Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қызметі.
Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі, 1% құрғақ зат болады, белоктардан тұрады. Реакциясы құрамындағы натрий бикарбонатының мөлшеріне байланысты. Тәулігіне ұйқы безінен 1,5-2 литрдей сөл бөлініп шығады, 10 грамдай белок жинап алуға болады, түрлі ферменттерден тұрады.
Без сөлінде трипсиноген, химотрипсиноген күйінде бөлініп шыққан трипсин мен химотрипсин белокты ыдырата алмайды. Ол үшін ішек сөлі құрамындағы әлгі ферменттер ішектің шырышты қабығында түзілетін энтерокиназа ферментімен әрекеттесуі шарт. Осы ферментті Павлов ішек сөлінен тауып, оны ферменттердің ферменті д.а. Энтерокиназа трипсиноген ферментін трипсинге, ал трипсин басқа ферменттерд, айталық химотрипсиногенді химотрипсинге айналдырады.
Ұйқы безі сөлінің құрамында полипептидтерді, пептидтерді ыдырататын карбоксипептидаза эластаза ферменттері, РНҚ-ны нуклеидтер сатысына дейін ыдырататын рибонуклеаза ферменті бар.
Достарыңызбен бөлісу: |