3-4 I. Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы


Бастауыш сынып жетекшілерінің атқаратын қызметтері



жүктеу 320,5 Kb.
бет2/3
Дата20.11.2018
өлшемі320,5 Kb.
#22113
1   2   3

1.2. Бастауыш сынып жетекшілерінің атқаратын қызметтері

Қазақстан Республикамыздың "Білім туралы" Заңды мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыру сынып жетекшісіне жүктңді.

Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Осы себеппен педагогтардың да ой-пікірі, жан-жаққа бөлінуде.



Республикамыздың бірқатар мектептерінде тәжірибеде ретінде сынып жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерінің әртүрлілігі жүзеге асырылуда. Жоғары мектептерде жекелеген сыныптарда өзін-өзі басқарудың дамығандығы соншалықты. Тіпті оқушылардың бастауыш ұжымы жұмысын сынып жетекшісіз-ақ құруға мүмкіндік береді. Сірә, сынып жетекшісі жұмысының әртүрлілігі мәселені тікелей нақтылы мектептер мен сыныптарда шешу керек болар. Кейбір жерлерде, мүмкін, тәрбие процесін сынып жетекшісіз ұйымдастыру да орынды шығар.

Республикамыздың педагогикалық жылдарының және басым көпшілігінің пікірі бойынша бүгінгі күні сынып жетекшісін мектеп өмірінен алып тастау өзін-өзі бастауыш жетекшісінің біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген білім екендігі даусыз.

Ережеге сәйкес, сынып жетекшілікке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі мектеп директорының жарлығымен тағайындалады. Ол тәрбие жұмысын өзіне сеніп тапсырған сынып ұжымымен, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушыларының қоғамдық ұйымдары, олардың ата-аналарымен, мектептен тыс мекемелермен, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске асыруға бар күш-жігерін жұмсайды.

Демократиялық мектеп өзінің назарынан адамның мінез-құлқын, қабілетін, тіршілік әрекеттерін тыс қалдырмауға тырысады.Сондықган тәрбиенің мақсатын белгілеуші тек қана мемлекет емес, сонымен қатар баланың рухани, ұлттық дамуын қалайтын ең жақын адамдары, ата- аналар, мұғалімдер, қоғамдық күштер. Осы тұрғыдан алатын болсақ, біздің жеткіншектеріміздің денсаулығын, адамгершілік табиғи қабілетін (ақыл-ой, еңбек, көркемдік, коммуникативтік) дамыту, жетілдіру бірінші кезектегі істер. Себебеі осы қасиеттер арқылы ғасырлар бойы жинақгаған мәдени мұра атадан балаға жетіп отыр. Сондықтан, осы 3 ірі блоктар арқылы әрбір тәрбиешінің міндеттерін белгілеуге болатын сияқты. Тәрбиеші бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызу керек: қолайлы әс әрекеттер ұйымдастыру арқылы ( оқу, өнімді еңбек, бос уақыт), қатынас арқылы (өнер, ақпарат, құралдары, т.б.), күнделікті тұрмыс арқылы. Өзгеше айтқанда, іс-әрекет, қатынас, тұрмыс қалпы тәрбиенің басты кұралдары. Соларды мәдениеттендіре отырып, ал баланың дамуына ықпал жасайды. Әр тәрбиеші тұтас тұлға тәрбиелегендіктен ол баланың денсаулығы, қабілеті және адамгершілігі туралы қам жейді. Бірақ, сынып жетекшісі өзінің кәсіби және әлеуметтік, роліне байланысты, бала өмірінің бір бағытына басын көңіл аударады, сонымен қатар оны ұйымдастырады — ал көбіне оқу-тәрбие ісіне көңіл аударады; аіта-аналар-баланың денсаулығы қамқорлыққа алады, мектептен тыс ұйымдар-баланың бос уақытын қамтиды. Осы арада сынып жетекшісінің ролі ерекше , тәрбиешілер өздерінің күнделікті қызметінде "сынып жетекшілер өздерінің әріптестерімен, отбасымен, жұртшылық пен бірігіп жұмыс істейді" деген түсінікте. Бірақ, қазіргі танда бұл пікірге кейбір анықтау қажет сияқты; біріншіден, тәрбиешілер оқушыны, тәрбиелеу жөнінде өзара тиісті, ао оқушы бір жағдайда қандай нақты көмек қажет, немесе ал өзінің проблемаларын өзі шешетіндей мүмкіндігі бар ма ? — Бұл жағы да тасады қалады. Сондықган, көп жағдайда, тәрбие жұмысы нәтиже бермейді. Тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің орнын анықтау барысында ең басты бағыттан айырмаған абзал- ал оқушы мен сынып жетекшісінің өзара байланысы. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі әр тұлғамен (баламен) өзара түсінушілік негізінде байланыс орнату. Егер осы диалог жұмысы жеткіліксіз болғанда ғана ата-аналар, сынып оқушыларымен, басқа мұғалімдермен байланыс жасауға болады. Бірақ, бұлардың барлығы екінші кезектегі істер.

Енді, жаңа талаптар тұрғысынан сынып жетешісінің қызмет батыттарын анықтауға тырысайық; егер сынып жетекшісі қызмет мазмұны оқушының жас ерекшеліктермімен, қызығушылығымен, қажеттілігімен байланыстыратйн болса, онда сыныа жетекшісі мен ата-аналардың бірінші міндеті- баланы қорғау болады. штықтан, суықтан, жалғыздықтан, дау-жанжалдан, т.б.); сонымен біргс баланың дамуына жағдай жасау (рухани жағынан да, дене жағынан да). Қазіргі мектеп қорғау функциясын әлі мойындай қойған жоқ. Ал егер мектепке гуманистік педагогика енетін болса, ондағы ең басты идея - баланы қорғау — сынып жетекшісінің негізгі міндеті болуы керек.

"Оқушыны қорғаушы" функциясы сынып жетекшісінің орнымен жеке-дара жұмыс ұйымдастыру негізі болады. "Оқушыны қорғаушы" тұрғысынан қарағанда снып жетекшісінің міндеті - баланың денсаулығын қамтамасыз ету. Ол үшін баланың физиологиялық ерекшеліктерін білу, баланың ауру екенін сыртқы белгілері арқылы аңғарту; жалпы серген, қайырымды болу.



Сонымен, сынып жетекшінің бірінші меңгеретін, жүзеге асыратын бағдарламасы- ал "Денсаулық" бағдарламасы. Бұл бағдарлама сынып жетекшісі мен педиатрлық, мектеп дәрігерінің тығыз байланыста болуын талап етеді. Мұғалім бұл сонада өзінің білімін жетілдіру қажет. Сынып жетекшісі ата-аналармен бірге дансаулығы нашар оқушының ерекшеліктеріне сәйкес демалу, үйықтау тамақ ішу тәртібін белгілейді.

Балаға қамқорлық қажет ететін келесі өріс — ал қатынас. Осы жағынан кейбір оқушылар мектепте көп қинайды; біреулерін ешкім байқамайды, екіншілерін мазақтайды, ызаландырады, үшіншілеріне күліп, төртіншілеріне ортақ ойынға араластырмайды, бесіншісі қорлық көрсетеді (моральдық жағынан да, күш жағынан да), осындай қолайсыз жағдайға негізінен оқушыларды өзін -өзіне сенбеушілік, психологиялық тұрақсыздық пайда болады. Сондықтан, ондай балалар айналасындағы адамдармен қатынасқа өрескелдіп, дөрекілік, әдепсіздік көрсетеді.

Тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-балалардың қатынас өрісіне ену, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу. Жоғарыда айтылған қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен оте тығыз байланысты.Бұл арада біз жалпы адамзаттың құлдықтарды негізге аламыз. Ең биік құндылықтардың - бәрі адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық саған өмір силаған, дүниеге келген адамның алдында бас ию. Туған жер, үй отбасы – бұл құндылықтардан адамның ары, абыройлы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық, азаматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіндік ерекшелікке, өзіндік пікірге құқығы екенін мойындайды. Егер осы қасиет бала кезінен қалыптасса, ал сонда ғана басқа адамдардың, қоғамының дамуына мүмкіндік бере алады. Табиғат ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра осыны бәрі жалпы адамзаттың құңдылықтар.

Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине өте қиын. Бірақ, оларды күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар адамдардың қылықтарын, араларындағы қатынастарында реттеп отыратын ережелерге айналатыны сөзсіз. "Балаларды қорғаушы" тұрғысынан алатың болсақ оқу өзіндегі сәт тіліне жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары ерекше тарапынан көрінеді.



Егер тәрбиеші оқушының жақсы мүмкіндігіне сенсе, оған жаны ашыса ғана, оны қорғауы мүмкін. Керісінше негізінде жақсы жақтарын байқап, сынып балаларына көрсете білу. Ендігі өріс - баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс қалып. Оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп қалмайды. Мектепте ауық-ауық белгілі бір модаға байланысты "эпидемиялар" болып тұрады. Кейбір оқушылар (әсіресе, ересек). сыныптарындағы, құрбыларындағы киім, аппаратура оларда болмағанына насып, өзін кеисітіп жатады. Сондықтан көп жағдайларда ата-аналармен келіспеушілік болады. Осы себеппен сынып жетекшісі отбасындағы тұрмыс жағдайларын жақсы білсе, ал дер кезінде қолайсыз істерге кедер болар еді.

Мектепте сынып жетекшісі оқушылар оқитын бөлменің эстетиканың жағынан тартымды, әдемі болуын қамтиды. Модаға, тұрмыс жағдайына байланысты ашық әңгімелер, пікір талас, іскерлік ойындар, т.б. шаралаф өткізіп тұрады. Осымен, қорыта келсе, айтарымыз; сынып жетекшісінің басты назарында — оқушы — Адай, оқушы — тұлға әр оқушының ерекше қасиеттері; оларды қорғау, дамыту міндеттері. Ал сынып ұжымы - әр балаға өолайлы ортағы айналуы қажет. Тәрбие процесінің ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие ісін басқаруда сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса, ол жұмыстың нәтижесі болуы сөзсіз:

І. Тәрбие ісінің негізі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Негізгі психологиялық педагогикалық ұғымдарын түсіну, оқу тәрбие жұмысын тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін (методикасын) меңгеріп алуы.

2. Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатныда сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиесін іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің. көзқарасын қорғап дәлелдей алуы.

З. Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиесін мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын көре білуі. Жоспарды оқушылардың даму нәтижесіне байланысты құруы.

4. 0қушыларды зерттеу арқылы тәрбиесін міндеттерді аныктауы.



5. 0қушылардың даму деңгейіңде байланысты тәрбиенің негізгі міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі:

Тандап алған іс-әрекегтердің түрлері мен тәрбие жұмысының
әдістері, формалары тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал
жасайтынына мұғалімнің толық сенуі.

б. Тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы.

7. 0қушылардың дамуын болжауы, оларды әртүрлі іс-әрекеттерге араластырып, өзара жақсы қарым-қатынастарда болуға бағыттауы, адамгершілігін дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші іс-әрекеттерді ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасау тиіс (істі қортындылағанда оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөяіп, қажет болса асырыңқырап мақтағанда артық емес, баланың мінез құлқына байланысты).

Оқушылардың қабілетіне, қызығушылығына, ынтасына даму деңгейіне байланысты, тәрбиенің оларды дамыту мақсатымен; баланың күшті жақтарына сәйкес істер тандап, тапсырмалар беріп отыруы.

8. Тәрбиелеу мақсатында мұғалім өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі.

9. Тәрбие ісін жетілдіру мақсатпен мезгіл мезгіл өз жұмысын өзі (тең) тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зертгеп отыруы.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша, сынып ұжымын дамытуға тығыз мүмкіндігі бар сынып жетекшісі мынадай;

-тәрбиешілердің тәрбиесін деңгейін, әрқайсысының ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білімді;

-оқушының дамуы туралы толық хабары бар;

-белсенді оқушылар тобын қолдан, олардың ұйымдастырушылық дағдыларын дамытып ұжымды тәрбиелеу жұмыстарына қатыстырып отырады;

-ұжымның негізгі белгілеріне және атқаратын қызметіне сәйкес


іс-әрекеттерін жүйесін қалыптастырады.

-оқушылардың өзін-өзін басқаруға, тексеруге бағыттап, олардың ынтасын дамытып, рқымға тәртіптің оқушылардың қатарын көбейтіп, олардың адамгершілік, қызықтарын, қасиеттерін қалыптастырады.

-ұжымның даму барысында, мұғалім өзінің педагогикалық позициясын, пікірін өзгертіп отырады.

-оқушылардың ұжымдағы өзара қарым-қатынастарын, қоғамға пайдалы еңбектерін бағалау әдістемесін (методикасымен) қамтамасыз етеді.

Аталған жұмыстың барлығы ұжымды жоғары сатыға көтеруге, оқушылардың субьект ретінде қабылдауға, дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға көмектеседі.

Сынып жетекшісі - ол кім ?

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, негістіріп өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан бала үшін;



-Жалпы адамзаттың мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухпни жалғастырушы;

-Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

-оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуиіі; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық,
саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші.

Сыныпта қолайлы, жайлы йоральдық-психологиялық ахуал


қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып,
қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;

- Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиесін күштердің (мектеп,- отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Сынып жетекшісінің негізі мақсаты қоғамның талаптарымең тікелей байланыста, ал әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оынң потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.



Сынып жетекшісінің міндеттерін айқындағанда, мына идеяларды негізге алдық;

- Ең "қиын" деген оқушыйың өзі де жақсы болып, түзеліп кетеді, бірақ оған айналасындағы адамдардың сенімі, сыйластығы, сүйіспеншілігі, көнегі қажет:

- Тәрбиелейтін - тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателіктерін бетке басу емес, тәрбиелейтін бірігіп атқаратын әрекет, ынтымақтастық қатынастар, бір-біріне деген жьшы сезімдер.

Тәрбиеші өз шәкірттінің көмекшісі, қорғаушысы.



Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

Тәрбиеші - өз шәкіртінің көмекшісі, қорғаушысы. Тәрбиеші ~ педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект- тәрбиешілік жеке дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру бастапқы міндет. Себебі ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Ұғымды ұйымдастыру жеке дамыту — сынып жетекшісінің назарындағы екінші обьектісі мен міндеттері.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, орта түсінуіне жағдай жасау-сынып жетекшісінің тәрбиесін ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайдалануы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналармен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен;

Бірінші топ міндеттері. Олар әлеуметтік міндеттер деп атауға болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен жеке басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттерді — диагностикалық - әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс, ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшелікгерін, дара қасиеттерін білуін керек.

Үшінші топ міндеттерді адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық мен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілігін шешім қабылдай алуына мүмкіндік береді.

Төртінші топ міндеттерді жеке дара практикалық сыныптағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдарды тандап алуы; өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудегі және педагогикалық көзқараста болады.

Осы бастапқы міндеттерді ескере отырп, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады:

Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері қандай ?



  1. — диагностикалық

  2. — коммуникативтік

  3. —тәрбиелік

  4. — жобалаушылық

  5. - ұйымдастырушылық - әрекеттік

  6. — дамытушылық

  7. - әдістемелік

  8. — ынталандырушылық

  9. — бағалаушылық




  1. -қорғаушылық, қамқоршылық :

  2. -түзетушілік

Сынып жетекшісінің жұмыс бағыттары:

1. Оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабулеттерінің ашылуына оптималды жағдай жасау:

2. 0қушының ынтасын, қабілетін, зерттеу, (кәсіби) бағдар беру:

3. Оқушылардың қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтін әрекеттерінің барлық түрлерін (жеке дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру.

4. 0қушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.

5. Әр оқушыны әлеуметендіруге мүмкіндік беретін сынып ұжымын тәрбиесін орта ретінде қалыптастыру.

6. Барлық тәрбиелік күштердің өзара ынмақтастығы мен байланыстарын ұйымдастыру.

7. Сыныпта оқу тәрбиесі процесін ұйымдастыру.

8. Сынып оқушыларының сыныптың және жалпы мектеп жымының тәрбиесін іс-шараларына тарту және басқа ұжымдармен байланыс орнату.



9. Оқушыларды, олардың тұрмыс жағдайларын зерттеу.

10. Оқушылардың дамуындағы жеке мінез-құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету, күрделі жағдайларда басшыларды құлақтандыру.

11. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде оқушыларға көмек көрсету.

12. Оқушылардың әлеуметтік және занды құқықтарын қорғау.

13. Тәрбие жұмысының нәтижелігін көрсететін іс-қағаздар жүргізу оқушылардың жеке құжаттары сынып журналы, оқушылардың күнделігі).

14. Мектептің тәрбие жұмысына ұстаздарды, ата-аналарды, ъілым, өенр саласындағы мамандарды тарту.

15. Үнемі тәрбие теориясына, практикасына, педагогика және психология мәселелеріне байланысты өзінің мамандығын жетілдіру.

16. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен


кылы қарым-қатынас орната алуы керек.
17. Тәрбиелік мақсаттарды көре білуі және оны қоя білуі.

Сынып жетекшісі әрекетінің құрамы қандай.

Ол мынадай бағыттардан тұрады: диагностикалық, жобалаушылық, құрастырушылық, коммуникативтік, (қарым-қатынастық), ұйымдастырушылық сонымен қатар сынып жетекшісінің өзіндік жеке дара мәдени әлеуметтік кеңістігі де болады.

Сынып жетекшісіне қандан қасиеттер қабілеттер тән болуы керек ? Сынып жетекшісінің профессиограммасы қандай ? Профессиограмма - кәсіби маңызды сапалар жиынтығын, қабілеттерін, білімін, дағды, икемдерін құрайтын мамандардың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің тұлғасы даму барысында, өзінің жан — жақтылығы мен, үйлесімділігі мен және біртұтастығы мен ерекшеленеді.

Тәрбиешіге мына қасиеттер өте қажетті.

Адамдарға сүйіспеншілік, олармен қатынаса алу, сенім, түсінушілік, төзімділік, қайрымдылық, тілектестік, қарым -қатынастағы адалдық, шыншылдық:

Жоғары деңгейлі мәдениетін, кең көзқарастың, жарқындық, әзіл — оспақты түсіне білу, тапқырлық;

Мінезінің табандылығы және батылдығы, өзіне сенушілігі; жігерлілігі, қайсарлығы:



Эмоциялық өмірінің алуан түрлі болуы (жақсы эмоциялар,
сезімдер адамды оптимисттік көңіл — күйге бағыттасып оның
жігері белсенділігін дамытады);

Барлық психикалық қасиеттерінің жоғары деңгейде дамуы : қабыддауы, қимылы, есі т.б.

Сынып жетекшісінің білімдері үш компоненттен тұратын белгілі жүйені кұрауға тиіс;

Тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшелікгері


туралы білімі;

Психологиялық - педагогикалық білімдері ;

Жалпы білімдері (адамның тұрмыс — тіршілігінің әр саласына қатысты білімдер)

Сынып жетекшісінің икемдері мен дағдылары:



Диагностика

Жобалаушылық



Практикалық

Бағалаушылық

Рефлексивтік.

Сынып жетекшісінің педагогикалық қабілетіне дидактикалық, перцептивтік (кәсіби қырағылығы, жанашырлығы, басқаның қайғысына ортақтаса алуы), басқаның орнына өзің қоя, білуі, педагогикалық сезімталдығы (интуициясы), субъективтік (сендіре білу қабілеті), коммуникативтік, эмоциялық тұрақтылық, өзін билеушілік, жобалаушылық, креативтік (шығармашылық қабілеті), ғылыми — танымдық қабілеті кіреді.

1. Талдау қызметі (функциясы):


  • Балалармен жас өспірімдердің және дара ерекшеліктерін зерттеу.

  • Әр оқушының отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеп, талдау.

  • Әр оқушысының ұжымының тәрбиесін деңгейін талдап, бағалау.

  • Сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуы зерттеп, талдау.

  • Қоршаған айналаның сынып оқушыларына ықпалы зерттеп, талдау.

  • Өткізілетін іс-шараларының тәрбие кұндылығын талдау.

2. Болжамдық (прогностикалық).

- Тәрбиесін ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;



- Оқушылардың жеке-дара даму денгейінің нәтижесін болжау;

  • Ұжымының қалыптасуы мен даму кезеңцерін болжау;

  • Мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес кіші тәрбие жүйесінің
    моделін түзу;

  • Ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-
    қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы,
    оқушылар мен оқытушылар арасындағы, оқушылар, ата-
    аналар оқытушылар арасындағы).

  • Әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық педагогикалық партада көрсету;

  • Оқушыларға оқу әрекетінде көмек көрсету

  • Жеке ерекшеліктеріне және сынып өмірінің талабына
    сәйкес оқушылардың әр түрлі қоғамдық пайдалы әрекетін
    ұйымдастыруда және жоспарлауда көмек пен
    ынтымақтастық;

  • Өзін-өзі басқару ұйымдармен байланыс және көмек,
    сынып ұжымының өзін-өзі басқарут ұйымдарын дамыту;

  • Оларға шешім қабылдауға жауапкершілікпен қарауды
    үйрету;

  • Әрбір оқушыға және ұжымға жеке-дара ықпал жасау;

  • Оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар,бірлестіктер
    арқылы қосымша білім алуға көмектесу;

  • Оқушылар өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай
    жасау, мектеп психологиясымен бірігіп оқушыларға
    психологиялық білім беру;

  • Оқушылардың дербестігі мен құқыктарын қорғау;

  • Оқушылардың отбасыларьімен байланыс ұйымдастыру:

Ата — аналар жиналысын өткізу, ата — аналарға кеңес беру ата-аналарды мектепке көмек беруге тарту, оқушылардың денсаулығы мен өміріне байланысты төтенше жағдайларда ата — аналармен жедел түрде байланысу ;

  • Өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші
    педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән
    мұғалімдерінің сабақтарына қатысу ;

  • Әдістемелік және әкімшілік жиналыстар, семинарлар мен
    педагогикалық кеңестер жұмысына қатысу ;

  • Мектептен тыс мекемелермен байланыс және көмек ;

  • Кәсіби бағдар беру, баланың мамандығын тандауға саналы
    көзқарас қалыптастыру ;

  • Ата—аналардың, мұғалімдердің, оқушылардың шығармашылық, жаңашылдық әрекеттерін қолдау, сынып
    мұғалімдерінің, психолог және басқа да әлеуметтік
    педагогтардың тәрбиелік ұмтылыстарын қолдау;

  • Сабақган тыс өткізілетін іс — шаралар барысында
    оқушылардың қауіпсіздігі,-денсаулығы және өмірі үшін
    жауапкершілік;

  • Оқушылардың тамақтануына, сынып, мектеп бойынша
    кезекшілікке, жазғы еңбек практикасы мен сыныпты жаңа
    оқу жылына дайындауға жауаптылық;

  • Қажетті іс - қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын
    қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, және іс -қағаздары, психологиялық - педагогикалық картасы, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары) ;

• сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік
беретін қолайлы методологиялық жағдай жасауға үлес қосу;
І. Коммуникативтік :

  • Оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас қалыптастыру,
    ұжымға үйретуге көмектесу, қатарларының арасында өзін
    қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;

  • "Оқушы-оқушы", "оқушы-ата-ана","ата-ана оқушы"
    арасындағы қолайлы байланыс орнату;

  • Оқушылардың қоршаған ортамен қатынас орнатуы

  • Оқушылардың қоршаған ортамен қатынас орнатуы;

• Ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал;
Сынып жетекшісі оқушылардың күнделікті әрекетін болжайды,
талдайды, ұйымдастырады. Сондықган да ол мынадай
жағдайларда ескергені жөн;

  • Оқушы болашақ өмірге тек дайындалып қаңа
    жатқан жоқ,, ал бүгінгі күннің өзінде өмір cvpin
    жатыр;

  • Әр ұжымның өмірінде өміріндегі
    республикадағы әлеуметтік жағдай, қаланын,
    ауданның, ауылдың нақты жағдайы ескерілуі
    қажет;

  • Жалпы адамзаттың және ұлттық қажеттілігіне,
    оқушылардың жас және жыныстық
    ерекшеліктеріне сәйкес практиканың бағытталған қызықты бірнеше түрлі іс-әрекеттер ұйымдастыру (оқу, еңбек, мейірімділік, қоғамдық, қоғамдық маңызды шығармашылық, . бос уақыт);

  • Әр оқушы өзі қалаған істі тандап, өзіне деген сенімділік қалыптастыруы керек;

  • Тәрбиенің әдіс-құралдарын, түрлерін таңдағанда
    оқушылармен ересектердің ерекше позициялары
    ескерілуі керек;

Тәрбиелік шаралар өткізуде олар негізінен:

Дискуссия,ойын, сайыс;

- Шығармашылық еңбек, көркемдік шығармашылық, рольдік, психологиялық
тренингтер болған жөн; Сынып жетекшісі өз тәрбиесіне сүйеніп тәрбиелік шаралар картотекасын жасаған жөн, ал жас мамандар — бірінші жылдан бастап материалдар жинақтауға дағдылануы қажет;


жүктеу 320,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау