|
3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналғанВАСХНИЛ академигі П.М. Жуковский ашқан мәдени өсімдіктердің 4 негізгі орталыктары
|
бет | 10/100 | Дата | 26.01.2022 | өлшемі | 308,67 Kb. | | #35140 | түрі | Лекция |
| Аш селекциясымен тұқым ш лекция4.2 ВАСХНИЛ академигі П.М. Жуковский ашқан мәдени өсімдіктердің 4 негізгі орталыктары
1. Европа - Сібір орталығы. Бұл аймақ қант қызылшасының бірінші және екінші шығуорталығы, қызылбас беденің бастапқыгенетикалық орталығы болып табылады. Мұнда жоңышқаның біркатар түрлерімен тұр тармағы, Амурлық жүзім, жабайы алма,
жабайы алмұрт шығады.
Россияның солтүстік батыс бөлігінде салалы зығырдың тарихи - алғашқы генетикалық орталығы қалыптасқан. Кубань жерінде селекциялық потенциялы жоғары күнбағыстың бірден-бір генетикалық орталығы орнатылған.
2. Ортаамерикан орталығы (Мексика, ГваТақырыпла, Коста-Рика, Гондурас, Панама). Бұл жүгері және соған жақын жабайы түрлері теосинте мен трипсакум дакыддарының негізгі орталығы. Үрме бұршақ пен аскабактың американдық, картоптың жабайы түйнек тәрізді түрі осы ортада қалыптасты. Осыдан тараған мақта егісі дүние жүзілік мақта шаруашылығының негізін құрады.
3. Оңтүстік американдык (Андылык) орталық Перуде күнбағыстың оңтүстік американдык,топтарының 17 бұта түрлеріөсетін бастапқы генетикалық орталығы бар.
4. Солтүстік американдық орталық. Бұл аймақта күнбағыстың 50-ге жуық шөптес түрлері, картоп пен темекінің бірнеше жабайы түрлері, жабайы люпиннің 40-ка жуық түрі, мақта егісінің жабайы бір түрі бар, осы дақылдардың бастапқы генетикалық орталығы. Солтүстік Америкада жүзімнің бастапқы генетикалық орталығы болып саналады.
Генетикалык туыстас дакылдардың жабайы өсетін түрлерінің эндемдік географиялык микроорталыктары. (Кіші -орталыктары).
Өте ірі және ірілеу орталыктар құрылуымен қатар, П.М. Жуковский кішілеу орталықтардың да құрылуын анықтады. Олар бұрынғы бастапқы орталықтардың қалдығы немесе жаңадан орнаған генетикалық орталықтар еді. Олардың аралдары мүлде аз. Кіші орталықтар, оқшауланған немесе өзіңдік блок жасайтын аралас топтардан тұрады.
Кіші орталықтардың пайда болуы сірә, оқшауланудың әсерінен өсімдіктердің ішкі түрлерімен дифференциалдануы. Мәселен, қарабидайдың туыстасы Азияның ілгері жағында шығады. Бірақ, Оңтүстік Африкада олардың кіші орталығы табылған (Secale africanum Stapy), ол басқа еш жерде кездеспейді. Бұл тамырдан тарайтын көпжылдық өсімдік.
Эфиопия - жабайы капуста үлгісі шығатын кіші орталық. Ол күннің ұзақ болатын жағыңда өседі. Бұл жерде Абиссин сұлысы -өндемі табылған.
Бірінші және екінші орталыктары. Мәдени өсімдіктердщ пайда болу уақытына қарай Н.И.Вавилов оларды бірінші және екінші орталықтарға бөлген. Бірінші генетикалық орталықтар коне замаңда, екіншілері кейінірек құрылғандар. Олардың жасалуы тауар алмасудың әрістеуі мен егіншілік аудандар арасыңдағы қатынасқа байланысты болып отыр. Осы фактілердің өсері өсімдіктерді өсірудің жаңа өндірістік географиялық егіншіліктің дамуына жеткізді. Мутацияның шығуының нәтижесінде екінші орталықтағы өсімдіктердің түрлері арасында будандасудың пайда болуы анықалады.
Н.И. Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімінің тұқым қуалаушьшық өзгерістер мен өсімдіктер жуйесіндегі эколого-геофафиялық принциптерінің ашылған зандары селекционерлер үшін маңызы зор болды. Н.И. Вавилов бағалы қасиеттерді едәуір дәрежеде қайдан іздеуге болатынын айтқан.
Бір туыстыққа жататын түрлер, түршелер және формалардың генетикалық жүйсдегі орналасу ұқсастығы сондай, бір түр қатарында болатын өзгерістердің осы туыстықка жататын екінші бір түрде де болатының Бұлжытпай табуға болады (Н.И. Вавилов).
Соңғы уақытта мәдени өсімдіктердің пайда болуының үшінші ортальпының бар екендігі жайлы айтылуды. Бұған мындағын жаңа мутацияларды будандастыруға тәжірибе ретінде алып пайдаланылатын ірі селекциялық орталықтардағы өсімдік түрлерін айтуға болады.
Осы байкалган заңдылықты Н.И.Вавилов 1920 ж тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомолоттық қатары аты заң ретіңде құрастырады. Оның теориялық негізін Н.И.Вавилов қалады, бір катар маңызды тұқым қуалаушылық зандылықтары мен мәдени өсімдіктердін географиялык таралуын ашып, Н.И.Вавилов осімдіктердщ өзгергіштігін зерттеп, тұқым қуалаушы өзгергіштігіндегі гомологаялық қатары зандарын қалыптастырады. Осыған байланысты өсімдік түрлерінің жақыншылығын тұқым қуалаушылық өзгерісі ұқсас қатарларын соншалықты дәлділікпен білдіреді, бар түрінің шенберіңде үлгі катарын білу арқылы баска да түрлері мен туыстарының болуын белгілеуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл заң селекционерлерге өсімдік түрлерінің өсуінің бүкіл генетикалық потенциялын толық анықгауға мүмкіндік береді.
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтық қатарларының заңының маңызы сондай, оны Менделеевтің периодтық сисТақырыпсымен теңестіріледі.
Өсімдік шаруашылығы институтының негізгі мақсаты - жабайы осетін және мәдени өсімдіктердің ген қорын зерттеу және жинау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|