ІІ – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта оқытудың түрлі формаларын пайдаланудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Оссыған орай, ғылыми – зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
Он бес жастағы оқушылардың білім мен білік дағдыларын халықаралық деңгейде бағалау барысында, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатынасатын елдердіің мүшелері (Организация Экономического Сотрудничество и Развития ОЭСР) РІSА жобасы жасаған.
Онда мектепті бітіретін оқушы қоғамдағы өз орнын табу үшін қаншалықты білім мен білікті меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта жүргізіледі.
оқытудағы сауаттылық;
математикалық сауаттылық;
жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.
«Сауаттылық» тирмині білім, білік, дағды мазмұнын бағалаудың кеңдігін көрсетеді. Біріккен ұлттар мен сауаттылықтың он жылдығы (20003-2012 жж.) құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі – адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп берілген.
Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моділіне» көшуге басым бет беріледі. Онда білім компонентілігі оқушының жеке пәндер бойынша бірін- бірінен пәндер алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлға бағдарланған (білім, білік, дағыны) іс-әрекет білім комонентілігін қабылдауы қамтамасыз өтеді. Бұл жағдайда білім компоненттілігі көпжажақты қызымет атқарып, білім «объектті» болудан «тірі» білімге айналатын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сиипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде базалық компетенцияларының ауқымды сипат түрінде нақтыланған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді. (Жадрина М.Ж.).
Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Иектептегі әрбір оқушы даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесін сапасын жан – жақты және әділ бағалануға қол жеткізу.
Осыған орай мектіептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеудеге, адамның адамгершілік болмысынын қалыптасуына басты назар аударылуы. Білім мазмұнында жаңа процессуальдық біліктілік ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін жәнке қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі. Саралап және даралап оқытуға басым бағыт беріледі. Ақпаратты білім дәстүрлі тәсілдері- ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік құралдармен байытылады. Оқытудың механиткалық естілуінен - ақыл-ой процесінің дамуына статистикалық білім модулінен динамикалыққа, орта білетін оқушыға бағдарлап оқытудан саралап және даралап оқытатын бағдарламаға оқытудың сыртқы мотивациясының
ішкі адамгершілік еркін басқаруға мектеп және қоршщаған ортасының шығу процесіне басым бағыт беріледі.
Бастауыш сатыда мектепке дейінгі біліммен сабақтастықта қарастырылған бағдарлама мен оқу - әдістемелік кешендер жетілдіріледі. Онда жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың табиғи жалғасы ретінде мектепке дейінгі білім мектептің бастауыш сатысында сабақтаса әрі қарай жалғастырылады. Бастауыш саты үздіксіз білімнің барлық кезеңдерімен тығыз байланыстағы оқыту қызметін қалыптастыруға көмектеседі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және жеке мүмкіндігін ашуға, білім алуға, білім алуға жағымды жағдай жасайды.
Сондай-ақ, республика мектептерінде бастауыш сатыдан ағылшын тілі мен информатиканы енгізу мәселелері де кешенді зерттеулерді қажет етеді.
Жалпыға міндетті орта білім стандарттарын (жалпы бастауыш білім) білім объектісі ретінде білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірбиесінде білім объектісі ретінде – оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай, білім мазмұнын жаңарту мен оқытуды түрлі формаларын пайдалану және жаңа білім моделіне көшуді іске асыру жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. «Математика» білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнын жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғары, сипаттағы біліктер деп саналатын категориялар арқылы бейнеленген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып, анықталады. Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білім, дағдыларды, қатынастарды ғана бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу жетістіктерінің біртіндеп даму динамикасын көрсетеді.
«Математика» оқулықтарының мазмұнында (авт. Оспанов және т.б.) білім беру қызметіне басымдық берілген. Онда бастауыш білім мазмұны екі деңгейге сәкестендірілген. Бірінші деңгей – мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес міндетті, ал екінші деңгей – оқушының шығармашылығын дамытуға берілуі.
Оқулықтағы жаттығулар оқу-танымдық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруға бағдарланған. Жаттығулар ұсынылғанымен, тапсырманы өздері құрастырып, тұжырымдап, орындауға немесе өзгертулер енгізуге, түрлендірулер жасау ұсынылады. Бұл ұстаным оқушының өздігінен ойланып, іс-әрекет жасауына өз білімін дамытуға мүмкіндік беретін алғашқы қадамдар болып табылады.
Қазіргі өмір талабына сай, бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа буын электрондық-дистанциялық «Математика» оқулықтары мектеп тәжірбиесіне негізілуде. Оқулық ақпараттық технологияны меңгеруге және оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді.
Жаңа білім моделіне көшудің бұрынғы жүйеден айырмашылығы оқушының жетістігінің өлшемдері жасалады. Оқыту нәтижесі барлық пәндік түйінді кампетенциялар түрінде беріліп, оқушылар білімін өлшеу, яғни бақылап-бағалау, тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық бақылау, тест жұмыстары түрінде көрсетіледі.
Оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптасыру үшін оны жан-жақты дамытуда олардың дербес ерекшеліктерін ескеру қажет. Саралап, даралап, оқыту әдістерін жүзеге асыру барысында көрініс табады. Мұнда әртүрлі деңгейде (көбіне 3 деңгейде) үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест сұрақтары дайындалады. Бұл оқушы білімін сараптап, оны одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Білім деңгейінің жетістіктері дәстүрлі білім, білік, дағдымен қатар оқушылардың іс-әрекет қызметі салыстырмалы, бағалау, интерпретация, зерделеу, модельдеу, пікірталас т.б. түрінде көрініс табады.
Бүгінгі таңда көптеген мектептерде оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында «Тәй-тәй» бағдарламасы пайдаланылуда.
«Өз білімің мен балаларды шектеме, олардың туылған уақыты бөлек емес пе?-»деп айтқан. Тәжірбиелі – педагогтардың пікіріне тоқталайық. Қазіргі таңдағы баланың көзқарасы,уақыты қандай, неге дайын болуы керек? деген педагогикалық түсінікті мына № 4 сызба арқылы көрсетуімізге болады.
Сызба № 4.
-
Оқушыны неге дайындаймыз?
|
О
Қ
У
Ш
Ы
|
* қоғамның белсенді азаматы болуға;
* қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;
* өз көзқарасын құра білуге;
* сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге
|
Ендеше, бастауыш мектептегі «Тәй-тәй» бағдарламасы бір-біріне деген сыйластықты, бала мен ересек арасындағы жауапкершілікті, шыншылдықты, жаңашылдықты аса жоғары бағалайды. «Тәй-тәй» бағдарламасының негізі – мінездің өзін дұрыс қалыптастыру болып отыр.
Ал осы «Тәй-тәй» бағдарламасының басқа технологиялардан қандай ерекшелігі бар десек:
Сызба № 5.
-
«Тәй-тәй» бағдарламасының ерекшелігі.
|
Мұғалімнің үздіксіз білімін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауы.
|
Бастауыш мектептердегі «Тәй-тәй» бағдарламасы – ол бүгінгі таңдағы болып жатқан өзгерістерге деген жауап ретінде құрылған модель.
«Жақсы идеялар мен жаңалықтар өте күшті шыдамдылықпен іске асырылуы тиіс», - деген екен Химан Риковер. Бастауыш мектептердегі «Тәй-тәй» бағдарламасының мұғалімі қандай үміт күтетінімізді ашық көрсете отырып, оларды сол үмітке қол жеткізуге өзіміз жетелейміз. Ал балалар сол үмітімізді әртүрлі жолдармен ақтай алады. Мұндағы біздің мақсатымыз – балаға деген талап емес, оларды жағымды мінез-құлыққа шақыру.
Жан-жақты ойлау арқылы жаңа жауаптар мен шешімдер қабылдау арқылы балалар сапалы көркем тәжірбие алады. Олар қай мәселеде болмасын бірқалыпты, жалғыз жауап жоқ екенін түсінеді.
Жаңалық-инновация- өнер жасаудың негізі болып табылады, ол дегеніміз үйреншілікті қалыптар мен ережелерден асып кету мүмкіндігі деген сөз. Оған қол жеткізудің бірден бір жолы – сыныптарда құрылған орталықтар.
Әр жаңалықтың да өзіне тән қындығы бар болатыны сияқты, мұнда да оңайлық жоқ. «Тәй-тәй» бағдарламасының өзіндік ерекшелігі-орталықтармен оқыту болғандықтан оғанүйретудің де жолдарын қажет етеді.
Шымкент қаласындағы № 44 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте зерттеу жұмысымызды жүргіздік. Зерттеу жұмысы барысындағы жүргізілген тәжірибемізде, ең алдымен сыныпта кітап ортағы құрылды, яғни оқушыларға бұл орталықболатынын, кітап орталығында әр оқушыны өзі ұнатып оқыған әдеби кітабытүрлі кітабын әкеліп қоятынын ескерттік. Белгілі бір уақыттан соң орталықтың түрлі кітаптармен толыққанын байқадық.
Енді оқушыларға әрқайсысы парталасына оқыған кітабы жайлы әңгімелеп, таныстыруын сұрадық. Оқушылар кітаптарын оқи бастайды.
Апта аяғында оқушылар бір-бірімен өздері оқыған кітаптағы шығармаларын ортаға салады.
Баланың әдеби кітап оқуға деген қызығушылығын кітап орталығы арқылы жүзеге асырғаннан кейін, баланың үзілісте, сабақ соңында бос жүріспен уақыт өткізбей, өздерінің құрған орталықтарымен бірге болатынына қол жеткіздік. Бұдан кейін бізге «Бейнелеу орталығын» құру қиын тиген жоқ. Оқушыларға өздері оқыған әдеби кітабы бойынша қалаған шығармасынан сурет салуды тапсырдық. Берілген уақыттан соң, суреттер «Бейнелеу орталығына» ілінді. Әр оқушы өз жұмысына мақтанышпен қарады.
Келесі кезекте оқушыларға өз әдеби кітаптарын жарнамалауды тапсырдық. Әр оқушы өз кітабын мадақтап, басқаларға осы кітапқа назар аударуы қажет секілді ақылдарын салады. Бұл жазбаларды мен «Жазу орталығына» ілдік. Атап кетерлігі, бұл жұмыстарды тек сыныптан тыс уақыттарда емес, әр күні, әр сабақта қолдана алатымызда. Мұнда біз осы күнге дейін сан алуан орталықтар құра алдық.
Сызба № 6.
Ал, осы «Тәй-тәй» бағдарламасы арқылы оқыта отырып, орталылықтар құру арқылы баладан біз не күтеміз? Бастауыш сыныпты бітіргендігі баланың моделі қандай деген сұрақ бәрімізде де туады.
«Тәй-тәй» бағдарламасы және орталықтармен оқытудағы мұғалімнің күтер нәтижесі.
Оқушы моделі
Ойшыл
Мәселе шешуші
Тіркеуші
Тыңдаушы
Ұйымдастырушы
Әріптес
Достар
Ойшыл ретінде өздерінің іс-әрекетіне жауап іздейді; Мәселе шешуші ретінде шешім қабылдап, жаңалық ашу мүмкіндіктер қарастырылады;
Тіркеуші ретінде бала өз көрген-білгенін жаза жүреді;
Тыңдаушы ретінде басқаның ойын тыңдап, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді;
Ұйымдастырушы ретінде бала өз жоспарын құрып, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды;
Әріптес ретінде бірлесіп іс эжасауға үйретеді;
Достар ретінде басқаға да сенім, көмекке де қол созып, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.
Сонымен қатар, бүгінде жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында оқытудың түрлі формаларын пайдалануда. Оқытудың түрлі формаларының бірі – оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру екендігі белгілі. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі, дидактикалық шарттары туралы педагог-псхологтар Р.А.Занков және т.б. еңбектерінде кеңінен тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |