у
(4 - сызба)
Жиындар арасындағы сәйкестік ұғымы математикадағы негізгі ұғымдардың қатарына жатады. Олай болатын себебі, бұл ұғым математикадағы функция және бейнелеу сияқты аса маңызды ұғымдарды анықтаудың негізі болып табылады. Сонымен қатар кез келген ғылымда объөктілердің өздері ғана емес, олардың арасындағы байланыстар да зерттеледі. Мысалы, географияда қалалар жиыны X және елдер жиыны У арасындағы «X қаласы У еліне қарайды» деген сәйкестік қарастырылады. Физикада «х денесінің массасы у-ке тең», химияда «х затының таңбасы у болады», математикада «х фигурасының ауданы у - ке тең» деген т.с.с. сәйкестіктер қарастырылады.
Кері сәйкестік X = {3, 5, 7}, У = {4, 6} жиындарының элементтерінің арасындағы R - «артық» сәйкөстігі берілсін. Сонда R = {5,4}, {7,4}, {7, 6} және оның графы 5 - сызбадағыдай болады.
Осы графтағы стрелкалардың бағытын кері өзгертейік. Сонда У және X жиындарының элементтерінің арасындағы «кем» сәйкестігінің графигі алынады (6 - сызба).
(5 - сызба) (6 - сызба)
Графы 5- сызбада кескінделген сәйкестік берілген R сәйкөстігіне кері сәйкестік деп аталып, R01 арқылы белгіленеді.
X және У жиындарының арасындағы сәйкестік R болса, онда У және X жиындарының арасындағы yRD1x болатындай RD1 сәйкестігі xRy болғанда және тек сонда ғана R сәйкестігіне кері сәйкестік деп аталады.
R және RD1 сәйкестері өзара кері сәйкестіктер деп аталады. Өзара кері сәйкестіктердің графиктерінің қандай ерөкшеліктері болатынын анықтайық.
R = {(5, 4), (7, 4), (7, 6)} сәйкестігінің графигін салайық (6 -сызба). RD1 = {(4, 5), (4, 7), (6, 7)} сәйкестігінің графигін салғанда қостың бірінші компонентін У жиынынан екінші компонентін X жиынынан алу керек. RD1 сәйкестігінің графигі R сәйкестігінің графигімен беттесетінін көреміз.
Бұл графиктерді ажырату өте қолайсыз. Сондықтан RD1 сәйкестігіндегі қостардың бірінші компонентін абсцисса осінен, екінші компонентін ордината осінен алу келісілген.
Мысалы, (5, 4) € R, онда (5, 4) € RD1.
Координаталары (5, 4) және (4, 5), жалпы жағдайда (х, у) және (у, х) болатын нүктелер I және III координаттық бұрыштардың биссөктрисасына қарағанда симметриялы болады. Сонымен, R сәйкестігіне кері R01 сәйкестігінің графигі R сәйкестінінің графигінің нүктелеріне I және III координаттық бұрыштар арқылы өтетін биссектрисаға қарағанда симметриялы нүктелерден тұрады. Сондықтан RD1 = {(4, 5), (4, 7), (6, 7)} болатын сәйкестіктің графигі 8 -сызбада бояп көрсетілген нүктелер жиынынан тұрады.
Натурал сандар жиынындағы R «х кем у-тен» сәйкестігі болса, оған кері RD1 сәйкестігі «х артық у - тен» болады. Кесінділер арасындағы «х кесіндісі у - тен ұзын» сәйкестігіне «х кесіндісі у - тен қысқа» деген сәйкестік кері болады.
Бастауыш мектептің математика курсында өзара кері сәйкестікке көп көңіл бөлінеді. Оқушылар 5 > 3 болғандықтан 3 < 5 екенін, егер АВ кесіндісі СД кесіндісінен ұзын болса, онда СД кесіндісі АВ кесіндісінен қысқа болатынын терең түсінуі керек.
Өзара бірмәндік сәйкестік. X және У жиындарының элементтерінің арасындағы барлық мүмкін сәйкестіктердің ішінен X жиынындағы әрбір элементке У жиынынан жалғыз элөмент және керісінше, У жиынының әрбір элементіне X жиынының жалғыз элементі сәйкес келетін сәйкестікті қарастырамыз. Мұндай сәйкестікті өзара бірмәнді сәйкестікдеп атайды.
Осындай сәйкестіктерге мысалдар қарастырайық.
1. A = {a, b, c, d}, B = {1, 2, 3, 4} болсын. Бұл жиындардың
элементтерінің арасындағы сәйкестік былайша көрсетілген
.
А жиынындағы әрбір элементке В жиынындағы жалғыз элөмент сәйкес келеді. Сонымен қатар керісінше, В жиынындағы әрбір элементке А жиынынан жалғыз элемент сәйкес келеді. Сондықт ан A және В жиындарынының арасыандағы сәйкестік өзара бірмәнді болады.
X координаттық түзудің бойындағы нүктелер жиыны, у = R
болсын. Координаттық түзуді енгізуге байланысты түзудегі әрбір
нүктеге бір нақты сан (сол нүктенің координатасы) сәйкес келеді және
кез - келген нақты санға түзудің бойынан бір нүкте сәйкес келеді.
Сонда бұл сәйкестік те өзара бірмәнді болады.
X - координаттық жазықтықтағы нүктелер жиыны, ал У - нақты
сандардың қостарының жиыны болсын. Егер жазықтықтағы әрбір
нүктеге нақты сандардың жалғыз қосы (нүктенің координаталары)
сәйкес келсе және нақты сандардың әрбір қосына жазықтықтан бір нүкте сәйкес келсе, онда жазықтықтағы нүктелер жиыны мөн нақты сандардың қостарының жиынының арасында өзара бірмәнді сәйкестік орнатылады.
Математиқаның бастауыш курсында өзара бірмәнді сәйкестік ұғымы айқын түрде қолданылмайды: оған санау және сандарды салыстыру процесі негізделген. Мысалы, 3 = 3 теңдігін түсіндіру үшін үш қызыл, үш көк шаршыны алып, әрбір қызыл шаршыға бір көк шаршыны сәйкес қояды (шаршыны бір - біріне беттестіріп қояды, оларды кесінділермен қосады т.с.с), яғни қызыл және көк түсті шаршылар жиындары арасында өзара бірмәнді сәйкестік орнатылады. 3 < 4 теңсіздігін көрсету үшін үш элементті жиын мен төрт элементті жиынның үш элементті ішкі жиындарының арасында өзара бірмәндік сәйкестік орнатылады.
2.3. Бөлінгіштік қатынасы туралы ұғым.
Үлкен натурал сан a - ны кіші натурал сан Ь - ге бөлінгенде қалдық нольге тең болса, а санының b санына бүтіндей бөлінетінін білеміз. Сондай - ақ, егер натурал сан a , натурал сан Ь - ден артық болса, онда әрқашан да мынадай теңдікті қанағаттандыратын q мен г екі санды табуға болатындығы да тағайындалады: a = bq + г, мұндағы q мен г өкі санды табуға болатындығы да тағайындалады: a = bg+ r, мұндағы q - үлкен санды (a - ны) кіші санға (Ь - ге) бөлгендегі бөлінді де, г - қалдық. Қалдықсыз бөліну натурал сандардың осы жалпы қасиетінің бір дербес жағдайы екендігі, атап айтқанда, г - 0 болып, a = bq теңдігі шығатын жағдай екендігі айқын.
Бұл жағдайда а саны(бөлінгіш) Ь санының еселігі деп, ал Ь саны a - санының бөлгіші деп аталады.
а саны Ь санына бөлінеді, а саны Ь санының бөлгіші деген сөйлемдердің мағына жағынан бір - біріне барабар екендігін ескерейік.
a = bq теңдігіне қарағанда қандай да бір натурал санның (Ь) еселігі (а) ол сан мен екінші бір натурал санның (q) көбейтіндісі болып табылатындығы шығады. Егер a - bq болса, онда бөлудің мағынасы бойынша a ; q - Ь; демек, а саны q санының да еселігі болып табылады. Бұдан көбейтінді (а) өзінің әрбір көбейткіштерінің (Ь мөн q -дың) еселігі болып табылатындығы шығады. Көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық заңдарын пайдалана отырып, бұл қортындының көбейткіштер саны қанша болса да тура болатындығын дәлелдеу оңай.
Дұрысында да, егер N - abc.f болса, онда терімділік қасиеті бойынша N : a = bc.f.
Демек, А/ саны - көбейткіш a - ның еселігію екінші жағынан, егер N = abc...f болса, онда ауыстырымдылық қасиеті бойынша N = bac.f ; терімділік қасиеті бойынша N = b(ac.f), ал бөлудің мағынаса бойынша N : b = ac.f.
Демек, N көбейткіш b - нің де еселігі.
Осылайша N саны өзінің басқа да қалған көбейткіштерінің әрқайсысының еселігі болып табылатындығын тағайындауға болады.
Бөлінгіштік қатынасын белгілеу үшін ерекше таңба - тігінен орналасқан үш нүкте қолданылатындығын еске саламыз.
Сонда a : b жазуын былай оқу керек: а саны Ь санына қалдықсыз бөлінеді немесе а саны Ь санының еселігі. Ал бұл қатыс орындалмайтын болса, онда бұл жағдайда «а саны Ь - ге бөлінбейді» дейтін боламыз.
Сандардың бөлгіштігінің белгілері.
Сандардың 2 - ге, 5 - ке, 4 - ке, 25 - ке, 8 - ге, 125 - ке, 3 - ке және 9 - ға бөлінгіштігінің белгілері.
2 - ге бөлінгіштік белгісі. Берілген санның соңғы цифры 2 - ге бөлінетін болса сондай сандар, төк қана сондай сандар 2 - ге бөлінеді.
5 - ке бөлінгіштік белгісі. Берілген санның ондық жүйеде жазылуындағы соңғы цифры 0 немесе 5 болса, тек сонда ол сан 5 - ке бөлінеді.
4 - ке және 25 - ке бөлінгіштік белгілері. Берілген санның ондық жүйеде жазылуы екі нольмен аяқталса немесе оның соңғы екі цифрымен өрнектелетін сан 4 - ке (немесе 25 - ке) бөлінетін болса, сондай сандар, тек қана сондай сандар, 4 - ке (нөмесе 25 - ке) бөлінеді.
8 - ге және 125 - ке бөлінгіштік белгілері. Берілген санның ондық жүйеде жазылуы үш нольмен аяқталатын болса немесе оның соңғы үш цифрымен өрнектелетін сан 8 - ге (немесе 125 - ке) бөлінетін болса, сондай сандар, тек қана сондай сандар, 8 - гө (немесе 125- ке) бөлінеді.
3 - ке және 9 - ға бөлінгіштік белгісі. Санның ондық жүйеде жазылуындағы цифрларының қосындысы 3 - ке немесе 9 - ға бөлінетін сандар, тек қана сондай сандар 3 - ке (немесе 9 - ға) бөлінеді.
Соңында бір немесе бірнеше нольдері бар бірмен өрнектелген сандардың қандайы болса да немесе 10 - ның натурал дәрежелері түріндегі сандар 9 - ға өселік сан мен бірдің қосындысы болып табылады.
2.4. Геометриялық фигуралар және олардың қатынастары.
Геометриялық білімінің пайда болатын көзі біреу, ол тәжірибе. Ойын, әртүрлі жұмыс т.с.с. түрінде айналадағы табиғат, тіршілік жағдайларымен танысудан балалар геометрияның негізгі түсініктері туралы ұғым алады. Тәжірибе және бақылау, геометриялық білімінің бастапқы көздері болады.
Геометриялық білімінің пайда болуының екінші жолы логикалық ойлау болып табылады. Жоғарыда келтірілгендер геометриялық білімінің пайда болу көздері. Дұрысында, бақылау тәжірибе қандай оңай болғанмен де, қандай нақтылы түрде кездескенмен де, оқушы тіпті жеңіл желпі түрде болса да талқылап тексермей, логикалық жүйеге соқпай кете алмайды. Мысалы, шырпыдан салынған үщбұрыш пен квадратты салыстырғанда көрінеді.
Бастауыш сыныптарда геометрияны оқыту кезінде, әр материалға байланысты, геометриялық ойлау қабілетін дамыту барысындағы мүғалімінің ең негізгі мәселесі әдістемелік бағытты анықтап алу керек.
Геометриялық фигуралар және олардың қатынастары жөніндегі түсінік оны елестете білуге дейін жүргізіле береді.
Геометриялық фигуралардың әртүрлі модельдерімен танысу кезінде, оқушылар олардың материалына, түсіне, салмағына тэуелсіз жағдайларын ескере отырып, геометриялық фигуралардың жалпы қасиеттерін анықтайды.
Мұның барлығын да геометриалық объектілерге материалдарда қолдану нәтижесінде қол жеткізеді. Мысалы, сызғышты пайдаланып түзу сызық сызғанда, ол тек объект ғана емес, керілген жіп, екі жазықтықтың қиылысуынан пайда болған сызық (мысалы, қабырға жазықтығы мен еден жазықтығы) материалдық заттарды пайдалана отырып, оқушылар геометриялық елестетуді меңгере бастайды. 1 сыныпта қоршаған ортадағы материалдық заттармен, фигуралармен алғашқы таныстық және олардың аттарымен танысу кезеңі аяқталады. Оқушыларда бірте -бірте фигураларды оқу схемасы өңделе бастайды, оларға анализ және синтез жасау схемасы, сөйтіп, әрбір фигураның қасиетін меңгеруі жеңіл түрде жүреді.
Әдістемеде геометриялық фигураларды қою және қарама-қарсы қою тәсілдеріне ерекше орын беріледі. 1 сыныпта фигуралар жиыны ішінен шеңбер жиынын, кеп бұрыш жиынын және т.б. бөліп алуға көңіл аударылса, ал 2 - 3 сыныптарда фигуралардың қасиеттерін нақтылауға және классификациялауға мэн беріледі. Жазық фигуралар (шеңбер -көпбұрыш, дөңгелек -шеңбер және т.б.) иен кеңістік фигураларды (квадрат-куб, шеңбер, шар және т.с.с.) қою және қарама-қарсы қоюға ерекше назар аудару керек. Мысалы, кубпен таныстырғанда, оның нүктелерін, кесінділерін, көпбұрыштарын табуды көрсету қажет.
Оқушылардың 3 сыныпта геометриялық елестетуін қалыптастыруда фигуралардың қасиеттеріне сүйене отырып, олардың өзара орналасу қатыстығын қолдану. Мысалы, кесінді мен жазықтықтағы түзудің өзара орналасу қатыстығын (қиылысу) қолдану, оқушылардың кесідінің шектілігі мен түзүдің шексіздігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қалыптасқан геометриялық ұғымдарды қалыптастыруға негіз болып табылады.
Бастауыш математика курстарында оқып үйренудегі басқа материалдармен байланысыны ерекше айтқан жөн. Бұл байланыстың негізі болып сан мен фигура арасындағы қатынасты орнату мүмкіндігі. Бұл сан түсінігін қалыптастырудағы сан қасиеті, оларға қолданылатын амалдардан фигураны қолдану керісінше, геометриялық образдарды оқып үйренуден сан ұғымын қолдану.
1 сыныпта фигура модельдерін санау үшін қолданады. Кейінірек объекті ретінде фигура элементтері пайдаланылады. Мысалы, көпбұрыштың төбелері, қабырғалары. Сонымен қатар оқушылар кесінділерді ©лшеумен де танысады. Бұл кесінді мен сан арасында байланыс орнатуға септігін тигізеді. Ал 2 сыныпта кесінділер (нүктелер) және сандар арасында тікелей байланыс орнатылады. Ертеректе кесінділерді өлшеумен танысқандықтан натурал сан, санаудың ондық өлшемі (сантиметр-бірлік, дециметр, ондық, метр жүздік), сандарға амалдар қолдану (масштабты сызғыш сан, санау қүралы) сияқты түсінігін қалыптасытруда маңызы үлкен. Геометриялық фигуралар оқушылардың бірлік үлестерімен танысу кезінде де қолдану қажет.
Бастауыш сыныптың білімнің жаңа мазмұнына етуі, оқыту әдістері құрамының жаңаруы - бұл болашақ педагогикалық іздену үшін негіз болып табылады. Мұндай жағдайда пәнаралық байланыстық көлемі мәселелері маңызды роль атқарады.
Бастауыштың әртүрлі оқу пәндерін оқыту кезінде оқушылар сабақ үстінде қоршаған орта құбылыстары туралы, оның қасиеттері жайында нақтылай түсініктер алады. Мысалы, балалар графикалық сауаттылыққа үйрену үшін, таяқшаларды салады, торкөзді белгілейді және т.б.
Геометриялық фигуралар жайлы алған білімдерін бекітуде басқа пәндердің мүмкіндіктерін де айтуға болады. Мысалы, табиғаттану сабағында оқушылар горизонт сызығы және горизонтпен танысу кезінде, оларда дөңгелек және шеңбер женінде түсінік ала алады. Геометриялық фигуралардың қасиетін оқыту болып табылады. Сондықтан да, геометриялық фигуралардың қасиетін оқыту барысында оқушылар ткелей олармен практика жүзінде танысып жұмыстар жүргізу керек. Мысалы, балалар математика сабағында өлшеу және салу жұмыстарын атқарады. Еңбек сабағында формаларын илеп жасап, модельдерін қиып, ал сурет сабағында бейнелеу жұмыстарын атқару керек. Келтірілген мысалдардан, әртүрлі пәндерді оқи отырып, геометриялық формалар жайында білімдер жинақтайды. Олардың нақтылы және абстрактылы ойлау қабілеттері өңделеді. Сонымен қатар, геометриялық форма, геометриялық фигура, фигуралардың қасиеттері мен қатынастары туралы сапалы түрдегі түсініктері қалыптаса бастайды. Осы мәселелер түгелге жуық әдіскер A.M. Пышкалоның еңбектерінде қарастырылған.
Бастауыш математикасында геометриялық материалдарды оқытудағы негізгі әдіс теориялық - жиындық және фигураларды, онық қатынастары мен қассиеттерін оқытуда қарапайым логикалық -математикалық түсінік болып табылады. 1-3 сыныптардан -ақ бұрыштар жиыны туралы қарапайым классификацилау (түзу және түзу емес - 1 сыныпта, 2 сыныпта -түзу сүйір, доғал) үшбұрыштар жиыны (қабырғасы, бұрышы бойынша) көпбұрыштар жиыны (бұрыштар санына байланысты және т.б.
Геометриялық материалдарды оқыту мектеп курсының барлық оқу жылына бірдей етіп бөлінеді. Қазіргі 1 сынып математика оқулығы да осылай қүрылған. Геометриялық есептер мен жаттығуларға арналған. Заттардың ұзындығы, олардың кеңістікте езара орналасу мен қатынастары жайлы алғашқы түсінік беру.
Балалар мектепке дейінгі кезеңнің өзінде-ақ олар кеңістік туралы қоршаған ортадағы әртүрлі заттардың формасы, өлшемі, және өзара орналасуы жайында кеп түсінік жинақтайды. Осы түсінік келешекте негізгі геометриялық түсініктерді, сосын ұғымдарды қалыптастыруда қажет негіз болып табылады. "Кубиктерден" (кубик құрамында призма, пирамида және т.б. көп бұрыштардан басқа да шар, күрделі формалы цилиндрлер кездеседі) әртүрлі қүрылыс салу кезінде, балалар заттардың өзара қатыстарымен: "жоғары" ,"төмен", "ортада", "астында", "үстінде", "оң жағы", "сол жағы", "арасында" және т.б. сөздермен кездеседі, сөйтіп заттардың салыстырмалы елшемдеріне:
" үлкен", " кіші" , "ұзын", "қысқа", және т. б . сөздерге көңіл аударады. Сонымен бірге ойын үстінде, практика жүзінде заттардың формаларымен, олардың жеке бөліктерімен танысады. Мысалы, дөңгелек (цилиндр) немесе доптың ( шар ) секіретін қасиетке ие екендігін, ал қорапша да (призма) мұндай қасиет жоқтығын балалар бірден - ақ аңғарады. Осы физикалық қасиеттерде балалалар интуитивті түрде дене формасымен байланыстырады. Балалар жинақтаған тэжирбе және терминдік зөздер кездейсоқ болғандықтан оқытудың міндеттерінің бірі жинақталған түсініктерді анықтау және сэйкес терминдерді меңгеру. Осы бағытта жүйелі түрде әртүрлі жаттығулар беру керек Заттар арасындағы қатынастар: "бірдей", "әртүрлі", "үлкен", "кем", және т.б. сөздер нақты заттармен (қағаз белігі, таяқша, доп, және т.б.) немесе солардың кескінімен (сурет, сызба) орнатылады. Осы қатынастарды түсіндірудегі мысалдарда негізгі белгілер "дәл" көрініс табуы қажет.
Салыстыру, мысалы, берілгені екі таяқшаның қайсысы "үлкен" деген сұрақты қойғанда, екі таяқшаның да қалындығы бірдей болу керек (немесе ұзындығы бірдей). Барлық кезде де екі затты салыстырғанда "салыстыру белгісі" айқын көріну қажет немсе оқушылар бірден ажарататындай болуы керек. Диаметрі мен түсі әртүрлі шарларды салыстыру оңай, ал шарлардың диаметрі әртүрлі болып түсі бірдей болған жағдайда қиын соғады (бірінші кезде). Бұл жағдайда оқушылар "Шарлар бірдей "(түсіне қарап) деп жауап береді. Оқыту барысында заттың геометриялық қасиетін оқыту барысында ол заттың қандай материалдан жасалғандығы, түсі ескерілмейді, оның өлшемі, элементтерінің өзара орналасуы, формасы ескеріледі.
"Бірдей" термині конгурентті (тең) деген мағынада бұл термин "тең" терминімен (мысалы, тең кесінділер) алмастырылады.
Көрсетілген қиындылардың қайсы "үлкен" ("кіші" деп сұрақ қоюға болмайды. Одан қайта, бұл қиындалардың қайсы жіңішке (жуан), қысқа (ұзын) деп қойған орынды.
Геометриялық фигура - бұл нүктелер жиыны, геометриялық фигураға жеке бір нүктеде , және шекті, шексіз алынған нүктелер жиыны да жатады. Сондықтан да, біз оларды абстрактылы дейміз.
Практикада біз, реальды заттардан жасалған фигуралардың модельдерін қарастырамыз. Мысалы, қаламсаптың ұшы нүкте болады және т.б. Заттардың формасы, қасиеті, өлшемі массасын ескермей, оны геометриялық фигура туралы түсінік аламыз.
Геометрия негіздерін оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін оқушылардың кеңістік түсінігін қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Геометриялық оқыту бұл оқушылардың ғылыми - дүние танымдық қабілетін артырудың бірден - бір жолы.
2.5. Математикадан алғашқы ұғым беру
Осы заманғы мектеп 1 класқа келетіндердің ойлау, қабылдау процестері, өмірге қажетті білім - дағдылары жан-жақты жетілген, бақылап көрген заттар мен құбылыстар жайлы өздігінен қарапайым ой қорытындылары жасай, талдай, жинақтай білетін балалар болуын қалайды.
Осыған орай жалпы білім беретін қалалық, селолық мектептер жанынан эксперименттік даярлық кластар ашылды. Мектептің 1 класына балалар бақшасынан келетін оқушылармен салыстырғанда отбасыдан келген 6 жастағы балалардың тек білім дәрежесі ғана төмен болып қоймайды, сонымен қатар олардың ұжымдық еңбек етуге икемі аз, "өзімшілдігі" басым, зейіні тұрақсыз келеді.
Сондықтан оларды даярлық кластарында жеке пәндер бойынша оқытудың, соның ішінде, математикадан алғашқы ұғым берудің маңызы зор. Оқытудың негізгі мақсаты оларға тиянақты білім берумен қоса, коллективтік еңбек ете білуге жолдастық достыққа баулу болып табылады. Мұның өзі даярлық кластарындағы бүкіл оқу және тәрбие беру нақты болуын талап етеді. Мұндай жүйелілік пен сабақтастық оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын ұйымдастырудан бастап, бүкіл жұмыс формаларында, әдіс-тәсілдерінде сақталып, жүзеге асырылады.
Математикадан алғашқы ұғым берудің мазмұнын анықтай отырып, бағдарлама жасағанда 6 жастағы балаларды кеңістікті бағдарлай білу, заттарды және олардың жиынтықтарын салыстыруға қажетті негізгі математикалық алғашқы ұғымдарды меңгерту мәселелерін қарастырдық. Өйткені бұл мәселелер даярлық кластарындағы балаларға берілуге тиісті алғашқы математикалық білім - дағдыларға кіріспе болып табылады.
Сөбебі "биік - аласа", "ұзын - қысқа", "кең - тар", "жуан - жіңішке", "үлкен - кіші" деген заттардың салыстырмалы қасиеттері мен қатынастары туралы, "көп - аз", "көп - бір", "көп - емес" т.б. осылар сияқты заттың сандық қатынасы туралы, "оң - сол", "оң жақта", "сол жақта", "жоғарыда - төменде", "алдында - артында", "алыс-жақын", сияқты заттардың кеңістіктегі орны туралы түсініктерсіз 6 жастағы балаларға математиқаның негізгі ұғымдарын меңгерту мүмкін емес. Ендеше бағдарлама бұл түсініктердің кіріспесінің орнында тұруы кездейсоқ емес.
Сонымен біз математиканың алғашқы "ұғым беру" бағдарламасын жасауда отбасыдағы, балалар бақшасындағы, мектептің даярлық кластарындағы балаларға жүргізілген эксперименттік байқау нәтижелерін негізге алдық. Бағдарламаға өзгерістер өнгізіп, қайта қарап, бірсыдырғы жетілдірдік.
Бағдарлама: Кеңістікті бағдарлай білу, негізгі түсініктерді меңгерту.
1,2,3,4,5 сандары 5 көлеміндегі сандардың натурал қатары.
Қарапайым геометриялық фигуралар. Бояу түстерімен
таныстыру.
Заттардың көп немесе аз қатынастарын әр түрлі өлшеуіштер
арқылы салыстыру.
Арифметикалық амалдардың таңбаларымен таныстыру.
6, 7, 8, 9, 10 сандарының натурал қатары.
11, 12, 13, 14, 15 сандарының натурал қатары.
16, 17, 18, 19, 20 сандарының натурал қатары.
Монеталар саны мен жыл, мезгілдері, ай аттары, аптадағы күн
аттарымен таныстыру - деген 9 бөлімнен құралды.
Бағдарламалық материалды оқытудың тиімді формалары серуен, экскурсия және кластағы сабақ, болып табылады. Серуен мен экскурсия кезінде балалар жоғарыда айтылған түсініктерді айналасындағы заттарды тікелей көріп, бақылау, зерттеу негізінде меңгереді. Мұның зор танымдық тәрбиелік маңызы бар. Балалардың білімі нақтылы болып ұзақ есте қалады (білімнің нақтылығы, беріктігі), ұмытылмайды; кеңістікті бағдарлай білуге, кеңістіктегі заттардың салыстырмалы орнын, қасиеттерін анықтай білуге дағдыланады; білім мен өмірдің байланысын түсінулеріне мүмкіндік туады.
Ұжыммен бірге жүру, заттарды бақылау, балаларды ұжымшылдыққа баулып, ұжымда еңбектенудің алғашқы дағдысын қалыптастырады. Ал, класта өтілетін сабақта серуен мен экскурсияға қорытынды жасалады.
Сабақ өткізудің әдіс-тәсілдері бүкіл жұмыстың мазмұнымен, ұйымдастырылу түрімен, әр жұмыстың білімдік және тәрбиелік мақсатымен, балалардың танымдық мүмкіндіктерімен біте қайнасып ұштасып жатады. Әсіресе әңгімелесу әдісі жетекші роль атқарады.
Әңгімелесу даярлық класындағы балалардың жас ерекшеліктеріне, танысдық мүмкіндіктеріне толық сәйкес келеді. Мысалы, 6 жастағы балалардың зейіні тұрақсыз болады, олар біркелкі жұмыстар, айтайық мұғалімнің ұзақ әңгімесінен тез зерігеді. Олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аударып отыру үшін жұмысты әңгімелесу, ойын әдістері арқылы жүргізу қажет. Сонымен қатар, балалар білімді айналадағы нақтылы заттарды, олардың кеңістіктегі орнын, санын тікелей бақылап, көру арқылы алатын болғандықтан, олардың бұл танымдық әрекетін мүғалім тек әңгімелесі әдісі негізінде ғана дүрыс бағыттап, басқара алады. 6 жастағы балаларға математикадан басқа тақырыптар бойынша да алғашқы ұғымдар берудің мазмұны, әдісі жағынан құрылу логикасы оысндай.
Даярлық кластағы балаларға математикадан алғашқы ұғымдарды қалыптастыра отырып, бағдарламада берілген 1-ден 5-ке дейінгі натурал сандар қатары туралы түсіндіру қажет. Балалар бұл сандардың цифрымен танысып, ауызша тура және кері санауға үйренеді. Келесі кезекте бағдарламада геометриялық фигуралармен, түстермен таныстыру қарастырылады. Бұл ұғымдарды балаларға серуен кезінде, айналадағы заттарды: үйлерді, ағаштарды т.б. және олардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту көзделеді. Осыдан соң балаларға берілген білімнің мазмұнында сүйық және сусымалы заттарды көз мөлшері және өлшеуіштің көмегімен өлшеп үйрету қарастырылады. Ондағы мақсат - баланы тек үстірт санауға ғана жаттықтырмай, ой еңбегіне бейімдеп, олардың қимылын, зейінін дамыту, өлшеген заттарын санап естерінде үзақ сақтауға саналы түрде түсінуге дағдыландыру. Сонымен қатар 6 жастағы балалар қосу (+), алу (-) амалдардың таңбаларымен және теңдік
белгісімен (=) таныстырылып, кеспе цифрлар мен таңбаларды, ауызша есеп құрастырып шешіп үйренеді.
Даярлық класындағы балалар цифрларды жазбайды. Олар түрлі геометриялық фигуралар мен жемістердің суретін тор көз дәптерге салып, қолын жазуға жаттықтырады. Сонымен 6 жастағы балаларда бүкіл оқу жылы ішінде жоғарыда көрсөтілген нақтылы материалдар негізінде сандар және олардың натурал қатары туралы жалпылама ұғымдар қалыптасады. Балалар тек қана сандардың атын атап, олардың бөлгілерін үғынып қана қоймайды, сонымен қатар 10 санының реттік орнын білуге дағдыланады.
Санау сабағы негізінен оқушылардың тілін дамытуға көмектесетіндей және көбіне ойын ретінде өткізіледі. Біз алты жастағы балаларға бірінші ондық туралы білім бере отырып, оларды 20 көлеміндегі сандардың натурал қатарын ауызша санауға үйретуді ұсынып отырмыз. Сондықтан мұғалім оқушылардың 10 көлеміндегі білімдерін тиянақтап, бекіте отырып, балаларды 20-ға дейін тек ауызша санай білуге дағдыландырады. 20 көлеміндегі сандарды үйретуге сол сандардың түзілу заңдылығына, бірліктерден түратынына олардың натурал қатардағы орындарын ажыратуға, осы сандарды көрсететін заттардың негізгі топтарын атай білуге және кейбір санға байланысты заттардың санын анықтауға немесе белгілі бір заттан құрауға көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ балаларды 1, 2, 3, 4, 5, 10, 15, 20 тиындық монеталар жиынтығымен және оларды үқсатумен таныстыру көзделінеді. Бұл жұмыстар сабақ кезінде көрнекі түрде түсіндіріледі. Мұғалім сабақ үстінде балаларды өздігінен жұмыс істеу дағдыларына жаттықтырады. (Мысалы, заттарды тең бөліктерге бөлу: алманы, қағазды, нанды т.б.) Ол бөліктерді атау, "екіден бір", "үштен бір" т.б. Осы атаулардың мәні түсіндіріледі.
Сондықтан оларға берілетін білімнің мазмұнында автоматты түрде орындау дәрежесіне жеткізілген есептеу дағдыларын, балаларға саналы түрде, әрі берік қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылды. Балаларға берілетін білімнің мазмұнында негізгі көзделген принциптердің бірі, әрбір жаңа мәселені жоғары дәрежеде жалпылау тұрғысынан түсіндіру. Алайда ол 6 жастағы балалардың шама - шарқынан асып кетпейтіндей көлемде қарастырылуы керек.
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастыру сабақтарында ауыз әдебиеті нұсқауларын - санамақтарды қазақ балалар жазушыларының ойынға, санамаққа лайықты еңбектерін пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |