3 деңгейлі ОӘ құжаты


Дәрілік заттардың әсер ету механизмі



жүктеу 0,91 Mb.
бет2/9
Дата19.11.2018
өлшемі0,91 Mb.
#20484
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәрілік заттардың әсер ету механизмі. Дәрілік заттарды малдәрігерлік тәжірибеде тиімді пайдалану үшін олардың тек фармакодинамикасын ғана біліп қою жеткліксіз. Сонымен қатар сол фармакодинамиканы тудыратын негізгі себептер мен механизмін жете меңгеру керек.

Дәрілік заттардың әсер ету механизмі дегеніміз тірі организмнің биохимиялық және физиологиялық процесстерін белсендендіру, немесе әлсіздендіру арқылы ондағы жоспарланған өзгерістерді іске асыру.

Шартты түрде дәрілік заттардың механизмін үш топқа біріктіруге болады:


  1. Дәрілік заттардың организмде тудыратын бірінші реакциялары;

  2. Бірінші реакциядан туындайтын биохимиялық өзгерістер;

  3. Биохимиялық қозғалыстардан болатын физиологиялық өзгерістер.

Өздерінің химиялық құрылыстары мен биологиялық негіздерінің әртүрлілігіне қарамай, дәрілік заттардың әсер ету механизмі молекулалық негізде жан-жақты болып келеді.

Әрбір дәрілік заттардың молекулалары тірі организмнің құрылысы жағынан ең жоғарғы комплементарлығы бар биомолекулаларымен өзара байланысады. Бұл байланыс неғұрлым берік болса, солғұрлым стимулда жоғары болады. Дәрілік заттардың резорбциясы жоғарылаған сайын олардың молекулалары комплементарлығы төмен биомолекулалармен де байланысады. Дәрілік заттардың әсерлерінің жан-жақтылығын осымен түсіндіруге болады.

Дәрілік заттардың қатынасатын рецепторлары организмдегі әрбір ағзалардың морфологиялық құрылыстарының барлығында кездеседі деуге болады: ядросында, цитоплазмасында, мембранасында, афферентті нерв талшықтарының үштерінде. Сондықтан да дәрілік заттардың әсер ету механизмінің негізгі себебі олардың сол құрылыстармен физико-химиялық қарым-қатынасында деп түсіну керек.

Дәрілік заттардың негізгі әсерлерін қамтамасыз ететін рецепторлар арнайы рецепторлар деп аталады: адренорецепторлар, холинорецепторлар және т.б. Афференттік және эфференттік нерв талшықтары организмнің барлық мүшелерінде орналасқан.

Дәрілік заттардан организмге келетін импульс алдымен афферентті нерв жолдарымен орталық нерв жүйесіне барып белгілі бір деңгейде тоқырайды да, эфферентті нерв талшықтары арқылы тиісті ағзалар мен жүйелерге бағытталады.

Дәрілік заттар мен организмнің арасында жүретін бірінші реакциялардан өте күрделі, жаңа биохимиялық комплекстер түзіледі. Бұл процесстердің барысында, әсіресе тотығу-тотықсыздану реакцияларының барысында, организмде көп мөлшерде энергия түзіледі. Олар АҮФ және макроэргиялық қосылыстардың молекулаларында жинақталады. Организмдегі биологиялық тотығудың бұзылуы жергілікті, немесе жалпы патологияның бір себептеріне жатады. Ал патологияның өзі тотығу процессін одан әрі асқындыра түседі. Организмде осындай бұзылуды болдырмау үшін дәрілік заттардың алатын орны ерекше.

Дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен олардың әсер ету механизмі өзара тығыз байланыста жүретін, бірін-бірі толықтырып отыратын заңдылық. Неғұрлым бұл заңдылық жақсы игерілсе, солғұрлым қолданылатын дәрілік заттардың тиімділігі де жоғары болады.

Дәрілік заттардың тиімділігі көбінесе организмнің сезімталдығына байланысты.



Сезімталдық дегеніміз мал организмінің эндо- және экзогенді тітркендіргіштерге беретін жауабы. Малдарда сезімталдықтың өзгеруінің бірнеше түрлері кездеседі:

  • Гиперестезия - әртүрлі сезімталдықтың жоғарылауы;

  • Гиперпатия – ауырсыну, қызу, тактилді сезімталдықтардың жоғарылауы;

  • Полиэстезия – жеке тітіркендірудің көп ретінде қабылдануы;

  • Аллоэстезия – тітіркенудің басқа жерде білінуі;

  • Аллохейрия – тітіркенудің симметриялық жақтарда білінуі.

Организмнің сезімталдығын дәрілік заттарды қолдану арқылы реттеуге болады. Ондай реттелу нейрогуморалдық жолмен іске асады.

Нейрогуморалдық реттеу дегеніміз организмнің ішкі тұрақтылығын нерв жүйесі және қанда, лимфада, тін сұйықтарында болатын биологиялық белсенді заттар арқылы реттеу. Фармакологияда нейрогуморалдық реттеуді тексеруде олардың синапстар арқылы берілуіне, рецепторлардың жағдайына және медиаторлардың белсенділігіне көңіл аударады.

Медиаторлар дегеніміз нерв импульсын физиологиялық жүйелердің торшаларына, немесе басқа да нерв торшаларына жеткізетін химиялық қосылыстар. Медиаторлардың көпшілігі биогенді аминдер болып келеді. Осы импульстар берілетін жер синапстар деп аталады.

Рецепторлар дегеніміз тітіркендіруді қабылдайтын және нерв қозғандағы энергияны тасымалдайтын сезімтал нерв талшықтарының арнайы үштері.

Фармакотерапияның негізгі принциптері. Малдардың ауруларының дамуы олардың организміндегі физиологиялық құбылыстардың күшеюімен, немесе әлсіреуімен сипатталады. Ауру организмде оның барлық қорғаныс факторлары іске қосылады. Егерде организмнің гуморалдық және торшалық қорғаныс факторлары жоғары болса, онда ол организм ауруды жеңіп, мал сауығады. Ал ауру малдың қорғаныс қабілеттілігі төмен, организмде терең патологиялық өзгерістер болғанда дәрігердің іске кірісуіне тура келеді. Мұндай жағдайда малдәрігерінің негізгі қаруы – фармакотерапия. Емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттарды анықтау аурудың даму барысы мен клиникалық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі. Организмнің біртұтастығын ескере отырып, аурудың ағзалар мен жүйелерде тудырған негізгі өзгерістерін анықтай білу қажет. Аурудың даму барысында қосымша микроорганизмдердің әсерлері болатынын естен шығармау керек.

Егер ауру асқынбаса, уақытында жоғарғы тиімділікті дәрілік заттар қолданылса, онда ауру мал жазылады. Ал ауру ауыр түрде жүрген уақытта жан-жақты, комплексті емдеу әдістерін қолданады.

Емдеудің жалпы принципы бойынша аурудың белгілеріне қарсы әсер ететін дәрілік заттарды қолданады.

Дәрілік заттардың терапевтикалық дозасының ерекшелігі - ол организмнің тұрақтылығын, функциялары мен құрылыстарының физиологиялық параметрін қалпына келтіреді. Олардың ішінде функционалдық өзгерісті қалпына келтіру метаболизм мен құрылысының өзгерістерін қалпына келтіруден әлдеқайда жылдамырақ іске асырылады.

Фармакотерапия аурулардың алдын алу; олардың себептеріне, белгілеріне қарсы күресу; патогенетикалық және орын толтыру әдістері арқылы іске асырылады.

Малдардың организмінде аурулардың даму барысында болатын терең өзгерістер клиникалық және лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады. Емдеу барысында қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасын, фармакодинамикасын және әсер ету механизмін жетік білудің емдеуді дұрыс жүргізу үшін, оның нәтижесінің жоғары болуы үшін маңызы өте зор.


4 Дәріс

АРНАЙЫ БӨЛІМ

Малдың орталық нерв жүйелерінің ауруларын емдеуге

қолданылатын дәрілік заттар.
Орталық нерв жүйесін қоздыру дәрілік заттардың тікелей немесе рефлекс арқылы әсер етуінен болады. Тікелей қоздыру дәрілік және эндогендік заттардың қан арқылы нерв орталықтарының нейрондарына жеткізілуіне байланысты. Олардың ішіндегі маңыздысы орталық нерв жүйесінің қызметі нашарлағанда оны қалпына келтіретін дәрілік заттар.

Орталық нерв жүйесін қуаттандыру организмдегі зат алмасу процессінің көптеген жақтарына оңды әсер етеді. Соның салдарынан жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметі жақсарады; дем алу, зәр шығару, ас қорыту процесстері үдейді; ішкі секрет бездерінің жұмыстары жоғарылайды.

Бас ми мен жұлынның рефлекс арқылы қозуы терідегі, ішкі ағзалар мен қан тамырларының кілегей қабықтарындағы афферентті нерв талшықтарын белгілі бір мөлшерде тітіркендіргенде пайда болады. Бүндай тітіркендіру импульс ағындарын орталық нерв жүйесіне жеткізіп, оның орталықтарын қуаттандырады. Осыған жауап ретінде жоғарыдағыдай оңды өзгерістер пайда болады. Дәрілік өсімдіктердің ішінде бұндай әсер ететін түрлеріне құрамында ащы заттар, эфир майлары т.б. қоздырғаш заттар бар өсімдіктер жатады.

Орталық нерв жүйесіне тікелей әсер ететін және мал дәрігерлік тәжірибеде емдік және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын, патогенездік, ал кейбір жағдайларда аурудың себептеріне қарсы әсер ететін дәрілік өсімдіктер және заттар.



Ақ таспа шөп (астрагал густоветвистый).

Химиялық құрамы. Құрамында Fe, Ca, Al, P, Mg, Na, Ba, Cr, Str, Mn, Ban, Mn элементтері бар. Камедьте 50-60 % бассорин полисахариді, 3-10 % арбабин заты және аздаған мөлшерде крахмал, қант, кілегейлі және бояғыш заттар болады.

Қолданылуы. Шикізаттан 1:10 қатынасындай етіліп тұнба дайындайды. Оны жылқы, сиырларға 150-180 мл; қой, бұзау, құлындарға 10-20 мл мөлшерінде, күніне 2-3 рет ауыз қуысы арқылы нерв жүйесі бұзылған, жүрегі, өкпесі нашарлаған, бүйрегі ауыратын малдарға береді.

Құрамында микро-, макроэлементтер көп болғандықтан оны турап жемге қосып беруге де болады. Сөлі фармацевтикада таблетка, пилюла және басқа да дәрілік заттардың құрамына кіреді.

Камедь малдәрігерлік тәжірибеде нерв жүйесінің қызметінің бұзылуы салдарынан жүрек ауруларына шалдыққан ауру малды емдеуге қолданылады. Қолдану тәртібі осы препараттың нұсқау-жолжама қағазында көрсетіледі.

Алтын тамыр – золотой корень.

Химиялық құрамында илегіш заттар, радиолозид глюкозиді, органикалық қышқылдар, крахмал, флавиноидтар және эфир майлары болады.

Қолданылуы. Арықтаған малдардың өнімділігін арттыру, жұмысқа пайдаланылатын малдардың оған қабілеттілігін жақсарту және орталық нерв жүйесінің ауруларын емдеу үшін ұнтақталған түрі, спирттік және жай тұнбалары қолданылады.

Спирттік тұнба жасау үшін 10 г майдаланған тамыр 70* 250 мл этил спиртінде 10 күндей қараңғы жерде ашытылады. Жылқылар мен ірі қара малдарына 5-10 мл, бұғыға 8-10 мл, қойға 3-5 мл мөлшерінде, күніне 3 рет ауыз қуысы арқылы беріледі.

Судағы тұнбасы 1:20 – ға қатынасында жасалады: 1 л суға 50 г майдаланған тамыр ұнтағы ерітіліп, 20-30 минут тұндырылады. Бірақ сүзілмейді. Ірі малдарға 75-100 мл, ұсақ малдарға 20-30 мл мөлшерінде күніне 2 рет ауыз қуысы арқылы ішкізіледі.

Тамырдың 3-5 г ұнтағы жемге араластырылып сақа малға күніне 2 рет беріледі.

Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша дәрілі зат малға күш-қуат беріп, астық қорытылуын және организмдегі зат алмасу процесстерін жақсартады.

Бадам – Миндаль обыкновенный.

Химиялық құрамында глюкозид – амигдалин, эфир майлары, синил қышқылы және бензил альдегиді бар.

Қолданылуы. Ауру малдардың нерв жүйесі қозғанда оны тыныштандыру, ауырсынғандықты басу, қақырық түсіту, іш өткізу, теріні жұмсарту үшін пайдаланылады. Бадам майы дәріханаларда сатылады.

Жақсы кептірілген жемісінің қабығы мен еті 1:10 қатынасында жасалған тұнба ретінде сақа сиырларға 50-80 мл, бұзауларға 10-20 мл мөлшерінде, күніне 2 рет ішкізіледі. Ұнтақталған дәнін жемге араластырып беруге болады. Сиырға 3-5 г, бұзауға 2-3 г, қозыға 0,5-1 г, күніне 2 рет жемге араластырып береді.



Дәрілік мелисса – Мелисса лекарственная.

Химиялық құрамында 0,3 %-ке дейін эфир майлары, 6-7 мг/% протеин, 120-150 мг/% аскорбин қышқылы, смолалар, илегіш заттар, кофеин, урсол қышқылдары және т.б. заттар болады.

Қолданылуы. Нерв жүйесін тыныштандыру, ауырсынғандықты басу, жүрек қызметтерін жақсарту үшін қолданылады. Сондай-ақ, малдың тәбетін, асқазан-ішек жұмыстарын жақсартады; іштің кебуін, жүрек неврозын басады.

Судағы тұнбасы 1:20 қатынасында жасалады. 0,8-1,0 мл/кг мөлшерінде ауыз қуысы арқылы беріледі.



Биік эхинопанакс (заманиха).

Химиялық құрамында эфир майлары, гликозидтер, сапониндер, алкалоидтар бар.

Қолданылуы. Одан дайындалған дәрілік заттың улылығы төмен, орталық нерв жүйесін қоздыратын, жүректің жирылуын жақсартатын, артериялық қысымды төмендететін, демалысты үдететін, зәрдің бөлінуін ұлғайтатын әсерлері бар. Мал дәрігерлік тәжірибеде организмнің тонусын жоғарылататын, қуаттандырушы дәрі ретінде қолданады. Әсері женьшеньнің әсеріндей, бірақ одан сәл әлсіздеу. Орталық нерв жүйесін қоздыру, жүрек пен қан тамырларының және бүйректердің жұмыстарын жақсарту үшін қолданылады.

Заманиха тұнбасы. Оны өсімдіктің тамыры мен тамыр сабақтарынан 70 % спиртте 1:5 қатынасындай мөлшерде дайындайды. Ақшыл-қоңыр түсті, ащылау дәмі бар, мөлдір сұйық алынады. 50 мл флаконда жарықтан қорғаныс жерде сақтайды. Ауыз қуысы арқылы иттерге 15-30, мысықтарға - 3-10, түлкілер мен қояндарға 5-10 тамшыдан азыққа қосып, күніне 2-3 рет береді.

Көкпек, шайтан келмес – Синюха голубая.

Химиялық құрамында 20-30 % үш терпенді сапониндер, эфир майлары, органикалық қышқылдар, нерв жүйесіне тікелей әсер ететін белгісіз заттар бар.

Қолданылуы. Орталық нерв жүйесін тыныштандыратын әсері валерианадан 8-10 есе артық. Сонымен қатар қақырық түсіретін де әсері бар. Тұнба, экстракт, пилюль ретінде қолданылады. Тұнбаны жасау үшін шикізатты сумен 1:20-ға қатынасындай етіп алады да 30-45 минут тұндырады. Дайындалған дәрілік затты ауыз қуысы арқылы ірі малдарға 200-250 мл, қойлар мен бұзауларға 30-50 мл, қозыға 10-15 мл мөлшерінде, күніне 3 рет, 5-6 күндей ішкізеді.

Медицинада көкпек пен саз сущеникасы деп аталатын шөпті араластырып, асқазан мен тоқ ішектегі жараны емдеуге, ұйқысы қашқан адамның нерв жүйесін тыныштандыруға қолданады. Жалпы көкпек тамырының шипалық қасиеті ғылымда толық зерттелген жоқ.

Қара меңдуана – Белена черная.

Химиялық құрамында гиосциамин, атропия, скополамин, белоктар, қант, камель, эфир майлары және т.б. заттар бар.

Қолданылуы. Орталық нерв жүйесін тыныштандыру, ауырсынғанды басу, аяқ-қолдың дірілін тоқтату үшін қолданылады.

Судағы тұнбасы 1:20 қатынасындай мөлшерде дайындалады (100 г шикізатты 2 литр суға ерітіп, 20-30 минут тұндырады). Ауыз қуысы арқылы сақа малдарға 20-30 г; қой, бұзауға 5-10 г мөлшерінде береді.

Майлы тұндырма да жасайды. Ол үшін 20 г тұқымды 150 мл күнбағыс майымен араластырып, 8-10 күн тұндырады.

Спирттік тұнба жасау үшін 25 г майдаланған жапырақты 40* 250 мл этил спиртінде ерітеді де, 7-9 күндей ашытады. Сақа малдарға 5-8 мл, ұсақ малдарға 3-5 мл-ден, күніне 2 рет ішкізіледі. Қалай болса солай қолдануға болмайды.



Мал уланғанда оның мойны, тұмсығынң маңы қызарады, сілекей ағады, аяқтарының бұлшық еттері тартылады, кейде құсады. Қатты уланған адам басында күле береді, артынан жылайды, айқайлайды.

Медицинада меңдуана майы адамды тыныштандыру үшін, сондай-ақ ревматизм, куаң ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Қырқбуын эфедрасы – Эфедра хвощевая. Халықтар арасында Кузьмичев шөбі деген атпен де белгілі.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөлігінде де алкалоидтар: 1-эфедрин, d-псевдоэфедрин, 1-N-метилэфедриндер бар.

Қолданылуы. Эфедрин алкалоидтары тікелей әсер етпейтін адреномиметиктердің қатарына жатады. Олар a- және b-адренорецепторларды қуаттандырады. Шеткергі қан тамырларының өзектерін тарылтады, жүректің қызметін жақсартады, артериялық қысымды жоғарылатады, жадағай еттерді босаңсытады, ішектердің жирылуын әлсіретеді, көздің қарашығын ұлғайтады, қандағы қанттың мөлшерін көбейтеді. Орталық нерв жүйесін қоздырады, әсіресе дем алу орталығын. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда тұрақты препарат. Әсері адреналиннен төмендеу.

Мал дәрігерлік тәжірибеде эфедрин жүректің жұмысын жақсарту, артериялық қысымды жоғарылату үшін; қатты жарақаттарда қан көп кеткенде, операцияларда; наркотиктермен, ұйықтататын дәрілермен уланғанда; жергілікті жансыздандыратын дәрілердің әсерін ұзарту үшін адреналиннің орнына қолданады.Эфедринді сыртқа қан тоқтату үшін және қабыну процессіне қарсы зат ретінде қолданады. Бронхылардың еттерінің спазмасында, сары су ауруында аллергияға қарсы зат ретінде қолданады.



Синтетикалық жолмен алынатын эфедрин гидрохлориді жиі қолданылады. Суда жақсы еритін, ащы дәмі бар, ақ түсті кристалл. Ұнтақ, таблетка және ампулада шығарылады. Ауыз қуысы арқылы, терінің астына, еттің ішіне, венаға жіберуге болады.

Өсімдіктің шөбін малдарға ауыз қуысы арқылы қайнатпа, тұнба (1:40 немесе 1:50) ретінде тағайындайды. Ірі қара мен жылқыларға -20-50 г, ұсақ малдарға, шошқаларға -5-10 г, иттерге -1-3 г.

Қытай лимоннигі – лимонник китайский.

Химиялық құрамында органикалық қышқылдар (алма, лимон, вино), организмнің тонусын жақсартатын заттар: схизандрин, схинзандрол; тұқымында - майлар, эфир майлары, схизандрин, схизандрол, линол және олеин қышқылдарының глицеридтері бар.

Қолданылуы. Лимонник негізінен қуаттандырушы, тонусты жақсартушы заттардың қатарына жатады. Олардың улылығы төмен, орталық нерв жүйесіне рефлекс арқылы қоздырады.

Лимонниктің қайнатпа, тұнбалары аздап қан қысымын жоғарылатады, жүректің жирылуын ұлғайтады, дем алысты жиілетеді және жатырдың жирылуын күшейтеді. Тұнбасының өт айдайтын қасиеті бар. Сондай-ақ, организмнің қарсыласу күшін жақсартады, қаңқа бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде орталық нерв жүйесінің тонусын жақсарту, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтерін реттеу, дем алысын үдету үшін және организм жалпы әлсірегенде тонусын көтеру үшін қолданылады.

Маньчжур аралиясы – Аралия маньчжурская.

Химиялық құрамында үштерпен сапониндері – А,В,С аралозидтері; аралин алкалоиды, эфир майы және қара май бар.

Қолданылуы. Емдік әсері жағынан женьшеньге жуық. Орталық нерв жүйесін қоздырады. Малдардың рефлекс арқылы қозу процессі, қозғалуы жақсарады. Оның тұнбасының улылығы аз, жүректің қызметін жақсартады. Қан қысымы төмендегенде, малдың күйі нашарлағанда тағайындайды. Стресске қарсы әсері де бар.

Өсімдіктің тамырынан 70 % спиртте 1:5 қатынасындай мөлшерінде тұнба жасайды. Өзіне тән иісі бар, янтарь түстес мөлдір сұйық. 50 мл флакондарда шығарылады. Б тізімінде, рецепт арқылы ғана босатылады. Жарық түспейтін жерде сақтайды. Ұсақ малдарға мөлшері 10-20 тамшы күніне 2-3 рет.



Марал шөп тамыры – Маралья корень.

Химиялық құрамында инулин, эфир майлары, қара май, илегіш заттар, аскорбин қышқылы, каротин, фосфорқышқыл тұздары және т.б. заттар бар.

Қолданылуы. Арықтап күйі нашарлаған жұмыс аттары мен өгіздерге, әлсіреген малды қуаттандыру, орталық нерв жүйесін тыныштандыру, қан қысымын көтеру үшін қолданылады.

Оның спиртті тұнбасын жасау үшін 10 г тамырды 70 % 250 мл спиртте 1 апта ашытады. Сақа малдарға 10-15 мл, төлдерге 3-8 мл күніне 2-3 рет 4-6 күндей ауыз қуысы арқылы береді.

Судағы тұнбасы 1:20 қатынасындай мөлшерде жасалады; сақа малдарға 50-70 мл мөлшерінде күніне 2-3 ішкізіледі.

Ошаған – Дурнишнан обыкновенный.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде малдың нерв жүйесін тыныштандыруға, өкпе мен өңеш қабынуларын емдеу үшін қолданылады. Ал халық емінде жемсау ауруын, қан тышқақты емдеуге пайдаланылады.

Дәрілік тұнба жасау үшін ұнтақталған шикізаттың 10 грамы қайнаған бір литр суға 20-25 минут тұндырылады. Сақа малға -150-200 мл, бұзауға -50-75 мл, қозыға -5-10 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Ертеректе халық емінде ошаған шөбімен тік ішектің айналуын тоқтатып, денеден тер шығару үшін қолданған.

Сарыбас шөп – Желтушник левноный.

Химиялық құрамында эризимин және эризомид деп аталатын гликозидтер бар.

Қолданылуы. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде тұнбалары малдың орталық нерв жүйесін тыныштандыратын, жүрек жұмысын жақсартатын, зәр айдайтын дәрі ретінде пайдаланылады.

Тұнба дайындау үшін ұнтақталған 40 грамм дәрілік шикізат бір қайнатылған суға салынып 20-30 сағаттай тұндырылады. Дайын тұнба ірі малға -150-200 мл, қойға -30-60 мл, бұзауға -50-80 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.



Сасық меңдуана – Дурман обыкновенный.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөліктерінде гиосциамин, атропин, скополамин алкалоидтары бар. Жапырағында эфир майлары, белокты заттар болады.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде оның жапырағының тұнбасы ауру малдың нерв жүйесін тыныштандыру, жүректің жұмысын жақсарту, артериялық қан қысымын төмендету үшін қолданылады. Жай тұнба 1:20, спирттік тұнба 1:10 қатынасында дайындалады.

Дайындалған құрғақ жапырақты малға орта есеппен: ірі қараға -20-30, жылқыға -15-20, бұзау мен қойға -5-10 г мөлшерінде күніне 2 рет сумен араластырылып ішкізіледі.



Сүйел шөп – Мак лекарственный.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде судағы тұнбасы қойдың қотырын, ірі қара мен жылқының қышымасын емдеу үшін қолданылады. Тұнба 1:10 қатынасында жасалады. 0,5 кг шөп ұнтағы қайнаған 5 л суға салынып, 20-25 минут тұндырылады. Ертінді 30-35* жылылыққа дейін салқындатылып, малдың қотыры, қышымасы жуылады.

Шөптің тұнбасымен ірі қараның түберкүлезін; қойдың, ірі қараның гельминтоз ауруларын емдеуге болады. Ол үшін тұнба 1:20 қатынаста, яғни 100 грамм майдаланған құрғақ шикізат қайнап тұрған 2 литр суға салынып, 15-20 минут тұндырылады. Тұнба ірі қараға 200-250 мл, бұзауға -50-80 мл, қойға -30-50 мл, қозыға -10-15 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Халық емшілері сүйел шөп және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын және сары ауруды емдеп келген.

Сүйел шөптің қайнатпасы, тұнбасы улылық қасиетін жоймайды. Сондықтан онымен емдеу барысында сақтық шараларын естен шығармау керек. Емдейтін адамда халат, резеңке қолғап, етік, көзілдірік болуы шарт.

Малға дәрілік шөптің берілу мөлшері оның тірідей салмағына, қоңдылығына, жынысына қарай есептелуі қажет. Егер дәрі аз берілсе шипалығы нашар, ал көп берілсе – мал уланады. Сондықтан дәрілік тұнбаның әр малға берілу мөлшерін дұрыс анықтау - мал дәрігерінің басты міндеті.

Емдеу жұмысы аяқталған соң малдың жалпы күйін 10-12 сағаттай бақылау қажет. Егер мал уланса дереу сүт, су ішкізіп, асқазанын жуу керек.



Тасшүйгін – Валериана каменная.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде тұнбасы орталық және шеткергі нерв жүйелерін тыныштандыру, жүрек неврозын басу үшін қолданылады.

Тұнба жасау үшін 25 г ұсақталған тамыр қайнап тұрған 0,5 л суға салынып 15-20 минут тұндырылады. Ол ірі малға -30-50 мл, бұзауға -20-25 мл, қойға -15-20 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Мал дәрігерлік тәжірибеде көбінесе спирттік тұнба қолданылады. Оны жасау үшін ұсақталған 20 г тамыр 60-70 % жарты литр этил спиртіне салынып, бір апта бойы ашытылады. Ірі малға -10-15 мл, бұзауға -8-10 мл мөлшерінде суға араластырылып күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Тіршілік тамыры – Женьшень.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде бұл өсімдіктің тамыры асыл тұқымды бұқаларды, айғырларды, қошқарларды ғана емдеуге қолданылады. Оны негізінен облыстық, республикалық мемелекеттік тұқуммал станцияларында қолданады. Женьшень тамыры нерв жүйесін, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек ауруларын емдеуге қолданылады. Жалпы шипалық қасиеті жағынан оның теңдесі жоқ. Сондықтан оны халық және медицина қызметкерлері «тіршілік тамыры» деп атаған.

Тәжірибе жүзінде тұнба, сұйық экстракт және ұнтақ түрінде қолданылады. Женьшень тамырының тұнбасы арықтаған асыл тұқымды қошқарға 10-20 тамшыдан күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Женьшеньнің спирттік тұнбасын жасауға да болады.

Тікенекті элеутерококк – Элеутерококк колючий.

Химиялық құрамында глюкоза, майлар, эфир майлары, пектин заттары, крахмал, қара май, антоциан, камедь және т.б. заттар бар. Құрамындағы гликозидтер фракциясы 7 гликозидтерден (А,В,В1,С,Д,Е,Г) тұрады. Олар элеутрозидтер деп аталады.

Қолданылуы. Организмнің қарсылық күшін жақсартады; қуаттандырушы, тонусты көтеретін қасиеттері бар; организмнің өсіп-жетілуін жылдамдатады; өнімділігін жоғарылатады; гонадотропты әсер етеді. Жұмыс малдарының күшін жақсартады, қанда эритроциттер мен гемоглобин көбейеді, минералды, көмірсутекті, белокты заттардың алмасуы жақсарады. Малдардың жаңа жағдайға бейімделуін тездетеді, стресске қарсы әсер етеді. Бұқалардың эякуляты көбейеді, тауықтардың жұмыртқа салуы, балапандардың салмақ қосуы жақсарады.

Қазіргі кезде элеутерококкты аң, бұғы, ара шаруашылықтарында олардың өсіп-өнуін қуаттандырушы стимулятор ретінде кеңінен қолданады. Аң терісінің сапасы жақсарады.

Элеутерококкты сәуле ауруынан, атеросклероздан сақтандыру үшін де қолданады. Дәрілік препаратты малға, құсқа 14-20 күндей қатарынан береді.

Элеутерококктың күндік дозасы:



Жануарлар

Тамыр экстрактісі

Жапырақ ұнтағы

Тауықтар

0,5 мл/кг

0,15 г/кг

Балапандар

0,5 мл/кг

0,15 г/кг

Қаздар

2 мл

2 г

Күрке тауықтар

3 мл

2 г

Шошқалар:







-стресске қарсы

0,5 мл/кг

1 г/кг

-ағылыстырарда

4-5 мл/100 кг

-

Торайлар

4 мл/100 кг

-

Сиырлар

20 мл

30 г

Бұзаулар

5 мл

-

Қаракүзен

1 мл/кг

-

Бұл бөлімде келтірілген алтын тамыр, бадам, ақ таспа шөп, көкпек, марал шөп тамыры, дәрілік мелисса, ошаған, сасық меңдуана, сүйел шөп туралы деректер Н.Шәріпбаевтың кітабынан алынды (1988).


5-6 Дәріс



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау