Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері - 1. Философияның үш ірі ошағы.
- 2. Антика заманының философиясы.
- 3. Орта ғасырлық философиясы.
- 4. Орта Азия халықтарының философиясы.
- 5. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы.
- 6. Жаңа заман философиясы.
- 7. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы.
Философия ілімінің негізгі үш кезеңі - а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.;
- ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, философиялық теология ілімі қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.;
- б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты.
Антика заманының философиясы. - Антикалық философия (лат. antiquitas "ежелгі") - бзд. VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы (бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық философ саналады.
- Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы реализмдік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын, түпнұсқа элементін табуға тырысты. Олар "дүние қалай пайда болды", "неден жаралды", "ең бірінші не пайда болды", "бәрінің негізі не" деген секілді сұрақтар қойды. Антикалық философтарды "натурфилософтар" деп те аталады, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра тұжырымдауға тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: |