2.3 ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСКЕРДIҢ ТҰЛҒАСЫ
Қылмыскер тұлғасы - бұл ең алдымен қылмыс субъектісінің тұлғасы. Қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі тұлғаны субъект қырынан көрсететін қасиеттерге ие болуы тиіс (есі дұрыстық, қылмыстық жауапкершілік жасқа толу және жеке тұлға болуы).
Қылмыскер тұлғасымен толық танысу үшін қылмыс субъектісінің қылмыстық құқықтық белгілерімен шектелу жеткіліксіз. Қылмыскер тұлғасына оның қылмыстық әрекеттерімен байланысты түрлі қасиеттер тән. Қылмыскердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін қарастыру керек. Жай және қылмыскер тұлғаларының құрылымдары бір, бірақ қылмыскер криминогенді қасиеттерімен ғана ерекшеленеді.
Қылмыскерді екі бағытта түсінуге болады: бірі - адамның белгілі бір типін сипаттайтын ұғым, екіншісі - тұлғаны сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы категориясы ретінде.
Криминологияда қылмыскер тұлғасы келесі белгілермен сипатталады:
әлеуметтік-демографиялық;
табиғи-психологиялық (әлеуметтік және антиәлеуметтік бағыты, құндылықтарды жобалаудың жүйесі, негізгі қажеттілік пен мүдде, оларға қөзқарасы, құқтың сананың деңгейі, психологиялық және психофизикалық ерекшеліктер);
әлеуметтік жүріс-тұрыс (әлеуметтік топпен арақатынасы -өндірістік ұжыммен, отбасы, оқу орны, қоршаған ортамен, қоғамға қарсы элементтермен байланысы, қоғамдық белсенділігі, өзіне беретін баға);
Ведерников Н.Т. тұлғаға тән қасиеттерді екіге бөледі: а) тұлғаны жекешелендіретін (өмірбаяны, материалдық, психологиялық жағдайы); ә) жалпы қоғамдық сипаттама (саяси және тұрмыстық) [43]. Волженкин Б.В., қылмыскер тұлғасын жалпы, ерекше, және жеке қасиеттер сипаттайды, деп есептейді[44]. Кез келген адам әлеуметтік жаратылыс ретінде өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Мұндай байланыстар мен қасиеттер қылмыскер тұлғасына тән типологиялық белгілерді анықтауға мүмкіндік береді.
Адамның жасы, жынысы, отбасы және тұрмыстық жағдайы, мамандығы сияқты әлеуметтік-демографиялық қасиеттерінің көмегімен тұлғаның түрлі әлеуметтік топ иесі ретінде қылмысты жасаудағы белсенділігін, жасы, жыныстық ерекшеліктерін анықтауға болады. Қылмыскердің отбасы, тұрмыстық жағдайы тұлғаның қалыптасуына себепші болған криминогенді мән-жайларды ашу үшін қажет. Қылмыскер тұлғасын оның ой-өрісі, білімі, ақылы, көзқарасы, мүддесі жөніндегі мәліметтер сипаттай түседі.
Қылмыскер тұлғасына қылмыстық құқықтық сипаттама қылмыстық құқықтық категорияларға негізделеді. Қылмыстың түрі, ауырлығы, қылмысқа қатысушылық, жалпы және арнайы рецидив, қылмыскердің түзелу деңгейі сияқты қасиеттер қылмыскер тұлғасын өздігінше қалыптастырады.
Сонымен, қылмыскер тұлғасы дегеніміз қылмыс жасаған тұлғаның әлеуметтік маңызды, психологиялық, құқтың және жеке қасиеттерінің, сондай-ақ оны өмірде басқа қырынан танитын көрсеткіштер жиынтығы болып табылады.
Қылмыскер тұлғасы - жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстарға криминологиялық сипаттама беруде басты элемент.
Кузнецова Н.Ф. қылмыстылықтың тікелей себебін субъективті фактор: индивидттердің әлеуметтік қауымның психологиясындағы кемшіліктер мен байланыстырады[45].
Ал, Стручков Н.А., қылмыстарды себебін адам санасынан іздеуге тырысады, себебі адамның әрбір әрекеті санасында қалыптасады, ықтиярлығымен іске асады[46].
Яковлев А.М. болса, қоғамдағы қайшылықтарды тудыратын қажеттіліктер, әдет, яғни объективті криминогенді жағдайлар қылмыстылыққа себеп болады. Мұнан қылмыстық әрекеттің механизімін келесі нысанада қарастырады:
Бұл механизімнің звеносы сыртқы ортаның әсері;
Қылмысқа алып келетін белгі бір ішкі жағдай;
Қылмыстық әрекет жөніндені акт[47].
Бұл жоғарыда аталған жағдайлар қылмыскерге тән қасиеттерді анықталатын жағдайларды құрайды.
Криминологияда қылмыскерді жеке басын анықтауда түрге бөлудің маңызы зор. М.Вебер кәсіпкерді екі типке бөледі: 1) раионалды; 2) иррационалды (авантюрлі).
Рационалды кәсіпкерлер үшін ақша табу мақсат емес, ол еңбек,өндіріс ұйымыын құру, өнім шығару және заңды пайда табудың құралы болып табылады. М.Вебер рационалды кәсіпкерді салауатты кәсіпкер ұғымымен теңестіреді.
Ал, Мавантюрлі, саудаға түсетін кәсіпкерлердің типі бөлек. Мұндай кәсіпкерлердің мақсаты мүмкіндігінше кез келген жолмен көп пайда табу болмақ.
Енді өзіміз зерттеп отырған экономикалық қызмет саласындағы қылмыскерлерге келетін болсақ, оларды келесі типтерге бөлуге болады:
пайдакүнем – тұрақты;
пайдакүнем – қарама – қайшы;
падакүнем – ситуацияны.
Пайдакүнем тұрақты типте банк қызметі саласындағы қылмыскерлердің қатігездік қанына сіңген (жәбірленушінің әлеуметтік жағдайын, еңбекпен тапқан дүниесін айыруда жанашырлық танытпайтындар), қоғамға көзқарас тын. Бұл типтегі қылмыскерге бірнеше рет сотталған тұлғаларды жатқызамыз. Олар өз қылмыстық әрекеттерінің майталмандары, кәсіби қылмыскерлер, көбіне ұйымдасқан топ қылмыс жасайды, олар өздеріне сенімді қылмыскерлер. Тұлғаның бойына сіңген пайдакүнемдік қасиет қылмыстық әрекетінің ниетін қалыптастырушы негізгі фактор болып табылады. Сондықтан мұндай типтегі қылмыскер қоғамда жүргенде, экономика саласындағы криминогенді жағдайды тежеу оңой соқпайды.
Пайдакүнем – тұрақсыз типтегі банк саласындағы қылмыскерлер қылмыстық жауаптылықтан аяқтарын тартады. Олардың табиғаты мен психологиясы өзгермелі. Басқалардан қорқып жүріп қылмыстық әрекеттерге баратын тұлғаларға жаза бірде әсер етсе, кейде әсер етпейді. Бұл типтегі қылмыскерлер көп жағдайда орындаушы, көмектесіші қызметтерін атқарады.
Пайдакүнем – ситуациялық типтегі банк қызметі саласындағы қылмысты алғаш рет жасаған тұлғалар кіреді. Олар қоғамдағы қолайсыз жағдайлардың әсерінен қылмыс жасауы мүмкін. Осы типтес қылмыскерлер пайда табудың оңай қөзін көріп қалса, ондай мүмкіндікті текке жібере қоймайды.
Банк қызметі саласындағы қылмыскер ақылдық айлакерлік, сабырлық құлын, өнертапқыштық, терең жалпы жеке кәсіби (банк саласында) білімділік, меркантизім сынды қасиеттерді иемденеді.
Қазақстан Республикасында қылмыс жасағаны анықтанған тұлғалар жөнінде 2002 – 2008 жж. деректерге сүйенсек (кесте 3,4,5) 2002 жылы – 89296 жалпы қылмыскерлердің, 2003 жылы - 90677 жалпы қылмыскерлер, оның 802 – і экономика саласындағы, 229 – і ҚР ҚК 206 бабы бойынша 2004 жылы – 92348 қылмыскердің 517 – і экономика саласындағылар, 158-і ҚР ҚК 206 бабы бойынша, 2005 жылы 103471 жалпы қылмыстардың 3870-і экономика саласындағы, 128 –і ҚР ҚК 206 бабы бойынша, 2006 жылы – 64829 жалпы қылмыскердің – экономика саласындағылар, 124 – і ҚР ҚК 206 бабы бойынша, 2007 жылы – жалпы қылмыскердің – і экономика саласындағы қылмыскер, оның 184 – і ҚР ҚК 206 бабы бойына, 2008 жылдың 1 жартысында - жалпы қылмыскердің, - экономика саласындағылар, оның 207 – і ҚР ҚК 206 бабы бойынша қылмыс жасағандығы анықталған тұлғалар болған.
Бұл көрсеткіштерден ҚР аумағында 2002 – 2008 жылдар арасында жалпы қылмыскерлердің 20,2% экономика саласындағы қылмыскерлер, ал экономика саласындағы қылмыскерлердің орта есеппен 3,6% банк жүйесіндегі қылмыскерлер құрайтының көреміз.
Банк саласындағы қылмыс жасағаны анықталған тұлғалардың 1/7 – і әйелдер мен жасалынған. Мұнан аталған қылмысты ерлер жасауға бейім келеді.
Банк қызметі саласындағы қылмыскерлер арасында кәмелетке толмағандар саны орта есеппен 0,4% - ға тен.
Аталған қылмыстарды көбіне 20 жастан жоғары 54 – тен төмен тұлғалар жасайды. Оның ішінде 30-40 жас аралығындағылар басым. Банк қызметіндегі қылмыстарды негізінен арнайы және жоғары білімді азаматтар жасайтынымен ерекшеленеді. Арнайы жоғарғы білімдері бар қылмыскерлер – 69,9%.
Банк қызметіндегі қылмыстардың орта есеппен алғанда 48,6%-ы жұмыссыздар, коммерциялық ұйым қызметшілері – 19,6% балған.
Кесте 5-ҚР барлық қылмыстары бойынша 2003 – 2008 жылдар аралығындағы қылмыскерлер туралы мәліметтер
Жыл |
Анақталған қылмыскерлер
| Азаматтық |
Әйел
|
Барлығы
|
Қылмыстық жауатылыққа тартылған
|
Босатылғандар
|
ҚР
|
ТМД
|
Шетел
|
2003
|
82 296
|
8152
|
7775
|
80651
|
2149
|
134
|
9196
|
2004
|
90 677
|
76464
|
14213
|
88314
|
2006
|
105
|
9062
|
2005
|
92 348
|
86129
|
6219
|
90299
|
1787
|
86
|
8833
|
2006
|
103 471
|
91250
|
|
|
|
|
|
2007
|
64 829
|
64829
|
173
|
|
|
|
|
2008
|
78698
|
75699
|
|
|
|
|
|
Кесте 6- 2005 – 2008 жылдардағы экономикалық қызмет саласындағы қылмыскерлер туралы мәліметтер
Жыл |
Анақталған қылмыскерлер
| Азаматтық |
Әйел
|
Барлығы
|
Қылмыстық жауатылыққа тартылған
|
Босатылғандар
|
ҚР
|
ТМД
|
Шетел
|
2005
|
2373
|
1974
|
399
|
2258
|
102
|
4
|
1222
|
2006
|
802
|
563
|
239
|
760
|
33
|
7
|
335
|
2007
|
517
|
452
|
65
|
498
|
19
|
0
|
190
|
2008
|
3870
|
2948
|
922
|
3737
|
120
|
7
|
1818
|
Кесте 7 -2003 – 2008 жылдардағы ҚР ҚК 206-бабы бойынша қылмыскерлер туралы мәліметтер
Жыл |
Анақталған қылмыскерлер
| Азаматтық |
Әйел
|
Барлығы
|
Қылмыстық жауатылыққа тартылған
|
Босатылғандар
|
ҚР
|
ТМД
|
Шетел
|
2003
|
124
|
121
|
3
|
117
|
7
|
0
|
19
|
2004
|
229
|
175
|
54
|
208
|
20
|
0
|
43
|
2005
|
158
|
152
|
6
|
150
|
8
|
0
|
18
|
2006
|
128
|
106
|
22
|
117
|
8
|
0
|
18
|
2007
|
124
|
101
|
23
|
112
|
11
|
1
|
18
|
2008
|
0
|
84
|
|
|
|
|
3
|
Кесте 6- 2008 жылғы қылмыскерлер туралы мәліметтер
Банк қызметі саласындағы қылмыстар
|
Қылмыс түрлері
|
Барлығы
|
Жауаптылыққа тартылғандар
|
босатылғандар
|
ҚР азаматы
|
ТМД азаматы
|
Шетел азаматы
|
Әйелдер
|
191 б.
|
4
|
2
|
1
|
4
|
|
|
1
|
193 б.
|
4
|
2
|
2
|
4
|
|
|
2
|
195 б.
|
4
|
2
|
2
|
4
|
|
|
1
|
202 б.
|
6
|
1
|
3
|
6
|
|
|
1
|
206 б.
|
128
|
106
|
22
|
117
|
8
|
|
18
|
207 б.
|
4
|
2
|
2
|
4
|
|
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |