185-сурет. Үстіңгі жақтағы 2-нші азуды алып тастау тәсілі.
Түптері арт жағына кыйсыйған үш азу тісті жұлу үшін екі иыкты тістеуік колдану керек, скі иыктыц рычаг ретінде эсер етуі үшін, олардың астына катты нәрсе кою керек. Мұнда да тісті тіс-теуікпен кысып алып, бірте-бірте босатады, содаи ксйін тістеуіктің астына катты металл койып, тістеуіктің иығын басады (186-сурет).
186-сурет. Төменгі жақтағы 1-нші азуды алып тастау тәсілі. Өткір тістерді егеу және өте ұзын тістерді кысқарту. Өткір тістерді егеу үшін арнаулы тіс түрпілерін колданады (18/-сурет). Түріиер болмаған күнде, ыстык сумен жуылған, үстаныд тұяк
187-сурет. Tic түрпісі. егейтін кәдімгі түрпісін қолдануға да болады. Теуіп жібермеуі үшін жылкьшыДц артьГн бүрышка каратып ауызын ашады д ^ а^у тістерін акырындап әрлі-берлі егейді. Кейде аузына керпш салады.
■бірак ол ауыздын тіссіз жерін, тілді және бетті жаралауы мүмкін, -сондықтан кергішті қолданбағанның өзі де жаксы. Тістіц шайнай-тын бүкіл үстін бузып алмау үшін, төменгі жактағы тістердің өткір кырлары тіл жағында, жоғарғы жактағы тістерлің өткір қырла-ры — бет жағында екенін естен шығармау керек. Тісті егеген кезде тілді байламау керск. сонда тіл аз закымданады. Жоғарғы жақ-тағы тістерді егеген кезде беттің кілегсй қабығын жаралап алмау үшін, тізгінді бос ұстау керек.
Өте ұзын тістерді арнаулы қашаулармеп қашайды, арнаулы аралармен не эртүрлі тіс қайшыларымен кеседі.
ҚҮЛАҚ АУРУЛАРЫ
Кұлақ гематомасы («қанды» құлақ). Салпаңқұлақ иттерде, шошкаларда жиі, жылқыда өте сирек кездеседі.
Себебі— кап тамырларынық жыртылып, соғылуы жоне соғылудан тері астына қанның жыйналуынан болады.
Клин икал ы к белгіл.ері. Құлактың ішкі және сыртқы жағынан болар-болмас ауырған жерінің температурасы көтеріліп, ауыратын, бүлкілдек ісік пайда болады. Жануардың басы салбырап, ауырған кұлағына карай кыйсаяды.
П р о гн оз ы — кауіпті болмайды.
Е м д е у — операция. Бұрын, гематоманы күлакты өнебойына тіліп, ұйыған канды алып тастап, куысын жылы сумей нехлорид натриінің изотониялык ертіндісімен жуып, теріні шеміршекке кыса, қозғалмастай етіп танып тастау керек деген кеңес беретін, бірак бұдан куыска сарысу, оның ішінде кұлакты шірітетін ірің жыйнал-майды деуге болмайды.
Қазіргі кезде, ондай жарамсыздыктарды болдырмау үшін, проф. Б. М. Оликов кулак, гематомасын операция жасап емдейтін өзгеше тәсіл ұсынды. Бұл тәсіл мынадай, «кұлактың ішкі және сырт-кы жағындағы түгін әбден кырып, жануарды бір жағына карай жығып, байлап және терісін иодтың спиртті әлсіз ертіндісімен тазартканнан кейін, кұлактың ішкі жағынан теріні гематоманың жаткан дәл ортасынан соза жартысына дейін тіледі.
Гематома қаны ағып біткеннен кейін, теріге жұккан канды марля компресімен сүртіп альш, тілген жердіц жоғары жәнетеменгі үштарын бір рет түзактап, екі жағын екі рет тұзактап тігеді. Кесіл-ген теріден 1—2 см, қашыктау алып, инені кұлактың ішкі жағынан сыртына қарай өткізу керек. Құлактыц ішкі жағынан тесілген жері сыртқы тесігіне жакын болуы керек. Тіккеннен кейін кұлакты жел-кесіне карай кайырып, катты тацып, байлап тастайды. Тіккен жіпті 7—9 күні алып тастайды. Жарасы бір рет тіккенніц езінде-ақ жазы-лып кетеді». (Проф. Б. М. Оливков. Операциялық хирургия. 1937).
Құлақ некрозы. Ересек иттердің жараланған, соғылған және күлағыныц сыртқы тесігі кабынған кезінде болады.
Клиника лык белгілері. Кұлағы ауырып, канайды, жүні іріцмен жабысып калады, кұлактың шеміршегі іріндеп, кұрт жеген сыяқты болып тұрады («Қүлак қүрты» деген ескі аты осыдан шыққан).
Прогнозы — кауыпты болмайды.
Е м д е у. Жараның айналасын тазартып, ірінлеп-шіріген же-рін өткір касыкпен кырады да, ляписпен күйдіреді. Ит ез күлағын касымау үшін. оны бинтпен таиып тастайды. Ұзакка созылып, асқынған жағдайда, күлакты кесіп тастайды.
Құлақтың сыртқы есту тесігінің қабынуы. Сырткы кулак сырт-кы есту тесігінен (бұл ортадағы дабыл жарғағы арқылы бөлініп түрады), құлақ шеміршегінен және күлақты козғалту мүшесінен (мускулдардаң) кұралады. Сырткы есту тесігінің кабынуы салпаң құлак иттерде жиі, баска жануарларда сирек кездеседі.
Кабынуына қүлак кулығының жыйылып пііруі, қүлактың кышыма ауруы, күлакка инфекция жүққан заттардыц және пара-зиттердің енуі с е б еп болады.
Клиника л ық белгілері. Құлақтың терісі канталап, ісі-ніп ауырады, кейде іріндейді, кұлактың ішкі жағындағы жүн ірің-мен желімденеді, оның иісі жаман (сасык) болады. Күлакты басып қараған кезде сарысудың сыбдыры естіледі (сырткы есту тесігіндегі қабынудың негізгі белгісі).
Ауруы жылдар бойы созылады, бүдан күлак куысындағы пер-десі бүзылып, орталык және ішкі қүлақтардың қабынуға шалды-ғуы да мүмкін.
Е м д е у. Күлакты сутегінің аскын тотығымен тазартады, содан кейін күлактың куысын макта тампондарымсн (пипцетке не шы-быкка оралған мақтамен) кептіріп, жүмсаткыш не дезинфекцияла-ғыш. дәрілерді (спирт-таннин 1 : 100, иодоформ-эфир 1 : 10) күяды. Қүлақтың куысына иод-глицерин (1,0 иод түндырмасы, 4,0 глицерин), камфора майы, 3 проценттік хром қышқылы ертін-дісінен 10 — 20 тамшы, 1 порценттік салицил қышкылы ертіндісін, 1 : 100 ментол-спирт және 2 проценттік пиоктанин ертіндісін күюға да болады.
Орталық және ішкі құлақтың қабынуы. Орталык күлақ көптеген үсак күлак сүйектерінен (балғашыктан, төстен және үзенгіден) кү-ралады. Орталық құлак евстахиев түтік аркылы жүткыншак куы-сымен жалғасады. Ішкі қүлак тесік ауызынан, жарты дөцгелек түтіктерден және күлақ иірімдерінен қүралады.
Орталык және ішкі қүлактың қабынуы үй жануарларының бә-рінде де болуы мүмкін, бірак сирек кездеседі.
Қабынудың пайда болуына — біріншіДен, дабыл жарғағының бұзылуы, екіншіден, жүткыншақтан (евстахиев) түтігі аркылы баска текті заттардыц (жемнің үгінділері) енуі, сондай-ақ самай сүйек-тіц сынуы себеп болады.
Клиникалық белгілері. Ісініп қабынған кезінде күлак ауырып, саңыраулық пайда болады да, аска тәбеті шаппайды. Ірінді қабыну кезінде, сонымен катар, жануардың дене температурасы 1,5— 2° көтеріледі, басын салбыратып, ауырған жағына карай бүрады, іріңі сыртқы есту тесігі арқылы шығады, ал жылкыда іріц евстахиев түтігі аркылы оның ауа жыйналатын қалтасына, ауызына жэ-не мүрнына келіп қүйылады, сондықтан олар дірілдеп, қүса бастайды. Прогнозы — сақтық тілейді; мыйдьвд қабынуы да мүмкін.
Жазыла қойған күннің езінде де жануар саңырау болып қала-ды. Іріңді кабынуда дабыл жарғағын, пердені, ұштьт жұқа скаль-пелмен тесіп, сутегінің аскын тотығымен не иодоформды эфирмен жуады, ісікті кабынуды жылы компреспен емдейді.
Құлақтың тесік жарасы, тіс кистасы. Қүлактың тесік жарасы — ұзаққа созылатын ауру, өте сирек кездеседі; ол құлақ қалқаны-ның сырткы, төменгі жиегінде болады.
Бұл тесіктің теревдігі 10 см дейін болады, оныц астында төсел-ген, қатты, дәнекер ткань жатады. Тссіктсн сарысулы — сілекей. кейде іріңді су ағады.
Бұл тесік, іште жатқан ксзде әбден жетілмегендіктен, желбе-зек тесігінің жабылмай қалуынан (мойын-желбсзек тесігі), не тісті кистаның шығуынан (зонтпен шұқып Караганда «адаскан» тіске кездеседі) пайда болуы мүмкін.
Емдеу. Мойын-желбезек тесігін кецейтіп, суйектенген жиекте-рін өткір касыкпен не скальпелмен кырып алып тастайды, содан кейін тұзақтау жолымен тігеді. Тісті кистаны жарып, тісті корнцанг-пен кысып алып, тастайды. Кейде тіске баратын тесікті қашаумен кеңейтеді. Ісіктіқ қабырғасын өткір касыкпен қырады не бір күнге иод тұндырмасына малынған тампон қояды.
Құлақ ісіктері. Құлақ ісіктері жылкыда, иттерде жиі, баска жануарларда сирек кездеседі. Олардың зыянды және зыянсыз болуы да мүмкін; көбінесе жиі кездесетіндері: фиброма, папиллома, акбоз жылқыда меланосаркома. Ісіктердін бірен-саран жоне көп болуы да мүмкін, олар аяғымен отырған сыяқты болып, жалпайып шығады. Ұстап қарағанда ісіктері қатты, ауырмайтын, бүртікті келеді, кейде қанайды.
Оларды операция жасап алып тастайды, не ісіктіц аяғын шірі-ту үшін жіппен кысып, байлап тастайды. Көбінесе резинка жіппен байлаған қолайлы соғады, өйткеиі мүнда жансызданған ісіктің қал-дығын қайтадан тартып байлаудыц қажеті болмайды (жансыздан-ған ісіктерді емдеуден қарацыз).
Құлақ қуысындағы бөгде заттар және паразиттер. Құлақ қуы-сында қатқан құлық, кұм, ағаштың үгінділері, қарабидайдыц және басқа да дақылдардың масақтары болуы мүмкін. Жануар паразиттері ішінде — шыбындардыц личинкалары, биттер, кенелер болады. Бегде заттар кұлақты қатты қышытады, бұдан сырткы күлактың қабынуы да мүмкін. Жануар кұлағын қасыйды, басый шайкайды, кейде шырык айналады.
Е м д е у. Жанэт шприцімен жылы су жібереді, не бөгде зат-ты судың екпінімен жуып түсіреді, не кұлақтын сырткы қуысын кеңейтіп, пинцетпен қысып, алып тастайды.
Дымқылданған жерін құрғақ тампонмен сүртеді (міндетті түрде).
Сақтық шаралары. Ауырған жануарды әрбір қараған кезде, аурудың алғашқы белгілерінің бар-жоғын білу максагында міндетті түрде оның қүлағын да, қарау керек.
Ауа жыйналатын қалта дөнгелек тұяқты жануарларда ғана болады. Бұл — евстахиев түтігіндегі кілегей кабықтыц қап тәрізді қампиюы. Ол бастың негізгі, бірінші мойын омыртқа және жұткын-шақ қуысы аралығындағы бос жерді түгелімен алып тұрады. Евстахиев түтігі арқылы ауа жыйналатын қалта жүтқыншақ қуысы-мен байланысып тұрады.
Ауа жыйналатын қалтаның катары. Бүл ауру кебінесе үзакка созылатын түрде кездеседі және бүл жағдайда ауа жыйналатын қалтаға кабыну эксудаты жыйналады.
Бұл айтылған кабыну, евстахиев түтігі аркылы жүтқыншактан жемніц үгінділері енуден, жұтқыншақ куысындағы және евстахиев түтігіндегі кілегей қабыктыц кабынуы жайылып және қүлак түбін-дегі бездің абсцесі (сакау) ішіне карай жарылудан болады.
Клиникалық белгілері. Құлақ түбіндегі бездің айна-ласы іседі. Жылкыиыц танауынан аздап сарысулы ірің ағады. Кулак түбіндегі бездің жаткан жерін бассац, басын темен салбыра-тады және жүргізген кезде іріці көп аға бастайды. Кейде кы-йындыкпен дем алады. Жоғарғы жақтың куысындағы қабынудан айырмашылығы, бүл ауруда іріціпіц өзгеше иісі болмайтындығынан саналады.
Прогнозы. Үзакка созылып, емделмеген жағдайда кәрі жылкының ауруы қыйынға айналады.
Емдеу. Ауа жыйналатын калтадағы іріңді шығару керек. Мұ-ның екі тәсілі бар: іріңді катетермен және операция жолымен шығарады. Асау аттарға катетер енгізу қауыпты және ауа жыйналатын қалтаның кіре берісіндегі кабыктың қабынуы катетерді енгі-зуге кедергі жасайды. Өте-мөте колайлы және кауыпсыздау келетін операция жолымен емдеу тәсілін профессор В. К. Чубарь ұсынады (1937 жылы). Онда жактағы сырткы венаға параллель етіп, одан 1 —1,5 сантиметр темен алып, үзындығы 5—7 сантиметр етіп тілу керек. Мүндай теріні, үстіңгі шандырды және жактағы сырткы вена мен көкірек-тіл астындағы мускулдыц аралығындағы, қосылғая жерді кесіп, тереңде жаткан шандырды ішкі кабатымен жабылған көкірек-тіл астындағы және иық-тіл астындағы және мускулді (жараның жоғарғы жиегін етпейтін ілмешекпен кетеріп) ашады. Содан кейін теменгі жактың артқы шетін бойлап, жоғары карай ет-пейтін тәсілмен (таза саусақпен) қүлақ жағындағы шандыр (кұлак жағындағы және теменгі жақтың астындағы безді жауып түратын) мен терецде жатқан шандырдыц ішкі кабаты (көкірек-тіл астында-ғы, иық-тіл астындағы мускулдарды және жұткыншактыц мус-кулын жауып туратын) аралығындағы жүмсак, жіктесін кабыкты ауа жыйналатын калтаға дейін тесіп, түтік жасайды (188-сурет). Сырткы, үйқы артерияның зақымдануынан сактанып (тамырдыңсо-ғуынан білуге болады) ауа жыйіалатын қалтаның кабырғасын сау-сақпен байкай отырып, троакармен теседі. Осылай тесілсе (суретте стрелкамен көрсетілген) ішіндегі іріңі жаксы ағады.
Достарыңызбен бөлісу: |