3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған



жүктеу 308,67 Kb.
бет58/100
Дата26.01.2022
өлшемі308,67 Kb.
#35140
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   100
Аш селекциясымен тұқым ш лекция

Гетерозис - белгілі бір белгілерімен касиетгерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата-ана формасының әрқайсысынан ерекше басым болуы. Гетерозис түр аралық будандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады. Жүгереде түрлі таза немесе инцухт-линияларды будандастырғанда гетерозис қүбылысы күшті көрініс береді. Бұл кезде будаңдардың өнімділігі кейде (ең тәуір) ата-ана формасымен салыстыргаңда 20-50% артады.

Әсіресе Г.Шелл, Е.Иста, Х.Хэйстердің жүмыстарында айқын көріне бастады. Ғылыми Әдебиеттерде "гетерозис" термині 1914 жыддан болатын. Гетерозистің себептері мен генетикалық негіздерін түсіндіру үшін бірнеше пікірлер айтылды да, онда негізінен өзара әсер етуші түрлерінің қайсысына және қандай жағдайларға басты көңіл бөлінетіні айқындалады. Гетерозисті баяндауға бірнеше болжамдар айтылды.

Айкас тозанданатьш организмдердің популяцияларында гендердің зиянды рецессивті аллельдері аутобридинг нәтижесіңде доминанты аллельдермен қалкаланады, әрі сақгалады.

Еріксіз инбридинг нәтижесінде айқаспалы ұрықтанатын организмдер популяциясының генофондысына кіретін зиянды рецессивті гендер гомозиготалы түрде ауысады, фенотиптік керініс береді және инбридті азғындауды туғызады. Ұрпак сайын көп қайтара еріксіз инбридингті іске асырғанда жаңа зиянды мутациялардың барлығы гомозиготалы күйде ауысады да, соның нәтижесінде толық гомозиготалылық басталғанда барлық зиянды гендер көрініс беріп, инбредті минимум пайда болады.

Истгің айтуы бойынша гетерозис - рецессивтілікке байланыссыз тұқым қуалаушылықгың сандық әрекеті. Әрбір локус бойынша физиологиялықайрыкдіа ерекшеліктері бар кептеген алледдер пайда болуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар қалыпты аллелдермен салыстырғанда неғярлым көп болса, онда гетерозиготты организмдерде гетерозистің дәрежесі жоғары болады дейді.

Халл (1945) аса доминанттылық болжамын үсынды. Бұл болжамның жогарыда айтылған болжамдар мен көп жағдайлары ортақ және бір локустағы аллелдердің функциональдық айырмашылығына негізделеді. Осының нәтижесінде (Аа) гетерозиготты алледдер гомозиготгық (АА, аа) аллельдерден артық болып шығады. Ол әсіресе жүгерінің буданаралық будандарында кездеседі.

Гетерозистің физиологиялық (генетикалықтепе-теңдік) болжамы кең қолданыс тапты. Оның бастамасы буданда мерисТақырыплық белсенділікті кэлыптастыру деп есептеуге болады. Содан кейін көптеген зерттеулердің нәтижесінде ферменттік белсенділіктің, гендердегі комплементерлық әсерлердің айырмашылықтары көрсетілді, ең соңында будандық энзимдер деген идеялар жаңа зерттеуде нақгы нәтижелерге ие бодды.

Осы бағытгағы зерттеулер көп жағдайларда комбинациялық қабілеттілік пен гетерозисті алдын ала болжаудың негізін құрады. Биохимия мен молекулалық генетиканың зертгеулері гетерозистік жалпы концепциясының өзгеруіне келіп соқтырады. Болашақга гетерозисті генетикалық негізделген әртүрлі механизмдері бар таза физиологиялық қүбылыс ретінде айтуға болады. Бүдан басқа да аз тараған болжамдар бар, мысалы: эмбриональды, қатерлі, хромосомдағы кемшілік, плазмалық өзгерістер сияқгы болжамдар. Гетерозисті түсіндіретін негізгі болжамдардың қысқаша шолуларынан осы қүбылыстың күрделілігін байкэуға болады. Бұл болжамдар (гипотезалар) бір-біріне карама-карсылықтудырмайды, керісінше гетерозисті әртүрлі түрғыдан түсіндіреді. Табиғатта гетерозистің көптеген түрлері кездеседі, олардың әрқайсысы тұқым қуалаушылықгың бір түрімен және өзара олардың өрекеттерімен байланысты болады. Н.В. Турбин түрлі болжамдарды түйықтауға тырысып, гетерозистің генетикалық тепе-тендік теориясын үсынды. Н.В. Турбин осындай концепцияларға сүйене отырып, организмдердің дүрыс фенагапі өнімнің үйлесімді жөне теңесгірілген биохимиялық екпінділігінің нәтижесінде іске асады дейді. Олар ядролық және плазмалық тұқым қуалаушылық арқылы дамыды. Кез-келген дұрыс белгі, кейбір генетикалық тепе-теңдіктің организмдегі тұқым қуалаушылық концепциясы мен сүрыптау тиімділігінің нәтижесі деп тұжырымдалды. Бұл концепция селекцияда тәжірибе түрде анеуплоидия мен полиплоидия күбылыстарында дәледденді.

Генетикалық баланстың 2 түрі бар: ішкі, ол - автогамды түрге үқсас және айқас тозаңданатын салыстырмалы өздігінен тозанданушы дақылдарға іріктеу гомозиготгы организмдерге әсер етеді, содан кейін әрбір геномның ішінде және хромосомдардың гаплоидтықжиынтығында баланс іске асады. Айкдс тозанданатын дақылдарға іріктеу гетерозиготтык, жекелер іріктеуге жатады, ал оларда дишгоидтық организмдердің тиісті популяциясында ғана балансқа жетеді.



Гетерозис туралы болжамдардың көпшілігі айқас тозаңданатын дақылдарда тексертілген. Бірақ сонымен қатар гетерозис қүбылысы өздігінен тозанданатын дақыддарға да тән. Аллелдер будандасу кезінде үйлесетін генетикалық баланстан неғұрлым жоғары болса, олар бірін-бірі гетерозиготгы жағдайда толықгырып отырады. Егер яг-де гетерезиготтық тиімділік толығырақ жүзеге асырылса, онда кейінгі генерацияларда сақталады. Бастапқы материалдық гомозиготтың дәрежесі каңдай болса да, тозанданатын линиялардың арасында азғантай айырмашылықгың өзі жеткілікті болады.

Ғылым көрсеткендей өздігінен тозанданатындарда гетерозистің көрінуінің 2 басты себебі бар: 1) қолайлы аллелдері немесе ата-аналардын қолайлы генетикалық факторлары бар будандардын комбинациялануы; 2) аз доминанттық аллельдердің әсері. Осымен кей жағдайда аралықтұқым куалаушылык пен автогаңдық (өздігінен тозанданатын) өсімдіктердің тобындағы жағдайлар түсіндіріледі.

Болашақ будандарда аналық формалардың жаппай ұрықсыздандыру үшін гаметоидтердің дамуын тежейтін химиялык косылыстардьщ катарлары - гиббереллиндер, этрел т.б. үсыныдды. Гендік аталық ұрықсыздык (ГАҮ) өсімдіктердің гетерозистік селекциясында аз ғана түрде қолданьшады. Оны қодданудың қиындығы мынада: ГАҮ-формалары өздігінен тозаңдануда қолданылмайды, ал гетерозигот есебінен жай көбеюде үрықгы өсімдіктер қатынасымен ажырайды, бірак, оларды гүлдену кезіне дейін кесіп тастайды.

ГАҮ (Хакат және Эслик, 1967) негізіңде будандық арпалықтұқым шаруашылығының жүйесін жасады. Арпа макро- және микроспорогенез генетикалық бақылау мен сәйкестірілген, осыған байланысты аналық ұрықсыздық аталық ұрықсыздықпен қатар болуы селекция тәжірибесіңде өте маңызды болады. Будандық тұқым шаруашылығында аналықтар орнына осындай формалар пайдаланады. Аталған генетикалық жүйелер гетерозистік селекция жөне баска да өздігінен тозанданатын немесе айқас тозанданатын дақыддарда олардың гентикалық спецификасы мен биологиялық ерекшеліктері есебінен пайдаланылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы дақылдарда гетерозисті пайдаланудың жаңа жүйесі мен тәсіддерін жасау аддағы 10-20 жыл ішінде зерттеу мәселесін көтерді. Олар гетерозистің гентикасы мен биохимиясы бойынша фундаментальдық жүмыстарға негізделіп, біздің еліміздің және шетелдердің ғылыми зертгеу орталықтарында жүргізіледі. Кезкелген жағдайда, қандай қиындықтарда болмасын гетерозисті пайдалану мүмкіндігі - алдағы уақьпта елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғарылатудың маңызды резерві болып қалады. Сондықган жай селекция жүмысымен қатар осы бағытта зерттеу жүмыстарын жүргізу міндеті алға қойылған.

жүктеу 308,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау