Он төртінші дәріс
Дәннің «Бастапқы материал түрлері және соларды алу тәсілі»
Сұрақтар:
14.1.Өсімдіктердің табиғи популяциясы мен сорттарын селекцияда пайдалану
14.2.Жабайы өсетін өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың қайнар көзі
14.1 Өсімдіктердің табиғи популяциясы мен сорттарын селекцияда пайдалану
Табиғи сұрыпаудың негізінде халық селекциясының жергілікті сорттары шығарылды. Сұрыптаудың ұзаққа созылуына байланысты өсімдіктердің әр түрлі экологиялық жағдайларда қуаңшылық пен суыққа төзімділігі, тез пісетіндігі және басқа да жеке белгілері қалыптасып, өсудің белгілі жағдайларьша бірте-бірте икемделуі және сұрыпталуына қарай пайда болу процестері өтеді.
Мәселен, Полтавка жаздық бидайының жергілікті жеке түрі Поволжьеде ХІХ-ғасырдьщ екінші жартысында және ХХ-ғасырдың басында калыптасты. Бидайдың мүндай жергілікті жақсы жеке түрі селекциялық сорттардың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік берді. А.П. Шехурдин 1911 жылы Полтавка сортын сынау және іріктеу кезінде 727 осімдік тандап алған, осы өсімдіктердің ішінен 62 номірлі линиясы озінің жақсы коөрсеткіштері үшін көзге түскен, ол икемге келгіштігі және төзімділігі, өнімділігі, сапасы жағынан талапқа сай болғандыктан сол кездегі кең тараған Лютесценс 62 жаздық бидай сортын шығарудың бастапқы демеушісі болды.
Жақсы сорт ретінде пайдаланылған жеке түр талданып, сұрыпталады, көбейтіледі, содан кейін жаңа селекциялық сорт ретінде одан әрі пайдаланылады. Осылай аналитикалық селекция тәсілі пайда бодды.
Табиги өсімдіктердің жеке түрін және жергілікті сорттарды пайдалану негізінде көптеген сорттар шығарылды. Жергілікті сорттар сол өскен жерінде ұзақ сұрыптау әсерінен калыптаса отырып, өсірудің қолайсыз жағдайына бейімделеді, сондықтан да олар алғашқы материал ретіңде өте маңызды болып саналады.
Жергілікті сорттар мен табиғи популяция тұрлерінің селекциялық құндылығы олардың тұқым қуалаушылық өзгергіштігі және экологиялық бейімділігі арқылы анықталады.
Оларды коллекциялық питомниктерде сеуіп, жақсы үлгілерді сүрыптау немесе селекциялык, сорттармен будандастыру үшін пайдаланылады.
Алайда, соншалықты құнды болғанына қарамастан, коп дакылдардьщ жергілікті сорттары селекциялык, жолмен шығарылған сорттармен ығыстырылуда. Жергілікті сорттарды ығыстыру кезінде бастапқы материалдардың маңызды формалары селекция үшін мүдде жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан, кеңінен тараған жергілікті сорттар мен табиғи өсімдіктердің популяция түрлерін аныктап, оны сактау жөнінде қажетті шаралар қолдану керек. Барлық селекциялық орталықтарда оларды сактау үшін арнаулы питомниктер болуы кажет.
Достарыңызбен бөлісу: |