II- тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері
«Құндылық бағдар» ұғымы кеңестік социология ғылымында 1964-1965 жылдары пайда болды. «Социология в СССР» деген сөздіктер жинағында «құндылық бағдар» ұғымына берілген түсінік төмендегідей:
Жеке адамның құндылық бағдары – бұл жеке адамның белгілі бір әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп ұстауы, яғни әлеуметтік құндылықтардың белгілі бір тобына деген қарым-қатынасы. Мысалы: құндылықтар еңбек, оқу, қоғамдық жұмыс, жанұя, еңбек ақы, т.с.с. болып келуі ықтимал.
Құндылық бағдар мәселесі маркстік құндылықтар теориясы жайлы еңбектерде зерттеліп, қайтадан өңделуде. Себебі, жеке адамның дамуы, өмірдегі оның беталысы, мінез-құлық, әдет-дағдысы, мәдениет пен өмірдегі құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
60-70 жылдары құндылық бағдар мәселесін В.П.Тугаринов пен О.Г.Дробницкийлер зерттеді.
Құндылықтардың табиғатының күрделілігінен олардың әртүрлі топтамасы пайда болды.
В.П.Тугаринов құндылықтардың екі тобын бөліп қарастырды:
- өмірдің құндылықтары - өмір, денсаулық, өмірдегі қуаныш, адамдармен қарым-қатынас, т.б..;
- мәдени құндылықтар – материалдық (техника, баспана, тамақ, киім, т.б.);
- әлеуметтік саяси (қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем, қауіпсіздік, бостандық, еркіндік, адамгершілік);
- рухани құндылықтар (білім, ғылым, өнер).
Социологтар құндылықтарды белгілі бір ереже немесе іс-әрекеттің реттегіші ретінде қарастырады.
Бұдан басқа материалдық және рухани құндылықтар (В.Ломов), өзекті және потенциалды (В.Ломов, В.Г.Алексеева) құндылықтар топтамасы да кездеседі.
Белгілі кеңес психологы В.Н.Мясищевтің (1960ж.) пікірі бойынша: «Құндылық бағдар жеке тұлғаның рухани дамуының орталығы, жеке тұлғаның қоғамға, белгілі бір топқа, еңбекке, өзіне деген саналы қатынасы» болып табылады.
С.Л.Рубинштейн құндылық бағдардың әлеуметтік психологиялық негізі туралы өз теориясын ұсынды. Ол адамның қоршаған әлемге деген қатынасы, осы адамның қажетті заттар мен құбылысты, құндылықты жеке бөліп қарауына деген пікірді білдірді. Адам өмірдегі жағдай мен мағына мәселелерін қарастыра отырып, С.Л.Рубинштейн адамның мінез – құлқын ретке келтіретін құндылықтардың қызметін ерекше атап көрсетті.
С.Л.Рубинштейннің пікірінше, ішкі жағдайда болған өзгерістерді нәтижесінде белгілі бір құндылықтар өзекті, негізгі қажеттіліктерге айналады.
Философиялық сөздікте (Мәскеу,1983ж.) құндылық бағдар ұғымына:
«Жеке тұлғаның өмірдегі тәжірбесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің маңызды элементі, адамның саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен құштарлығы, мінез-құлықтың адамгершілік қағидалары» - деп анықтама берілген.
Ал ғылыми әдебиеттерде «құндылық бағдар» ұғымына әртүрлі анақтамалар беріледі. Ғалымдардың бір тобы құндылық бағдарды адамның жалпы әлеуметтік бағыттылығы деп қарастырса, екінші бір тобы – құндылық бағдарды жеке тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға деген субъективті қатынасы деп, ал үшінші тобы «құндылық бағдар» ұғымына психологиялық тұрғыдан түсініктемелер береді. Кейбір зерттеушілер «құндылық» түсінігін белгілі бір сапалы қасиеттердің жеке бөлініп шығуымен түсіндіреді.
Құндылықтардың пайда болуы адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекетпен байланысты. Құндылық іс-әрекеттің мақсаты ретінде жүреді. Философия ғылымында құндылықты қоғамның тарихи құбылыс, субъект пен объектінің іс жүзінде өзара әрекеттесу кезеңі деп қарастырады.
«Адамгершілік құндылық – ол әлеуметтік маңызы бар адамгершілік құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеяларының іске асуына мүмкіндік туғызушы». (Л.Д.Леутская).
Құндылық бағдар күрделі жеке тұлғалық қалыптасу болып анықталады. Құндылықтар қажеттілікті қанағаттандыратын құрал болып анықталады. Құндылықтар қажеттіліті қанағаттандыратын құрал есебінде жүреді.
Құндылықтар адамның сезімін оятып, іс-әрекетінің себеп – салдарын анықтайды, соған байланысты әрекетті реттейді, оның іске асуына ықпал етеді. Сондықтан құндылық адам мен оның қажеттілігінің қоршаған орта мен арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен, құндылық бағдар дегеніміз бір жағынан алғанда, жеке тұлғаның нақты іс-әрекетке деген көзқарасы мен қарым-қатынасының білінуі, екінші жағынан белгіленген мақсаттар жүйесі. Ол – жоғары деңгейде объектілерді, хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсаты таңдауды түсіндіреді,
қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сүйкімсіздікті, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылықты, тыйымсалушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.
Жеке тұлғамен ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы құндылық бағдардың әлеуметтік – адамгершіліктік аспектісі прогресшіл қазақ ағартушыары Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, Ш.Уалханов, М.Жұмабаев және А.Құнанбаевтардың еңбектерінен маызды орын алған.
Құндылықтардың әлеуметтік – адамгершііктік маңызы туралы ой – пікірдің дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Қ.Қ.Құнантаева, О.И.Обдов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Т.Т.Тәжібаев, Г.А.Уманов, С.А.Ұзақбаева және К.М.Храпченковтардың тарихи-педагогкалық ой – пікірлерімен тығыз байланысты.
Еліміздің тәуелсіздік аясындағы алғашқы бет алыстары, тың жаңарулар мен өзгерістерге толы серпінді дамуы басталған қазіргі шақта ой-сана қозғалысының саяси әлеуметтік, экономикалық өмірге тигізетін әсері зор.
Ел басшысы, Н.Назарбаевтың «Қазақстан болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде деген еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» - деп атап көрсетілген.
Қоғамымыздың өскелең мәдениеті, егемен елдің экономикалық және әлеуметтік прогресі жағдайында мектептің маңызы зор.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі - ғылыми-техникалық прогресті, нарықтық экономика процесін жеделтетуді соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыру. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала - ол оқу барысында оқушылардың құндылық бағдарын дұрыс қалыптастыру болып табылады. Ол үшін болашақ ұстаздарға тек арнаулы пәндерді ғана оқытып қоймай, кәсіби бағдары мен құндылық бағдары қалыптасқан маман етіп даярлауды талап етеді. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала оқу барысында болашақ ұстаздарды құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлау болып табылады.
Әр адамның мінез-құлқының негізгі сипаттарының бірі— оның бағдары. Әр адамның өмірдегі бағдарының әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дамуының оның оқып, білім алуы, мен тәрбиеленуі үшін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтірмейді. Алайда, әр адамның бағдары деген ұғымның өте күрделі категория екенінде айту керек.
Адамның іс-әрекеті әр нәрсеге итермелейтін, ішкі ойын іске асыратын қозғалысқа келтіретін дұрыс шешуін күттіретін мәселе. Оны дұрыс шешкен жағдайда ғана адамның құндылық бағдары ұғымының мәнін түсінуге болады. Бұл мәселе бойынша қоғамда әр түрлі көзқарас бар.
Ғалымдардың бір тобы (Божович Л.И., Неймарк М.М., Ильин В.В. және басқалар) адамның бағдары оның тұтынушылық қасиетіне байланысты десе, екінші бір тобы (Щукина Г.И., Ядов В.А., Кон И.С.) тұтынушылық, қызығушылық,
мақсат қою өмірдегі іс-әрекеттермен бірігіп қалыптасады дейді.
Адамның құндылықтарды сезінуі - қоғамдық болмыстың айнасы болып табылатын қоғамдық сананың қалыптасуы үшін аса қажет. Құндылық бағдарды сезіну: құндылықтарға өз бетінше жасырын түрде ұмтылу, жеке идея, бір жүйеге келтірілген, ой санадан өткізілген құндылық қана адамның сол құндылықты меңгеруге деген қоздырғыш күші тудырады.
Алайда, құндылық бағдар, оның маңыздылығы, жеке тұлғаны құндылықтарға бейімдеу, құндылық бағдардың қалыптасуына әсер етуші фактор, олардың сипаттары туралы, әсіресе, біздің Қазақстандық педагогика, психология ғылымдарында жетік көңіл бөлінбеген. Тағы бір айта кететін жайт, құндылық бағдардың мәні мен құрылымы туралы нақты
көзқарас жоқ. Жеке адамның өмірдегі орны оның іс-әрекеттері, сол әрекеттің адамның жасына, қоршаған ортасына қарай өзгеріске ұшырау себептері, оқу тәрбие жұмыстарын құндылықтарға негіздеп жүргізу, яғни оқушы жастарды құндылықтарға бейімдеу қоғамда өз орнын табу, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілетін қалыптастыру ісі жете зерттелмеген.
Дегенменде, құндылық бағдар, құндылық бағдарды қалыптастыру проблемасын егжей-тегжей зерттеген жұмыстар қатарына Г.Қ. Нұрғалиеваның ғылыми жұмысы жатады. Бұл жұмыста құндылық бағдардың мазмұны, маңыздылығы зерттеліп, оған ғылыми- техникалық прогрестің, қоғамның әлеуметтік жағдайының, ортаның және тағы басқа жағдайлардың әсері қарастырылады. Қазіргі кезде өнеркәсіпке қажетті білікті маман кадрлар даярлау ісіндегі ұстаздарды оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлаудың маңызы зор екенін көрсете келіп, «оқушылардың құндылық бағдарын көре білу - мұғалімнің маңызды кәсіби сапасы» деп атап көрсетеді. Бірақ, автор мұнымен шектелмей оқушылардың құндылық бағдары интегралдық жеке тұлғалық қалыптасу, ал құндылық бағдар дамудың танымдық іс-әрекет және мотивация салаларының бірлігімен өзара үйлесімділігін сипаттайды деп, осыған байланысты өзінің моделін ұсынады. Автордың моделі оқушылардың құндылық бағдарын көре білудің негізгі өлшемдерін, құндылық бағдар процесінің кешенділігін, үздіксіздігін, жүйелілігін, интегралдық жеке тұлғалық қалыптасудың үлгісін көрсете отырып, кешенді түрде зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, тәрбие процесін басқарудың ережесі мен шарты болып табылады.
Модельде оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың мынадай өлшемдері анықталады:
I. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу.
ІІ.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын көре білу.
ІП.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің педагогикалық диагностикасын көре білу.
IV. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми-әдістемесін көре білу.
Осы сараланған басты өлшемдердің жекеленген көрсеткіштері де қоса белгіленеді:
І.Жеке тұлғаның құндылық бағдарын «көре білуді» қалыптастыру.
2.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының жекелеген компоненттгерін «көре білу».
3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының механизмдерін «көре білу».
4.Жеке тұлғаыың құндылық бағдарының заңдылығын «көре білу».
5.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының қайшылығын «көре білу».
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын «көре білудің» басты көрсеткіштері:
1. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызын «көре білу».
2.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің механизмдерін «көре білу».
З.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің компоненттерін «көре білу».
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің
кайшылықтары мен заңдылықтарын «көре білу».
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің
компоненттерінің өзара байланысын «көре білу».
Бұл модель мазмұндылық сипатымен бірге, психологиялық сипаты жағынан да толықтырыла түседі. Бұнда автор жеке адам дамуының теориялық негіздеріне сүйене отырып дамудың негізгі үш саласын /танымдық, іс-әрекет, мотивация/ белгілейді.
Танымдық саланың мазмұны төмендегідей білімдермен анықталады:
жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызы; жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызы; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностиканың маңызы және құндылық бағдар процесінің ғылыми әдістемелік жүйесі жайлы білім негіздерін саналы түрде меңгеру.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарын «көре білу» - мұғалімнің маңызды – қасиеті.
Мазмұндылық сипаты
Психологиялық сипаты
|
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызы
|
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызы
|
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының диагностикасының маңызы
|
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-әдістемелік жүйесі
|
Мұғалімнің «көре білуі»
|
Танымдық сала (білімдерді меңгеру)
|
-механизмдер мен компоненттері;
- ерекшелігі;
-заңдылықтары мен қайшылықтары.
|
-маңыздылығы;
- заңдылықтары;
- механизмдері мен компоненттерінің өзара байланысы;
- қайшылықтары.
|
- маңыздылығы;
- диагностикалық бағдарламасы;
- диагностиканың бағдарламасын жасау;
- диагностиканың нәтижесі;
- тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
|
- маңыздылығы;
- әдістемені жасай білу;
- әдістемені оқу-тәрбие процесінде қолдану;
- әдістеменің тиімділігін «көре білу».
|
Іс-әрекет саласы (ебедейліктерді қалыптастыру)
|
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік маңыздылығын сипаттай білу;
- құндылық бағдардың динамикалық сипатын білу;
- құндылық бағдардың механизмдері мен компоненттерін айқындау.
|
- құндылық бағдар процесінің қайшылығын анықтай білу;
- құндылық бағдар процесінің механизмдерін тұтас пед.процесте қолдану;
- құндылық бағдар процесінің өзара байланысын анықтау.
|
- құндылық бағдардың қалыптасуын анықтайтын критерийлер мен көрсеткіштерін белгілеу;
- диагностиканың бағдарламасы мен әдістемесін жасай білу;
- диагностиканың нәтижесіне сай тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін белгілеу.
|
- құндылық бағдарды қалыптастыру әдістемесін пед.процесте қолдана білу;
- құндылық бағдарды қалыптастыруға ықпал ететін пед.ситуацияларды құрастыра білу;
- құндылық бағдар процесінің қайшылықтарын «жеңе білу».
|
Мотивация саласы (себебін, дәлелін анықтау)
|
- жеке тұлға проблемасына қызығушылық;
- құндылық бағдарды жеке тұлғаның өзекті компоненті ретінде маңызын түсінуге талпыну.
|
- жеке тұлғаның құндылық бағдар проблемасына қызығу;
- жеке тұлғаның пед.құбылыс ретінде танып-білуге талпыну.
|
- пед.диагностика проблемасына қызығу;
- диагностикалық зерттеудің әдістемесін меңгеруге талпыну;
- диагностикалық нәтижесін «көре білуді» қалыптастыруға талпыну.
|
- құндылық бағдардың әдістемесін меңгеруге талпыну;
- құндылық бағдарды қалыптастыру әдістемесін танып-білуге ықылас білдіру.
|
2.1. Оқушы тұлғасының құндылық бағдар жүйесінің мазмұны мен мәні
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы жеке тұлғаның қоғамдық болмыстың, еңбек пен мәдениеттің құндылықтары туралы білімдерді саналы түрде ұғынып, меңгерумен анықталады. Ал бұл процесс адамның санасына, зейініне, сонымен бірге қоғамдық болмыс, еңбек және мәдениет құндылықтары туралы білімдерді саналы меңгеруіне тікелей байланысты. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің іс-әрекет саласы жеке тұлғаның құндылық бағдары, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми-әдістемелік жүйесін қалыптастыруға қажетті іскерлік пен дағдылардың студенттердің бойынан көрініс табуымен анықталады.
Жеке тұлға дамуының мотивация саласы жеке тұлғаның құндылық бағдары, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми әдістемелік жүйесін меңгеруге, қалыптастыруға деген ынта-ықылас пен қызығушылықтың пайда болуымен анықталады.
Адам психикасының айырықша ерекшелігі адамда сананың болуымен тікелей байланысты. Сана адамға тән нәрсе. Сана деп еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде қалыптасуында орын алатын психикалық әрекетті айтады. Адамда сана болу үшін ол өзін айналасындағы дүниеден ажырата біліп, сол дүниеге және өзінен басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтап, өзінің кім екенін саналы түрде ажырата білуі керек. Сана әлеуметтік тұрмыстың, тарихи қоғам дамуының жемісі.
Адам белгілі нақты коғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғам тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Қоғамдық тәжірибенің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады. Сананы меңгеруші және оның иесі жеке адам, жеке тұлға.
Оқу жұмысы мен белгілі бір білімдер жүйесін меңгеруде сана мен зейіннің маңызы өте зор.
Оқушылар әрекетінің басты, жетекші түрі - оқудағы еңбек. Мұның өзі көп уақытты алып, зор ақыл-оймен ерік-жігерді талап етеді.
Оқу еңбегі негізінен, интеллектуалды еңбек, оқу қызметі қажетті рухани және моральдық қасиеттерді, мінез-құлықтың әдеттері мен дағдыларын қалыптастыруға елеулі әсер етеді. Оқу арқылы оқушыларға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.. Сонымен бірге жеткіншек білім жүйелерін меңгереді, сейтіп, өзін практикалық іс-әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді, оларды жан-жақты біле түсуге мүмкіндік алады. Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Таным процесі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға лайық объективті дүниені тану процесі адамның сана сезіміндегі, шындық құбылыстардың бейнесінің ерекше процесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың өсуіне қарай адам дамуының жетілуіне қажетті жаңа таным құралдары жасалуда, адамның әлі де танылмаған заттармен құбылыстар дүниесін меңгеруін жеңілдететін зерттеудің барынша жетілген әдістері жасалуда.
Оқудың ғылыми танымдық формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланыста болып табылады.
Оқу процесі Бұл педагогтік күрделі құбылыс, оның көптеген айырмашылықтары мен ерекше белгілері бар.
Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және оқушы танымдарының салыстырмалылығына барынша елеулі ықпал жасайды. Бұрыннан белгілі болғандай, ғылыми танымның міндеттері өмірден алынады, қоғам дамуының талаптарынан туындайды. Мектеп оқушылары танымының мотивтері серпінді болуға тиіс. Білім шәкірттік таньтмға айналу үшін оқушының оқуға, білім алуға деген қүштарлығы болуы керек.
Оқу, білім алу адам жеке басының танымдық Қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Кез- келген білімдерді меңгеру оқушыларға зор талап қояды. Өйтксні, ұғыну өте күрделі процесс. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады, бірінші кезеңінде нені оқыту керек, қалай оқьш, қалай меңгеруі керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін қабылданған білімнің тәжірибеде орындап, оның келесі кезеңін тұжырымдап, ұғынған нәрсені ойда ұстап тұру, яғни есте сақтау қабілетін қалыптастыру, соңғы кезең білімнің негізін сипаттайтын немесе негізгі болып саналатын зат, я болмаса құбылыс туралы белгілі ұғымды қалыптастырумен сипатталады.
Болашақ ұстаздарды жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің танымдық саласын қалыптастыруда танымдық іс-әрекеттің маңызы өте зор.
Ғалымдар оқу белсенділігі туралы мәселеге назар аударып, көптеген ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын осы проблемаға арнады, және де бұл мәселе төңірегінде әр түрлі көзқарас бар. Ғалымдардың бір тобы (А.В. Дарвинский, А.К. Грощева, Б.П. Есипов) оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырудың негізгі құралы, олардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуі деп санайды. Жаңа нарықтық қатынастардың өмірге келуіне байланысты
оқушылардың танымдық әрекеттерін әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселелердің қатарына жатқызамыз. Себебі, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы біздің қоғамның әрбір мүшесі үшін маңызы бар құбылыс болып табылады.
Мектептің міндеті - оқушыларға құндылықтар жүйесін қалыптастыру процесі кезінде танымдық іскерліктің өз алдына, оқушының талабына сай қалыптастырып, оларға мектеп қабырғасында ғылыми танымның әдістемелері туралы мағлұмат алуларына жағдай жасап, осы бағытта оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыру.
Егер оқушылар жеке тұлғаның құндылық бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынса, білсе, жеке тұлғанын құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын, механизмдері туралы, жеке тұлғаның құндылық бағдарын меңгеруге қажетті іс-әрекеттердің маңыздылығын түсініп, соны меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушыларға өздерінің болашағы туралы, болашақ мамандығы туралы бастапқы мағлұматгар алып, өз мүмкіндігін пайдалана білу, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуіне көмектеседі.
Білімді меңгерудің басты көрсеткіштері оқушылардың алған білімдерін жалаң түрде қайтадан қайталап айтып іс- берулерімен анықталмайды, сол алған мазмұнына орай өз пікірлерін ортаға салып, ойларын ашық білдіруі, жалпы өзінің көзқарасын анық батыл түрде білдіріп, өз бағасын беруі болып табылады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы тек құндылықтар туралы түсініктердің жиынтығымен ғана емес, сонымен бірге белгілі бір объектіні немесе құбылысты құндылық ретінде ұғынуымен де анықталады. Бұл құндылықтар арқылы солардың негізінде жеке тұлға өзін адамгершілік, өнегелі сапаларды «таратушы» санайды.
Құндылықтар теориясында жалпы адамзаттың, моральдық интероризация процесінің мәнін жете ұғыну, өте маңызды орын алады.
Көрнекті кеңес психологы ғалымы А.Н. Леонтьев: "Менің өмірімдегі мен нені меңгере алмадым, соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін маңыздылығы қандай..." деп, психология ғылымында "мән" және "маңыз" деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген.
Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше. Себебі баға объективті қасиеттерді танып білулердің негізінде беріледі және бағалау өз алдына таным болып табылады.
Мектеп іс-тәжірибесінде білімді формальды түрде, яғни білімді немқұрайлы меңгеру жиі кездеседі. Оқушы ғылыми фактіні біле тұра, оны саналы түрде түсініп, ұғынбайды, ғылым оқушы үшін, бұл жағдайда жеке тұлғалық мәнге ие болмайды, жай құбылыс ретінде қалып қояды. Білім мен оны саналы түрде сезінудің арасындағы мұндай алшақтық білімнің маңыздылығын, яғни құнын түсіреді, білімнің маңыздылығы абстрактілі күйде болуының салдарынан пайда болады.
Оқушы білімді жай, уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер де оқу өрекетін басқа іс-әрекеттермен (шығармашылық, болжамдық, танымдық, қарым-қатынас, бағалау) байланыстырса, оңда "білсем", "маған керек", "маған қажет" сияқты мотивтерге ұласатыны сөзсіз.
Оқушылардың құндылық бағдарының қалыптасуының жоғарғы деңгейден көрінуі олардың құндылық бағдарды қалыптастыруға, құндылық бағдарды анықтайтын білімдерді саналы түрде меңгеріп, ұғынуға байланысты. Сайып келгенде, мұндағы ең басты нэрсе білім болып табылады.
Жалпы жеке тұлғаның құндылық бағдары дамудың танымдық, іс-әрекет және мотивация салаларының бірлігін сипаггайтын жеке тұлғалық қалыптасу болып табылады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы төмендегідей білімдермен анықталады:
жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңыздылығы туралы:
жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығы туралы:
жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-әдістемелік жүйесі туралы білім негіздерін саналы түрде ұғынып меңгеру.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласын сипаттайтын сараланған білімдердің жекелеген көрсеткіштері:
I. Жеке тұлғаның құндылық бағдары:
жеке тұлғаның құндылық бағдары;
жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызы туралы;
жеке тұлға проблемасы туралы;
жеке тұлғаның құндылық бағдарының ерекшелігі туралы;
жеке тұлғаның құндылық бағдарының компоненттері
туралы;
II. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі:
жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығы туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің механизмдері туралы (амалдары);
жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің компоненттері туралы;
жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің зандылықтары туралы;
жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің қайшылықтары мен оларды білу туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін жеке тұлғалық интегралдық қалыптасу екендігі туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің компоненттерінің өзара байланыстылығы туралы;
IIІ. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы:
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының маңыздылығы туралы;
жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының бағдарламасын жасау туралы;
жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының нәтижесін «көре білу» туралы;
жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының нәтижесіне қарап, тәрбие жұмысын жоспарлауы;
жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын компьютерлеу туралы;
тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтау туралы;
мұғалім мен бағдарламаны жасаушы (программист) арасындағы іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігін білу туралы;
ІV. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-өдістемелік жүйесі:
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-әдістемесінің маңыздылығы туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін қолдану туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми- әдістемесінің қажеттілігін сезіну, ұғыну туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-әдістемесін оқу процесінде тиімді пайдалану туралы білім негіздерін үйрену, саналы түрде меңгеру болып табылады.
2.2. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу- мұғалімнің маңызды кәсіби сапасы
Еліміздің тәуелсіздік аясындағы алғашқы беталыстары, тың жаңарулар мен өзгерістерге толы серпінді дамуы басталған қазіргі шақта ой-сана қозғалысынң саяси-әлеуметтік, экономикалық емірге тигізетін әсері зор.
Күн тәртібіне қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде ұлттық маман кадрларды даярлау мен қалыптастыру үлкен орын алады. Әлеуметтік-саяси реформалардың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қоғамдық өзгерістер кезіндегі мемлекеттің білім беру саясатында мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын жетілдіру проблемасы бірінші кезектегі бағытқа ие болады. Атап айтқанда, мектеп бітіруші, оның білімі мен біліктіктерінің дәрежесі қандай болатынын мұғалімнің қызметі айқындайды, сайып келгенде, мемлекеттің ертеңгі күні де соған байланысты. Соңғы кездері мұғалімнің кәсіби даярлығы мәселесі төңірегінде жүргізілген, жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасайтын болсақ, қазіргі кездегі қоғамның саяси-әлуметтік экономикалық дамуына сай, маман мұғалімдер даярлау ісіне қойылып отырған талаптардың жоғары екендігін көруге болады. Маман мұғалімдер даярлау мәселесі қай кезеңде болмасын педагогика ғылымы мен практикасында алдыңғы орында болып келген. Кеңес Одағының көптеген ғалым-педагогтары болашақ мұғалімдер даярлау мәселесіне өздерінің зертгеу жұмыстарын арнаған.
З.И. Васильева мұғалім қызметіндегі көрегендік, яғни «көре білу» мен мақсаттылықтың ролін ерекше бағалайды.
Автордың пікірінше, «көре білу» мақсаттылықпен салыстырғанда жалпы түсінік, бірақ бұл түсінік сол мақсатты іске асырудың қажеттілігінен туындап отыр. Мұғалім саналы түрде өз ойымен нақты жағдайда мүмкін болатын нәтижені «ойластырып, құрастырады». Міне, осының өзі әлі іс жүзіне аспаған істің нәтижесін көрсететін үлгі болып табылады.
Н.В. Кузьминаның еңбектерінде педагогикалық қызметтің құрылымы, болашақ ұстаздардың маңызды-кәсіби қасиеттерінің механизмдері мен бірізділігі қарастырылады.
И.Я. Лернердің мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетіндегі «көре білудің» ролі туралы айтқан пікірі назар аударарлық. Ол шығармашылық іс-әрекеттің түрлерін бөліп көрсетеді, атап айтқанда, объектінің құрылымын «көре білу», объектінің атқаратын қызметін «көре білу», алда тұрған міңдеттерді «көре білу» т.с.с.
«Көре білу» — ақыл-ойдың белгілі бір қасиеті. «Байқағыштық» немесе «көре білу» туралы ұлы адамдардың артына қалдырған даналық сөздері, қызықты пікірлері бар.
Мысалы, Резерфорд былай деген екен: «егер оның қарамағында жас ғалым жұмыс істесе және ол екі жылдан кейін бұдан әрі не істеймін деп сұраса, ұстазы оған ғылыми жұмысыңды таста деп кеңес береді екен».
Шығармашылық ақыл — ой әрекеті қарапайым нәрседен кереметті, өзгелер байқамаған мәселені, істі көре білу болып табылады.
Венгер ғалымы А. Сент-Дьердьи былай деп жазды: «Жаңалық ашу - демек, бәріміз көріп жүргенді көре білу, бірақ осыған дейін ешкімнің ойына келмегенді ойлай білу». Ал Д.Бернал былай деп түсіндіреді: «Проблеманың шешімін тапқаннан көрі, оны көре білу әлдеқайда қиын. Оның алғашқысына іскерлік, ал екіншісіне — қиял қажет». Сол сияқты педагогикалық әдебиеттерде, шетел, орыс, қазақ классиктерінің шығармаларында (Я.А. Коменский, Дистерверг, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, Ы.Алтынсарын, А.Құнанбаев т.б.) мұғалімдік қызмет пен ұстаздық іс-әрекеттегі болжамның ролі туралы көптеген қызықты пікірлер бар.
А.Я. Коменский ұстаздық қызметтегі болжамдық іс-әрекеттің маңыздылығын атап көрсеткен.
Педагогикалық процесті «көре білуді» қажеттілігі туралы А. Дистервег өз пікірін айтқан. Ол өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім алуына басшылық» деген еңбегінде: «Өзіңнің тәрбиеленушіңнің болашағын көре біл, болашағымен санаса біл» деген қағидасын ұсынады.
Мұғалімнің болжамдық әрекеті туралы мәселеге кеңестік
педагогика ғылымының алғашқы құрылу жылдарында көп
көңіл бөлінді.
В.А. Сухомлинскийдің барлык мақалалары бір ойды: адамның гармониялық тәрбиесі мен дамуына қажетті іс-әрекетке талдау жасауда, ізденістің және өз еңбегінің нәтижесін «көре білуінің» қажеттілігін білдіреді.
Қазіргі кездегі психология ғылымы адамның санасы мен, мінез-құлқының дамуындағы іс-әрекеттің маңыздылығына «баса назар аударуда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің міндеті жеке тұлғаның мүддесіне орай белгіленген:
«көре білу» негізгі әрі қажетті компоненттер қатарына жататын іс-әрекетті ұйымдастыру;
педагогикалық процесті «көре білу» ұғымының қалыптасуы «педагогикалық процесс» ұғымын қалыптастыру процесімен бір деңгейде жүргізу;
педагогикалық процесс жүйесінің негізгі ұғымдарын меңгеруге қажетті практикалық іс-әрекеттер мен педагогикалық құбылыстарды қатаң бақылауға алу, міне, бұл мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы ретінде тұтас педагогикалық процесті «көре білудің» негізгі шарты болып табылады.
Мұғалім іс-әрекетіндегі педагогикалық процесті «көре білуінің» маңызы тұтас педагогикалық процестің психологиялық — педагогикалық диагностикасы мен негізінде.
Оқытушылар мен студенттердің шеберлік кәсіби білім деңгейлерінің әртүрлілігі педагогикалық процесті «көре білудің» көрсеткіштері мен өлшемдерінің деңгейі педагогикалық процестің маңыздылығымен әлеументтердің жүйесіне талдау жасау арқылы анықталады. Мұндай көрсеткіштерге: педагогикалық процесті «көре білудің» әлеументтері, педагогикалық процестің заддылықтарының пайда болуы мен қайшылықтары жатады.
Мектептегі оқу, құнделікті тіршілік, қоғамдық жұмыс осының барлығы педагогикалық процесті «көре білудің» қажетті компоненттерін қалыптастырады. Педагогикалық білім мен педагогикалық тәжірибенің молая түсуі педагогикалық процесті «көре білудің» деңгейінің өсуіне ықпалын тигізеді.
Оқытушылар мен студенттердің «көре білу» деқгейін анықтау үшін теориялық білім негіздеріне сүйене отырып, оқу-тәрбие іс-шараларына үнемі талдау жасап, бақылап отыру қажет. Көптеген жағдайда мұғалімдердің «көре білуінің» деңгейі орташа деңгейден аспайтынын тәжірибе жүзінде көз жеткізуге болады.
«Көре білу» деңгейі жоғары мұғалімдердің іс-әрекетіне бақылау жасай отырып, оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігінің жоғары екендігін, мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастарының педагогикалық талапқа сай, өзара түсінушілік, сыйластық дәрежеде екендігін, оқу жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің шапшаң, ширақ қимылын, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерінің белгілі бір мақсатқа бағытталғандығын аңғаруға болады.
Көптеген мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі әрекетіне тән нәрсе - сабақты, сол сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындап, белгілеп, оқушыларды хабардар етіп, сабақтың соңында қорытынды жасап, нәтижесіне талдау жасау. Жеке және топтастырылған жұмыстарды ұйымдастыра отырып, кейбір мұғалімдер тәрбиелік маңызы зор ұжымды қалыптастыруға ықпал етеді.
2.3. Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың
Достарыңызбен бөлісу: |