Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»



жүктеу 0,52 Mb.
бет1/2
Дата10.02.2018
өлшемі0,52 Mb.
#9337
  1   2


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдау білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, интерактивті тақта, қанатты сөздер жазылған плакаттар.

Жоспары:

I.Кіріспе. (Амандасу, топтармен таныстыру, сұрақ – жауап.)

II.Негізгі бөлім.

1. «Миға шабуыл»-Ой-қозғау.

2.Презентация «Менің сүйікті мамандығым»(Үй тапсырмасы)



3.Ойын: «Мамандықтың бәрі жақсы»(Интеллектуалдық ойын)

4.Көрініс (Мамандықтар туралы күлкілі жағдаяттар)

5.Капитандар сайысы «Қай мамандық?» (пантомима)

III.Қорытынды.

1.Бағалау.



2.Рефлексия.

Барысы: I.Кіріспе.

-Құрметті қонақтар, оқушылар, әріптестер! Бүгінгі біздің «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сабағымызды бастамас бұрын топтармен танысайық. Сөз бірінші топқа беріледі.(Әр топ өзімен таныстырып өтеді.)

-Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, мамандық дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

-Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан, - деп Абай атамыз айтқандай, өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әрқайсыңның арманың.

Сендердің таңдауларың да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.



II.Негізгі бөлім.-Ендеше, балалар, сынып сағатының негізгі бөліміне көшеміз.

1-кезең-«Миға шабуыл».-Ой-қозғау.Әр топқа конверт беріледі. Тапсырма: мамандықтарды классификациялау (топтау) . Уақыт- 3 минут.
Карточка №1, (әр топқа беріледі):

«Адам-табиғат»

Қандай объектілермен жұмыс істейді: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер.






«Адам – техника»

Қандай объектілермен жұмыс істейді: техникалықобъектілер (машиналар, механизмдер), материалдар, энергия түрлерімен.




«Адам-адам»

Қандай объектілермен жұмыс істейді: адамдар.





«Адам-компьютер»

Қандай объектілермен жұмыс істейді: шартты белгілер, цифрлар, кодтар, нағыз немесе жасанды тілдер.




«Адам-көркем образ»

Қандай объектілермен жұмыс істейді: көркем образ, образды жасау тәсілдері.







(Мамандықтар атаулары , №1тапсырмаға )

кинолог, ветеринар,зоотехник, агроном, гүл өсіруші,химия-бактериологиялық сараптаманың лаборанты,инженер-механик,сәулетші,электромонтажшы,радиомеханик,құрылысшы,компьютер жинақтаушы, телекоммуникация маманыдәрігер,мұғалім, психолог,шаштараз,экскурсия ұйымдастырушы, менеджер, көркем жетекші,аударушы, экономист, инженер,топограф, хатшы, программист, артист, актёр,суретші, музыкант,дизайнер, мүсінші, журналист.



2-кезең. Біздің сайыскерлерге үй тапсырмасы берілген. «Менің сүйікті мамандығым» презентациясын дайындау. Балалар, сендерге сөз береміз. 1-2 минут уақыттарың бар.

3-кезең.«Мамандықтың бәрі жақсы» - интеллектуалдық ойыны.(Презентация арқылы )



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау