуы мүмкін. Көпбұрышты шеңберге іштей немесе сырттай сызылған етіп, немесе оның бір қабырғасының басы мен соңын беру арқылы орындауға болады .



Іштей сызылған көпбұрыштар көпбұрыш центрі және оның төбелері арасындағы қашықтық белгілі болған жағдайда салынады (сурет 4.2,а).

Сырттай сызылған көпбұрыштар көпбұрыш центрі мен қабырғаларының ортасы арасындағы қашықтық белгілі болған жағдайда салынады (сурет 4.2,б). Екі жағдайда да бұл арақашықтық шеңбер радиусына сәйкес келеді.

а) б)

Сурет 4.2– Іштей сызылған (а) және сырттай сызылған (б) көпбұрыштарды салу

Көпбұрыштар қабырғаларының ұзындығы үнемі бірдей болғандықтан, олардың көмегімен шершы және тең қабырғалы үшбұрыштар салу оңай.

Polygon командасының сұрауы:

_polygon командасы: Число сторон-Қабырға саны <4>: 5 – көпбұрыш қабырғалар санын беру;

Укажите центр многоугольника или [Сторона]-Көпбұрыш центрін көрсетіңіз немесе [Қабырға]: - көпбұрыш центрін көрсету;

Задайте опцию размещения [Вписанный/Описанный] <В>-Орналастыру опциясын беріңіз [Іштей сызылған/Сырттай сызылған] <І> : - орналастыру опциясын беру;

Вписанный (В)-Іштей сызылған(І) – шеңберге іштей сызылған көпбұрыш салу;

Описанный (О)-Сырттай сызылған (С)- Шеңберге сырттай сызылған көпбұрыш салу.

Радиус окружности-Шеңбер радиусы: - шеңбер радиусын беру.



Белгілі қабырғасы бойынша көпбұрыш салу – бір қабырғасының басы және соңы беріледі (сурет 3.3).
_polygon командасы: Число сторон-Қабырға саны <4>: 5 – қабырға саны

Укажите центр многоугольника или [Сторона]-Көпбұрыш центрін көрсетіңіз немесе [Қабырға]: С – көпбұрышты қабырғасы арқылы беру режиміне өту

Первая конечная точка стороны-Қабырғаның бірінші соңғы нүктесі: - 1 нүкте

Вторая конечная точка стороны-Қабырғаның екінші соңғы нүктесі: - 2 нүкте

Команда:

Сурет 4.3 – Белгілі қабырғасы

бойынша көпбұрыш салу


      1. Тікбұрыштарды салу


_rectang (Прямоуг) командасы - қабырғалары X және Y осьтеріне параллель болатын жабық тікбұрыш салады.

Rectang командасының сұрауы:

_rectang Команда

Первый угол или [Фаска/Уровень/Сопряжение/Высота/Ширина]-Бірінші бұрыш немесе [Фаска/Деңгей/Түйіндесу/Биіктік/Ені]: - көпбұрыштың басы болып табылатын, бірінші бұрыштық нүктесін көрсетіңіз



Второй угол или [Площадь/Размеры/поВорот]-Екінші бұрыш немесе: [Ауданы/Өлшемдері/Бұрылу] - көпбұрыштың қарама-қарсы бұрышын анықтайтын нүктені көрсетіңіз
Rectang командасының кілттері:

  • Фаска – фаска мәнін орнатады (сурет 4.4,б);

  • Уровень-Деңгей – көпбұрыш биіктігі беріледі (XY жұмыс жазықтығына дейінгі қашықтық);

  • Сопряжение-Түйіндесу – көпбұрыш бұрыштарының дөңгелену радиусын береді (сурет 4.5,б);

  • Высота-Биіктік – көпбұрыш қалыңдығын береді;

  • Ширина-Ені – көпбұрыш сызығының енін береді (сурет 4.5,а). Үнсіздік бойынша енінің мәні 0-ге тең деп орнатылған (сурет 4.4,а);

  • Размеры-Өлшемдер – өлшемдер мәнін көрсете отырып көпбұрыш салады, оның ұзындығы және ені;

  • Площадь-Аудан – көпбұрыш ауданы белгілі болған жағдайда қолданылады. Алдымен ауданы енгізіледі, содан кейін ұзындығы (немесе ені), жетіспейтін ұзындығы немесе енінің мәнін жүйе өзі автоматты түрде есептейді;

  • поВорот-бұРылу– көпбұрышты қажет бұрышқа бұру үшін қолданылады.

а) б)


Сурет 4.4 – Тіктөртбұрыштар: а) 2 төбесінің координаталары бойынша

б) фаскаларымен

а) б)


Сурет 4.5 – Тіктөртбұрыштар: а) берілген қалыңдықта б) дөңгелектелген


      1. Салу сызықтары

Кей жағдайда сызбамен жұмыс барысында шынайы объектінің сызықтарын салуға база ретінде қызмет атқаратын көмекші сызықтар салуға тура келеді. Мұндай сызықтар көмекші салу сызықтары деп аталады. Салу сызықтары кейбір геометриялық есептерді шешу үшін қолданылады, мысалы, бір тетікбөлшектің екі проекциясы арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.

Салу сызықтары шексіз, олар автоматты түрде бір бағытта немесе екі бағытта созыла береді. Негізінде салу сызықтары шексіз емес, олар экранның графикалық аймағымен шектелген. Бірақ, басқа графикалық объектілерге қарағанда олар экранға толық созылады.


      1. Сәуле және ортақ бір нүктеден шығатын сызықтар

AutoCAD-та бір бағытта соңы болмайтын сызықтар салуға болады. Мұндай сызықтар сәулелер деп аталады. Оларды басқа объектілер салғанда көмекші ретінде пайдалануға болады.



_ray (Луч-Сәуле) командасы – бірінші көрсетілген нүктеден шығатын, ары қарай екінші, одан кейін келесі нүктелер арқылы өтетін жартылай шексіз сызықтар салу мүмкіндігін береді (сурет 4.6). Draw (Рисование)  Ray (Луч) құлайтын менюінен немесе Draw инструменттер панелінің Ray пиктограммасына тінтуірмен шерту арқылы шақырылады.

Сурет 4.6 – Бір нүктеден шығатын сәулелер жиыны
Ray командасының сұрауы:
- алғашқы нүктені көрсету

- сәуле өтетін

нүктелерді көрсету

Ray командасының опциялары жоқ немесе осы сипатталған нұсқадан басқа орындалу нұсқасы жоқ.




      1. Түзу сызықтар және олардың қасиеттері

AutoCAD-та екі нүкте арқылы өтетін, бағдарлама терезесінің басынан аяғына дейін басып өтетін шексіз ұзындықтағы сызықтарды да салуға болады. Оларды кейіннен редакциялап немесе алып тастауға болатын көмекші сызықтар ретінде де қолдануға болады. Көмекші сызықтарды өз қабатында орналастырған ыңғайлы, өйткені сызбаны салып болған соң, ол қабат өшіріледі немесе қатырылады. Бір ретте бір нүкте арқылы өтетін шексіз сызықтардың бірнешеуін салуға болады (сурет 4.7).


_xline (Прямая-Түзу) командасы – Draw (Рисование)  Xline (Прямая) менюінен немесе Draw инструменттер панелінен Xline пиктограммасына шерту арқылы шақырылады да, екі нүкте арқылы шексіз сызықтар салады.


Сурет 4.7 – Бір нүкте арқылы өтетін шексіз сызықтар жиыны
Xline командасының сұрауы:

Xline командасының кілттері:


  • Гор – шексіз горизонталь түзусызық;

  • Вер - шексіз вертикаль түзу сызық;

  • Угол – берілген бұрыш бойынша өтетін шексіз түзу сызық;

  • Биссект – көрсетілген төбе бойынша өтетін және осы бұрышты екіге бөлетін шексіз түзу сызық;

  • Отступ - таңдап алынған сызықтық объектіге параллель түзу сызық.


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау