66
дамытуда қолдануды білдіреді. Спиральділік принципіне сәйкес, пәннің
мазмұнын жобалау барысында, яғни білім мен білікті біртіндеп арттыруда оқу
материалы тікелей, сондай-ақ көлденең бойынша кеңейтілетін болады.
Бұл орайда, барлық бағдарламалар оқушыларға «қазақстандық патриотизм
және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және
шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет.
Бұл құндылықтар 2-сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру және
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыру факторы болуы тиіс.
Мониторинг барысында пилоттық мектептердің мұғалімдеріне ұсынылған
сауалнамада олардың жаңа оқу бағдарламалары туралы оқу пәндері бойынша
пікірлерін анықтау үшін сұрақтар қойылды. Мұғалімдердің жауаптарын талдау
нәтижелері төмендегі диаграммаларда көрсетілген. Сұрақтарға үш түрлі баға
ұсынылды: 2 балл – толық байқалады, 1 балл – ішінара байқалады, 0 балл –
байқалмайды.
Қазақ тілі (Т1)
«Менің пәнім бойынша жаңа бағдарлама менің білім алушыларымның
басым көпшілігіне қызықты» деген пайымдау бойынша «Қазақ тілі» пәні
бойынша «толық байқалады» жауабын 71,2% мұғалім таңдады, «ішінара
байқалады» жауабын 28,8%.
«Пән бойынша бағдарлама менің білім алушыларымың басым
көпшілігінің жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді» пайымдау бойынша «толық
байқалады» жауабын 80,8% мұғалімдер таңдап, 19,2% «ішінара байқалады»
жауабын белгілеген.
«Оқу мақсаттарының саны оптималды» деп мұғалімдердің 71,2% білдірді,
яғни пайымдаумен толық келіскенін көрсетті, ал 28,8% «ішінара байқалады»
жауабын таңдады.
67
«Барлық оқу мақсаттары жетімді» деген паймдаумен мұғалімдердің
82,2% толық келіседі, сонымен қатар 17,8% «ішінара байқалады» деген пікірін
білдірді.
«Пән бойынша бағдарлама мазмұны практикалық дағдыларды дамытуға
бағытталған» пайымдаумен мұғалімдердің 83,6% толық келіседі, 16,4%
«
ішінара байқалады» жауабын таңдады.
«Ұсынылған орта мерзімді жоспарлардың мазмұны бағдарламаның
мақсаттарына сәйкес келеді» пайымдауды мұғалімдердің 84,9% толық қолдады
да, 15,1% «ішінара байқалады» жауабын белгіледі.
68
«Орта мерзімді жоспарлардың ұсынымдары білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес келеді» деген пайымдаумен мұғалімдердің 80,8% толық
келісті, ал «ішінара байқалады» жауабын 19,2% мұғалімдер көрсетті.
«Орта мерзімді жоспарлардың мазмұнында қазақстандық компонент
көрініс тапқан» деген пайымдау бойынша «толық байқалады» жауабын
мұғалімдердің 79,5% белгіледі, ал 20,5% мұғалімдер «ішінара байқалады»
жауабын таңдады.
«Мен өзімнің қысқа мерзімді жоспарларымды оңай әзірлеймін» деген
пайымдауды 75,3% мұғалімдер толық колдап шықты, ал 24,7% «ішінара
байқалады» деген пікір білдірді.
69
«Мен білім алушыларымның қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа
ресурстарды оңай табамын» пайымдауы бойынша мұғалімдердің 60,2% «толық
байқалады» жауабын, ал «ішінара байқалады» жауабын 39,8% таңдады.
Мұғалімдерге қойылған «Сіздің білім алушыларыңыз үшін жаңа оқу
бағдарламасының басымдығы неде?» деген сұрақтың құрамында 4 пайымдау
ұсынылды. Барлық пайымдаулар бойынша «толық байқалады» жауабын
таңдаған мұғалімдердің үлесі 70 пайыздан асты. Мысалы, «Кең спектрлі
дағдыларды дамытуға бағытталған» пайымдауды мұғалімдердің 74,3%, «Сын
тұрғысынан ойлауды дамытады» - 78,4%, «Оқу мақсаттары қисынды құрылған»
-
75,7%, «Бағдарлама білім алушыларға практикалық жұмыс үшін мүмкіндік
береді» - 79,7% толық қолдады.
Пилоттық мектептердің 2 сыныптары бойынша критериалды бағалау
жүйесін іске асыруын зерттеу мақсатымен мұғалімдерге сұрақтар қойылды. Әр
сұрақ бойынша үш түрлі жауап ұсынылды: «толық байқалады», «ішінара
байқалады», «байқалмайды». «Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және
жүргізу кезінде қандай қиындықтар туындады?» деген сұраққа берілген
пайымдаулар бойынша жауап берген мұғалімдер үлесі төмендегі
диаграммаларда көрсетілген. «Оқу мақсаттарының негізінде бағалаудың
өлшемшарттарын құру» пайымдау бойынша «толық байқалады» жауабын
35,1%, «ішінара байқалады» - 45,9%, «байқалмайды» -18,9% мұғалім белгіледі;
«Кері байланысты ұсыну» пайымдауға қойылған баллдардың нәтижесі: «толық
байқалады» - 59,5%, «ішінара байқалады» - 20,3%, «байқалмайды» - 20,3%;
«Бағалаудың өлшемшарттарына сәйкес тапсырмалар әзірлеу» пайымдау
70
бойынша берілген жауаптар үлесі: «толық байқалады» - 41,9%, «ішінара
байқалады» - 40,5%, «байқалмайды» - 17,6%; «Әрбір тапсырмаға дескрипторлар
әзірлеу» пайымдау бойынша: «толық байқалады» - 63,5%, «ішінара байқалады»
-
14,9%, «байқалмайды» - 21,6%; «Топта оқу мақсатына жетуді бағалау»
пайымдау бойынша: «толық байқалады» - 58,1%, «ішінара байқалады» - 29,7%,
«байқалмайды» - 12,2%; «Ауызша жұмысты/жауапты бағалау» пайымдау
бойынша: «толық байқалады» - 72,4%, «ішінара байқалады» - 5,3%,
«байқалмайды» - 22,4%.
«Жиынтық бағалауды ұйымдастырған кезде және өткізген кезде қандай
қиындықтар туындайды?» сұрақ бойынша мұғалімдер берген жауаптар үлестері
төменде
көрсетілген.
«Оқу
мақсаттарының
негізінде
бағалаудың
өлшемшарттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру» пайымдау бойынша:
«толық байқалады» - 33,8%, «ішінара байқалады» - 40,5%, «байқалмайды» -
25,7%
; «Кері байланысты ұсыну» пайымдау бойынша: «толық байқалады» -
44,6
%, «ішінара байқалады» - 28,4%, «байқалмайды» - 27,0%; «Бағалаудың
өлшемшарттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру» пайымдау бойынша:
«толық байқалады» - 48,6%, «ішінара байқалады» - 35,1%, «байқалмайды» -
16,2%; «Әрбір тапсырмаға дескрипторлар әзірлеу» пайымдау бойынша: «толық
байқалады» - 40,5%, «ішінара байқалады» - 37,8%, «байқалмайды» - 21,6%.
Достарыңызбен бөлісу: |