Сабақ жоспары
Сынып: 2 «Ә» сынып Күні: 23.01.2015 Сабақтың тақырыбы: «Күннің батуы»
Оқу-тәрбиелік мақсаттары мен міндеттері:
Білімділік мақсаттары: Оқушыларға күннің батуы мезгіліндегі түстер мен реңктер туралы түсініктеме беру,кескіндемелік дағдысын және біліктілігін жетілдіру; «шырай» (колорит) ұғымымен таныстыру;
Дамытушылық мақсаты: зейіні мен байқағыштығын дамыту; танымдық қызығушылықтарын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: табиғат пен өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру; әсемдікке талғампаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың жабдықтары (көрнекі құралдар):
Мұғалім үшін: күннің батуы бейнеленген суреттер көшірмесі мен фотосуреттер, мультимедиалық көрініс,электрондық оқулық.
Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаш, өшіргіш, гуашь,акварель бояуы, қылқалам, су құтысы.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап әдісі
Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка,әдебиет
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру сәті. (Амандасу,түгендеу)
Сабақ тақырыбы бойынша танымдық-ұйымдастыру әңгімесін өткізу.
(Топқа бөлу: жыл мезгілдерінің құбылыстарына қарай төрт топқа бөлу)
2. Ой шақыру: (Сұрақ -жауап арқылы жасырын суретті ашу.)
1 сұрақ: Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді ,ол қандай түстер?
2 сұрақ: Қандай түстер жылы түстерге жатады?
3 сұрақ: Қандай түстер суық түстерге жатады?
4 сұрақ: Негізгі түстерді ата?
Оқушыларға қойылған осындай сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.
Жаңа сабақ :
Күннің батып бара жатқан сәті бейнеленген суреттің көшірмесін талдау кезінде балалардан көкжиектен көрінген түстер мен реңктерді анықтап, атап көрсетуін сұрау. Сонымен бірге «жылы» және «суық» түстер ұғымын естеріне түсіре кету(элекрондық оқулықтың көмегімен).
Суреттегі бояулардың қанықтығы немесе реңкі бойынша бояулардың арақатынасы шырай (колорит) деп аталады. Яғни түсінікті сөзбен айтқанда, егер сурет ашық, жеңіл түсті болып салынса, бұл суреттің шырайы ашық деп аталады. Сол сияқты, жылы түстер басым болса, жылы шырайлы сурет деп, ал суық түстер басым болса, суық шырайлы дейміз. Оқушыларға шырай тәсілімен жаттығу жасау ұсынылады. Мольберттегі параққа суық немесе жылы түстердің үйлесімін таңдауды көрсету. Жаттығу аяқталған соң оқушылар негізгі суретті салуға кіріседі. Әр топқа үлкен көлемдегі қағаз таратылады. «Күннің батуы» тақырыбында табиғат көріністерін бейнелеу ұсынылады.Сурет темпера немесе гуашьпен пастозды тәсілде орындалатын болғандықтан, палитраны пайдалану керек. Бояуларды құтыдан алып немесе қысып шығарып, түстерді араластырамыз.
Ашық түсті бояу ақ бояумен араластыру арқылы, ал күңгірт түсті бояу қара бояумен араластыру арқылы алынатынын оқушыларға ескерту керек. Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс кезінде оларға мынадай кеңестер беріледі:
- сурет «кір» сияқты көрінбеу үшін әрқашан қылқаламдағы бояу қалдықтарын мұқият тазалап жуу;
- жұмыстағы реңктер мен түстердің үйлесімді ұштасуын қадағалау, өйткені бояулардың түсінің алуан түрлілігі үйлестіру кезінде қиындыққа алып келеді;
- кепкен кезде ақшыл дақтар пайда болмау үшін бояуға суды мөлшерден тыс құюға болмайды. Бекіту: қорытындылау кезінде бұл тақырыптың өте көтеріңкі көңіл күйде өтетінін ескере отырып, балаларға бірнеше минут тыныстап, сыныптастарының суреттерінде бейнеленген күннің батып бара жатқан сәтіне қарауды ұсыну арқылы әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Бағалау: Оқушылардың өзін-өзі бағалау Үй тапсырмасы: Түстермен жұмыс жасау,эскиздер орындау
Мұғалімнің қолы:
Достарыңызбен бөлісу: |