Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Меновное орта мектебі» КММҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтілетін
«25 - Жұлдызды күн» іс – шараның тақырыбы:
«Әлемге тыныштық керек»
3 «Г» сынып
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Рахимова Бағдат Түсіпбайқызы
Өскемен қаласы, 2016 жыл
Мұғалім: жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Рахимова Бағдат Түсіпбайқызы
Тақырыбы: Әлемге тыныштық керек
Мақсаты: Еліміздің ең басты, әрі құнды мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жүріп өткен жолымыз, ширек ғасырға жуық уақыт ішіндегі қиындықтарға қарсы тұрып, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындыру, толағай жетістіктерге жету, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы қысқашатүсіндіру.
Оқушыларға Семей ядролық-сынақ полигонының қасіретін нақты дәлелдермен көрсету, ядролық қарудың ғаламшарға, табиғатқа, адамзат қоғамына төндіретін қаупін түсіндіру.
2. Оқушыларды Отанын сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу..
3.Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін, ойын еркін жеткізуге, қорытынды тұжырым жасай білуге,танымдық қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, суреттер, шарлар, көгершін
Жоспары:
1.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы «25 - Жұлдызды күн» туралы қысқаша түсіндіру
2. Ядролық қасіреттің басталуы. «1000 тырна» акциясына қатысу
3.Семей ядролық-сынақ полигонының тарихы.
4.“Невада–Семей” қозғалысы , Олжас Сүлейменовтың бастамасы.
5.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигонының жабылуы
6.Манифест«.Әлем.ХХI ғасыр»
7.Шығармашылық жұмыс: «Әлемге тыныштық керек»
8. Қорытынды «Жаса Қазақстан» әнімен аяқтау, қатысатындар: ата-аналар, қоғамдық өкілдер, жоғары сынып оқушылары (көгершін , шарлар ұшырады)
Сабақтың барысы:
Мұғалім: 2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл еліміздің ең басты, әрі құнды мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жүріп өткен жолымыз, ширек ғасырға жуық уақыт ішіндегі қиындықтарға қарсы тұрып, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге жетті, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай ? Биыл осы сұрақтарға жауап беретін, өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік ел тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өтпелі күрделі, көп жолдардан өтуіміз керек. Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды.
1.Ұйымдастыру кезеңі
«Заман – ай» әні (өлеңі – Ұ. Есдәулетовтікі, әні – П. Мұхамеджановтікі).
«SOS» сигналынан кейін бомба жарылысының дауысы естіледі, қатысушылар қара жамылғы жамылған бастарын төмен түсіріп құлайды. Содан ақырын дауыспен бірінен соң бірі айта бастайды:
1-оқушы:
Ей адамдар,
Күн мен гүлден жаралған
Тіршілік иесі-
Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
«Аһ» ұрады дүние.
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие?
2-оқушы:
Уланса ауа
Уланамыз бәріміз.
Уланса су
Уланатын тағы біз.
Уланса жер
Уланады өсімдік.
Уланса мал
У тарайды бізге де.
Улы затпен күреспейміз біз неге?
3-оқушы:
Аз ба мынау жер бетінің жарасы,
Семей менен Сарыөзекке қарашы.
Мұңын шағып,шерлі үнменен уілдеп,
Ыңырсиды қазағымның даласы.
4-оқушы:
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың.
1-оқушы
Осыдан 71 жыл бұрын Жапонияның екі қаласыХирасима мен Нагасаки қалаларына алғаш рет атом бомбасы тасталды.
2 – оқушы
Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды.Қалалар қирады, адамдар құрбан болды. Табиғат уланды, ауру адамдар көбейе бастады.
3- оқушы
Сондай балалардың бірі Садако Сасаки еді, оның айықпас дертіне дәрігерлер үміт отын жақты: егер 1000 тырна жасасаң, ауруыңнан жазыласың деп, ол тырналар жасай берді, жасай берді бірақ 1000 тырнаға жете алмады... Оның арманын біз жалғастырайық!
4- оқушы
Балалар, Садако Сасаки сияқты атом бомбасының зардабынан көз жұмған балалар қаншама!
Сондықтан біз атом бомбасына қарсымыз!
«1000 тырна» акциясына өз тырналарын жапсыру
Мұғалім
Презентация бойынша Семей полигоны туралы қысқаша мәліметтер береді.
Оқушыларға үйге қосымша тапсырмалар берілген, өздері дайындап келген тапсырмаларын қорғайды,
Суреттерді қорғау
1 оқушы
1949 жылғы 29 тамызда Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Кейін сынақты жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды.
Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
2 оқушы
Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.
Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.
3 оқушы
Қырық жылдан астам уақыт ішінде Семей атом полигонында 456 жарылыс болды. 1963ж. дейін атом бомбалары жер бетінде ашық ауада сыналды. Атом полигоны бұрынғы Семей облысының және Қарағанды, Павлодар облыстарының іргелес жатқан аудандары тұрғындарының денсаулығына үлкен зиян келтірді. Бұл өңірде қатерлі ісік, қан ауруларымен сырқаттану жиіледі. Бұрын қазақ арасында болып көрмеген сұмдық сырқаттар көбейді.
4 оқушы
Семей полигоны – әлемдегі ең ірі полигонның бірі. Ондағы атом жарылыстарын тоқтату арқылы қоршаған ортаның радиациялық тозаңмен ластануына шек қою – мәселенің бір жағы ғана.
Әлемдегі ірі сынақ полигондарының жойылуы –дүниежүзілік атом соғысының болдырмаудың да ең қажетті алғы шарты болар еді.
5 - оқушы
Сонымен, қоса, полигонды жаптырған күннің өзінде, осымен іс біте қоймады. Өйткені жарылыстан зардап шеккен халықтың денсаулығын қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстардың өзі ұшан-теңіз және ол көптеген жылдарға созылады.
Осы жағдайларды ескере отырып, жаңа қоғамдық бірлестік құру қажеттігі айтылады. Оның аты «Невада - Семей» болсын деп ұсыныс жасалды.
6 - оқушы
Невада – Америка Құрама Штаттарының бір әкімшілік бірлігінің аты. Онда АҚШ - тық атом полигоны орналасқан.
Қоғамның аты «Невада - Семей» қойылуы оның жұмысының дүниежүзілік мәнін, түбінде Кеңестер Одағының ғана емес, АҚШ - тың да (өзге елдердің де) полигондарын жабу мақсатын көздегенін көрсетеді.
Бейнетаспа: (дыбыссыз) Митингінің өтілуі
7 –оқушы
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді
. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов .Халықтың бастамасымен тұңғыш рет Кеңес Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды.
8 - оқушы
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.
Сөйтіп, қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды
Кері байланыс:
Семей полигоны қай жылы ашылды және қайда орналасқан?
Семей атом полигонында қанша жарылыс болды?
Полигонның адамдарға және табиғатқа әсері қандай болды?
«Невада - Семей» қозғалысын кім ұйымдастырды?
Семей полигоны қашан жабылды?
5. Манифест. «Әлем. ХХІ ғасыр» (манифест – үндеухат, саммит – үлкен жиын сөздерін түсіндіру)
- Балалар, 31 наурыз 2016 жылы АҚШ-ның астанасы Вашингтон қаласында саммитте елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлем қауымдастығының назарына ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нақты қадамдар жасауда.
«Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдатушылықтан туындап отыр. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз ол үшін қазір және таяу болашақта бұдан да көкейкесті міндет жоқ екені айтылды.
Барлық елдер осы бастаманы қолдаған жағдайда атом энергетикасын тек бейбіт мақсатта қолдану міндетін орындау мүмкін болады.
Елбасымыздың озық бастамалары әлем қауымдастығы тарапынан өз қолдауын тауып, нақты жүзеге асатын болса, жаһандық қауіпсіздікті сақтау жүйесінің тиімділігі артады.
6. Шығармашылық жұмыс:
Мұғалім: Бүгін қаншама құнды пікірлер, еліміздің, жеріміздің, халық тағдыры, денсаулығы, табиғат құбылыстары, қоршаған ортаның зардап шегуі, ластануы т.б. көптеген мағлұматтар айтылды.
Қазір 3 топтың оқушылары берілген тақырып бойынша жұмыс жасап, постер арқылы бүгінгі сабағымызды қорытындылайды.
І-топ: «Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері»
ІІ-топ: «Ел тағдыры - жастар қолында!»
ІІІ-топ: «Әлемге тыныштық керек!» сыныптан тыс жұмысқа кері байланыс.
Білемін. 2.Не білдім? 3. Не білгім келеді?
Қорытынды сөз:
Мұғалім:
Болашақ тарих беттерінде ядролық қаруға қарсы шыққан ағаларымыздың да есімдері алтын әріптермен жазылатынына сеніміміз мол. Болашаққа жол ашқан ағаларымыздың алдында біздер бас иетін боламыз.
Құрметті оқушылар! «Ел тағдыры-жастар қолында» деп бекер
айтылмаған. Қазақстанның өркендеуіне, өсуіне, дамуына өз үлестеріңді қосып, еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, еліміздің тыныштығын сақтап, өз елін құрмет тұтатын саналы да тәрбиелі азамат болуларына сеніміміз мол.
«Жаса, Қазақстан» әнімен аяқтау, қатысатындар: ата-аналар, қоғамдық өкілдер, жоғары сынып оқушылары (көгершін , шарлар ұшырады)
Бүгінгі 3 «г» сыныбының «Әлемге тыныштық керек» атты сыныптан тыс тәрбие жұмысын тамашалағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз
Достарыңызбен бөлісу: |