30 пилоттық мектептердің 2-сыныбына арналған жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын, ОҚулықтарды апробациялау процесінің мониторингі



жүктеу 7,96 Mb.
Pdf просмотр
бет51/63
Дата21.11.2018
өлшемі7,96 Mb.
#23231
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63

200 
жағымды кезеңдерінен бастап кері байланыс беру қажет.  
Сұхбаттасу мен бақылауды бірегей бағалау  
Білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыруды  сапалы  бағалау  үшін 
адамдардың  топтасып  жұмыс  істеуінің  нәтижесінде  жинауға  болатын  көп 
мәліметтер  қажет.  Бірақ  мәліметтерді  жинау  мен  талдауды  бірнеше  адамдар 
ғана жүзеге асырады. Барлық алынған ақпаратты қолданып, міндетті орындау 
үшін анықталған құрылымды сақтай отырып, топтар мәліметтерді жинап және 
жазып отыру қажет.  
Мұнда жоспарлау өте маңызды және жазбаша есепті дайындайтын әрбір 
қызметкер  байқауды  қалай  өткізу,  не  жазып  алу  және  қалай  жазу  керек  екені 
туралы нұсқама алу керек.  
Осы  нұсқама  топтың  барар  алдында  өткізілуі  керек.  Сонымен  қатар, 
мектептерді аралау кезінде байқау мен жазбалардың келісілген талаптарға сай 
орындалғанын  бақылау  үшін  жауапты  адамдар  тағайындалады.  Өздерінің 
жазбалары  мен  байқауларын  мектепке  бару  кезінде  талқылаған  дұрыс,  яғни 
оған топ мүшелерінің үнемі кездесуі мен талқылауы жағдай жасайды.  
Мұндай кездесулерде топ мүшелері:  
− 
бақылауларын талқылайды;  
− 
өткен  сұхбаттарды  және  сұрақтарға  алған  жауаптарын  талқылайды 
және  нақтырақ  немесе  маңызды  жауап  алу  үшін  сұрақтарды  қалай  басқаша 
айтуға болатынын ойлайды;  
− 
байқауларды  түсіндіру  мен  жазу  туралы  әртүрлі  идеяларды 
қарастырып, бір ойға келеді;  
− 
дұрыс  тұжырымдамалар  мен  қорытындылар  жасаудың  жақсы 
мысалдарын келтіреді.  
 
Топтың  мүшелері  жасаған  бақылауларын  талдап,  алынған  ақпаратты 
бағалау  мен  мәліметтерді  жинау  үдерісін  қалай  жетілдіру  керек  екенін  ойлау 
керек.  Олар  өздерінің  ой-пікірлерін  түрлендіру  жолдарын  қарастыру  және 
қорытындыны  толығырақ  және  нақты  жазбаларын  жүзеге  асыруға 
талпыну керек.  
Оқушылардан мәліметтерді жинау бойынша басшылық  
Үш  жастағы  балалар  өздерінің  оқулары  туралы  айтып  бере  алатыны 
дәлелденген болатын. Бұл кіші оқушылар өздерінің оқулары туралы хабарлары 
бар екенін және оқушы ролінде болуы туралы ойларын білуге мүмкіндік береді. 
Бірақ, Скоттың (2008) болжамы бойынша жеке және топтық әңгімелесу кезінде 
балалар 7 жастан бастап сенерлік жауап береді.  
Кіші оқушылармен әңгімелесу әрқашан топта өту керек және:  
− 
оқушылардың ынталары;  
− 
өздерінің ойлары бойынша қандай прогресс жасап отыр;  
− 
білім  беру  бағдарламасымен  оқыту  кезінде  олар  қандай  мәселелер 
кездестірді  және  оны  шешу  үшін  қанай  іс-әрекеттер  жасалғаны  туралы 
ақпаратты береді.  
Мұндай  талқылауға  оқушылардан  өздерінің  жұмыстарының  кейбір 
үлгілерімен келуге сұрауға болады. Модератор оқушылардың өз жұмыстарына 


201 
ынталарын және басқа адаммен жұмыс  істеу ықыласын бағалай алады.  
Мониторинг  жүргізетін  топ  кездесуге  қатысатын  барлық  оқушыларға 
көңіл  аудару  керек,  бірақ  олар  кездескен  оқушылар  бұл  мектептің  барлық 
қатысушылардың  тек  қана  бір  кішкентай  бөлігі  екенін  ұмытпау  керек. 
Модератор  кейбір  оқушылардың  ой-пікірлерін  басқалардың  зарарына  естіуі 
мүмкін.  Оқушылар  мектеп  туралы  пайдалы  мәліметтер  бере  алады,  бірақ 
оларды тексеру қажет.  
Оқушылармен сұхбаттасу.  
Оқушылардан  нақты,  шынайы  жауап  алу  үшін  мониторингілеу 
топтарының  мүшелері  мұқият  ойланып  сұрақ  қою  керек  екенін  есте  сақтау 
керек.  Сұхбат  кезінде  қолданылатын  құралдар  оқушылардың  жастық 
ерекшеліктерін  ескере  отырылып  бейімделу  керек  және  сұхбат  алушыға 
айтарлықтай икемді болу керек.  
Оқушылар үшін сұрақтарды әзірлеу кезінде төмендегілерді ескеру қажет:  
1. 
Қарапайым  лексика  қолдану.  Оқушылар  сұрақтарды  түсінбеген 
жағдайда  нақты,  шынайы  жауап  бере  алмайды.  Сұрақ  түсінікті  ма  екенін 
тексеру  қажет.  Қысқартулар  мен  техникалық  терминдерді  қолданбауға 
тырысу керек.  
2. 
Қысқа,  қарапайым  сұрақтар  қолдану.  Оқушыларға  ұзын  және  қиын 
сұрақтарды түсігуге қиын болады. Нәтижесінде олар тек қана жартылай жауап 
беру  мүмкін.  Жауабы  екі  бөліктен  тұратын  сұрақтарды  қоймаңыз,  себебі 
оқушылар шатасып қалады.  
3. 
Сұрақ  қойғанда  нақты  мысалдар  келтіру.  Болжамдалған  сұрақтарға 
жауап фактіні көрсетпеуі де мүмкін (мысалы: «егер..., ні істеуші едіңіз?»).  
4. 
Шынайы мерзімдерді қолдану. Көбінесе кіші оқушылар бір апта бұрын 
өткен тақырып бойынша қойылған сұраққа шын жауап бере алмайды.  
Екі жақты да қорғау үшін оқушылармен сұхбатты ашық ортада өткізген 
дұрыс. Бір оқушымен әңгімелесу үшінші адамның қатысуысыз өтпеу керек.  
Оқушыларды бақылау  
Бастауыш сынып оқушыларының тәжірибесі туралы толық көріністі алу 
үшін  ақпаратты  сұхбаттан  алынған  және  жүйелі  байқау  нәтижесінде  алынған 
мәліметтермен  күшейту  қажет.  Мұғалімдер  оқушылардың  үлгерімі  мен  ара-
қатынастарын жақсырақ бағалай алады, ал олардың жазбаларынан оқушылар не 
айтқанын  және/немесе  істегенін  көруге  болады,  ол  өз  алдына  оқыту  және 
дамыту және/немесе қандай да бір бар мәселелер туралы мәліметтерді береді.  
Барлық сұхбаттасудағы сияқты балалар тобы мен қатысушы ересектердің 
арасында  өзара  сыйластық  болу  қажет.  Модератор  балаларға  өз  сөздерін 
аяқтауға  мүмкіндік  беру  керек,  кейін  ғана  өзінің  жауабын  береді.  Сонымен 
қоса,  ол  балаларды  өздерінің  алғашқы  тұжырымдамаларына  толық  тоқталуға 
ынталандыру керек.  
Ересектеу  оқушыларды  әңгімеге  тартуға  болады,  себебі  олар  кіші 
оқушылармен ересек адамдардың арасында тиімді дәнекерші бола алады.  
Мүмкіндік болса, әңгімелесу үйреншікті ортада өткізілігу керек (мысалы, 
бала  ойнап  отырғанда).  Кіші  балалар  сендіруге  жеңіл  беріледі  және  сұхбат 
алушыға  ұнау  себептеріне  сәйкес  өздерінің  жауаптарын  тез  бейімдей  алады. 


жүктеу 7,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау