3-4 I. Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы


II. Оқу тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшілерінің рөлі



жүктеу 320,5 Kb.
бет3/3
Дата20.11.2018
өлшемі320,5 Kb.
#22113
1   2   3

II. Оқу тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшілерінің рөлі

Ежелгі заманның бірінге дейінгі қоғамдық заңдылықтарын сүйене отыра Қазақстан жаңайындағы педагогикалық ойлардың, қатынасу тарихын шартты түрде төменгі кезеңдегі бөліп қарастыруға болады.



Бірінші кезең - педагогикалық ой-пікірлердің ішкі бұлақ бастаулары, яғни ҮІ-ҮІІ ғасырлардан бергі қазіргі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ сананың алған дүниеге келу кезеңі.

Екінші кезең - ілкі орта ғасырлар заманнан бастап, Қазақстан


Ресей қол астына кіру процесі аяқгалғанға дейінгі
демократиялылығы басым тәлімдік ой пікір кезеңі.

Үшінші кезең - ұлттық педагогикалық ой пікірлердің кеңес үкіметі жылдарында дамуы. Өткен дәуірлерде педагогикалық ілімдердің тарихын ақыл үйренудің екі жақты принципті мәні бар. Біріншіден педагогикалық мәдениетінің құрамда бөліге болып табылатын халықтың педагогикалық ойлауының түп төркіліп қадағалап түсінуде; екінші өткеніннің тәрбие дәстүрін меңгеру арқылы педагогикалық танымымыздың терендігіне түсуде.

Құлпы тастағы жазулар Білге қаған тарихына (683-734 ж.ж.) 731-ші жыл ұйғыр сатысында алған Күлтегін (685-731 ж.ж.) оқиғасына арналған. Тоныкөк жазуын 750-ші жылдар шамасында Еменгі өзенінің бойына Амина тайпасынан шыққан Тоныкөк орнатқан. Педагогикалық тұрғыдан келгенде Орхуан ескерткіштеріндегі тәлімдік идеяларды оқып үйренудің жастардың өз халқына, жеріне, тіліне көз қарасын, азат өмір сүру құқын сезіне білу деңгейін қалыптастырудағы мәні ерекше.

Ақыл ой тәрбиесі

Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін, дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет.: Өйткені қоғамның дамуы еңбекпен ғылымның ұштаса өрістеумен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық-ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.

Ақыл ой тәрбиесі жемісі жүрекпен терең сезіну, біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығулардың жемісі.

Ақыл — ой тәрбиесі, көріп — білу, жүрекпен терең сезіну тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі.

Көрген білгенді ой елегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу, ынта жігерді, күшті қажыр-қайрат пен талапты керек етеді. "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" — деп тектен — текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп өнерлі азаматтарға жиын — тойларды төрден орып беріп, қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді, қол бастаған батырмен пара — пар қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.

Жастарға ақыл — ой тәрбиесін беруде, ой санасын өрістеуде, ауыз әдебиетінің айтыс жаныры, оның ішінде әсіресе жұмбақ, айтысы ерекше рол атқарған қазақ халқының әдет - ғұрпынан, салт — санасынан туған ойын — сауық кештерінде өлең - жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, сөйтіп, жинаған жұртты күлдіру, жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған.

Жастар ән шырқап, күй шерттісіп, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, өнер сайысына түскен.

Ізгілік пен адамгершілік.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен


қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады, жақсылық пен жамандық , зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез - құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Еліне қайрымды, бойындағы бар қасиетіне халыққа жақсылық жасауға арналған адамды "Ел қамын жеген - ер" — деп дәріптеген. "жақсының жаттығы жоқ", "Жақсы — ай мен күндей", әлемге бірдей "Жақсы туса — елдің ырысы", "Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылық лепісін ала келді десеңші" деген нақылдар жақсы адамның халық қашып ойнайтын абзал азамат екенін дәлелдейді. Халық мақалдарының жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, жақсының жақсылығын, халыққа тигізіп пайдасын паш етеді. Оның : "Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді" , "Жақсыдан әкім қойсаң елді түзетер, жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер" — деген мақал — мәтелдерден байқауымызға болады. Халық шығармаларында дос пен қасты ажырата білуге меңзейді. "Досың мен дос болғанға шаттан, дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан", "Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас" — дейді. Мал үшін алдамшы дос болушыларды "жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас", "есептескен ел болмас" — деп олардың опасыздығынан сақтандырады. Көп адамда кездесетін кесапаттық - малға, басқа масаттану өз тәжірибесінде көп көрген халық : "Малым бар деп - мақтанба, боран соқса қайтесің? Басым бар деп мақтанба, ажал соқса қайтесің"? деп кеңес береді.

Сыр мен сымбат.



"Отан отбасынан басталады" — дегендей, балаға имандылық , ар ождан уағызы қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. "Адамның сөзі — ауылдың көзі" деп қарау, атаның өнегені ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мей күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік ұстамдылық өнерді үйрету, ананың әлдиі, әженің бесік жыры — бәрі тәрбиенің тағлымдары. Бұл тағлымдар бата беру, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, ат ұстау, сәлем беру, қазан ұстау, табақ тарту сияқты ұлттық салт дәстүрлер арқылы отбасында насихатталып келеді.

Халықтық тәрбие педагогикалық құбылыс.

Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сәйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте қарапайым түрде болса да олардың педагогика ғылымында негізделуінен көп бұрын. Халықтық ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиешілік мәнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи қағидаларға арналған ауызша халықтың шығармашылықтың өзі халықтың азаттық қозғалысы тарихтың өзіндік және қарапайым түрде бейнелеп және келеме рухани адамгершіліктік тұрғыда қалыптасуына ықпал жасатынын ұмытпау керек. Халықтың педагогикалық әлеуметтік бағыттылығы әюіресе көне жазба ескерткіштерде мақал мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар сенімді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегімен тарихи дамуын генетикалық тұрғыда қарастыру халық педагогикасый тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, және оның демократиялық сиаптына назар аударады.

Әрине этнопедагогика тарихындағы ертедегі қазақстандықтардың еңбекші тәрбиелеу дәстүрлермен кәсіпке үәретушілік ойындар мен өмір салттары терең із қалдырады. Демек педагогикалық мәдениеттің бастау көздерінің тәрбие процесінің өзіне ғана емес, халықтық бағыт бағдардан, әрекетгерден, шығармашылықтардан іздеу керек. Халық тұрғызған әсемдік бұл рухани әлемнің, әсемдік, сонымен бір -мезгілде мәдениеттің тамаша жетістіктерінің куәсі. Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес сондай-ақ тәрбиешілер мен асардың өшпес мұралары арқылы да пікір айтуға тура келеді. Осындай педагогика ғылымына қисындаса жуықтап келген халық педагогтары барлық кезендерде, барлық халықтарда да болады. Олар кейін пайда болып дамыған халықтың негізіндегі демократиялық педагогикалық жүйеге жағымда жағдай туғызады. Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзқарастарын оқып үйретуге көп көңіл бөлді. Тәрбиенің халықтығы табиғат дамытты. Халық педагогикасынан халық даналылығының бейнелеуі ретінде пайдаланады.

Ғалымдар ақындар, өнер иелері философтар педагогикалық идеяларын таңдау тәрбиенің гуманистік халықтық идеялар, олардың адам тәрбиесі трактаттарында кеңінен қолданылғанын көрсетеді. Әл-Фарабидің "Музыкалық үлкен кітабында" халықтық музыкадан үлгілер ұсынылса, Махмут Қашқаридың аттты еңбегінде халықтық тәрбие тәжірибесімен мысалдар мол. Асан қайсы, Қаз туған, Жиенбетті халыққа сүйспеншілік, оның тағдыры мен мәдениетіне - жалайырлық қарым-қатына байланыстырады. Қызмет бабтары бойынша олар бір-біріне өте ұқсаған. Асан қайғы өзінің қазақ қоғамдық қалың ортасына енгізген көптеген рухани тарихи оқиғалардың куәгері болуы,. оның жарқын болашаққа ұмтылысында көмектесу тілегімен анықталады.

Дүниеге сеніммен қараушы көрнекті қайраткер айтқан "Ата жұрты Бұхара өз қолында болмас, қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп"- деген өнеге сөздердің қазірде тәрбиелік маңызы үлкен. Мұнымен өте ұқсас ойларды бір Қазтуған шығармаларынан да табамыз. Тұлғаның рухани байлылығында бастау ақын пікірінше, ол өз халқының рухани қазынасы, отанға әсері білдіреді

"Кіндігімді кескен жұрт, кір қолымды жуған жұрт, қарағайдан садақ тудырып, Қылшалымды соры оққа толтырып, жолға сақтау болған жұрт".

Халықтың ақындары мен жыраулары үшін жетекші қоғамда болып табылады. Олар халық педагогикасын терең білімді және оны ардақ тұтады. Педагогикалық мәдениет жайын талдағанда қашан да нәрлі орта пайда болуы, дамиды және, гүлденуде қолайлы жағдай туғызған халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет қайраткерінің жеке шығармашылығы. Оған халық және адамзат жеңіп алған жетістіктер негізінде дамиды.

Кез келген педагог данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығым, оның рухини қазынасының терңіне мейлінше байлау қабілетімен өлшенеді. Творчества күшті халықтың оның өмірінен халықтық шығармашылықган педагогикалық тәжірибеден жинақталған осындай көрнекті тұлғалардың бірі - Шоқан Уалиханов. Ол өзінің педагогикалық қызметінің халық аузына шығармашылығы туындыларын жинаудан бастады. Халық білім беру үшін ең алды мен рухани түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметінде Ы.Алтынсарин осы ереже басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармашылығы халықтық салттардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге, олардың тәрбиелі мәнін анықтауға арналған.

Халық педагогтары, патриоттар әрекеттерінде ортақтық мол. Халықтық педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметімен идеялары аумағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттары жайлы, ойлары халықтық, талаптары, халықтың.; көптеген шығармалары, мазмұны, халықтың. Халық мақал-мәтелдерін ол өзіне терең, сипаттауда керек етпейтін қағида ретінде пайдаланылады. Оларды өз ойларына дәлелдеушілер табылады халықтық педагогиканы тәрбие жайлы ғылыми білімдерімен қисындап жинақтауға педагог ғалымдар бірдей келген жоқ. Біреулер үшін халықтың педагогика бастапқы ой болса басқалары үшін алғашқы негіз адамзат педагогикалық жетістіктерін меңгеруге болады. Көрнекті қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов халықтың -. педагогикалық тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берді. Халықтық педагогика тәрбие жайлы ғалымда байыптауға белгілі бір жағдайларда, оның негізгі бір қызметін атқара алады деп саналады.

Мыңдаған және жүздеген жылдар бұрын пайда болған халықтық педагогикалық ескерткіштерде оқыту мен тәрбиёлеудің бір жолдары мен тәсілдері тіпті өте қарапайым тұжырымдалған болса да педагогикалық талаптар бар. Оларда халықтық педагогикалық мәдениетінің көптеген тұстары: балаларды еңбеккбе дағдыландыру, балалар ортасының "Моральдік кодексі": жастардың эстетикалық идеялары, басты ұғым тәрбие халықтың түсінік тәртіпке үйрету әдістері және т.б. сақталған.

Жазба, ескерткіш

Тәрбиенің мәңгілігі, қажеттілігі, қасиеттілігі жайлы ой түркі жазбалылық ертедегі ескерткіштермен дәлелденеді. Бұл түрғыда ерекше қызығушылық туғызатындары және үлгі боларлықтай әсіресе Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ) Мұнда халық педагогикасының күнделігі және көп қырлылығымен бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік еңбекті, құрметтеу жаудың алдында қаймықтау, білуге құмарлық, қарттармен үлкеңдерге қайырымды және сыпайы қарым-қатынас және т.б. ойлар айтылады.

Түркілер адақгайтын моральдық құндылықтардың ішінде отанға сүйіспеншілік ерекше алға шығады. Мәселен Тоны көк өмірі мен қызметі бұл халықтың патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты туған халықтық ерлік дәстүрінде тәрбиелеуге шақыралды. Ол үшін халық пен отан даңқы бәрінен жоғары. Бүкіл түркі халқының қарулы жау келтірмедім, атты әскерін жолатпадым.

Орхон ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтарда баршылық. Бұл болашақ батырлардың жас кезеңдерінде сипаттама достар мен жаулардың мінез құлықтың-бағалауға ұмтылыстар. Халық мүдделі сапалардың тұлға бойында болу үшін асық тиімді ықпал ету шарттарын қарастыру мінез құлықтың. Отанға қызмететудің үйрете отыра, жоғары мақсаттарға бағыттау.

Халыққа адам жөнінде оның шығу тегімен тәрбиеші бойынша ата-анасы мен тәрбиешілері бойынша пікір айту әдеті бұрыннан белгілі. Адамгершілік — ол, жақсы істер жасай білу, ал жақсы іске бастайтындар, қалай істеу керек екенін білетіндер. Мінез құлық білумен мінез құлық арасын жалғастыратын буын -тәрбие тыңдай етіп ұйымдастыруы керек.
2.1. Мұғалім мектепке балаға, тәлім-тәрбие берудің негізі тұлғасы. Адамның болмысқа, отанға, еңбекке және адамдарға негізгі қатынастарын қалыптастыру - негізгі тәрбиелік міндет, ал осы қатынастардың қалыптасқандығы адамның адамгершілік: тәрбиелілігін аса маңызды көрсеткіші адамның жекелеген негізгі қабілеттерін мүдделері мен қырларын зерттеу кәсіптік кеңестік арналуы мақсаты белгілі бір топтың сәйкес мүшелерін ірікгеп алу, топтағы басшылық рөль ұсыну және т.б. үшін өте маңызды. Ал адмның қатынасының өзі бұл бір тұтас құрылымын адамның сезімдері мен білімін, және практикалық тәжірибесінің қорытпасы ғой. Қатынастар жеке элемент түрде емес, тұтас комплекс тұрғысында қалыптасады. Еңбек сүйгіштікке немесе адамды силауға, жауапкершіліг сезімі немесе қоллективімізге жекё адамныңбүкіл болмысын қалыптастырудан тыс тәрбиелеуге болмайды.

Жақсы тәрбиеші баланы жеке бас ретінде қалыптастыру жөніндегі жұмысын қандай нақты міндетпен басын, оның. жұмысының жемісі баланың жеке басының барша жағы болып табылады.

Егер мұғалім өзінің тәрбиелік іс - әрекетінде не адамгершілік үлгілерін көрсетумен шектелсе, не балалардың баға беру пайымы мен дамыту немесе кейбір моральдық ұғымдарды меңгеру үстінде, бұларды балалардың практикалық іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырыспай жұмыс жүргізсе, ал оқушылардың адамгершілік тәрбиелілігінің үш негізгі жағынан қынжыларлық "келіспеушілігіне" кездесуі. Жала алдаудың қандай да жаман екенін жақсы біледі және әдеби кейіпкердің ісінде оны сипаттайды, бірақ өзі "тығыл — таянда", әрекеттің осы. түріне молынан жүгінеді. Немесе оқушы өз тәрбиесінің жолында басқа кісілерге сыпайы сөйлуге әдеттенген. Бұл әдетке мұғалім жаттықтырған, алайда оның әдетке айналуы оқушының адамдар жайлы білетінін толықтыру мен адамдарға эмоциялық бағалау қатынасының дамуы мен ұштаспаған. Сол себепті үйретілмеген әдет "тұрақтылық" мәнге және ситуациялық сипатқа ие. Тәрбиесі жоқ сәбиге жаңа әдеттен тыс жағдайларда оқушы бұл әдеттен тез айырылады себебі ол оқушыдан адамдарға шынайы гуманисттік қатынастың қалыптасуымен ұштаспаған. Бастауыш мектеп оқушыларымен жас өспірімдерде жалпы олардың мінез-құлық ережелері жөнінде білетіндері, ненің қажетті және маңыздылығын түсінулерімен олардың күнделікгі өмірде әртүрлі адамдар мен әртүрлі жағдайларда кездесулерде өз бетінше әрекет жасау арасында кейбір қайшылықтар жиі ұшырайды.

Өсіп келе жатқан адамды жеке бас ретінде тәрбиелеп шығару аса қиын, бәлкім ең күрделі міндет. Бұл міндетті бөліктер "жеке элементтері" бойынша шешуге болмайды. Дамудың әрбір жағы, әрбір қыры оның өзге қырлары, жақтарымен өзгеше қайталаусыз кірігіп байланысқан, өзектесіп кеткен. Ал осы біртүгас әлі пісіп — жетпеген жеке бас тұлғасын біртұтас бүгін ретінде қалыптастыру қажет.

Осындай позицияны қалыптастыру адамгершілік тәрбие беру ісінің міндеті. Бұл аса қиын табысты шешу үшін математикалық есептеулер мен формаларды пайдалануға болмайды. Әрбір индивидтің өзгешелігі оның өмір — баянының, баланың өз өмірінде түрлі адамдармен қалыптасқан арақатынастардың ерекшеліктері бүгінгі таңда психология ашқан балалардың психологиялық дамуының жалпы зандылықтарына шексіз түзетулерді қажет етеді.

К.Д.Ушинскийдің ұстаздарғд қаратып айтқан мына сөздері емес өшпес із қалдырды. "Біз педагогтарға былай не басқаша істеңдер демейміз бірақ оларға өздерің меңгергілерің келгең психикалық құбылыстардың зандарын зерттеулерде осы заңдарға сәйкес және оларды қодданғыларың келген жағдайларға орай іс -қимыл жасаңдар" дейміз.

Мұғалімнің әрбір тәрбиелеушісінің болашақ тағдырына


терең жан ашырлығы, өзінің мемлекет өмірі мен гүлдену оның
әрбір азаматының даму дәрежесімен өнегелі тәрбиелілігіне
байланысты орасан зор жауапкерщілігін сезіну мұғалімнің ойын,
күш қуатын, ісін ең алдымен психология ғылымы игерген
жаңалықтарды меңгеруге бағытталуы тиіс.

Кәсіптік бағдар беру — шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық педагогикалық, дәрілік — физиологиялық, ал әрекеттің аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Осымен қатар кәсіптік бағдар беру жүйесі қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы болып табылады.

Ғылымның түрлі салаларының өкілдері бұл ұғымды әртүрлі анықтайды. Педагогика ғылымының өкіддері кәсіптік бағдар беру қоғамның әлеуметті — экономикалық қажеттігіне оқушының кәсіптік мұратына, бейімділігіне, қабілеттілігіне, психикалық және күш қуатына сай мамандықты дұрыс тандап алудағы мектептің педагогикалық ұжымы, үйелмен кәсіптік оқу орындары, ұжымдары, өндірістік ұжымдар, жұртшылықтың іс -әрекеттері деп түсінеді. Техникалық прогрестің жеделдігіне білім берудің үздіксіздігіне , ақпараттық хабарлардың дамуына, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты кәсіптік бағдар беруді адам тұлғасының өз брекшеліктерін пайдалануға, өмір жағдайларының өзгеруі барысында өзі үшін оқу және еңбектің іс - әрекет ауқымын тандап алуға мүмкіндік жасауды түсіну керек, қысқаша айтқанда, бір жағынан қоғамға пайдалы болу, екіншіден өзінің жеке ұмтылыстарына жету.

Педагогикалық әдебиеттерде осыларға ұқсас кәсіптік бағдар берудің басқа да анықтамалары бар. Олардың мәні жас ұрпаққа мамаңдық таңдап алуға көмек берудегі мақсатты іс - әрекетке тіреледі. Мектеп педагогикасы тұрғысынан қарағанда кәсіптік бағдар беру кең өрісті жалпы, палитехникалық және еңбекке дайындау кезінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажетіліктерді есепке ала отырып дер кезінде еңбектің іс - әрекеттің түрлері мен таныстыруға яғни бағытталған мектептің оқу тәрбие процесшің кұрамды бөлігі деуіміз керек. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының орталығы жалпы, политехникалық білім беретін орта мектеп.



2.2. Оқу іс - әрекеті және оның пайда болуы.

Оқытудың мазмұны ең алдымен белгілі сыныптың оқу жоспарына кіргізілген балалардың әрбір оқу пәндері бойынша меңгеруге тиісті білімдерден тұрады. Бұл білімнің көлемі, олардың сипаты, алу жүйелілігі, мемлекетгік доқумент оқу жоспарларында белгіленген. Бұл білім әрбір оқу пәнінің, математиканың, орыс тілінің, табиғаттанудың және т.б. бағдарламалық мазмұнын құрайды.

Білім баланың өмірді тануы я тікелей оның сезімдік қабылдауы арқылы болмаса аралық жолмен , яғни ересек адамдар, сонымен бірге кітаптардың авторлары да бар. Жекелеген


заттарда немесе құбылыстарды сөзбен бейнелеу арқылы жүзеге
асырылады. Қоршаған ортаны адамның тану нәтижесі білім
бодып табылады. Ол үш түрлі формада өмір сүреді:

а) елестету түріне, яғни қабылдаған заттар мен
құбылыстардың көп немесе аз көлемінде жинақгалған бейнелері
түрінде.

ә) түйсік түрінде, яғни жалпы мәнді белгілерге ие болатын заттар мен құбылыстардың бір тобы туралы жинақгалған білімдер түрінде.



б) бірдеңе туралы мәліметтер туралы хабарлар түрінде.
Соңғылары бейнелі формаға емес және аға ұрпақтың жинақгаған
тәжірибесінің нәтижесін құрайтын әрбір білім ретінде басқаларға"
кейбір адамдардың сөзімен жеткізіледі.

Мектеп оқушысының оқу, ісінің процесінде білімнің жетілуі төмендегідей бағыттары бойынша жүреді:

A) оқушы меңгеретін елестетушілердің, түсініктердің мәліметтердің көлемі өседі. Олар оқушының жеке - дара


тәжірибесін құрайды.

Ә) білім анағұрлым диференцияланған және дәл бола түседі. Біріккен аз бөлшектенген түсініктер мен бейнелердің оқушы дәлірек білім мен ұқсас білімдерді айыра білуге көшеді.

Б) білім тереңірек бола түседі. Қимыл үстіртін бейнелеуде тек құбылыстың өзін тануда оның мәнін ашуға, бұл құбылыстардың заңдары мен заңдылықтарын ашуға бағытталады.

B) осыған байланысты білім анағұрлым жинақы және сапалы сипатқа ие болады, демек , берікте дәлелдене түседі.

Г) білім категорияға , жүйелерге бірігеді. Олар байланыстырушы болып піығады және бөлшектеген қатардан жүйелі құрылған "текке" айналады. (И. Сеченев).

Д) Білім жылдамдық пен икемділікке ие болады. Олар субъектінің өзі басқара алатындай болады.

- Жоғарғы көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша білімді меңгеруге оқушы ұмтылуы үшін, олармен ол әрқилы әрекеттер жасаулары керек. Соуъшен білімді дифференциялау, анықтай, түсу жұмыстары: оқушыдан қимыл бағытының көлемін немесе білімнің жинақгалған категорияға айналдыруға қарағанда,. басқа мазмұнда, басқа бағытта жүргізуін талап етеді. Жаңа программалардың елеулі өзгерісі балаларға мектепте оқытудың алғашқы күндерінен бастап ақ берілетін категориялық білім деңгейінің едәуір жоғарлағандығы болып табылады. Төмендегі сыныптардың бағдарламасында мұндай әртүрлі ғылыми түсініктермен тиісті терминдерді ерте енгізуі төмендегідей теориялық және экспериментпен дәлелденген жағдайлар негізіне алынады.

Балалар мазмұны, құрылымы мен құрамы әр түрлі сөздермен жұмыс істегенде, оларға ә түрлі амалдар қолданғанда, әртүрлі ұғымының өздеріне белгілі мәнді белгілене сүйене отырып, кез келген сөзден оның түбірін, жағалауын немесе қосымшадан таба білуді үйренсе, олар оны шын мәніндегі грамматикалық ұғым ретінде меңгере бастайды.

Мәселен: сөздің түбірін мәнді белгілер оқушы үшін "дабылдық маңыз" алады. (Т.Г Рамзаева). Бұл түбірлес сөздерге қолданылатын түрліше амалдарында, сөздің кұрамын анықтауда және оны жазу негізінде ол нақ осы белгілерді бағдарға алады. Белгілі бір мазмұнның ғылыми белгілену, яғни нақты оқу пәнінің өзіне ерекше тән ұғымның формасы болып табылатын терминнің сөздің енгізілуі қорытындылауға оңай көшудіғана емес сонымен бірге тиісті ғылыми білімдердің негізі болып табылады. Мәнді белгілерді саралауды қамтамасыз етеді. Ұғынылатын мазмұнды игеру жөніндегі үнемі атқарылатын ой жұмысы оқушылардың жалпы ой - өрісінің дамуына, әсіресе логиқалық ойлауының әртүрлі опперацияларының дереу әсерін тигізді.



Байланыстар бастауыш сынып оқушыларын жаңа бағдарламалар бойынша оқытудың мазмұнындағы екінші бір жаңалық байланыстар жөнінде жұмыс істеу болып отыр. Бағдарламалардың авторлары балалардың білім беру жинақтылығын емес ең болмағанда қарапайым болса да жүйесін алуды көздеді. Мұның мәнісі балалардың таным объектілері шындық болмыстық жекелеген фактілері немесе құбылыстары ғана болмай, сонымен бірге, шындық болмысты әртүрлі оқу пәндерінде сипатталатын кұбылыстар арасында болатын байланыстар, тәуелділіктер, қатынастар болуға тиіс, сондайақ бұл құбылыстардың әрқайсысының ішіндегі — оның жақтары, беліктері, элементтері арасындағы байланыстар болуға тиіс деген сөз. Оқушының маңызды байланыстарды ұғыну арқасында олардың меңгеретін бүкіл материал бөліктері кейде өзгермелі болғанымен қажетті тәуелділіктер арқылы байланысқан тұтас логикалық материал болып шығады. Құбылыстардың өздерінің мәнді — мәнді ерекшеліктері осындай байланыстарды аңғарту арқылы барып ашылады ғой.

Бастауш мектеп оқушысының оқу қызметіндегі іс -әрекеттің ролі. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу қызметінде оларды механиқалық тұрғыда жаттықтырудан игерілуге тиісті материал жөніндегі сан алуан іскерлікті, ол жөніндегі іс -әрекеттің әдістері мен тәсілдерін игеруге баса көңіл қою. Мектеп оқушысының бүкіл оқу қызметіндегі іс - әрекеттің функциясы мен оқу қызметінің құрылымын схемалық түрде елестететін болсақ, балаларға жаңа білімдерді, жаңа әріп белгісін жаңа ұғымды және тіпті ережені хабарлаудың алдында әдетте, оқушылар қажетті жаттығуларды орындайтын еді. Бұл жаттығуларды мұғалім балалар білген анықтамаларды немесе ережелерді тианақтау мақсаты мен енгізген. Оқытудың жаңа жүйесінде оқушылардың игерілуге тиісті материалы жөніндегі іс -әрекеттерді жаңа ұғымды ережені енгізудің, мәнді белгілі ажыратудың аддында болады. Нақ сол мәнді — мәнді белгілерді қадалуда оларды танып білу жөніндегі жаттығуларда, тұрпаты мен мазмұны әртүрлі жаңа есептерді шығаруда, алынатын нәтижелердің өзгеруін қадағалауда балаларда іс жүзіндегі білімдер жинақгалады.

Мұғалімнің методиканың жаңа теориялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын тиісті проблемалық іс - әрекеттердің нақпа — нақ бағытталғандығы арқасында балалар бірқатар заңдарды ашуға, мәселен, "қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосынды өзгермейтініне", "қосындыдан бір қосынды бір санды үш түрлі әдіспен алуға болатынын", "әр маусымда табиғатта болатын өзгерістердің бәрі күннің бір орында тұрмауының салдары болып табылатынына" және т.с. өздері келеді.

Қорытынды

Қорыта айтқанда жақсы адам, жақсы тәрбиешілер бұл халық үшін қарапайым заңдылық. Тұлғаның ішкі мүмкіндіктері оның өздігін және өзінің мінез-құлқы үшін жауапкершілігін мойындауда осында.

Халық өзінің педагогикалық түсініктеріне сай бүкіл білімдері мен шеберліктерін, әдет - ғұрыптары мен дәстүрлерін мүмкін болған жағдайда балалар тәрбиесі ісіңде пайдалануға ұмтылды. Орхон ескерткіштері түркі халқы рухани өмірінің шоғырланған жиынтық бейнесі бола отырса аса зор педагогикалық жүктем атқарады, ол тәрбиелік идеяларға аса бай, онда білімдік материалдар айтарлықгай, ол халыққа сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастырады.

Халықтық педагогикалық, кұбылыстарға зерттеушілер ресми педагогикамен халық педагогикасының бірін — бірі толықтыратын, кеңейтіп отыратын өз — ара ықпалы мен шаттастығын дәлелді ашып түсіндіреді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері білдіретін саяси, құқықтық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастардың ықпалы қашанда сезіліп отырса, халық педагогикасы бұл ықпалға ұшырағанмен тұтас алғанда халықтың ойы мен мүддесін ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдіреді.



Ертедегі түркілер педагогикалық ой — пікірлерін талдау, алғашқы педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халық педагогикалық мәдениетінің ықпалымен болғанын көрсетеді. Сынып оқушылары қай жағынан болса да уайымшыл екенін және еңбекқор, сонымен қатар алдағы уақытта алдарына үлкен мақсаттарға жетуге талаптанып жатуы ол сынып жетекшісінің еңбегі. Оқушылар өздерінің білім беріп жатқан ұстаздарын мақтан тұтуы мұғалім мерейін асырады. Бастауыпг сыныптағы оқушылардан болашаққа білімді ел басқаратын азаматтар шығады деп ойлаған. Оқушылар отанына адал қызмет көрсетіп елімізді түрлі қиыншылықтардан алып шығатынына сенемін. Аллаһ осы білім беріп жатқандардың, яғни ұстаздардың тілектерін қабыл алып, армандарына жетуіне тілектеспін. Ұстаз деген ардақты атты кірлетпей адал білім беріп қабілетті шәкірт тәрбиелейміз дегі ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.А. «Қазақстан 2030» Алматы -1997ж.




  1. Бастауыш мектеп -Тәрбиенің қайнар көзі педагогикасы №3 2000




  1. Бастауыш мектеп -Ұлттық өсиеттер мен даналық сөздер №8 -9
    1999ж




  1. Болашақ-Халық педагогикасы-тәрбие өзегі №6 2000ж




  1. Болашақ -Халық педагогикасын оқыту -тәрбиелік үрдісіндегі
    орны №9 2000ж




  1. Мектепке дейінгі педагогика -А Меңжанова 1994ж




  1. Қоянбаев Б «Педагогика» Астана -1998ж




  1. Толыбаев К «Бабадан қалған бар байлық » Алматы 2000ж 53 бет




  1. А Құнанбаев «Назидания» Алматы Жалын -1983




  1. «Қазақ ойшылықтарының педагогикалық Антологиясы.»
    Жарықбаев К.Б, Тәжібаев К. Б, Алматы 1996ж




  1. Аймауытов Ж. «Тәрбиеге жетекші» Алматы Қазақстан -1996ж




  1. Садыров М. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық
    дайындығын жетілдіру» Алматы 1999ж




  1. Бабанский Ю. К. «Педагогика» М провенсия 1983




  1. Ахметова А, «Педагогикалық технологиялар» (әдістемелік
    нұсқаулар) Шымкент 2006ж

  2. М Жумабаев «Педагогика» Алматы «Ана тілі »-1992ж




  1. Серғазы Қалиұлы «Этнопедагогика» Алматы 2001ж




  1. С.Қалиев «Обычай традиции» Алматы 2000ж.




  1. М Қожахметова «Адам купия» Алматы 1997




  1. Балиев Қ «Болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау»
    Алматы : Нұралы Әлем 1998-200 бет




  1. Қалиев С «Қазақтың халықтың тәлім-тәрбиесінің ғылым-
    педагогикалық негіздері» пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы:
    1996-66 бет




  1. Ұзақбаев С.А. «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие:»
    пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы: 1993-46 бет




  1. Тілеубаева Р.К. «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие»
    пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы: 1993-34 бет



жүктеу 320,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау