3 деңгейдегі смк құжаты поәК поәК 042-14 02. 01. 20


Қабырғаға механикалық соққы салдарынан



жүктеу 2,54 Mb.
бет8/9
Дата05.03.2018
өлшемі2,54 Mb.
#11265
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қабырғаға механикалық соққы салдарынан

сынықтын пайда болуы.


Рентгенмен қарап қабырғаның сынуын ажыратуға болады.

Қабырғаның сынуы кезінде жүргізілетін емдік шаралар.

Ең алғаш мал дәрігерлік көмек 1-2 % дық ауырсынғандықты басатын дәрі промедол. Егер тасымалдау кезінде қабырғаның сынуы байқалса кеуде қуысын қатты танып байлайды.

Осы сынған жерге мал дәрігері 10-15 мл 1-2% прокаин ерітіндісімен блакада жасау. Онымен қоса 1 мл 70℅ спирт енгіземіз инені алмай тұрып. Осындай ем жүргізгеннен кейін жөтел немесе тыныс алуының қиындығы пайда болуы мүмкін. Егер малда ауырсыну әлі байқалса 2-3 күннен кейін емді қайталау керек. Ішке аналгин және іштегі бөгде сұйықтықтарды шығаратын дәрі тағайындау керек.


Қуық жүйесінің аурулары — малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.

Қуық ауруларының шығуына індетті аурулар (оба, шошқа тілмесі, аусыл, сарп, септицемия, лептоспироз, бұзау қылауы, ит обасы, туберкулез және басқалар) организмнің өзінен-өзі улануы (көн қотыр, терінің жайылма қабынуы, терінің өлі еттенуі, іш өту, жатыр қабырғасының ішкі жағының қабынуы, шу түспеуі, анемия және организмдегі шіру процестері) сол сияқты өсімдік текті және минералды улармен улану, суық тию, жарақаттану және басқалар себін тигізеді. Бүйректің бүрісуі көбіне жайылмалы нефриттің, калькулезді процестің, кейбір зиянды заттардың (қышқыл шөп, қорғасын мен мыстың тұздарымен улану т.б.) ұзақ уақыт әсер етуінің салдары болып табылады.

Пиелонефрит дегеніміз — бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.

Цистит – қуықтың қабынуы. Ауру қуыққа жасыл ірің таяқшасының, протеяның және басқа микробтардың енуі салдарынан пайда болады.Аурудың дамуына қуықта несептің іркіліп қалуы себеп болады.


Қуық жүйесінің аурулары
Жіті нефрит (Nephrinis acuta). Бұл ауру – малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.

Аурудың себептері. Ауру мал организміндегі жұқпалы улунадан болған өзгерістердің салдары болып табылуы мүмкін, бүл өзгерістер жіті келген жұқпалы аурулардан, стрептококк тудыратын қабыну процестерінен, сонымен бірге асқазан жүйесінен тыс жолмен бөгде белокты организмге енгізуден пайда болады.

Белгілері. Ауру кенет білінеді. Ауру мал әлсіреп, көп қозғала бермейді, бүкірейіп тұрады. Көзге түсетін жердегі кілегей қабықтары және терісі бозарып кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, жыныс мүшесінің сырты ісіне бастайды. Тәбеті нашарлайды. Қарынның ішкі қабығының қабыну белгілері (гастрит) білінеді. Күйіс қайыратын малдың қан қысымы нашарлайды, алдыңғы қарындар әлсірейді, тіпті тоқ және аш ішектер қабынады. Жүректің соғуын тыңдағанда қолқаның екінші қатардағы сазы естіліп тұрады. Тамыр қатты соғады. Күре тамырлардың қысымы арта түседі. Малдың ентігетіні, өкпесінің сырылдайтыны байқалады. Несепті жиі шығарады. Несептің түсі қызғылттанып немесе күңгірттеніп тұрады, ол біршама қоюланады, аз-аздап қана шығады. Несептен белок, лейкоциттердің, әритроциттердің, эпителийдің және цилиндрлердің қоспасы табылады. Несеп тұнбасының барлық клеткалары несептің қышқыл реакциясы кезінде айқын білініп тұрады. Азоттық заттардың қанда бөгелуі арта түскен кезде малдың тәбеті нашарлайды немесе мүлде болмайды, терісі дуылдап қышиды, құсады, ентігеді, ұйқысы келе береді, дірілдейді. Мал аурудан айыға бастағанда оның жалпы күйі жақсарады, ісігі қайтады, жүрек қызметі қалыпты күйге келеді, несеп молайып, сұйыла түседі.

Аурудың барысы. Дер кезінде емделмеген мал өліп қалады, немесе ауру созылмалы күйге айналады.

Емі. Малға бірнеше апта бойына тыныштық жағдай жасалады. Күн сайын терісін сылап-сипайды. Рационға тез қорытылатын, белоктары мен натрийі мүлде аз азықтар енгізіледі. Шөп қоректілерге әртүрлі өсімдіктің жақсы пішені, тамыржемісті өсімдіктер, кебек ботқасы беріледі; ет қоректілерге — сүт өнімдері беріледі. А, Е, Д витаминдері қажет. Ісік қайтпай қойған және жүрек дұрыс қызмет етпеген жағдайда қан алынады; ірі малдан 3 литрге дейін, ұсақ малдан — 50-200 мл қан алынады. Мұнан кейін глюкозаның 25 проценттік ерітіндісі және строфант венаға енгізіледі. Ісік ұзақ уақыт бойына қайтпаса, несеп айдайтын заттарды қолдану ұсынылады: калий ацетаты (сірке суы) сиырға 25-60 г, қой- ешкіге 5- 10 г, жылқыға — 20-50 г, итке- 0,5-1 г; калий нитраты сиырға 8- 15г, ұсақ мал ман шошқаға -1-3 г, жылқыға -6-10 г, итке — 0,2- 0,5 г; дикарб — жылқыға -1,5-2 г, итке — 0,1- 0,2 г, мысыққа — 0,04 — 0,06 г; меркузал — сиырға — 3 — 8 мл, жылқыға — 3 — 10 мл, итке — 0,5 — 2 мл, түлкіге — 0,2 — 0,5 мл. Толокнянка жапырағынан, петрушкадан, қайың бүршігінен, дала қырықбуыны шөбінен әзірленген қайнатпаны беру тиімді.

Сақтандыру шаралары. Жұқпалы аурулардың және іріңді процестер қабат өтетін аурулардың алдын алу керек. Малға бүлінген әсіресе көгеріп-шіріп кеткен жемшөп беруге болмайды. Шіріген шөп уланғыш болады.


Созылмалы нефрит (Nefritis chronika).

Малдың созылмалы нефриті жіті нефриттен гөрі жиі кездеседі.

Аурудыц себептері. Бұл ауру ем қонбайтын жіті нефриттің салдары болып табылады.

Белгілері: Бүйрек дұрыс қызмет істегеннің өзінде мал азды-көпті әлсірейді. Несепті зертттегенде әр түрлі заттың жинақталғаны шамалы ғана білінеді — протейн біркелкі жиналған, несепке қызыл қан түйіршіктері араласқан, кейде гиалинді және түйіршікті көпіршік болады. Ауру асқынғанда мал самарқауланады, көп қозғала бермейді, арықтай бастайды. Терісі құрғайды, өңі өзгереді, теңбілдене түседі, жүні-сирейді, құрғап кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, артқы аяқтары, жыныс мүшесінің сырты ісінеді. Жүректің соғуын тыңдағанда екінші саз ырғағы естіліп тұрады. Қан қысымының ұдайы көтеріліп тұратыны байқалады. Несептен белок пен эритроциттер табылады. Ауру үдей түссе, несептің қоюлығы біршама кемиді, несеп шамадан тыс шығады, индиканның жинақталуы кемиді.

Аурудың барысы. Ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін сөйтіп ол бүйрек клеткаларының бүрісуімен аяқталады.

Емі. Аурудың барысы жеңіл күйде өтсе, өнім алынатын малды жайылымда бағуға, жұмыс аттарын жеңіл-желпі жұмысқа пайдалануға болады. Созылмалы нефрит асқына бастаған күнде оны емдеу шараларының жіті нефритті емдеу шараларынан айырмасы жоқ. Азоттық заттардың қанда бөгеліп қалу қаупі күшейген жағдайда малдан қан ағызып алынады, ал онан кейін глюкозаның 25 проценттік ерітіндісін ішке жібереді. Ішек-қарын жолының қызметі бұзылса (алдыңғы қарындардың әлсіреуі, ас корытудың бұзылуы), емдеу жұмысы аурудың белгісіне қарай жүргізіледі.

Сақтандыру шаралары. Малдың жіті нефритін дер кезінде анықтап, оны емдеу жұмысын жүргізу қажет.
Пиелонефрит
Пиелонефрит дегеніміз — бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы.

Аурудың себептері. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.

Белгілері: Аурудың жіті және созылмалы түрде өтуі мүмкін. Ол жіті түрде өткенде малдың тәбеті қашады, көп қозғала бермейді, дене температурасы көтеріледі. Күйіс қайыратын малдың алдыңғы қарындары әлсірей немесе қызметі бәсеңдей түседі. Қынабынан ірің аралас жалқаяқ ағады, мал жатқан кезде оның мөлшері арта түседі. Қолмен құрсақты баса сипағанда бүйректің ауыратыны байқалады. Малдың несеп шығаруы жиілейді. Тік ішек арқылы зерттегенде несеп жолы қалың тартпа тәрізденіп қолға білініп тұрады. Бүйректер ұлғайған, ауырады. Несепте лейкойиттер (пиурия) көп, сонымен бірге әритроциттердің, цилиндрлердің және микробтардың қоспасы болады. Бүйректер өте қатты зақымданғанда несептегі белоктың мөлшері 2 г/л асып кетеді. Аурудың ауық- ауық асқынуы оның созылмалы түрде өтетінін байқатады. Ауру уақытша бәсеңдеген кезде оның сыртқы белгілері онша айқын біліне қоймайды. Кейде ауру белгілері білінбейді, сөйтіп оның түрі анықталмай қалады.

Аурудың барысы. Пиелонефрит көбінесе созылмалы түрде өтеді. Ауру көптеген жағдайда нефросклероздың асқынуымен аяқталады.

Емі. Малға тез қорытылатын жемшөп беріледі. Несеп жолындағы микрофлораларды (өте майда бактерия) құрту үшін антибиотиктермен емдеу курсы тағайындалады, оларды несеппен бірге шығаратын микробтардың антибиотиктерге деген сезімталдығына қарай таңдап алады. Несеп қышқыл реакция баргенде гексаматилентетраминнің 40 проценттік ерітіндісін ірі қараға 10-20 г, ұсақ малға, шошқаға -2050г, итке, түлкіге- 0,3-20г құю қажет. Уробесалды, уросалды, сонымен бірге 8-оксихинолиннің туындысын айталық, 5-НОҚ препаратын пайдалануға болады. Бұл препараттар тиімді.

Сақтандыру шаралары. Іріңді процестер қоса қабат келетін аурулардың алдын алады. Урологиялық шараларды қолданған кезде, әсіресе қуыққа катетер жібергенде және қуықтың ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда антисептикалық ережелерді қатаң орындау қажет.


Пиелит
Бүйрек астауының қабынуы, ол көбіне жылқыда, шошқада, итте кездеседі.

Себебі. Бұл ауру бүйрек астауының кілегей қабығын несеп тасының, несеп ыдырауы нәтижесінде түзілген өнімдердің, паразиттердің тітіркенуінен болады. Кейде пиелит азықтан уланудан, бүйректегі қабыну процесінің бүйрек астауынан ауысуынан сол сияқты кейбір індетті ауру салдарынан жылқының сақауы, шошқа тілмесі және т.б), микроорганизмдердің бүйрек астауына енуі салдарынан пайда болады.

Белгілері. Ауру мал несепті жиі шығарады, бүйректі сырттан сынап қарағанда мал бел түсын ауырсынады, бүйрек астауы ұлғаяды, тік ішек арқылы бүйректі сипағанда мал оны ауырсынады, несепте сілекей, ірің, кейде эритроцит болады.

Барысы және болжау. Аурудың жеңіл түрінде мал пиелиттен айығады. Іріңді пиелитке көбіне іріңді нефрит ұштасады, және несеп жолы бітеліп қалады, осының салдарынан малдың айықпауы да мүмкін.

Ауруды анықтау. Пиелиттер клиникалық белгілеріне және несепте бүйрек астауының эпителийі болуына қарай анықталады, бірақ, бұл жағдайда қуық қабынуын ажырату керек.

Емі. Ауру малға тыныштық жағдай туғызады, рационнан тітіркендіргіш азық түрлері және тұз шығарылып тасталады. Бүйрек астауын дезинфекциялау үшін сульфазол, уротропин немесе салолол, әдеттегі мөлшерде, күніне 2 рет беріледі. Несеп айдағыш дәрі есебінде ересек малға 20-50 г ұсақ малға 1-3 г толокнянка берген жақсы. Сол сияқты сульфаниламид препараттар және антибиотиктер — пенициллин, стрептомицин және басқалар қолданылады.


Нефроздар
Нефроздарға бүйрек өзгерістері мен түйіндерінде дистрофиялық процестердің дамуымен сипатталатын бүйрек аурулары жатқызылады.

Аурудың себептері. Ауру көбінесе организмде улану-жұғу процестерінің, улы заттармен уланудың негізінде асқына түседі.

Белгілері. Ауру жіті өткенде малдың әуке, құрсақ, аяқтары маңының және басқа жерлерінің ісінгені айқын білініп тұрады. Қан қысымы бірқалыпты. Несептен көптеген белок, эпителий, эпителийлік және түйіршікті цилиндрлер табылады. Гемолиз уымен уланудан пайда болған нефроз несепте гемоглобин бар екені білінеді, гемоглобинурия дамиды. Қандағы протейннің мөлшері азаяды, сөйтіп гипопротейнемия пайда болады. Сәл ғана білінетін шел астындағы ісік, құрсақ және көкірек қуысына судың толып кетуі созылмалы нефрозбен қоса қабат келеді. Несептің қоюлығы едәуір кеміп кетеді. Несепте белоктың, эпителий клеткалары, гиалиндік, түйіршік және балауыздық көпіршіктері өте көбейгені байқалады. Малдың қоңы төмендейді.

Аурудың барысы. Нефроздар жіті де, созылмалы түрде өтуі мүмкін. Олардың бірінші түрінде ирек өзектердің өлі еттенуімен, екінші түрінде -амилодтық азғындаумен ұштасады.

Емі. Улану себептерін жояды. Белок алмасуын қалыпқа келтіру үшін ауру малға берілетін азықтың құнды белогы мол болуы қажет. Метионинді сиырға 25-30 г, бұзауға, ұсақ қараға және шошқаға 0,5-2,5 г, ігтке 0,3-1 г, қозыға және торайға 0,05-0,2 г күніне 2-3 реттен жемшөпке қосып береді. Сонымен бірге метиониннің 5 проценттік жылы ерітіндісін бұлшық етке енгізу, А, Е, Д, В1, В6, В12 витаминдерін қолдану тиімді келеді. Соңғы кезде нефроздарды емдеу үшін стеройдты гармондары пайдаланылып жүр. Ауру жұғу арқылы асқынғанда кейбір жағдайда антибиотиктерді де қолданған жөн.

Сақтандыру шаралары. Бүйректе нәрдің жетіспеуіне апарып ұрындыратын заттардың мал организміне еніп кету мүмкіншіліктеріне жол берілмейді.


Цистит
Цистит- қуықтың қабынуы. Бұл ауруға көбіне ірі қара мен ит шалдығады.

Аурудың себептері. Осы ауру қуықтың сілекей қабығын несеп тасы, несептегі улы заттардың тітіркендіруі, қуыққа түтік енгізгенде қуықтың зақымдануы, қуыққа сөл не қан арқылы қуық жолымен (әбден тазартылмаған түтік қолданғанда) стрептококк, стафилакокк, іріңдеткіш таяқша, ішек — қарын таяқшасы және басқа микроорганизмдер енуі салдарынан пайда болады. Аурудың дамуына қуықта несептің іркіліп қалуы себеп болады.

Аурудың барысы. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Циститтің жеңіл түрі болса, мал айығып кетеді. Уытты жара пайда болып, кілегей қабық өлі еттеніп кетсе, цистит ауыр өтеді, ол пиелитпен, пиелонефритпен, перитонитпен асқынады.

Аурудың белгілері. Несептің жиі және әрең шығуы, қолмен сипағанда ауырсыну қуықтың жіті қабынуына тән жағдай. Ауру мал несепті жиі шығарады, несеп шыққанда ауырсынады, қиналады. Несеп лайсаң болады, онда белок және ірің көп. Несепті микроскоп арқылы зерттегенде кілегей, лейкоцит, эритроцит, қуық эпителийлерінің көп екені анықталады. Несеп аммиякты ашу процесінде трипельфосфат кристалдары, ал ет қоректілерде -несеп қышқыл аммониі көп болады. Ауру созылмалы түрде өткенде, оның белгілері айқын біліне қоймайды.

Емі. Ауру малға тыныштық жағдай жасалады, жиі суарылады, тітіркендіргіш азықтар беру тоқтатылады. Сонымен қатар антибиотиктер, уротропин, салол сульфаниламид препараттар қолданылады, жылы клизма жасалады. Ауру малға тез қорытылатын жемшөп беріледі. Қуық жіті қабынғанда несеп айдағыштар; қайың бүршігінен әзірленген шай, аюқұлақтардың, дала қырықбуынының қайнатпасы т.б беріледі. Новокаинның 2 проценттік жылы ерітіндісімен шағын ғана клизма жасау жақсы нәтиже береді. Қуық жіті қабынғанда оның ішін жуып тазартуға болмайды. Аурудың созылмалы түрі кезінде, қуық жіті түрде қабынғанда қолданылатын емнің жоғарыда көрсетілген тәсілдерінен басқа, қуықты жуып тазарту керек, онан соң оған антибиотиктер, азот қышқылды күміс (0,1 процент), риванол (1:1000), 0,25-0,5 проценттік ляпаис ерітіндісін, 1-3 проценттік каллоргал ерітіндісін енгізу қажет. Микрофлораны құрту үшін қуық ішіне дезинфекциялағыш заттар жіберу белгіленеді. Сонымен қатар негізгі ауру емделеді.

Сақтандыру шаралары. Қуыққа катетер жібергенде және оның ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда асептикалық және антисептикалық ережелерді қатаң орындау қажет. Қабыну қоса қабат келетін, жұқпалы аурулардың сол сияқты бүйрек, несеп жолы, үріп өзегі, жыныс мүшесі жүйелері ауруларының пайда болуына жол берілмейді.


Қуықтың әлсіреуі және параличі
Қуық параличі дегеніміз — қуықтың несепті ұстау не бөліп шығару қабілетінен айырылуы. Бұл ауруға малдың барлық түлігі шалдығады және қуықтың жиырылу қызметінің уақытша немесе үнемі бұзылуымен сипатталады.

Аурудың себептері. Қуық параличі орталық нерв жүйесінің ауруға шалдығуы (энцефалит, менингит, энцефаломиелит), циститтердің асқынуы, қуықтың бітеліп қалуы, перитонит, жұлынның зақымдануы (параличке душар ететін түрі) салдарынан пайда болады. Қуықта несептің ұзақ уақыт бойына іркіліп қалуы салдарынан ауру асқына түседі, бұл сиыр бұзаулағаннан және мегежін торайлағаннан кейінгі әлсіреген кезде байқалады, қуыққа тас байлану, жүқпалы аурулар (листериоз, иттің обасы, шошқаның обасы т.б.) салдарынан және азықтан улану аурулары.

Аурудың белгілері. Мал ұзақ уақыт бойына несеп шығармайды. Кейде несеп тамшылап қана тұрады. Сипап қарағанда қуық тырсиып тұрады. Аурудың белгілері параличтің түріне байланысты. Қуықты жауып тұратын бұлшық еттер параличке ұшыраса, несеп тоқталмайды. Тамшылап үнемі ағып тұрады. Тік ішек арқылы сипағанда қуықтың бос екені байқалады немесе онда мүлде несеп аз болады. Несеп шығаруға қатысатын бұлшық еттер параличке ұшыраса, несеп шығуы тоқталады, бұл жағдайда қуыққа несеп толады, оның қабырғасы керіледі, кернеп тұрады. Қуыққа несеп толғанда шаншу тиеді, малдың тынышы қашады, несеп шығаруға тырысады, күшенеді, бірақ несеп шықпайды. Тік ішек арқылы сипап қарағанда қуыққа салмақ түссе несеп көп шығады, ал қолды алғанда тоқталады. Түтік енгізгенде несеп сызаттап ағады.

Емі. Несепті ағызып жіберу үшін қуыққа ауық-ауық катетер жібереді. Қуықты түтіктің көмегімен немесе тік ішек арқылы массаждап, күніне 2-3 рет босатып отыру. Қуықтың ішін дезинфекциялағыш ерітіндімен жуып тазартады. Қуықты тік ішек арқылы уқалау әдісін қолданады. Бұдан басқа несепті дезинфекциялайтын препараттар, бел аймағы фарадизацияланады, тері астына — стрихнин, бұлшық етке — күкірт қышқылды магнезий жіберіледі, ересек малға 50 мл 0,25 процентті ерітінді енгізіледі. Орталық нерв жүйесінің бұзылуынан пайда болатын қуықтың параличі мен әлсіреуін емдеп жазу оңай емес.

Сақтандыру шаралары. Орталық нерв жүйесінің зақымдануымен ұштасатын жұқпалы аурулардан сақтандырады, сол сияқты мал омыртқаларының жарақаттануына жол берілмейді.
Қуықтың түйілуі
Қуық түйілу дегеніміз – қуық аузының бұлшық еттерінің кенеттен сіресіп қалуы.

Себебі. Қуық түйілуі орталық нерв жүйесінің ауруға шалдығуынан қуықтың өлі еттенуі, қуық пен жыныс органдарының кілегей қабықтарының тітіркенуі салдарынан орын алады.

Белгілері. Ауру мал несеп шығаруға тырысады, бірақ несеп шықпайды, не болмашы аз шығады. Осы шақта мал ауырсынады. Тік ішек арқылы зерттегенде қуықтың несепке толы екені байқалады, оны қысқанда мал ауырсынады, бірақ одан несеп шықпайды. Қуыққа түтік енгізу қиын, ол көбіне мүмкін де емес.

Емі. Жылы клизма жасалады және қуық мойнын натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен жуады, кейін түтік енгізеді. Бұдан еш жеңілдік болмаса, хлоралгидрат не морфин жібергеннен кейін қуықты несептен босатады.


Қуыққа тас байлану ауруы
Бұл ауру малдың барлық түлігінде кездеседі. Ауру несеп органдары қуысында тығыз тас-құм және тас тәрізді заттар пайда болуынан болады. Мұның салдарынан несеп органдарының қызметі, сонымен бүкіл организм қызметі бұзылады. Кейде жылқыда, итте, мысықта кездеседі, ал қой, ірі қара, шошқа арасында жиі тараған.

Аурудың себептері. Тас байлану ауруы әр түрлі жергілікті және жалпылама сипатты себептер салдарынан пайда болады. Тас түзілуі — күрделі биохимиялық процесс, мұнда жалпылама сыртқы себептер-организмдегі зат алмасу процесін бұзады, ал несеп органдарындағы өзгерістерден мұнда тас түзіледі. Несеп органдарының түрлі ауруларын (ол адамда да болады) туғызатын себептердің ішінде мал ең қауіптісі-азықтандырудың талапқа сай болмауы. Бұл ауру қоректенудің, зат алмасудың бұзылуы, қуықтағы қабыну процестері, А, Е, Д, С витаминдерінің жетіспеуі, протейні, углеводтары, майы, микро және макроэлементтері жөнінен теңестірілмеген азықтандыру, сол сияқты ауыз суында тұздың өте көп болуы салдарынан пайда болады. Және жемнің ара салмағының тиісті қатынаста болмауы, пішеннің ара салмағының басым түсуі (4:1) не (8:1) жемді үстеп беріп малды шөбі сирек қуаң дала жайылымға шығару, судың тапшылығы, малға минералды заттары көп судың берілуі, негізгі азық ретінде мақта күнжарасының, қоспа азықтың, бидай жармасының, жемнің, беденің пайдалануы, мал азығы мен организмде каротиннің, көп малекулалы қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі, фосфор мен кальцийдің қажетті мөлшерінің арақатынасының бұзылуы, кобальттің, марганецтің, йодтың тапшылығы, магнийдің, калийдің, натрийдің, молибденнің, барийдің, стронцийдің қажетті мөлшерден көп болуы осы ауруға ұшыратады. Бүйрек — несеп жолының қабынуы, өзгеріске ұшырауы, семуі, сол сияқты несептің тоқтауы бұл ауруды күшейте түседі. Несеп тастары химиялық құрамы жағынан фосфат, оксалат, урат, аралас карбонаттар және белокты тастар болып бірнеше түрге бөлінеді.

Белгілері. Малда тас байлану ауруының белгілері тас қуық мойнын не несеп түтігін жартылай не түгел бітеп тастаған кезде білінеді, малда несеп түтігінің бітеліп қалуына шошқа мен күйіс қайыратын еркек малдың уретральді түтігінде 8-тәрізді имек болуынан, ит пен қара күзеннің еркегінде шүкі сүйегі болуынан. Бұл бұқалар мен қабандарда несеп шығаратын каналдың 8-тәрізді бұрылысында, ет қоректілерде — жыныс мүшесінің сүйегіне тамшылап қана шығады. Ауырған мал кенет несеп шығаруға тырысады, бірақ несеп шықпайды не тамшылап шығады, несебінде тұнба және қан болады. Улану басталғанда мал самарқаулана түседі. Қуық тырсиып кетеді. Кейде онда тастардың бар екені байқалады. Несептен қан, эпителий, құм табылады. Несеп бұдан әрі шықпаса, малдың жалпы күйі нашарлайды, азықтан қалады, және уремия дамиды. Қуықта несеп жиналудан қуық ішінде қысым артады және несепті түрлі әдіс қолданып сыртқа шығармаса, қуық жарылады. Уростаз салдарынан несеп ыдырайды және денеге тарайды, ол қайтадан бүйрек астауына ағып барады, одан бүйрек паренхимасына өтеді, сөйтіп пиелит, пиелонефрит, гидронефроз және уросепсис пайда болады.

Ауруды анықтау. Тас байлану ауруын алдын ала анықтау үшін несеп лабороториялық зерттеуден өткізіледі (несепте эритроциттің, лейкоциттің, несеп тұздары кристалдарының бар жоқтығы анықталады). Ұсақ жануардың бұл ауруы рентгенге түсіру арқылы анықталады.

Аурудың барысы. Ауру әдетте созылмалы түрде өтеді, көбінесе өз несебінен улануы арқылы бүйрек қызметінің бұзылуынан мал өліп қалады. Осы аруға шалдыққан малдың көбі түрлі органдардың үлкен өзгеріске ұшырауы салдарынан шығын болады.

Емі. Рационға каротин.А, Д, С, Е витаминдері көп азық түрлері қосылады, қант, протеиннің, макро және микроэлементтердің мөлшерінің арақатынасы реттеледі. Бұл шара несеп органдары қызметін қалыпқа келтіреді, пайда болған тастың одан әрі ұлғаюын тежейді және жаңадан тас түзілуін тоқтатады. Несеп түтігі бітеліп қалса, операция жасайды (тігіс салмай жыныс мүшесін және несеп жолын тілу, қошқардың несеп шығатын өсіндісін алып тастау, малдардың қуығындағы тасты алып тастау). Операциядан кейін антибиотиктермен емдейді. Берілетін дәрілер несеп тасының химиялык құрамына сәйкес беріледі. Урат тасы болса, сілтіге айналдыратын дәрілер — сода, литий, пиперазин, уродан ерітінділерін береді, оксалат тасы болса — көмір қышқыл магнезий, глицерофосфат, ішекқарыннан оксалаттар келуін тежейтін уротропин, атофан, теобромин, инсулин беріледі, фосфат тасы болса, фосфор қышқылы, тұз қышқылы, хлорлы аммоний, антибиотиктер қолданылады. Несеп жолдарының індет ауруын болдырмау үшін антибиотиктер және нитрофуран дәрілері қолданылады, сульфаниламид препараттарын қолдануға болмайды. Бұлшық ет қызметін күшейту және несеп тастарьшың өзінен-өзі салқындауы үшін әдеттегі мөлшерде прозорин, простигмин, эзерин беріледі. Несеп айдағыш дәрілер — хлорлы кальций, диуретин, тиреоидин, меркузал, уақ малға -шетелден әкелінетін құстырғыш дәрілер (роватинекс, цистинал, уромонал, ровохолек) беріледі, А және Д витаминдері препараттарын ішкізеді не тері астына жібереді. Рационға тез қорытылатын, кенеулі жемшөп енгізіледі. Дезинфекциялағыш заттар (цистинал, ависан) қолданылады. Несеп жолындағы тасты айдап шығу үшін натрий гидрокорбонатын, пиперазинді, уроданды, тұздан байланған тас үшін — магний корбонатын, темір глицеррофосфатын, гексаметилентетрамин, атофан, теобромин, фосфаттан байланған тас үшін — фосфор қышқылын, тұз қышқылын, аммоний хлоридін қолданады. Несеп бөгеліп қалғанда катетерді қуыққа ақырын ғана енгізеді. Қажет болған жағдайда қуықтағы тастарды алып тастау үшін операция жасауға тура келеді.

Сақтандыру шаралары. Рацион құнды белоктары, витаминдері (А, Е, т.б), углеводтары мол әралуан жемшөптен жасалады. Рациондағы тұздың ара қатынасына бақылау жасалады, малды тұзы көп сумен суармаған жөн.
Несеп-жыныс каналға жасанды тесік орындауы
Көрсетуі. Жануарларда несеп-жыныс каналын дистальдық бөлімде жойылмайтын өткізгіштіксіз болғанда немесе жыныс мүшенің керең ампутациясында.

Жансыздандыру және бекіту уретротомиядағыдай.

Операция техникасы. Операцияны шаптық уретротомиядағыдай бастайды: алдымен катетерді енгізеді (егер ол мүмкін болса), содан соң шаптың ұлпаларды, несеп-жыныс каналымен қоса жарып тіледі. Несеп жыныс каналының шырышты қабығын жараның жоғарғы бұрышынан бастап, шап терісіне түйінделген тігіспен жапсыра тігеді. Тігілген шырышты қабықты дезинфекциялайтын май қабатымен жабады. Операциядан кейін малдың несебі жасалған тесік арқылы шығады.
Қуыққа жасалатын операциялар
Анотомо-топографиялық деректер. Қуық жамбас қуыста орналасады және оның толтырылу дәрежесіне тәуелді орны өзгертеді. Ет қоректілердің басқа малдармен салыстырғанда қуығы алға көбірек итеріліп шығарылады. Еркектерде қуықтың дорсальды қабырғасы түзу ішекке, ал ұрғашыларда жатырға тиіп тұрады. Қуықтың мойына жақын малда дорсальды қабырғада несеп ағызғыштар құйылады. Қуықтың серозды қабығы екіжапырақты көк ет бүрмесін ал ол кіндік көпіршік, мықын көпіршік және қос жақтық қуық будаларын қалыптастырады.

Қанмен қамтамасыз ету — кранияльдық көпіршік (кіндік артерияның бұтағы) және каудальдық көпіршік (геморридальдық орта артерия бұтағы) артериялармен.

Иннервация жамбас жүйкенің парасимпатикалық талшықтарымен және жамбас симпатикалық өрімінің симпатикалық жүйкелерімен жүзеге асады.
Қуықты тесуі (punctio vesicae)
Көрсетуі. Ұсақ және сирек жағдайда ірі малға жиналған несеп катетер арқылы шығаруға мүмкіндік болмағанда жасалады.

Бекемдеуі. Ұсақ малды жатқызып, ірі малды түрегеп тұрған жайда.

Жансыздандыруы. Қажетсіз.

Операция техникасы. Ұсақ малды инекциялық мандрен салынған инемен тесіп істейді. Тесу орыны мықын сүйегімен кіндік аралық ара қашықтық ортасында, орталық ақ сызықтың бір бүйірдің маңынан. Тері шетке жылжытқаннан кейін инемен құрсақ және қуық қабырғасын жігерлі түрткімен тесіп, иненің мандренасын алып несепті үзіліспен шығарады.

Ірі қал еркектерінің несебін қуықты тік ішек арқылы тесіп шығарады. Ол мақсатқа иілген ұзын арнайы троакар немесе резеңке түтік қосылған қан алатын инені пайдаланады. Тесуді ішектің төменгі қабырғасы арқылы істейді.
Қуықты тіліп ашу
Көрсетуі. Қуықтан тастарды шығаруы. Жылқыға мына операцияны шап жақтан, ал ұсақ күйіс қайырушыларға және ет қоректілерге құрсақ қабырғасы арқылы орындауы жайлы болады.

Жансыздандыруы. Жылқыға аласа сакральді жансыздану, ұсақ күйіс қайырушыларға және ет қоректілерге наркоз жасалады.

Операция техникасы. Жылқыға Гекель тәсілімен шат аралық цистотомияны қолданады. Катетермен тұрған аттың қуығын босатады, анус және шат аймағын дезинфекциялайды, анусты сол жаққа сәл тартып бір жағынан анус екінші жағынан шонданай төмпегі мен жартылай перделік бұлшық ет аралықта ұзындығы 10-15 см тік кесумсн терікі және оның астында жатқан қабаттарды жарып тіледі.

Жараның екі жағын ұзын лигатуралармен тігіп оны созып ашып ұштауын көмекшіге тапсырады. Содан соң қосылған қол саусақтарымен жара арқылы жамбас шеліне 15-20 см дейін тереңдікке тік ішекке паралельді кіріп, оның қуық мойынына шектескен орынына жүріс шығарады. Мынадан кейін операция жасаушы жылқының тік ішегіне сол колды енгізіп кунктагты тасты, оның мойнына яғни оң қол саусақтар орналасқан орнына қарай мүмкіндігінше жылжытуға тырысады. Мына процедураны кемекшіге тапсыруға болады. Содан соң операция жасаушы оң қолды жарадан алып шығып, бранштары қосылған ұзын қайшыны енгізіп қуықтың қабырғасын жақын оның мойын маңайынан, тасқа қарсы мөлшері 2- 3 см тесік жасайды.

Тесікке арналған қысқышты енгізіп тасты тұтас немесе оның үсақталғаннан кейін бөлімдерін шығарады. Сайып келгенде, қуықтың тесігі ретроперитонеальдық орында болады. Жараға антибиотиктер немесе антисептикалық эмульсияны енгізеді. Жараның қуыс каналын бір тэулік ішінде стерилденген дэкемен бітейді. Операция нэтижесінде уақытша несеп қаяу тесігі қүрылады, ол 2 апта аралықта өзі жабылады, бірақ біздің пікіріміз бойынша тігіп қою дұрыс болады.

Ұсақ күйіс қайырушы және ет қоректілерге қуыққа жетілу операцияны шат қырының алдынан құрсақ арқылы жиірек орындайды- құрсақ арқылы цистотомия (cystotomia anterubica transperitonealis).

Малды арқасына жатқызып қойып бекемдеп, операциялық орнын дайындап, құрсақ қабырғаны жарып тіледі. Еркек малға лапоратомияны күпектен 1 см шетке алып оны сол жаққа жылжытып істейді. Терісі астында өтетіндер сыртқы бөксе артериясын және басқа қан тамырларын байлап кесіп өтеді. Лапаротомияны құрсақтың тік бұлшық етін айналып шыға жүргізеді; шат қырының алдыңғы жағынан бастап 8-10 см ұзындықпен тіледі. Құрсақтың көк етін іскекпен басып алып, теріге айналдырып шығады. Жараны дәкелік салфеткалармен айналдыра қымтайды. Саусақ қуыстың астына, жара деңгейінен аздап жоғары көтеріледі, оның дорсальді беткейлігін операция жасаушыға келтіріп, шприцке немесе резеңке шлангі қосылған инъекциялық инемен тесіп, зәрді шығарады.

Мынадан кейін қуықтың кесетін бүйірлеріне (шырышты қабығын теспей бір бірден лигатура өткізеді — ұстағыштар, олармен қуықты жара сыртына шығара бекітеді. Қуықтың қабырғасын саусақ ұшын енгізуге болатындай көлемде скальпельмен тіліп ашады. Корнцангпен, арнайы қасықпен немесе саусақпен қуықтың ішіндегі тастарды және зәрдің құмдарын алып тастайды. Операция аяқталуы барысында несеп- жыныс каналына катетер арқылы физиологиологиялық ерітіндіні немесе 0,25 %-тік новокаин ерітіндісін енгізіп оның толық өткіштігін тексереді.

Қуық жарасын Черни — Ламбердің тігісімен, құрсақ қабырғасын үш қабатты тігіспен: алдымен іштің көк етін құрсақтың түзу бұлшық етінің ішкі қынап қабырғасымен бірге, содан соң оның сыртқы пластинкасын (құрсақтың түзу бұлшық етін қоса алумен), соңғысында теріні тігіп қояды.
Қуық органдарында болатын зәрдің жалпы мөлшері
Қуық — зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Оның қабырғасының етті қабаты үш бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Оның ортаңғы қабаты сақина бағытты, ал ішкі және сыртқы кабаттары бойлама еттерден құралады. Қуық бос болған кезде оның қабырғасының қалыңцығы 1,5 см, ал ол зәрге толып, керілген кезде — 2 — 3 мм-ге дейін жұқара созылады. Бірыңғай салалы ет талшықтарының ерекше кернеуді өзгертпей жиырылатын қасиетімен байланысты зәр көп жиналып, қуық қанша керілсе де, оның ішіндегі қысым аса көп көтерілмейді.

Зат алмасу процесі барысында бір жағынан организмге қажетті жаңа қосылыстар түзілсе, екіншіден организм пайдалана алмайтын түрлі ыдырау өнімдері пайда болады.Олар несепнәр, зәр қышқылы, креатинин, аммияк т.с.с атауға болады.Бұл өнімдер организмде көп жиналса, оның тіршілік әрекетіне үлкен зиян келеді, организм уланады, мүндай жағдай өлімге әкеп соқтырады. Сондықтан қалыпты жағдайда арнаулы мүшелер қызметі нэтижесінде уытты ыдырау өнімдерінің мөлшері организмнің ішкі ортасында артып кетпей бір деңгейде сақталады. Организмнің зат алмасу процесінің уытты ыдырау өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың шамадан артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе экскреция деп атайды.

Адам мен жоғары сатыдағы жануарларда бөлу қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас қорыту жолы атқарады. Өкпе арқылы организмнен көмір қышқыл газды су, наркоздан кейін эфир мен хлороформ, алкоголь буы бөлінеді. Сілекей бездері мен қарын бездері кейбір ауырметалдарды, дәрі-дәрмектерді, бөгде органикалық заттарды бөледі. Бауыр қанды тироксинд, фолликулин гармондарынан, гемоглобиннің ыдырау өнімдерінен, азотты заттардың алмасу өнімдерінен тазартады. Ішек пен үйқы безі арқылы ауыр металдар түдцары, өт пигменттерінің өнімдері бөлінеді. Бүйректе түзілетін зәр құрамында зат алмасу процесінің ақырғы ыдырау өнімдері — несепнәр, зәр қышқылы, аммиак, креатинин, креатин бөлінеді. Тері (тер бездері) арқылы су, минералды тұздар, азотты заттардың алмасу өнімдері (несепнәр,зәр қышқылы, ауыр дене жұмысы кезінде — сүт қышқылы) бөлінеді.

Аталған мүшелерден құралған бөлу жүйесі организмді зат алмасу процесінің уытты өнімдерінен, осмостық қысым деңгейін, қанның иондық құрамын, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті, гомеостазды сақтауда маңызды рөл атқарады.

Зәр — құрамында 96% су және 4 % қүрғақ қалдық бар сүйық зат. Оның құрамы қорек сипатына, ішілген су мөлшеріне, организмнің физиологиялық күйіне, ауа райы мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отыра ды.

Зәрдің түсі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Адамда зәрдің иісі қышқыл, ал малда түлік түріне байланысты өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне үқсас, ал сиыр зәрі элсіз шірік иісті, ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.

Зәрдің осмостық қысымы 23-30 атм. Шамасында, ал тығыздығы-1,020-1,040 аралығында сақталады. Оның құрамында 50-120 г/л еріген заттар болады, олардың 2/3 -сі органикалық, ал 1/3 — бейорганикалық заттар үлесіне тиеді. Органикалық заттардың 80 — 85 % — ы мочевинадан, ал қалған 15 — 20 % — ы креатин, зәр қышқылы, аллонтоин (пуриннің алмасу өнімі), аммияк, амин қышқылдары сияқты заттардан тұрады. Бейорганикалық қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмір қышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды түздары, кальций оксалаты мен фосфаты түрінде болады. Зәрдің әрекетшіл ортасы организмнің қоректену ерекшелігіне байланысты. Ет қоректілерде ол қышқыл, шөп қоректілерде- сілтілік, талғамсыз қоректілерде — амфотерлік.
Өзіндік зерттеу
Оңтүстік Қазақстан Ғылыми зерттеу Ветеринарлық станциясында практикалық дәріс өту барысында клиникаға цистит ауруымен ауырған ит келіп түсті. Тексеру барысында итте көптен несептің әрең және жиі шығуы байқалды. Ол иттің қуығының суықтауынан болған екен.

Клиникалың белгілері: Несептің жиі және әрең шығуы байқалды және қолмен сипағанда қуықта ауырсыну байқалды. Ауру мал несепті жиі шығарып, несеп шыққанда ауырсынып, қиналуын байқадым. Несебі лайсаң болды, онда белок және іріндерді байқадым. Несепті микроскоп арқылы зерттегенде кілегей, лейкоцит, әритроцит, қуық эпителийлерінің көп екені анықталды. Қызуы көтеріліп, ит тағатсызданып тұрғаны байқалды.

Емі. Ауру малға тыныштық жағдай жасап, жиі суардым және тітіркендіргіш азықтар беруді тоқтаттым. Сонымен қатар антибиотиктер, уротропин, салол сульфаниламид препараттарды қолдандым, новокаинның 2 проценттік жылы ерітіндісімен шағын ғана клизма жасау жақсы нэтиже берді. Ауру малға тез қорытылатын жемшөп бердік.Несеп айдағыштар; қайың бүршігінен эзірленген шай қайнатпасы берілді. Қуық жіті қабынғанда оның ішін жуып тазартуға болмайды. Қуықты жуып тазарттым,оған антибиотиктер, азот қышқылды күміс (0,1 процент), риванол (1:1000), 0,25-0,5 проценттік ляпаис ерітіндісін ектім. Микрофлораны күрту үшін қуық ішіне дезинфекциялағыш заттар жібердім. Сонымен негізгі ауру емделді.

Сақтандыру шаралары. Қуыққа катетер жібергенде және оның ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда асептикалық және антисептикалық ережелерді қатаң орындадым. Қабыну қоса қабат келетін, жүқпалы аурулардың сол сияқты бүйрек, несеп жолы, үріп өзегі, жыныс мүшесі жүйелері ауруларының пайда болуына жол берілмеді.

Ветеринария ғылымының кандидаты Нұралиев Сайрамбек, мал дәрігері Солвьёва Полина студенттерге нұсқау беріп, басшылық жасады.
Техника қауіпсіздігі
— Операция бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасалуын, жиналуын дұрыс қадағалау керек.

— Мал мен жануарларға операция жасау кезінде оларды бекемдеу әдістерін дұрыс ұйымдастыра білу керек.

— Фармакологиялық дәрі- дәрмектерді қолдану кезінде мұқиат болу керек.

— Асептика және антисептика ережелері иен тәртіптерін қатаң сақтау қажет.

— Операция бөлмесі кең, күн сэулесі жақсы түсетін, терезелері солтүстікке қараған, шаң, шыбын-шіркей кіре алмайтын, едені су өтпейтін материалдардан төселген және күнделікті дезинфекция жасауға ыңғайлы болуы керек.

— Мамандардың стерильді халат, телпек, алжапқыш тағы басқа арнайы киімдері болуы қажет.

— Хирургиялық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану керек.

— Пышақ-скалпельдер, қайшылар, аралар істен шықпаған, сапалы, өткір болуы керек.


Қорытынды
Қорыта келгенде қуық жүйесінің ауруларын болдырмау үшін, ауруды тудыратын себептерді жойып, дер кезінде асқындырмай емдеу керек. Мысалы: жіті нефритті емдеу үшін күн сайын терісін сылап — сипайды. Рационға тез қорытылатын, белоктары мен натрийі мүлде аз азықтар енгізіледі. Шөп қоректілерге әр түрлі өсімдіктердің жақсы пішені, тамыржемісті өсімдіктер, кебек ботқасы беріледі, ет қоректілерге сүт өнімдері беріледі. А, Е, Д витаминдері беріледі. Ісік қайтпай қойған және жүрек дұрыс қызмет етпеген жағдайда қан алынады.

Сонымен қатар, бүйректе нәрдің жетіспеуіне апарып ұрындыратын заттардың мал организіміне еніп кету мүмкіндіктеріне жол бермеу қажет және іріңді процестер қоса қабат келетін аурулардың алдын алады. Урологиялық шараларды қолданған кезде, әсіресе қуыққа катетер жібергенде және қуықтың ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда антисептикалық ережелерді қатаң орындау қажет.

Қуық — зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Оның қабырғасының етті қабаты үш бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Оның ортаңғы қабаты сақина бағытты, ал ішкі және сыртқы қабаттары бойлама еттерден құралады. Қуық бос болған кезде оның қабырғасының қалыңдығы 1,5 см, ал ол зәрге толып, керілген кезде -2-3 мм-ге дейін жұқара созылады. Бірыңғай салалы ет талшықтарының ерекше кернеуді өзгертпей жиырылатын қасиетімен байланысты зәр көп жиналып, қуық қанша керілсе де, оның ішіндегі қысым аса көп көтерілмейді.
АЯҚ АУРУЛАРЫ

желпі уатылып немёсе жврыкшакТанып сынады. Мертігу өз-өзінен жаракат-тану салдарынан, сүйектін жарықшактануы себепті және сүйектің жүмсаруынан пайда болуы мүмкін.



Белгілері. Кенеттен катты аксайды, аяғын кинала басады, немесе тіпті баса алмайды, сипағанда әрілі-берілі қозгаганда ауырсынады, сүйек сықыр-лайды, сыздап ісінеді, сүйектін сыныктары айкасып кетсе, онда сырг пішіні бузылады.

Болжву. Буын ішіндегі және аскынған сыныктан айығу күмәнді немесе айыкпайды, сүйегі жарылғанда немесе бітеу сыныктан айығады немеее аіығуы екіталай.

Емі. Малды тыныштыкта үстап, 5—6 аптаға дейін гнпстеп танып кояды, содан сон жайлап сылайды, кальций нонтофорезі жасалады, жетелеп жүргі-зеді, балшыкпен емдейді.

Ортан жіліктін таюы. Ірі карада жиі, жылкыда және итте снрек кездеседі. Өз-өзіиен жаракаттанғанда, аяқ тым бүгілгенде немесе жазылып-созылғанда жіліктія басы тайып кетеді.

Белгілері. Кенеттен өте катты аксайды, жамбас жілік буыны әдеттегіден тыс козғалып турады, буыннык сырт пішіні өзгереді. Тік шекке кол суғып көргенде ортан жіліктіц ұршык басынық орнынан тайып кетКені айқын білініп турады.

Болжау. Ұсак мал айығып кетеді, ірі малдын айығуы екіталай неиесе авыкпайды.

Емі. Малға жалпы наркоз беріп. тайған сүйекті орнына салады. Сүйекті орнына салған сон усак мал саны гнпстеп тацылады, ірі малды аспалы аппа-ратта ұстайды. Тайған буынды козғалтпау үшін ірі мал буынынын маңыя катты тітіркенліргіш сүртпе маймен сылайды немесе күйдіреді.

Ортан жіліктің сынуы. Көбіиесе ұсак малда, кейде ірі малда кездеседі. Әдетте жіліктін жоғарғы басы, осы маңайдагы өсінкі сүйектер, ортан белі жэнё төменгі басы сынады. Үрылу-соғылу — сыныктын негізгі себептері.



Белгілері. Мал кенеттен катты аксайды, сынған аяғын жерге баса алмайды, басса да тек туяғының ұшымен басады. Жүре бастаса аяғын бүге алмайды, іштен сыртка карай серпіп. доға тәрізді егіп сүйрейді. Сынған жер ісіп кетеді, ауырады. сынық сүйек кнсаяды. Бірак ол әрдайым кышырлай бермейді.

Болжау. Ұсак ма.і аііыгады, ірі мал айыкпайды, немесе екіталай.

Емі. Тыныштық күйде үстайды, ірі малды аспалы алпаратка орналастырып, кільшій ионтофорезін жасайды, ұсак малдың сынған аягын козғал.майтындай і-тіп тацып тастайды. Сүйек сынықтарьш кабыстырып тігеді.

Шонданай нерв параличі. Жұлын жэне шеткеіі нервтердін. закымдануынан болады. Пара.тич үрып-соғылудан (аяқтың шектен тыс жазылып кайкиюы, жазылуы, тайып кету, жығылу, жамбас сүйектерінін сынуы), жұкпалы ауру-лардан (каракаптал, сакау, брунеллез, нт обасы), ісік шығудан болуы мүмкін.

Белгілері. Белгілі бір буындарды бүгін-жазын түратын бұлшық еттер кыз-мі г істемей қалады, нұнын еалдэрыная мал эахымданғэн аяғыи сүйретіл ба-сады. Осыған орай үршык буын сондай-ак тізе жазылған түрінде калады да бакай буындары бүгіліп тұрады. Сонымсн катар снрак пен санның сыртқы бетін каптаған тері нерв еезімінен айры.тады. санның жартылаб сіңірлі, жар-тылай жаргакты жәнс кос басты булшык еттері тез семе бастайды.

Болжау. Л\алдың аурудан айыгу-айыкпауы екіталай, квбіне күмәнді.

£.иі. Массаж жасайды, тітіркендіргіш сүртпе майлар мен лннименттер жа-гып ыекылайды, кабынған жсрді жылы ұстайды, оған гальваиизаиия жасайды, мөлшерін бірте-бірте көбейте отырып (0,01—0.65 г дейін) бүлшык ет арасына иератрин жібереді, аурудан айыга бастаса малды күн сайын жетектеп жүр-гізеді.

Сан нервісінін параличі. Квбінесс жы.ткыда, кеііде баска түліктерде кезде-седі. Екі аяқтың біреуі немесе екеуі де параличке ушырауы мүмкін. Паралич ұрып-соғылудан жаракаттану, міюгемоглобинемиядан, шағылыс ауруынан, снирда тө.тдеу кезіндегі ша.та паралнч салдарынан пайда болады.

Белеілері. Мал тыныш тұрғанда оның ауру аягы сәл бүгіліп, аяғын жерге тек тұяғыныц ұшымен ғана басып тұрады. /Күре бергенде тізесінен төменгі буындары кілт бүгіледі де, баскан аяғына аксайды, аяқ бұл кезде алға тежеле жэне сыргка қарай иіле козғалады, еанныц төрт басты бұлшык еті семеді...

Болжау. Ііараличке бір аяғынын нервісі үшыраеа. малдыц аурудан аііиғуы «кіталай. не күмәнді, ал паралич екі аягын да камтыса, ол айықпайды.

Емі. Малды бір орында тыныш ұстайды. ірі малды аспалы аппаратта ұс-тайды. бүйрек манына новокаин жіберіп блокада жасанды. каяьций іюнтофо-резін қолданады.

Жапкыш нерв параличі. Сирск кездеседі. Ол жамбас сүйсктерініц сынуы-нан, оеы нерв козғалатын еттердіц закымдануынан, уытты ісіктіц пайда бо-луынан. киналып туудан бо.тады.



Бе.ігілері. Тыныш тұрғанда мал ауру аяғын толыв баспайды, аяктарын -алшақтатады. жүргенде аксайды, зақымдаяған аяғын серпе қозғайды жэне -сыріка орай басады, онын бұлшық еттері семеді.

Болжау. Аурудан айығу-айыклауы екіталай, көбінесе күмэнді.

Емі. Сан нервісіяід параличін емдегендегідей.

Кәрі жілік нервісінін параличі. Үрып-согып алудан жаракаттану, қатты желіс-шабыс кезінде жі.тік еттерінін шектен тыс жиырылуы, не согылуы — параличтін негізгі себептері.



Белгілері. Тыныш түппш малдын зақымданған аяғы асық жоне топай буындарынан бүгіліп турады. Жүрген кезде асық буыны жазылмайды, топай буыны бүгілмейді, мал ауру аягын серпіп басады, санныц шала сінірлі, шала жарғақты, қосбасты бұ.тшық еттері, балтыр еті, тізе астындағы ет, үстіцгі және астыцгы бакай бүккіш еттер семеді.

,Болжау. Малдыц аурудан айығу-айықпауы екіталай.

Емі. Массаж жасайды. тітіркендіргіш сүргпе май.тар жагьш сһідірс Ысқы-лайды, закымданган аяқты кыздырып не булап емдейді, бүйрек мацына ие шандыр үстіне новоканн жіберці блокада жасайды.

Шыбық сүйектін терен орналаскан нервісінін параличі. Ша.та паралич жэне толық паралич белгілері байкалады, бұлар соғып алудан. ткань арасына бітеу жара шығудан болады.

Белгілері. Тыныш тұрған малдыц тонай буыны бүгілген. асык буыны жазыл-ған. Аягын баса бергенде зақымданған аяк топай буынынан кілт бүгіледі, бұл кезле мал аяғын жерге топайдыц төменгі шетімен және тұяқгыц алдыцгы арка бетімен басады; бақайдыц ұзын және бақай жаныидағы бақай бүккіш еттердіц семуі байқалады.

Болжау. Шала паралич болса, айыгады. толық паралнч болса—анығуы екіталай.

Емі. Массаж жасайды, тітіркендіргіш сүртпе май.тар жагып сіцдіре ыскы-лайды, закымланган аяқты қыздырып, жы.ты ұстайды, оған гальваннзация жаеайды, ет арасына мвлшерін біртіндеи көбейте отырып (0,01—0,05 г дейін) вератрнн жібереді, мал салмагыныц әр ки.тограмына 1 мл шағып күре тамырға новоканнніц 0,25—0.5 проценттік ерітіндісін кұяды. ал қажет болса, новоканн жі&еріп блокәда жасайды. Мал ауруынан айыға бастаса, оны жетектеп үдайы <-еруенге шыгарып турады.

Тобық буынның кабынуы. Көбіне согып а.тудан. не буыи манындаі-ы тара-мыстардын созылуьшан болады.

Белгілері. Тыныш тұрганда мал закымданған аяғын жерге тнгізбей көтеріп устайды. не туяғынын үшын жерге сәл тигізіп басады. Аяғымен жүргенле сәл ғана. желгенде қатты аксайды. Кейіннен санның бүлшық еті және сауыр-еті семе бастайды.

Болжау. Малдын аурудан айығу-айыкпауы екіталай немесе күмәнді.

£.ш. Аурудыц жіті түрі болса, малды жургізбей тыныш ұстап, алдымен салкындатқыш ем қолданып. кейін 3—4-күндері зақымданған жерді жылы ұстайды, қыздырып не булап емдейді, ихтиол сүртпе майын жағып массаж жасанды. Аурудыц созылмалы түрінде катты тітіркендіргііп сүртпе майларды сіндіре жағады ненесе күйдіру әдісі ко.тланылады.

Тізе буынынын іріндеп қабынуы. Тесіп өткен жаракатгар салдарынан буын манында ірінді кабыну процестері дамудан (жел қабыну, бітеу жара, ұра) пайда болады.

Белгілері. Мал катты аксайды, закымданған аяғынын тізе буыны дүикііт іседі. жарадан синовий және фибрнн үлпектері араласкан ірінді жалкаяк ағады, дене кызуы көтеріледі, мал мен-зен болып тұрады.

Бо.іжау. Іріндеудін бастапкы кезінде малдыц айығуы екіталай немесе күмәнді, ауру аскынып кетсе айыкпайды.

Емі. Жараны хирургнялык әдіспен тазалап, буын іріндемеу үшін оны антнсептикалык ерітінділермен (хлорацндтін 2 проценттік ерітіндісі вемесе хлорамнннін 1 проценттік ерітіндісі, риванол (1:500) ерітіндісі немесе Хлум-скнй сүнығы) жуып-шаяды. Қажеті болса буынды кеседі.


жүктеу 2,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау