Экономикалық контрабанданы айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың экономикалық контрабандасынан ажырату үшін қылмыс қрамына тоқталсақ.
Кедендiк бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есiрткi заттарды, жүйкеге әсер ететiн, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы жарылғыш құрғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқада түрлерiн қырып жою қаруларын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтарды декларациялаумен ұштастыра мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы өткiзу керек.
Мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса- мүлкi тәркiленiп немесе екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге не онсыз бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер; мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық объектiсi- айланыстан алынған заттардың аясындағы қоғамдық қауiпсiздiк.
Есiрткi заттарды, жүйкеге әсер ететiн, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техника жару құрылғыларды, атыс қаруымен оқ дәрiлер, жаппай қырып жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқада түрлерi, жаппай қырып жою қаруларын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар қарастырушы қылмыстық заты болып табылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бақлауға жататын есiрткiлiк заттар мен жүйкеге әсер ететiн заттар және прекурсорлардың тiзiмiне кiргiзiлген синтетикалық немесе табиғи тектi заттар есiрткiлiк жүйкеге әсер ететiн заттар деп танылады.
Қатты әсер ететiн және улы заттардың тiзiмi Қазақстан Республикасында бақылануы тиiс уландырғыш заттар тiзiмiнде ерекше көрсетiлген.
Уландырғыш заттардың қатарына адамның орталық нерв жүйесiне немесе тыныс мүшелерiне әсер ететiн, олардың зақымдануын тудыратын өте улы, химиялық реагенттер мен олардың қосындылары жатады.
Уландырғыш заттар:
а) жүйкенi жансыздандыру;
б) жалпы улы;
в) терiнi iрiңдетушi;
г) тұншықтырғыш;
д) тiтiркендiрушi болып бөлiнедi;
ҚР «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, радиоактивтi материалдар қатарына ядролық материалдар немесе оларды жаңадан жасап шығара алатын материалдар, яғни ядроларды өздiгiмен ыдырай алатын химиялық элементтерден тұратын материалдар, радиоактивтi шығындар жатады.
Жарылғыш заттар-оқ-дәрi, тротил, нитроглицерин, аммонол және жарылғыш реакцияларына қабiлетi бар химиялық заттар мен олардың қоспасы.
Қару-жараққа әскери мiндетi бар өнiмдердiң әр түрлi түрлерi жатады: жаттығу құралдары, байланыс құралдары, навигациялық приборлар, радиолакаторлар, қорғаныс құралдары.
Әскери техника-бұл қарулы күштердiң әскери дайындығы мен әрекеттер жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын техника (ұшақтар, танкiлер, бронетранспортерлер,жаяу әскердiң әскери машиналары, тағы басқа).
10. Жарылғыш жасау арналып құрастырған заттар
(механизмдер) жару құрылғылары болып табылады (запал тұтатқыш, детонатор, жарғыш т.б).
11. Оқ-дәрiнiң не басқа зарядтың энергиясының әсерi нәтижесiнде гранат, снаряд, оқ-ствол бойымен атып шығатын қару-атыс қару деп аталады.
Оқ-дәрi-құрылысы бойынша қарудың өзiне тиiстi түрiне ату үшiн арналған және көздегенiн зақымдайтын зат немесе құрылым.
Ядролық қару қарсылас жақтың қол күшiмен техникасын жаппай құру мақсаты үшiн ғана арналған оқ дәрiлер, оларды межеге жеткiзу құралдары мен басқару құралдары. Ядролық жарылыс кезiнде қырып жоюшының әсер оның соққы беретiн толқындарынан, жарығымен сәулеленуден, жайылып кететiн радияциясынан, радиоактивтi зақымдануынан тарайды.
Жаппай қырып-жоюшы химиялық қаруға қарсылас жақтың қол күшiн жаппай қырып-жою үшiн ғана әдейi жасап шығарылып, оларды сақтау, жеткiзу, пайдалану құралына орналастырған аса улы химиялық құрылымдар жатады.
Ал адамдардың, жануарлардың, өсiмдiктердiң жаппай ауруын тарату үшiн арналған бактериологиялық құралдардың жиынтығы биологиялық қырып-жою құралдарына жатады.
Жаппай қырып-жою құралдарын жасау кезiнде пайдалануы мүмкiн материалдар мен құралдар- бұлар жаппай қырып-жою қаруларын жасап шығару кезiнде пайдалануы мүмкiн шикiзат, лабораториялық және өндiрiстiк жабдықтар, технологиялар.
Қарастырылушы қылмыстық объективтi жағы айналыстан алынған заттардан немесе айналысы шектелген заттарды кедендiк теңестiру құралдарын алдап пайдалана отырып немесе оларды декларацияламай не жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттiк кеден шекарасы арқылы өткiзумен байланысты.
Өткiзу деп Қазақстан Республикасының кеден шекарасын iс жүзiнде кесiп өтудi айтамыз. Ол төмендегi жолдардың бiрi арқылы жасалынуы мүмкiн:
Кедендiк бақылаудан тыс;
Кедендiк бақылаудан жасырын;
Құжаттарды немесе кедендiк теңестiру құралдарын алдап пайдалана отырып;
Субъективтi жақ тiкелей ниетпен сипатталады. Тұлға кеден шекарасы арқылы айналыстан немесе айналысы шектелген заттарды заңсыз өткiзгендiгiн бiледi және соны қалайды.
Бұл қылмыстың субъектiсi – 16 жасқа толған тұлға.
Осы баптың 2-бөлiмiне сәйкес контрабанданың бiрнеше рет жасалуы, яғни осы бапта не оның бөлiмдерiне көзделген әрекеттердiң бiр не одан да көп рет жасалуы экономикалық контрабанданы бағаланушы белгiлер болып табылады.
Өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып контрабанда жасаған лауазымды тұлға деп ҚР мемлекеттiк немесе кеден шекарасынан өткiзiлген заттарға қызметтiк мiндетi бойынша кедендiк не шекаралық бақылау жүргiзуге тиiс, оларды тексеру бойынша тиiстi әрекеттер жасауы және оларды шекара кесiп өткiзуге рұқсат беруi тиiс тұлға айтылады.
Мұндай лауазымды тұлғалардың бабын пайдалана отырып жасаған контрабанда лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша бағалануды қажет етпейдi. Контрабанданы өз қызметiн пайдалана отырып жасаған лауазымды тұлғалар жауаптылыққа жалпы негiздер бойынша, яғни ҚК контрабанда туралы бабының тиiстi бөлiммен және лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық норма қолданылуы көзделген қылмыстар жиынтығы бойынша, аталған бағаланушы белгiше сiлтеме жасалмастан / ҚР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының 9-тарауы) тартылады/.
Кеден ережесiн бұзушылықтың түрлерiн былайша бөлуге болады:
а) Қазақстан шекарасынан өтетiндiгi туралы тауарлар мен көлiк құралдарын алып өтерде хабардар етпеуi;
б) кедендiк бақылау үшiн сызылған аумақтық тәртiбiнiң бұзылуы;
в) елдiң кедендiк аумағын тауарларды өткiзетiн ниетi барын хабардар етпеуi немесе жалған хабар беруi;
г) декларанттың кедендiк толтыру ережесiн бұзуы;
д) кедендiк толтыру iсi бiтпей жатып, заңсыз әрекеттерге баруы;
Кәсiпорынның, фирманың Қазақстан аумағы арқылы тауарлар өткiзгендiгi жөнiндегi барлығын кеден органдарына хабар етпеуi оларға ескерпе беруге немесе төменгi 3 айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынады.
Кеден органдарының рұқсатынсыз кедендiк бақылау аумағында кәсiпорын мен фирма жұмыс iстеу әрекетiне барса, онда оларға ескерту берiледi немесе төменгi 10 айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынады.
Қазақстанның кедендiк шекарасынан алып өтпекшi болған тауарлары мен көлiк құралдары жөнiндегi ниетiн хабардар етпеген жағдайда әкiмiшiлiк тәртiп бұзушылық деп есептелiп, есекрту берiледi немесе 3 айлық жалақысыныңғ көлемiнде айыппұл салынады.
Тұлғаның тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты апатты жағдайда душар болса, онда ол құтқару шараларын қолдануға мiндеттi; егер де тұлға бұндай шараларды әдейi қолданбаса және кеден органына хабар бермесе – бұндай әрекетсiздiк заңды бұзушылыққа әкелiп соғады және 5 тен 10 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынады.
Кеден шекараларын тауарлар алып өтерде көлiк құралдарын тоқтатпауы да заң бұзушылыққа әкелiп соғады.
Техникалық ақаулығы себептi тоқтай алмаған жағдайда ғана жауапкершiлiкке тартылмауы мүмкiн.
Декларантты кедендiк толтыру тәртiбiн бұзуы, декларантқа бұрынғы берiлген лицензиясына күшiн жою арқылы 2 ден 5 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынады. Кеден органдарына кедендiк декларациясын өткiзу мерзiмiн бұзған жағдайда 5 тен 10 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынады және лицензиясының немесе аттестатының күшi тоқтатылады.
Кеден iсi туралы заңда кеден органының қызмет бөлiмiне не кедендiк бақылау өтетiн жерге рұқсатынсыз кiрулерiне қатаң тосқауыл қойып отыр. Осында заңсыз әрекетi үшiн 10 нан 20 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынып, лицензиясы немесе аттестантының күшi тоқтатылады.
Кеден органдарына есебiн бермеу және тауарларының есебiн жүргiзбеу (қоймадағы немесе кедендiк бақылаусызң) әкiмшiлiк жағынан құқық бұзушылыққа жатады. Бұндай жағдайда 5 тен 10 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салу қарастырылған. Есiрткi қоймаларда, кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында тауарлардың сақталу тәртiбiн бұзғаны үшiн 5 тен 10 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынады.
Егер де тауарларды қайта өңдеу тәртiбi бұзылған болса, онда 5 тен 10 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынып, лицензиясы немесе аттестатының күшi тоқтатылады.
Еркiн кедендiк аумақта ғимараттар мен құрылыстарды жүргiзгенде тәртiп пен ереже бұзған жағдайда 5 тен 10 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынуы мүмкiн.
Қазақстаннан бұрын әкелiнген тауар әлi өткiзiлмеген немесе қайтадан қайтарылса егерде осындай нақты жағдайда қылмыстық белгiсi болмаса, онда әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жатқызылып 10 нан 20 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынады.
Егер де жауапты тұлға кеден органына жалған құжаттарды немесе заңсыз жолмен алынған құжаттарды өткiзетiн болса, егерде қылмыстық белгiсi болмаса, онда 5 тен 10 дейiнгi төменгi айлық жалақысының көлемiнде айыппұл салынып, тауарлары мен кеден құралдары тәркiленедi.
Егер де тауар иесi болмаса басқа да қызығушылық таныытқан тұлға тауарларды жоюдың тәртiбiн бұзса (акт бойынша жойылмай қайтадан пайдаланылуы мүмкiн) онда тұлғаға айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылады.
Тауарларға кедендiк операциялар өткiзгенде қатаң кедендiк тәртiпке сай жүргiзiлуi қажет, осы тәртiбiнiң орындалмауы жауапты тұлғаларға айыппұл салуға, тауарларын тәркiлеуге және лицензиялар мен аттестаттарының күшiн тоқтатуға әкелiп соғады.
Қазақстан Республикасының кедендiк саясатының негiзгi бөлiгi болып экономикалық саяси шаралар мен басқа да шектеулердi қолдану болып табылады. Осы тәртiптi, ереженi бұзғаныдығы үшiн тауарлары мен көлiк құралдарын тәркiлеп, айыппұл салуға әкелiп соқтырады.
Кедендiк бақылауды айналып өткiзу жағдайында жауапты тұлғаға айыппұл салынып, тауарлары мен көлiк құралдары тәркiленедi. Жасырын орындары арқылы тауарларын кедендiк бақылаудан жасырған жағдайда тауарлары мен көлiк құралдары тәркiленiп жауапты тұлғағаға айппұл салынады.
Қазақстанның кедендiк шекарасына тауарлар мен көлiк құралын тасымалдауда жалған құжаттарды пайдаланса онда құқық бұзушылық деп есептелiнiп айыппұл мен мүлкi тәркiленедi. Тауарларының декларациясы болмаса, дұрыс толтырылмаса және қылмыстық белгi байқалмаған жағдайда айыппұл салынып, мүлкi тәркiленедi және аттестаты мен лицензиясының күшi тоқтатылады.
Қазақстанның кеден аумағына әкелiнген тауарлардың, көлiк құралдарының сақталуы кеден ережесiн бұзушылыққа әкелiп соқса онда кеден брокерi тасымалдаушы ретiнде заңсыз iс-әрекетi үшiн белгiлi бiр көлемде айыппұл салынады.
Төмендегi төлеудiң мерзiмiн бұзған жағдайда айыппұл түрiнде қайтарылмаған кедендiк төлемдердiң 50 мен 100 пайыз көлемiнде төленедi.
Кеден органдарының лауазымды тұлғасы қажеттi жағдайда қолға түсiрерде арнаулы ату құралын пайдалануы мүмкiн. Бұндай жағдайда лауазым иесi ескерту бередi. Лауазым иесiнiң бұндай мiндеттерi Кеден iсi туралы Жарлықтың 400 бабында айқын көрсетiлген.
Қару қолданған жағдайда, адам өлiмi немесе жарақат алғанда кеден органының бастығы тез арада прокурорға ақпарат беруi керек. Қару қолдану және басқа да арнайы құралдарды пайдалану жағдайға байланысты болуы керек. Әйтпесе бұл қызмет бабын пайдалану деп есептеледi.
Ал ендi ерiксiз көндiру туралы қарастырайық. Ерiксiз көндiру шаралары – бұл ұсталған тұлғаның қарсылық көрсету, қарсы күш қолдану шаралары, себебi олар кеден органдарының заңды талаптарына бағынбайды және кеденшiлердi тауарлары мен көлiк құралдары тұрған жайға жiбермейдi.
Арнайы құралдарға жататындар: резiңке, таяқ, көзден жас ағызатын газды заттар, кiсендер, көлiктердi тоқтатуға мәжбүр ететiн құралдар, су шашқыштар, қызметiк иттер, арнаулы көлiк құралдары. Бұл құралдарды баласы бар, мүгедек әйелдерге қолдануға болмайды. Осы арнаулы құралдар қарулы қарсылық көрсетушiлерге немесе топтасып шабуыл жасағандарға қолданылуы мүмкiн. Кеден органдарының лауазым иесi өзiнiң қызметiнде қару алынуына, сақтауына және пайдалануына болады. Ататын қаруды қолдану – ерiксiз көндiрудiң соңғы шарасы.
Егер де қарулы шабуыл жасалынбаған жағдайда әйелдерге, жасөспiрiмдер мен мүгедектерге оқпен атылатын қаруды қолдануға тиым салынған. Қару қолданған барлық жағдайда кеден қызметкерлерi зардап шеккендерге дәрiгерлiк көмек көрсетулерi керек және бұл жөнiнде прокурорға ақпарат бередi.
ТАРАУ 2. ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ШОЛУ
2.1 ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ДИНАМИКАСЫ, ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
«Қылмыстылық» ұғымы – криминологияда басты ұғымдардың бірі. Оны екі бағытта қарауға болады: формальды сандық (статистикалық) және сапалық (әлеуметтік) жағынан[20].
Сапалық тұрғыда қылмыстылық қандайда қоғамға қайшы және қауіпті іс-әрекеттердің массалы, көп қылмыстардың жиынтығы дегенді білдіреді.
Құбылыстардың қозғалысының кез келген ішкі заңы кең масштабта орын алғанда ғана анықтала түседі.
Жекеленген қоғамға қайшы эксцесстер өздігінен қылмыстылықты құрамайды.
Құқықта экономикалық қылмыстар деген ұғым кездеседi. Экономикалық қылмыс жаңа ұғым емес, бұрынан бар, халықаралық ұғым (economik erime, delinguance d’affairess). Ұлт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн халықаралық деңгейде экономика саласында мемлекеттiң белсендi ынтымақтастығына, атап айтқанда экономикалық прогреске жәрдемдесу керек. Сайып келгенде, бұл өндiрiстi, технологияларды дамытуды, халықтық сауда көлемiн ұлғайтуды, халықаралық жобаларды әзiрлеп, оларды жүзеге асыруды, бiрлескен экономикалық және қаржылық институттар құру, сондай – ақ экономика саласындағы құқықбұзушылықтардың, экономикалық қылмыстарды алдын алуды қажет етедi[21].
Экономикалық қылмыс ұғымы туралы ғылымда бiрнеше пiкiрлер бар. Бу Свенсон экономикалық қылмысты ұзаққа созылатын, жүйелi, пайдакүнемдiк ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиi кездесетiн, жазаланатын әрекет деп есептейдi. Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиетi барлық экономикалық қылмыстарға тән емес[22].
Ал, Тiленчиева Г.Д. экономикалық қылмыстарға төмендегi белгiлердi жатқызады[23]:
олардың экономикалық - шаруашылық механизмдермен байланыстылығы;
қылмыспен қолсұғылатын экономикалық қатынас жүйесiндегi тұлғалар ғана қылмыстың субъетiлерi бола алады.
Аталған белгiлер шынында да экономикалық қылмыстарды толық сипаттай алады. Тек экономикалық қылмыстардың бәрi бірдей жүйелi түрде жасалына бермейдi, сондай – ақ қылмыскердiң тек сол экономикалық жүйедегi тұлғаның бiрi болуы шарт емес.
Экономикалық қылмыстар заңды шаруашылық жүргiзу қызметiн бұзады. Қылмыскер өзiне материалдық игiлiктердi алу үшiн шаруашылық механизiмдердi саналы түрде пайдаланады. Мұнда шаруашылық механизiмнiң звенолары бiр – бiрiмен тығыз байланыста. Қылмыспен бiр звеноның зақымдануы қалған шаруашылық механизiмдерiне эрозия алып келедi. Экономикалық қылмыстардың кейбiр пайдакүнемдiкпен, басқа ниетпен де жасалынады.
Д.Д. Дженаро мен Э. Бетерс: «Экономикалық қылмыстар – байлық жинаудың әдiл процесi, ол заңмен қорғалатын рыногтық ойын ережесiн бұзады», - дейдi. Шаруашылық қылмыс экономикалық қылмыстардың бiр түрi ретiнде, - дейдi Вороженин В., - материалдық игiлiктердi өндiру, айырбастау, тарату, пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарқа қол сұғады[24]. Қаруақылық қылмыстың топтық объектiсi рыногтық экономиканың дамуына негiзделген, қоғамдағы қарақылық қызмет саласында қалыптасқан, мемлекетпен қорғалынатын қоғамдық қатынастар жүйесi болып табылады[25].
Ал, Дементьева Е.Е. диссертациялық жұмысында экономикалық қылмыстарға тән белгiлерге төмендегiлердi жатқызады[26]:
материалдық игiлiктердi тарату үшiн (пайдакүнемдiк) жасалуы;
жәбiрленушiлердiң ұжымдылығы және белгiсiз болуы;
ұзақ, жүйелi;
мемлекеттiң, кәсiпкердiң және жеке азаматтардың мүддлерiне шығындардың келуi.
Автор өз еңбегiнде экономикалық қылмыстар мәселесiн көтередi, шығын келген тұлғаларды анықтауға тырысады. Материалдық игiлiкке шығын келсе, әдетте қылмыстық әрекет тұлғаны меншiк құқығына да нұқсан келтiредi, деп есептейдi. Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншiк құқығынан қауiптiрек болады да, қылмыстың объектiсi ретiнде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандырылған қызметтiң болуы мiндеттi емес.
Жаңа қылмыстық кодекстiң қабылдануымен экономикалық қызметтегi қылмыстық құқықпен қорғалынатын мүдделер, сәйкесiнше олардан туындайтын қатынастардың қатары да (ҚР ҚК 189- 227 баптар) толықтырылды. Мемлекеттiң тиiстi дәрежеде ақша – несие жүйесiне, құнға, банктерге өз бақылауының төмендеуiне ақшамен есептесу, несие жүйесiнде түрлi криминалды нысандағы қылмыстар күшейдi.
Жалпы криминологияда қылмыстылықты оның динамикасын, жалпы жағдайы мен құрылымы сипаттайды.
Қылмыстылық санын анықтау барысында келесі жағдайлар ескеріледі.
а) сот үкімінің шығуымен өндіріс аяқталатын қылмыстар;
б ) кәнілі тұлғаның қылмыстылық жауаптылықтан және жазудан босатылған қылмыстар
в) жасалынған қылмыстар бойынша қолда бар мәліметтердің көмегімен ашылмаған істер
Жалпы қылмыскер санын анықтау үшін:
а) аятталғандар туралы мәліметтер
б) жауаптылық не жазадан босату туралы мәліметтер қылмыс күйі қылмыстылықтың, сандық, әрі саналық беттер бойынша сипатталады.
«Экономикалық», «халықаралық», «ақ жағалылар» (түрлі лауазымды тұлғаларды, түрлі құқық бұзушылықтар, жаңа экономикалық қылмыстар, (заңсыз несиені алу және мақсатсыз пайдалану, салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпкерлік) және компьютерлік қылмыстылық[27]. Оларды жан –жақты криминологиялық зерттеу және қылмыстық құқықтық параметрлерді анықтау – үлкен, кезек күттірмейтін міндет. Латенттілік құбылысы жағымсыз зардаптар алып келеді. Онда қылмыстылықтың масштабы, нысана және құрылымы, материалдық және моральдық шығындарының мөлшері мен сипаты жайлы шынайы, нақты мәліметтер бұрмаланады. Латенттіліктің нәтижесінде қылмыстың жасалуына жол беретін мән – жайларды анықтау қиын болады, қылмысы үшін жауаптылықтың болмай қоймайтындығы қағидалы өмірге енгізуді қиындайды, қылмыскерлер және басқа халықта жазаланбайтындығы сезімі қалыптасады, мемлекет және қоғамның түрлі аймақтарда, мастабта қылмыстылықты жоспарлау мүмкіндігі шектеледі, бұл жалпы қылмыс қылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыруға кері әсерін тигізеді.
Кез келген жүйеленген құбылыс кешенді ішкі элементтердің өзара байлысынан тұрады.
Қылмыстылық құрылымы – белгілі уақытта не тарихи кезеңде белгіл елде, аумақта болған қылмыстардың түріне байланысты жиынтығы қылымс түрлері белгілердің тобына қарай бөлінеді. Олардың негізгілері: әлеуметтік – демографиялық қылмыстық –құқықтық және криминологиялық.
Қылмыстылық динамикасы дегеніміз – белгілі уақыт аралығындағы тұтас қылмыстылық және оның негізгі құрылымдық көрсеткіштерінің азаюы не көбеюі болып табылады.
Қылмыстылық динамикасына көп факторлар әсер етуі, олардың арасында маңыздылары екі топқа бөлінеді:
Әлеуметтік және заңды әлеуметтік – қылмыстылық себептері мен шарттары, халықтың демографиялық құрылымы, миграфия және т.б.
Екінші топ – қылмыстық, әкімшілік жазаның өзгеруі мен толықтыруы; қылмыстық не басқа да жазаланатын іс - әрекеттің таралуы, не азаюы. Қылмыстылық динамикасықұқық қорғау орталық жұмысының тиімділігімен, қылмыстарды тіркеу және есепке алыну жағдайымен, сондай –ақ қылмыстылық дер кезінде ашылуы, нәтижесінің жауапқа тартылу қағидаларымен байланысты қылмыстылықтың алдын алуда қылымс себептері мен шарттарын, қылмыскер тұлғасын, жәбірленушіні анықтау қажет.
Егер Қазақстан Республикасындағы жалпы және экономикалық қылмыстарға соңғы жылдардағы күйіне келсек, ол 1 кестеге сәйкес төмендегідей (2000 – 2009жж.) 2000 жылы барлық қылмыстардың саны – 142100, ал экономикалық қылмыстар – 3593, 2001 жылы барлық қылмыс 139431, оның 3538 – экономикалық қылмыс, 2002 жылы – 150790 (5292), 2003 жылы – 152168 (5622), 2004 жылы – 158780 (6033), 2005 жылы 138980 (4169), 2006 жылы – 146980 (5475). Демек, 2000 жылы жалпы қылмыстардың 2,5%, 2001 жылы жалпы қылмыстың 2,5%, 2002 жылы 3,5 %, 2003 жылы 3,6%, 2004 жылы 3,7%, 2005 жылы – 3,1%, 2006 жылы – 3,7% экономикалық қылмыстар құраған.
2003 жылы 4169 экономикалық қылмыстардың 802 – і банк қызметі саласындағы қылмыстар, бұл экономикалық қылмыстың 7% құрайды. Қазақстан Республикасы аймағында банктік қызмет саласындағы қылмыстардың 100000 адамға шаққандағы коэфиченті 5,3 қылмыс құраған, үшінші кестеге сәйкес, 2008 жылы ҚР ҚК – нің 131 бабына бойынша тіркелген қылмыс саны 5, ҚР ҚК – нің 193 бабы бойынша – 17, ҚР ҚК 194 б – 39, ҚР ҚК 195 б – 14, ҚР ҚК 202 б – 1, ҚР ҚК 206 б. – 639, ҚР ҚК 207 б. – 37 қылмыстар. Демек, барлық 5292 экономикалық қылмыстың 752 – ін банк қызметі саласындағы құлмыстар, яғни 14% құрайды. ҚР 2000 жылы банктік қызмет саласындағы қылмыстардың 100000 адамға шаққандағы интенсивтілігі 5 болып табылады[28].
Қылмыстылықтың алдын алуда құқық қорғау органдарының қылмыстылық істерді дер кезінде қарап, ашуының орны ерекше. Егер ҚР аумағында жалпы және экономикалық қылмыстардың аяқталу жағдайы. Кесте 2-ге сәйкес, мынандай: 2003 жылы жалпы қылмыстардың 94832 – і, экономикалық қылмыстың 2296 – ы ашылған, 2004 жылы жалпы 103041 қылмыс, 2119 экономикалық қылмыс, 2005 жылы 111922 жалпы қылмыс, 2006 жылы – 118383 (4259), 2007 жылы – 107370 (4093), 2008 жылы – 99720 (2485) қылмыстар.
Егер пайыздың көрсеткішіне келсек, жалпы қылмыстың 2003 жылы - 66%, 2004 жылы - 74%, 2005 жылы - 74%, 2006 жылы - 75%, 2007 жылы - 71%, 2008 жылы - 79%, 2004 жылы - 67%,2005-75%, 2006-81%, 2007 - 75%, 2008 - 69%,2009 - 64%.
Ал экономикалық қылмыстардың 2002 жылы - 64%, 2003 жылы - 60%, 2004 жылы - 61%, 2005 жылы - 76%, 2006 жылы - 68%, 2007 жылы - 60%, 2008 жылы - 53% ашылған, 2008 жылы -58 %,2009жылы -51%.
Банк қызметі саласындағы қылмыстардың соңғы жылдардағы орташа ашылу деңгейі 35% - ы ғана болған. Мұнай банк қызметі саласындағы қылмыстарды ашу, тергеудің қиындығын аңғарамыз. Қылмыстылық істердің ашылуын тежейтін жағдайларға мыналарды жатқызуға болады:
банк тәжірибесінде жаңа технологиялар мен техникалық құралдардың кеңінен қолданылуы;
латенттіліктің кездесуі;
ұйымдасқан қылмыстық топтар мен кәсіби қылмыскерлердің банк қызметі саласындағы қылмыстарға көп қатысуы[29].
Латенттілік, қылмысты құбылыстар туралы ресми мәліметтердің тіркерілмеу мәселесі барлық уақытта ғалымдар мен практиктерді толғандырып келген. Г.А.Афанасьевтің пікірінше, «Латенттік қылмыстар дегеніміз қылмыстық істерді тергеу немесе қарау уәкілеттілігі бар органдарға беймәлім, тіркелінбеген қылмыстар болып табылады» [30]. Дәл осындай пікірді Ларин А.М. де айтқан[31].
Ал, Ю.В. Вышевский мен А.А. Конев болса, латенттік қылмыстарды құқыққорғау органдарының көздеріне түскен, түспегендігіне қарамастан, өзіндік орны бар қылмыстылық деп есептейді[32].
А.И. Алексеев пен А.И. Роша латенттік қылмыстардың табиғи латеиттілік, жасанды латеиттілік және шектеулі жағдайлардың элеметтерінің жиынтығы ретінде таныды[33].
Банктік қызмет саласындағы табиғи латенттілік негізгі себептеріне мыналар жасады:
өз несие ұйымдарының беделік сақтап қалу және өз клиенттеріне айырылмауы;
құқық қорғау органдарының қылмысқа тиімді әсер ете алатынына сенім білдірмеуі;
легалды несие ұйымдарының шаруашылық қызметіне құқық қорғау органдарының кедергі болуы;
ұйымдастыру – нұсқау және әкімшілік шаруашылық міндеттерді атқаратын несие ұйымының қызметшілерінің қылмыстық іс – әрекеттерінің болуы.
Латенттік қылмыстардың жалпы санын қолда нақты мәліметтердің болмау салдарынан анықтау, зерттеу өте қиын.
Жасанды латенттіктің негізгі себебіне құқық қорғау органы қызметшілерінің ойынша, аталған қылмыстарды тергеу және сотқа беріп дүре болудың қажеттігі жоқ деп санайтындығы жатады.
Соңғы уақытта тергеу іс-тәжірибесінде қылмысты жасады деп тағылған, не сезікті, сот пен тергеуден қашып жүрген тұлғалардың санының көбейіп кеткендігін жиі аңғаруға болады.
Ал банктік қылмыстарда шектеулі жағдайлардың латенттілігіннің деңгейі жоғары емес.
Талап –есеп операцияларын жүзеге асыруда ақша құралдарын ұрлаудың кеңінен таралған әдісіне чекпен есептеуде ақша ұрлау жатады.
Чек дегеніміз чек иесінің есебінен көрсетілген соманы төлеудің несие ұйымына бұйратын құжат болып табылады. Басқа жағдайларда чек есептеу немесе несие берудің құралы болып келеді.
Қазіргі танда чектерді қылмыскерлер фиктивті (жалған) ұйымдар мен кәсіпорындардың есептерінде ақша қозғалысы болып жатыр деп көз бояу үшін қолданылады.
Чектердің көмегімен ақша ұрлауға құқықтық қорғау дәрежесінің төмен болуы, банк қызметіндегі есептік қателігі, ішкі істер органы, қауіпсіздік қызметінің, несие ұйымының дайындалып жатқан, жасалған қылмыстар туралы мәліметтермен хабардар болмауы, клиент пен әріптестерінің сенімділігі жайлы мәліметтердің жетіспеуі. 1999 жылы май айында Алматы қаласында құқыққорғау органы қызметшілері 1998 жылдан бері банктердің жүйесін игеріп, халық тұтынатын тауар алу үшін мемлекеттік мақсаты зайымның жалған облигациясын жасап, онымен аса ірі мөлшерде ақшаны ұрлаған алдын алы сөз байланыстан топты ұстайды. Жалпы келген шығынның мөлшері 4 млрд. Теңге болған. Қылмыскердер (шетел азаматтары) Қазақстан азаматтарын тауып, келісіп, олардың атына жазған. Бұл азаматтар ҚР Ұлттық Банктен ақша алған да, олардың бір бөлігін өздеріне қалдыра отырып, қалған үлесін қылмыскерлерге берген.
Сараптамашылардың пікірі бойынша, төлем – есеп операциясының кез – келген сотында ұрлауға болады, қылмыстың жиілігі төлем – есеп операциясы түрлерінің қорғану дәрежесіне байланысты. Қылмыскердің жеке қасиеттерімен мәмілені жасауға пайдакүнемдік ниетінің болуын анықтауға болады.
Кесте 1- ҚР жалпы, экономикалық және ҚР ҚК 206 – бабында тіркелген қылмыстық істердің күйі
Достарыңызбен бөлісу: |