2017 жылғы «1» маусымдағы №331 қаулысына


 Дамытудың  бес  бағыты  шеңберіндегі    стратегиялық    мақсаттар



жүктеу 2,98 Mb.
Pdf просмотр
бет16/25
Дата14.11.2018
өлшемі2,98 Mb.
#20007
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

46 

4.6 Дамытудың  бес  бағыты  шеңберіндегі    стратегиялық    мақсаттар 

мен міндеттер

 

 

4.6.1  Мемлекеттік емес қаржыландыру  көздерінің үлестерін ұлғайту  

 

Соңғы 



жылдары 

мемлекет 

(квазимемлекеттік 

секторлардың  

субъектілерін  қоса  алғанда)  ел  экономикасының  негізгі  капиталына    барлық 

инвестициялардың шамамен 50 % іске асырды (төмендегі 30-суретті қараңыз). 

Мемлекет тарапынан инвестициялар таяу жылдарда экономиканы дамытудағы  

маңызды  фактор  болып  қала  бермек,  ал  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  ел 

экономикасының  дамуына  қаражаттарды  бағыттау  бойынша  оператордың 

негізгі рөлін атқаруын жалғастырады деп күтілуде.  

 

30-сурет.  2011  –  2015  жылдардағы  Қазақстан  экономикасының  шикізаттық  емес 

секторларындағы негізгі капиталға инвестиция көлемінің серпіні. 



Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті; «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның; «Самұрық -Қазына» 

ҰӘАҚ» АҚ және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржылық есептері 

  

Осыған  байланысты,  2017  –  2018  жылдар  кезеңіне  мемлекеттік 



бағдарламаларды  іске  асыру  шеңберінде  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  900  млрд. 

теңгеден астам мөлшерде қаржыландыруға мұқтаждықты анықтады, оның 35 % 

астамын  республикалық  бюджеттің  және  жергілікті  атқарушы  органдар 

бюджеттерінің қаражаттарынан тарту жоспарлануда. 

Мемлекеттік  қаржыландыру  көздеріне  қолжетімділіктің  шектелуіне 

байланысты  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-на  мемлекеттік  қаражаттардың  бір  бөлігін 

ауыстыру  мақсатында  баламалы  қаржыландыру  көздерін  қарастыру  қажет.

  

Сырттан  қаражаттардың  көп  көлемін  тарту  мемлекет  тарапынан  қарыз  алу 



үлесін  төмендету  мүмкіндігін  береді,  ол  2016  жылдың  соңында  қарыз  алу 

базасының 40 % құрады.  



8,5 % 


47 

Бұл  ретте,  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-ның  қарыз  алу  көлемі  мен  шарттары 

мемлекеттік  жоспарлау  жыне  бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық  уәкілетті 

органмен келісілуі тиіс.  

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-на  қолда  бар  қарыздық  жүктеме  деңгейіне  сүйене 

отырып, сырттан қарыз алу көлемдерін ұлғайту бойынша әлеуетті қарастырған 

жөн.

 

Сырттан қарыз алуды тарту бойынша әлеуетті бағалаудың анағұрлым кең 



тараған  индикаторы  Қарыз/Капитал  коэффиценті  болып  табылады.

 

Бұл  ара 



қатынас  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  деңгейінде  2016  жылдың  соңында  3,4  құрады. 

Салыстырмалы талдау (төмендегі 31-суретті қараңыз) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да 

Қарыз/Капитал  коэффицентінің  өзге  дамыту  институттарымен  салыстырғанда 

ең  төменгі  мәндердің  бірі  екенін  көрсетеді.  Тағы  айта  кететін  жай, 

салыстырмалы таңдау шеңберінде таңдалған дамытудың барлық институттары 

Қарыз/Капитал  ара  қатынасы  деңгейіне  тәуелсіз  ерікті  деңгейде  кредиттік 

рейтингке  ие.

 

Нәтижесінде,  қарыздық  жүктемеге  жүргізілген  салыстырмалы 



талдауға  сүйене  отырып,  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  капиталының  ағымдағы 

құрылымының  қарыздық  жүктемені  одан  әрі  ұлғайту  әлеуетіне  ие  екенін 

байқауға болады. 

 

31-сурет.



 

Дамыту  институттарының  қорландыру  құрылымына,  қарыздық  жүктемеге  және 

кредиттік рейтингтерге салыстырмалы талдау. 

Дереккөз: жылдық есептер, Дүниежүзілік Банк; жылдық есептер; Bloomberg 

 

Қарыздық  жүктемені  әрі  қарай  ұлғайту  бойынша  әлеуеттің  бар  екенін 



ескере  отырып,  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-ға  төменде  көрсетілген  нұсқаларды 

қарастыру керек: 



 

Шетелдік валюталарда тарту 

Дамыту  институттарының  облигациялық  эмиссияларының  2011  –  2016 

жылдардағы  талдауы  халықаралық  нарықтарда    капиталды  қарызға  тартудың 



48 

АҚШ  долларындағы  немесе  Еуродағы  деноминацияны  білдіретінін  көрсетеді 

(төмендегі  32-суретті қараңыз). 

 

32-сурет.  2011  –  2016 жылдар  аралығында  даму  институттарының  облигацияларды  шығару 

көлемі, млрд. АҚШ доллары 

Дереккөз: Bloomberg 

 

Бұл  ретте,  даму  институттарының  халықаралық  тәжірибесі  кредиттік 



портфельде валюталар бойынша міндеттемелер құрылымының көрінісін белгілі 

бір  дәрежеде  болжайды,  яғни  валюталық  тәуекел  ақырғы  қарыз  алушыларға 

таратылады  (төмендегі  33-суретті  қараңыз).  Осылайша,  валюталық  тарту 

ақырғы қарыз алушының ақша ағынымен ұқсас валютада валюта  тәуекелдерін 

және солармен байланысты қарыз алушының кредиттік тәуекелдерін төмендету 

мақсатында қамтамасыз етілуі тиіс.  

еурода 



49 

 

*  Есептеу  формуласы:  (айырбас  бағамы  2016  ж.  –  айырбас  бағамы  2006  ж.)  /айырбас 



бағамы 2006 ж. 

33-сурет.  Валюта  бағамы  айтарлықтай  өзгерген  елдердің  даму  институттарының  кредиттік 

портфельдің міндеттемелерінің салыстырмалы талдауы. 



Дереккөз: даму институттарының қаржылық есептілігі және жылдық есептері  

 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  капиталдың  халықаралық  нарықтарында  сырттан 



қарыз  тарту  кезінде  қаржыландырылуға  жоспарланған  жобалар  портфеліндегі    

экспортқа бағытталған жобалардың үлесін ескереді. 



 

Өзара  тиімді  шарттарда  «Бірыңғай  жинақтау  зейнетақы  қоры» 

акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) тарту көлемін ұлғайту 

Капиталдың  халықаралық  нарықтарынан  валюталық  тәуекелдерге 

байланысты  қарыз  алуды  тарту  бойынша  шектеулерді  ескере  еотырып, 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-ға  жергілікті  валютада    қарыз  алуды  тарту  әлеуетін 

анағұрлым  мұқият  қарастырған  жөн.  Жергілікті  валютада  анағұрлым  ірі 

мемлекеттік емес  қарыз беру көздерінің  бірі БЖЗҚ болып табылады.

  

БЖЗҚ  жүйесіне түсімдердің жыл сайынғы неттосы (төлемдері есептелген 



салымдар)  шашамен  400  –  550  млрд.  теңгені  құрайды  (төмендегі  34-суретті 

қараңыз).

 

Түсімдер инвестициялық құралдар бойынша таратылады, олар 40 %-



ға  қазақстандық  эмитенттердің  корпоративтік  облигацияларымен  берілген.

 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  корпоративтік  эмитенттердің  арасында  анағұрлым 



жоғары  кредиттік  рейтингтердің  біріне  ие,  ол  тәуекелге  деген  сыйақыны 


жүктеу 2,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау