Сондықтан ғылыми-зертеу жұмыстары мына бағытта жүргізіледі:
Үлгі бөлшектердің коллекциясын тірі күйінде ұстап, көбейту және оны қоймада ұзақ уақыт сақтау. Экспедиция арқылы тұқым мен тұқымдықты жинап, сатып алып немесе ғылыми мекелермен не болмаса шетелдің фирмаларымен айыр бастау.
Жоғары өнімділік пен сапалықтың кайнар көзі ретінде және селекцияда пайдалану мақсатында коллекция үлгілерін мұқият зерттеу.
3. Ғылыми-зерттеу мекемелерін селекцияның бастапқы материалымен қамтамасыз ету.
Мәдени өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы, иммунитеті, тарихи дамуының және олардың эколого-географиялық мәселелерін дайындау.
Өндіріске ғылыми агрономиялық көмек көрсету.
4.3 Генетикалық туыстас дақылдардың жабайы өсетін түрлерінің өндемдік географиялық микроорталықтары. (Кішіорталықтары). Өте ірі және ірілеу орталықтар құрылуы мен қатар, П. М. Жуковский кішілеу орталықтардын да құрылуын анықтады. Бұлар бұрынғы ескі, бастапқы орталықтардың қалдығы немесе жаңадан орнаған генетикалық орталықтар еді. Олардың ареалдары мүлде аз. Кіші орталықтар, оқшауланған немесе өзіндік блок жасайтын аралас топтардан тұрады.
Кііш орталықтардың пайда болуы сірә, оқшауланудың әсерінен өсімдіктердің ішкі түрлерімен дифференциалдануы. Мәселен, қарабидайдың туыстасы Азияның ілгері жағында шығады. Бірақ, Оңтүстік Африкадан олардың кіші орталығы табылған (Secale afrikanum Stary), ол басқа жерде кездеспейді. Бұл тамырдан тарайтын көпжылды: өсімдік.
Эфиопия — жабайы капуста үлгісі шығатын кіші орталық. Ол күннің ұзақ болатын жағында өседі. Бұл жерде Абиссин сұлысы — эндемі табылған. Ол қос дәнекті бидай мен арпа егісін арам шөп ретінде зақымдайды. Канар аралында және Қызыл мүйіс республикасында жабайы қызылшаның үш түрі табылған. Олар зиянды құрттарға, церкоспоразға төзімді келеді Галалагос аралы томатты ендемдік жабайы түрінің кіші орталығы, қатты құрғақшылыққа өте төзімді келеді.
Әсіресе ендемді мақта егісінің кіші орталықтары көптеп саналады. Мысалы, Солтүстік-Батыс Мексикада, Калифорния жарты аралында және Калифорния шыганағында кіші орталықтардың блоктары табылған. Онда мақта егісінің жеті түрі бар. Аравия жарты аралының оңтүстігіндегі үш кіші орталықтарында құрғақшылыққа төзімді (селекцияда әлі пайдаланбаған) мақтаның жабайы түрлері табылған. Бидай мен картоптың кіші орталықтарының көптеген саны анықталған. Көптеген өсімдіктердің түрі шығатын кіші орталықтар бағалы материалдар алудың көзі болып табылады. Бұл кіші орталықтардан бидайдың, мақтаның, картоптың, тағы баска дақылдардың жабайы турлерін ерте кездің өзіндеақ будандастыруға пайдаланғанын көруге болады.
Бірінші және екінші орталықтары. Мәдени өсімдіктердің пайда болу уақытына қарай Н. И. Вавилов оларды бірінші және екінші орталықтарға бөлген. Бірінші генетикалық орталықтар көне заманда, екіншілері кейінірек құрылғандар. Олардың жасалуы товар алмасудың өрістеуі мен егіншілік аудандар арасындағы қатынасқа байланысты болып отыр. Осы фактілердің әсері өсімдіктерді өсірудің жаңа өндірістік географиялық егіншіліктің дамуына жеткізді. Мутацияның шығуы нәтижесінде екінші орталықтағы өсімдіктердің түрлері арасында будандасудың пайда болуы анықталды.
Тегінің алғашқы орталықтары мәдени өсімдіктердің әр турлі түрлері мен түр бөлігі үлгілері орталықтарында жиі үйлесімді келеді. Бірақ, сондайлық үйлесімді де болмауы мүмкін. Мысалы, бидайдың шығуының бірінші орталығы Кавказдың күнгей жағы. Мұнда туыстықтың көптеген түрлер саны мен әр түрлілігі бар, бұл шығу орталығы әр түрлі басқа орталықтармен үйлеседі. Эфиопияда әр түрлі үлгілері мен бидайдың түр бөлегі топтасқан, алайда бидайдың гексаплоидтық және тетраплоидтық үлгісін синтездейтін қылтаң шөптің болмауы себепті, бұл әр түрлілік орталыгы бидай шығуының бастапқы орталығы болып саналмайды.
Н. И. Вавилов ашқан бастапқы орталықтың алып жатқан жалпы территроиясы жер шары қүрғағының шамамен 1/40 бөлігін қамтиды. Мәдени өсімдіктердің 80% астамының шығыс жарты шарында бастапқы орталықтары бар, оның кемінде 20% Америка елдеріне келеді. Мәдени өсімдіктердің барлық түрінің жартысына жуығы Индия мен Қытайда өседі. Одардың басым көпшілігі Азияның ілгері жағы мен Орта жер теңіз елдерінде орналасқан. Маңызды екпе өсімдіктердің шығуының негізгі орталықтарына, біздің еліміздің, жақындығы, данді, азықтық жеміс-жидек дақылдардың көптеген жергілікті бағалы сорттарының дүрыс іріктей қалыптаусуына, кеңінен тарауына мүмкіндік тудырды.
Н. И. Вавиловтың мәдени өсімдектердің шығу орталықтары туралы ілімінің тұқым қуалаушылық өзгерістер мен өсімдіктер жүйесіндегі экология-географиялық принциптерінің ашылған заңдары селекционерлер үшін маңызы зор болды. Н. И. Вавилов бағалы қасиеттерді ендәуір дәрежеде қайдан іздеуге, қандай салада қуаңшылыққа төзімді үлгілерді табуға болатындығын және ерекше өнімді, ірі жемісті дәнді үлгілердің қайда топтасқанын, олардың үлгілерінің зиянкестерге қарсы тұра алатынын мықты сабан сабағы үлгісі бар екенін, жығылуға бой бермейтін, саңырауқұлақ ауруларына тұрақты төзімді келетіні жөнінде айтылған.
Соңғы уақытта мәдени өсімдіктердің пайда болуының үшінші орталығының бар екендігі жайлы айтылуда. Бұған мыңдаған жаңа мутациялрады будандастыруга эксперимент ретінде алып пайдаланылатын ірі селекциялық орталықтардағы өсімдік түрлерін айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |