33
2,4
2,4
2,6
2,8
Жұмыспен қамтылғандар саны, млн. адам
18-сурет. ШОБ негізгі көрсеткіштерінің серпіні.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Алайда, ШОБ секторын дамытуда Қазақстанның әлеуеті зор. ШОБ
секторын дамытудың деңгейі Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Африка және
Қытай сияқты дамушы елдерден қарағанда едәуір төмен болып қалуда.
Дамушы елдердің ЖІӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің орташа көрсеткіші
42 %-ға тең, ал жұмысбастылар үлесі ел халқының жалпы санынан 64 %-ды
құрайды. Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің көрсеткіштері
дамушы елдердің орташа көрсеткішінен 1,5 есе төмен, ал жұмысбастылардың
үлесі республиканың экономикалық белсенді халқынан 35 %-ға тең, бұл орташа
көрсеткіштен 2 есе төмен.
Қазақстандағы ШОБ дамуын қаржыландыруды шектейтін негізгі
факторлар ШОБ секторындағы кәсіпкерлерді шектеулі қамту (саны бойынша),
орта бизнестің қосалқы-сегментіне даму институттарының тарапынан
қолдаудың
бағдары,
мемлекеттік
қолдаудың
жеткіліксіздігі,
даму
институттарының
тарапынан
қаржылық
қолдау
құралдарындағы
ынталандырушы құрамдас бөліктердің жоқтығы, сондай-ақ екінші деңгейдегі
банктермен кредиттеудің жоғары мөлшерлемелері болып табылады.
Дегенмен, ШОБ субъектілерінің санын және аталған субъектілермен
шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту, ШОБ субъектілерінен салықтық
аударымдардың көлемінің едәуір ұлғаюына алып келді. Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің
деректері бойынша ШОБ секторының субъектілерінен түсетін жыл сәйкесынғы
салықтық аударымдардың сомасы 2012 жылдан 2015 жылға дейін 3,5 есе өсіп,
2015 жылы 1,3 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте, ШОБ секторының салықтық
34
аударымдар көлемдерінің өсімінен ШОБ секторының мемлекеттік қаржылық
қолдау өсімінің қалуы байқалады. «БЖК – 2020» Бағдарламасын іске асыру
басталғаннан бері 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялауға және бағдарламаның үш бағыты бойынша
кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдендіруге 111,0 млрд. теңге бөлінді.
2014 – 2015 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық
Банкінің бірлескен іс-қимыл жоспарының шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті
қолдау желісі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қосымша
200 млрд. теңге бөлінді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14
сәуірдегі № 354, 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 және 2015
жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулылары).
Мәселен, ШОБ мемлекеттік қолдау сомасы 2015 жылы 145 млрд. теңгені
құрады, бұл ШОБ секторының субъектілерінің салықтық аударымдарынан тек
11 % тең. 19-суретте салықтық аударымдардың көлемі мен мемлекеттік қолдау
көлемінің арақатынасын көруге болады. Осылайша, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға
мемлекет тарапынан ШОБ секторын дамытуға қолдау көлемін ұлғайту туралы
мәселеге бастамашылық ету ұсынылады.
19-сурет. ШОБ секторының салықтық аударымдарын және мемлекеттік қолдау көлемін
салыстыру, млрд. теңге.
Дереккөз: жұмыс тобының талдауы, Даму жылдық есептері
«БЖК – 2020» бағдарламасының және Даму негізгі қызметінің
шеңберінде 2015 жылы қаржылық қолдау 6 186 субъектіге көрсетілді, бұл
«БЖК – 2020» бағдарламасының басым салаларындағы ШОБ субъектілерінің
жалпы санынан тек 1,0 % құрайды (жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да). Бұл
кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық қолдаумен шектеулі
қамтылғандығы туралы куәландырады. Соңғы төрт жылда кәсіпкерлерді
қаржылық қолдаумен қамту субъектілердің жалпы санына салыстырмалы
көріністе өсімді көрсетпейді. Бұл серпінді төмендегі 20-суреттен көруге
болады.
35
20-сурет. ШОБ субъектілерін қолдаудың қаржылық құралдарымен қамту, пайызда.
Дереккөз: Даму жылдық есептері, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Қаражатты ЕДБ шарттасқан орналастыру, сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау және кредитті кепілдендіру «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ЕҰ микро,
шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі қаржылық құралдары
болып табылады.
2015 жылы қолдау көрсетілген кредит портфелінің жалпы көлемінің
жалпы кредит беру сомасы 524 млрд. теңге. Сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау құралы бойынша кредиттеу сомасы 260 млрд. теңгеге тең болды
және аталған қолдаудың жартысы бөлігін құрады. Аталған бағыт бойынша
қаржылық көмек 163 млн. теңгеге тең қолдаудың орташа мөлшерімен
1 595 субъектілерге көрсетілді.
21-сурет. Қолдаудың қаржылық құралдары және олардың негізгі көрсеткіштері, млрд. теңге.
ШОБ субъектілерінің жалпы санына «БЖК – 2020» Бағдарламасының
басым секторлары шеңберіндегі қаржылық қолдауын алған субъектілердің
үлесі
0,8
0,5
0,6
1,0
588
455
762
828
36
Дереккөз: Даму жылдық есептері
Қолдаудың орташа көлемі шағын бизнестің орташа жылдық түсімінен
3 есе асады, осыған байланысты қаржылық қолдаудың негізгі бөлігі орта
кәсіпкерліктің қосалқы-сегментіне бағытталғандығын, ал жеке кәсіпкерлер,
шаруа қожалықтары және шағын кәсіпорындар қажетті қаржыландыруды
алмайды деген тұжырым жасауға болады. Төмендегі 22-суретте микро, шағын
және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны, өндірілетін өнімнің
көлемі және әрбір қосалқы-сегменттегі жұмысбастылардың саны көрсетілген.
Осы деректердің негізінде көрінетіндей, өндірілетін өнім көлемінің 81,1 % және
жұмыс орындарының 89,1 % микро- және шағын бизнестің субъектілеріне
жатады.
Осылайша, ашылатын жұмыс орындарының және өндірілетін өнімнің
көлемін ұлғайту көзқарасынан барынша әсерге қол жеткізу үшін «Бәйтерек»
ҰБХ» АҚ-ның ЕҰ шағын және орта бизнестің сегментінде кәсіпкерлікті қолдау
бағытында қолдаудың қаржылық құралдарын көп дәрежесін орта және орта-ірі
бизнестердің шектелген қатарына қарағанда, микро және шағын бизнестің
қосалқы-сегменттеріне бағдарлайтын болады.
22-сурет. 2015 жылғы сегменттер бойынша көлемде ШОБ белсенді субъектілерінің саны,
өндірілетін өнімнің көлемі және жұмыс орындарының саны.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ЕҰ ШОБ қолдау қаржылық шараларын
көрсету кезінде, белгілі кезең ішінде өзінің әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін ұлғайту жөніндегі қолдау көрсетілетін кәсіпорындардың тарапынан
қарсы міндеттемелердің тетіктері көзделетін болады.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда қайта қаржыландырудың
жоғарғы мөлшерлемесі кезінде арнайы бағдарламалар бойынша (оның ішінде
АДБ, ЕҚҚДБ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жергілікті атқарушы
органдармен Даму бірлескен бағдарламалары бойынша) екінші деңгейдегі
1 242
85.6
%
%
14.1
%
Достарыңызбен бөлісу: |