Жоспар.
Тақырыбы: Ақпараттық жүйенің даму сатылары
Электрондық-есептеу машинасының дамуы
Қоғамды ақпараттандыру
1. Ақпараттық жүйе басқару функциясын іске асыру үшін әр түрлі санаттағы қызметкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ететін объект жөніндегі ақпарат жинау, тарату, қайта өңдеу жөніндегі коммуникациялық желі болып табылады.
Алғашқы ақпараттық жүйелер 50-жылдары пайда болды. Бұл жылдары ол шоттар мен еңбекақы есептерін өңдеу үшін арналған еді, оған электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналары қолданылды. Бұл қағаз құжаттарын дайындауға кететін шығындар мен үнемдеугетиісінше көмектесті.
Ақпараттық жүйелер даму кезінде бізге не береді:
•Жұмысты автоматтандыру есебінен қызметкерлерді ескі көзқарастан арылтуға;
• Қағазда жазылатындарды магниттік дискілерге немесе таспаға ауыстыруға және қағаздарға жазылатын құжаттардың көлемін азайтуға жағдай жасайды;
• Өнімдерді өндіруге және қызмет көрсетулерге шығынды азайтуға;
• Тұтынушыларға жоғары дәрежеде қызмет ұсынуға;
• Жаңа арықтың мүмкіндіктерін іздеп табуға;
• Сатып алушылар мен жеткізушілерге әртүрлі жеңілдіктер мен қызмет көрсетулерді ұсыну есебінен оларды фирмаға тартуға жәрдемдеседі.
XX ғасырдың ортасында электрондық-есептеу машинасының (ЭЕМ) дәуірі басталды.
Алғашқы ЭЕМ пайда болған сәттен бастап ақпараттық технологиялар 5 буыннан өтті.
I буын (1945-1955) жылдарды қамтыды. ЭЕМ бірінші буынында вакумды шамдар қолданылды.
Ақпараттық технологиялар негізінен машинаның ресурсын үнемдеу үшін құрылды, сондай-ақ жабдықты барынша жүктеу мақсаты қойылды. Осы сатыда машина кодтары бағдарламаланды, блок-сызба пайда болды, символдық адрес бағдарламаланды, стандартты бағдарламалар кітапханасы, автокод, машинаға бағдарланған тілдер мен Ассемблер, алгоритмдік тіл (Алгол, Кобол, Фортран) және басқарушы бағдарламалар әзірленді.
XX ғасырдың 60-шы жылдарында ақпараттық жүйеге деген көзқарас өзгерді. Одан алынған ақпарат буынді есептілікте көптеген параметрлер бойынша қолданыла бастады. Бұл үшін ұйымдарға бұрынғыдай есепті өндеп, еңбекақы санай алатын ғана емес, сонымен бірге көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын кең салалы компьютерлік жабдық қажет болды.
Экономика саласында осы сәтке ресмилендірілген жекелеген есептердің шешімі автоматтандырылды. Ол машина тілінде, автокодта, алгоритм тілінде бағдарламаланды.
II буын (1955-1965) жылдарды қамтыды. ЭЕМ-нің екінші буынында жартылай өткізгіштік транзиторлар қолданылды
Шағын ЭЕМ және үлкен интегралды сызбадағы үшінші буынның ЭЕМ пайда болды. Ақпараттық технология бағдарламашының еңбегін үнемдеумен бағаланатын болды. Ақпараттық жүйені дамытуда бағдарламашылардың инструменталдық құралдарын әзірлеу мақсаты қойылды. Нақты уақыт, уақытты болу және пакеттік деп аталатын үш режимде жұмыс істейтін екінші буынның операциялық желісі пайда болды. Жоғары деңгейдегі багдарламалау тілі (Pascal және т.б.) және экономикалық есеп пен шагын жүйені, сондай-ақ жалпы тага-йындалыстағы пакеттердің шешімін автоматтандыруға арналган қолданбалы багдарламалардың үлгілік пакеттері (ҚБП) пайда болды. Ақпараттық технологиялар шешім қабылдау процесін қолдайтын және жеделдететін басқарушылық бақылау құралы ретінде кеңінен пайдалана бастады.
Алғашқы құрылымдық және модульдік багдарламалау технологиялары, ғаламдық ЭЕМ желісі пайда болды.
Экономикалық объектіні басқаруды автоматтандыру үшін үлгілік жобалық шешім, автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ), кэсіпорынды автоматтандырылған басқару жүйесі (КАБЖ), автоматтандырылған дерек өңдеу жүйесі (АДӨЖ) және экономикалық ақпаратты өңдейтін басқа да автоматтандырылған жүйе (ЭАӨЖ) түріндегі пэндік қосымша эзірленді.
III буын (1965-1980) жылдарды қамтыды.ЭЕМ-нің үшінші буынында интегралды микросхемалар дамыды.
Дербес компьютер (ДК) құрастырылды. Дербес компьютер - адамзат қызметінің көптеген қиын ресмилендірілетін процестерін автоматтандыру үшін кеңінен қол жеткізімді етуге мүмкіндік беретін құрал. Ақпараттық технологиялар жүйесінің алдына ақпараттық технологиялардың адамзат қызметінің барлық саласына ену мақсаты қойылды. Диалогтік операциялық жүйе, мысалы Unix, автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО), кестелік лоне графикалық процессорлар, сараптамалық жүйе, білім базасы, жергілікті есептеу желісі, икемді автоматтандырылған өндірістер, деректерді бөліп өңдеу кеңінен таралды.
Дербес компьютер пайда болғаннан кейін адамның өзі есептей алатын болды. Дербес есептеу - пэн саласы қызметкерінің өзінің жұмыс орнында дербес компьютермен тікелей жұмыс істеу тәртібі. ЭЕМ-да бағдарламашы емес жұмыс істей бастады.
Экономика саласында экономикалық ақпаратты автоматтандырып өңдеу технологиялары (ЭААӨТ), үлгілік пәндік қосымшалар әзірленді, желі технологиялары, дерекқорды, деректі бөліп өңдеуді басқару жүйесі пайдаланылған ақпараттық жүйе-лер, автоматтандырылған басқару жүйелерін эзірлеу жалғасуда.
IV буын 1980 жылдары үлкен және аса үлкен интегралды схемалардан тұратын компьютерлер пайда болды. Сонымен қатар оперативті жадысы – бірнеше гигабайтқа тең болды. Олар көппроцессорлық жүйеден, компьютерлік желілерден тұрды және мультимедиа мүмкіндіктері (графика, анимация, дыбыс) дамыды.
V буын Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ. Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ – ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни «жасанды интеллект» ЭЕМ – дері болуы керек. Бұл идея толғымен іске асқанда, ЭЕМ – ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.
Ақпараттық жүйенің дамытуда коғамды ақпараттандыру мақсаты қойылды.
2. Қоғамды ақпараттандыру - қоғамның әрбір мүшесіне, заңнама бойынша құпияны қоспағанда, кез келген ақпарат көзіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзара байланысты саяси, әлеуметтік-әкономикалық, ғылыми факторлардың жиынтығы. Ақпараттандыру қызметтің барлық саласында ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануды, ғаламдануды білдіреді. Өндірістік, сондай-ақ тұрмыстық кызметке арналған акпараттық қызмет индустриясы пайда болды.
Гипермәтіндік технологияның пайда болуы қолданыстағы және жаңа бағдарламалық құрал әзірлеу тәсілдемесінің сапасын өзгертті. Гипермәтіндік технология мультимедиа технологиясын әзірлейтін құралға айналды. Windows графикалық операциялық жүйесі, объектіге бағдарланған көрнекі технология, жобалауга арналған CASE технологиясы пайда болды.
Экономика саласында корпоративтік және трансұлттық ақпараттық жүйелер пайда болды. Ақпараттық технологиялар ортасында басқарудың ретинжиниринг, интеллектуалдық ақпараттық технологиялар, шешім қабылдауды талдау мен қолдау сияқты жаңа эдістері іске асырылды.
IV . Сабақты бекіту.
«Жетіжұмбақ» ойыны.
Сайыстың шарты: Алдарыңызда сөзжұмбақ жасырылған, ендігі біздің мақсатымыз осы жасырылған сөзжұмбақтың жауабын дұрыс тауып, уақытты үнемді пайдалану.
1. Түсіндіру,баяндау деген мәні бар
Ақпарат деген аты бар
бұл қандай тілден алынған
2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші
3. Қосатын машинаны ойлап тапқан кім?
4. ЭЕМ-нің I буынның элементік базасы
5. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады
6. Даусы шықпас онсыз,
Сөйлей берер тынымсыз,
Әуендетіп айқалар,
Асқан одан не бар?
7. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер
«Сиқырлы әріптер» ойыны.
Ойынның шарты: Жаңа сабақта қолданылған сөздердің дұрыс жазылуын табу керек.
сбедре тьопекрмю --- дербес компьютер
Ашнаим --- Машина
Яехоитлног --- Технология
Атыавдмтаорнту --- Автоматтандыру
Ықнэроетдлк ---- Электрондық
Кокиэомна --- Экономика
Ураптанадақтры ---- Ақпараттандыру
Оепештс --- Есепшот
Калпьса ---- Паскаль
Кубизм әдісі ойыны.
Ойынның шарты: Оқушылар кубикті лақтыру кезінде шыққан сұрақтарға жауап беру керек. Әр жауап 1-ұпай болып саналады.
1. Кубик лақтыру.Электрондық-есептеу машинасының (ЭЕМ) дәуірі қай ғасырда басталды. (XX ғасырдың ортасында )
2. Кубик лақтыру ЭЕМ бірінші буыны (Вакумды шамдар)
3. Кубик лақтыру Дербес компьютер (ДК) қай жылдары құрастырылды және қандай буынды қамтыды? (III буын (1965-1980) жылдарды )
4. Кубик лақтыру IV буын . 1980 жылдары қандай компьютерлер пайда болды? (Үлкен интегралды схемалардан тұратын компьютерлер пайда болды. )
5. Кубик лақтыру Дербес компьютер дегеніміз не? (Адамзат қызметінің көптеген қиын ресмилендірілетін процестерін автоматтандыру үшін кеңінен қол жеткізімді етуге мүмкіндік беретін құрал. )
6. Кубик лақтыру I буында Экономика саласы қандай жетістіктерге жетті ? (Есептердің шешімі автоматтандырылды.
4. Сергіту сәті.
Шығатын мәтін (Автоматтандыру)
5. «Ойлан да тап» ойыны.
5-ұяшық ЭЕМ-нің үшінші буынында не қолданылды. Жауап:Интегралды схема
10-ұяшық Алғашқы ақпараттық жүйелер қай жылдары пайда болды? Жауап:1950 жылдары
5-ұяшық Айналадағы ортадан қабылданатын, айналадағы ортаға берілетін немесе кейбір жүйенің ішінде сақталатын мәліметтер жиыны. Жауап: Ақпарат
15-ұяшық Қоғамның әрбір мүшесіне, заңнама бойынша құпияны қоспағанда, кез келген ақпарат көзіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ғылыми факторлардың жиынтығы. Жауап:Қоғамды ақпараттандыру
15-ұяшық Компьютер программаларына зақым келтіретін, вирустарды табатын,әрі олардың кері әсерін жоятын программа ? Жауап: Антивирустық прогаммалар
5-ұяшық Мәліметтерді кескінді түрде кескіндеуге арналған құрылғы? Жауап: Дисплей немесе монитор.
10-ұяшық 1642 жылы бірінші рет қосу машинасын құрастырған кім? Жауап: Француз математигі Блез Паскаль
5 –ұяшық Компьютерлік желілер жәнемультимедиалық мүмкіндіктер қай буында дамыды? Жауап: IV буын 1980 жылдары
V . Үй тапсырма беру:
Электрондық-есептеу машинасының даму тарихы жайлы сөзжұмбақ.,ақпараттық жүйенің даму сатылары тақырыбына дайындалып келу.
.
VI. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсенді қатысып, интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беріп отырған оқушылардың білім деңгейлеріне сай бағалау.
Пайданылған әдебиеттер.
1. А.Сұлтанбекова “Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технология”
2. М. Қ. Байжұманов «Информатика » Алматы 2004ж
3. Жаңа технология «Информатикадан 30 сабақ» Балапанов
Достарыңызбен бөлісу: |