2016 жылғы № қаулысына



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата19.11.2018
өлшемі0,58 Mb.
#20574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 

жылы  ішінде  әр  пән  немесе  оқу  жұмысының  түрі  бойынша  игеретін  кредит 



санымен ӛлшенетіні кӛрсетілген. 

9.  Осы  стандарт  магистранттарды  даярлау  деңгейіне  және  жоғары  оқу 

орындарының  білім  беру  қызметіне  міндетті  қойылатын  талаптар  негізінде 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді кӛздейді. 

 

 

2. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар 



 

 

10.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  тиісті  мамандық  бойынша 

«магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған. 

Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ӘАОО-да  тиісті  мамандық 

бойынша  «магистр»  дәрежесін  бере  отырып  және/немесе  біліктілік  бере 

отырып кадрларды даярлауға бағытталған. 

11. Кәсіптік құзыреттіліктер магистратураның әрбір мамандығы бойынша 

кәсіптік  стандарттар  негізінде  жұмыс  берушілердің  талаптары  мен  қоғамның 

әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады. 

ӘАОО-да  оқу  нәтижелері  кәсіби  құзыретке  (біліктілік  сипаттамаларына, 

біліктілік талаптарына) сәйкес бітірушінің құзырет моделіне сәйкес келуі қажет. 

12.  Бейіндік  магистратура  экономика,  медицина,  құқық,  білім,  ӛнер, 

қызмет  кӛрсету  және  бизнес,  қорғаныс  және  ұлттық  қауіпсіздік  салалары, 

құқық  қорғау  қызметі  үшін  кәсіптік  даярлығы  терең  басқарушы  кадрларды 

даярлау  бойынша  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  кәсіптік  оқу 

бағдарламаларын іске асырады. 

Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны MBA 

бағдарламасын  іске  асыра  алады.  MBA  кәсіптік  білім  беру  бағдарламасы 

шеңберінде  мамандар  даярлау  мазмұны  мен  деңгейіне  қойылатын  ең  тӛменгі 

талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

13.  Ғылыми  және  педагогикалық  магистратура  жоғары,  жоғары  оқу 

орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйесі  және  ғылым  саласы  үшін  ғылыми-

педагогикалық  даярлығы  терең  ғылыми  және  педагогикалық  мамандарды 

даярлау  бойынша  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  білім  беру 

бағдарламаларын іске асырады. 

ӘАОО-да ғылыми және педагогикалық магистратура тереңдетілген кәсіби 

және  ғылыми-педагогикалық  даярлыққа  ие  болатын  қорғаныс  және  ұлттық 

қауіпсіздік  саласы,  құқық  қорғау  қызметі  үшін  басшылық,  ғылыми  және 

педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

беру бағдарламаларын іске асырады. 

14.  Магистратурада  білім  алу  тек  күндізгі  оқу  нысанында  жүзеге 

асырылады.  

ӘАОО-да магистратурада оқу күндізгі, кешкі нысанда жүзеге асырылады. 

Білім  алушылардың  санатына  байланысты  қашықтықтан  білім  беру 

технологияларын қолдана отырып оқытуға жол беріледі.  



 

15.  Магистранттың  магистратураға  түсер  алдында  тиісті  білім  беру 



бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті 

пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны ӛзі айқындайды. 

Қажетті  пререквизиттер  болмаған  жағдайда  магистрантқа  оларды  ақылы 

түрде  меңгеруге  рұқсат  етіледі.  Бұл  жағдайда  магистратурада  білім  алу 

магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады. 

16. Ғылыми, педагог және басқарушы кадрларды магистратурада даярлау 

екі бағытта: 

1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық

2)  кемінде  бір  жыл  оқу  мерзімімен  бейіндік  бағыттарда  жүзеге 

асырылады. 

Жоғары  оқу  орны  магистратурада  оқу  мерзімін  алдыңғы  дайындық 

деңгейінің  білім  беру  бағдарламасының  бейініне  сәйкес  келуіне  және 

пререквизиттердің болуына байланысты ӛзгерте алады. 

17.  Оқу  процесін  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  ұйымдастыру 

кезінде әр оқу пәнінің кӛлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, 

әдетте, кемінде 2 немесе 3 кредит кӛлемімен бағаланады. 

ӘАОО-да  әрбір  пәннің  кӛлемі  кредиттердің  бүтін  санын  құрайды  және 

пәнді 1 кредитке бағалауға жол беріледі. 

18.  Магистранттар  әрбiр  оқу  пәнін  бiр  академиялық  кезеңде  меңгеріп, 

аяқталған  соң  емтихан  нысанындағы  қорытынды  бақылауды  тапсырады. 

Кәсіптік  практиканың  барлық  түрлері,  курстық  жұмыстар  (жобалар),  ғылыми-

зерттеу 


(эксперименттік-зерттеу) 

жұмысы, 


тағылымдамалар 

бойынша 


қорытынды  бақылау  магистранттың  оқу  жұмыстарының  түрлерін  қорғау 

нысанында белгіленген бағалау шкаласына сәйкес бағаланады.  

19. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті 

пәндерінен тұрады. 

ӘАОО-да базалық пәндер циклі (БП) міндетті пәндерден және жоғары оқу 

орны компоненттерінен тұрады.  

20.  Ғылыми  және  педагогикалық  бағыттағы  магистратурада  БП  циклінің 

кӛлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы кӛлемінің 48%-ын құрайды, оның ішінде 

40%  міндетті  компонент  пәндеріне,  ал  60%  -  ы  таңдау  компоненті  пәндеріне 

тиесілі. 

 

Бейіндік  бағыттағы



 

магистратурада  БП  циклінің  кӛлемі  үлгілік  оқу 

жоспарының жалпы кӛлемінің 44%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 28%-ын (оқу 

мерзімі  1,5  жыл)  құрайды,  оның  ішінде  62%  және  50%  міндетті  компонент 

пәндеріне, ал 38% және 50% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі. 

ӘАОО-да  магистратурадағы  базалық  пәндер  кӛлемі  үлгілік  оқу 

жоспарының  пәндік  жалпы  кӛлемінің  40%  құрайды,  оның  20%  міндетті 

компонент пәндеріне және кемінде 80% кемінде жоғары оқу орны компонентіне 

тиесілі, бұл ретте: 

1)  ғылыми-педагогикалық бағыттағы  магистратурада  БП  циклінің  кӛлемі 

кемінде  17  кредитті  құрайды,  оның  ішінде  кемінде  3  кредиті  міндетті 

компонентке тиесілі;  




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау