48
7) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың
және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
8) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу
және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу,
көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде
таныстыру дағдыларын дамыту;
9) ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу
дағдыларын дамытуға негізделген.
«Орыс тілі» оқу пәндерін оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін
(тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) меңгеруге; лексика, фонетика,
грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу білігін
меңгертуге; оқушылардың сөйлеуін жетілдіруге; оқығанның мазмұнын
түсінуге, негізгі ойды бөліп көрсету білігін, саналы түрде оқуды дамыту мен
қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби
шығармалар туралы алғашқы білім алуға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы ғылымы бойынша білім беру
бастауыш мектеп оқушыларын табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы
ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай
қабылдаудың дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің
дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы
зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің
қалыптасуына бағытталған.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізгі мектептегі
«Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін оқыту негізін қалауға,
алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде)
кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау
үшін қолдану білігін дамытуға арналған.
Оқу пәнінің бағдарламасы келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:
1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан
қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім
негіздерін қалыптастыру;
2) жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал
еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет
ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған
жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар
ақпаратты қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау
қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану
ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының
жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану
мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи
49
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау
үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
«Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес
негізгі және жоғарғы мектепте қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндерінің
кіріктірілген пропедевтикалық курсы ретінде әзірленді
«Дүниетану» – адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен
тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің
нысандары – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет,
денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта.
«
Дүниетану» пәнінің мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның
өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
1) оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының
өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
2) оқушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-
құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
3) оқушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін:
бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз
ету;
4) оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
5) оқушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;
6) пәнді оқыту арқылы оқушыларда өзін қоршаған ортаға, қоғамның
табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастар қалыптастыру
«
Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетін, кеңістіктік және
және көру елесі қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет
барысында, көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған.Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың
технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте
сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын
дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді
«
Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты-жеке тұлғаның
қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік
мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік – образдық ойлауын, көркем-
технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.
«Көркем еңбек» пәнінің міндеттері:
1) әртүрлі кіріктіру іс-әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дығдыларды
және қабілеттерді дамыту;
2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер
шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
3) оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни
ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен
жанрлары туралы білімді қолдану;
Достарыңызбен бөлісу: |