14.2 Жабайы өсетін өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың қайнар көзі
Селекция үшін жабайы өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың басты кайнар көзі болып табылады. Оларды келешек сорттың негізін салуда іріктеу және будандастыру үшін пайдаланады. Бастапкы материалдардың құндылығы олардың көптеген жағдайларға бейімділігі мен төзімділігі болып табылады. Солтүстік Қазақстанда жабайы шөптердің 70-тен астам түрі кездеседі, олардың ішінде суыққа, ыстыққа, қуаншылыққа тозімді, тұзды топырақгарда есуге кабілетті түрлері бар. Олар селекцияда бастапкы материал ретінде құнды.
Жабайы осетін Тимофеевка бидайын дүние жүзінің коптеген елдерінде бидайдың буданды селекциялык сортын шығарғанда пайдалануда, әсірісе буданды бидай шығарған кезде оны ЦМС -маңызды көзінің бірі ретінде қолданады. Бидаймен будандастырғанда бидайык пен кьштаң шөптің жабайы осетін түрі ерекше құнды болып есептелінеді.
Ауғанстаннан алынған қос қатарлы жабайы өсетін арпа акүнтақ ауруына төзімді болғандықган оны будаңдастыруға қолдана отырып, осы ауруға бой бермейтін сорттар қазірдің езінде алынып отыр.
Танаптық арамшөп қарабидайының біркатар түрлері құрамында белоктың мөлшері жоғарылығымен ерекшеленуде. (Secale kuprianovii Сговвһжәне баскалары), олар Закавказье мен Орта Азияда кеңінен тараған. Мұндай түрлер күздік қара бидай астығының сапасын арттыру резерві болып саналады. Secale sylvestre Host жабайы қара бидай астықгың тамырында өсуіне карсы донор болып табылады. Германияда оны мәдени қара бидаймен будандастыруға, ұлыбританияда жабайы осетін арпамен будандастыруға (Hordeum spontaneum С. Koch) пайдаланады, одан алынган будан төзімді болады. Бидайықтың көптеген түрлерінің ішінде осу қуаттылығымен ерекшеленіп, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суыкқа, қуаншылыққа бой бермейтін, топырақты тандамайтын, тұзға төзімді және тағы баска да бағалы биологиялық қасиеттері көп түрлері кездеседі.
Казақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бидайдың құнды биологиялық және шаруашылыққа пайдалы белгілері бар формаларын алу үшін 1980 жылдан бастап, қатты және жұмсақ бидайдың аудандастырылған және перспективалы сорттарын эгилопстың көптеген: Ае. triarisfaja, Ае. venjricosa, Ае. biuncialis, Ае. ovala, Ае. cylindrica, Ае umbellulafa, ag. elengolum түрлерімен туысаралық будандастыру жүргізіледі.
Оңтүстік Америкада Люпиннің жаңа түрі Lupinus mutabilis табылған. Олардың дәнінде қытай-бұршақтағыдай белок болады, ал майлылыгы - 22%жетеді. Ол майлылығы жөнінен ақ және сары люпин сортьшан 2-3 есе асьш түседі. Абиссин қатты бидайы (Triticum durum subsp. Abyssinicum Vav.) жапырақтатына төзімді келеді. Беде, жоңышқа қылтанақсыз арпабас, еркекшөптің жабайы өсетін жерінкті түрлері еліміздің табиғаты әр түрлі аймақтарында тәжірибе жүзінде селекциялық, құндылығымен жоғары болып табылады. Солтүстік, Орталық және Онтүстік Америка елдерінде күнбағыстың жабайы өсетін біржылдық түрі үлгілернің ішінде зиянды ауруларға ақ және сұр шірігіне төзімділері табылған.
Америка мен Австралияда мақтаның жабайы өсетін 25 түрі табылған, ол солдырма ауруына, оның ішінде ерекше агрессивтік нәсіддеріне төзімді.
Селекционерлер сорттар мен дақылдардьщ түрлерін, әр түрлілігін білу кажет, себебі осы тұрлермен жұмыс істегенде, оның кез келген қажетті үлгілерін пайдаланады, яғни Н.И. Вавиловтың бейнелеп айтуына қарағанда селекционерлер "глобуспен бірге айналуы қажет
Достарыңызбен бөлісу: |