30 пилоттық мектептердің 2-сыныбына арналған жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын, ОҚулықтарды апробациялау процесінің мониторингі



жүктеу 7,96 Mb.
Pdf просмотр
бет14/63
Дата21.11.2018
өлшемі7,96 Mb.
#23231
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63

46 
 
түрлері  бойынша  ойлау  дағдысының  деңгейлік  жіктелімдеріне  негізделген 
Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы; 

білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық 
мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; 

бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды 
жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу; 

бөлімдер  мен  ұсынылған  тақырыптар  мазмұнының  уақыт  талабына  
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; 

оқу  процесін  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді,  қысқа  мерзімді  жоспарлар 
түрінде технологияландырылу болып табылады. 
«Қазақ  тілі»  пәніне  арналған  бағдарлама  білім  берудің  ұлттық  жүйесін 
халықаралық  стандарттарға  негіздей  отырып,  еліміздің  алға  қойып  отырған 
іргелі міндеттеріне сай және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді, 
ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану 
қағидаларын  басшылыққа  ала  отырып,  мемлекеттік  тілді  оқытудың  тиімді  әрі 
сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.  
 
«Қазақ  тілі»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  тілдік 
дағдыларын  дамыту,  қазақ  тілін  қадірлейтін,  қоғамдық  мәнін  түсінетін  тұлға 
қалыптастыру,  тіл  нормаларын  сақтап,  дұрыс  қолдана  білуге,  еркін  сөйлесуге 
және сауатты жазуға үйрету.  
Пәнді оқытудың міндеттері:  
1)  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге,  сын  тұрғысынан  ойлауға 
дағдыландыру;  
2) қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту; 
3) қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;  
4)  сөз  тіркестерін  және  жай  сөйлемдер  құру,  сол  сияқты  айтылым 
дағдылары негізінде қазақша ойлау дағдыларын қалыптастыру; 
5) тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-
қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;  
6)  қазақ  тілінде  меңгерген  білім,  білік  дағдыларына  сүйене  отырып, 
өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету;  
7) қазақ тілінің саяси-әлеуметтік әлеуетін ұғындыру;  
8) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту. 
 
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық 
және  қатысымдық  дағдыларын  қалыптастыруға,  олардың  адамгершілік  және 
әдеби-эстетикалық  құндылықтар  жөнінде  түсініктерін  кеңейтуге,  сөйлеу 
мәдениетін  қалыптастырып,  сөз  өнерін  сезінуге,  көркем  шығарманы  оқуға 
деген  қызығушылығын  арттыруға  мүмкіндік  беретін  негізгі  пәндердің  бірі. 
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем 
шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және 
шығармадан  қабылдағанын  өзінің  шығармашылық  әрекетінде  жүзеге  асыруға 
ұмтылуы  арқылы  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру.  Бұл  пән 
бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді: 
1)  әдеби  көркем  шығармаларды  оқыту  арқылы  қазақтың  рухани 
қазынасын меңгерту;  


47 
 
2)  коммуникативтік  (айтылым,  тыңдалым,  оқылым,  жазылым) 
дағдыларын қалыптастыру;  
3)  ауыз  әдебиетінің,  отандық  және  әлемдік  балалар  әдебиетінің  озық 
үлгілерімен  таныстыру  арқылы  оқушыларға  адамдардың  өзара  түсінісуі, 
сыйластық,  құрмет  сезімдері,  адамгершілік  қасиеттері,  өзінің  және  өзгенің  іс-
әрекетіне  жауапкершілікпен  қарай  білуі  сияқты  ізгілікті  қасиеттерді 
қалыптастыру;  
4) оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп,  болжап 
оқу) жетілдіру; 
5)  оқушылардың  оқырмандық  мәдениетін  қалыптастыра  отырып,  сөз 
әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту; 
6) сыни ойлауын жетілдіру; 
7)  көркемдік-танымдық  сипаттағы  мәтіндерді  өз  мақсатына  сай  іріктеп, 
саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;  
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім 
жасай білуге үйрету;  
9)  оқылған  шығарма  сюжетінің  ізімен  немесе  еркін  тақырыпта  ауызша, 
жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру. 
  «
Математика»  оқу  пәні  ретінде  бастауыш  білім  берудің  маңызды 
мақсаттары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыруда  елеулі  үлес  қосады.  Математика 
бойынша  бастапқы  білім  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілетін  дамытады,  зерттеу 
және  қарым-қатынастың,  математикалық  білімді  өмірде  қолданудың  алғашқы 
дағдыларын    қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Бастауыш  білім  беру  деңгейдегі 
математика  курсы  кезең-кезеңге  бөлініп,  жүйелі  түрде  берілген,  қоршаған 
ортадағы  заттардың  сандық  арақатынасы  мен  кеңістіктегі  формаларын 
сипаттаудан  тұратын  оқу  курсының  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың 
математикалық  таным  негіздерін  меңгеруіне  және  тиісті  дағдыларын 
қалыптастыруына  мүмкіндік  жасау.  Бұл    оқу  пәні    математиканы  қоршаған 
ортаны бейнелеу  мен  түсіну  тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға  бағытталған 
және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына 
қызығушылығын талап етеді.  
 
Бастауыш  білім  беру  деңгейінде  математикалық  білім  берудің  негізгі 
мақсатына сәйкес оқу пәні келесідегідей міндеттерді айқындайды:  
1)  логикалық  ойлауды,  кеңістіктік  елестетуді  және  математикалық 
терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;  
2)  оқу  және  тәжірибелік  проблемаларды  шешу,  арифметикалық 
алгоритмдерді  пайдалану,  геометриялық  салулар  мен  математикалық 
зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;  
3) сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;  
4)  математиканы  әлемді  суреттеу,  модельдеу  және  түсіну  тәсілі  ретінде 
қабылдау;  
5) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, 
сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; 
6)  білуге  құштарлық,  мақсаттылық,  жауапкершілік,  сенімділік  және 
тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту; 


жүктеу 7,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау