19
беріледі.
82. Жоғары оқу орны магистратураның оқу процесін алынған лицензияға
сәйкес ұйымдастырады және білім беру қызметін лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.
83. Жоғары оқу орны білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық
базамен, білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен,
Интернет және басқа да ақпараттық қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген
магистранттарды жатақханамен және басқа да қолдау қызметімен қамтамасыз
етеді.
84. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Магистратураның білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғары оқу
орнында қолданыстағы санитариялық-техникалық нормаларға сәйкес келетін
және оқу жоспарында кӛзделген теориялық және практикалық дайындықтың
барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ магистранттың ғылыми-зерттеу және
эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуын қамтамасыз
ететін материалдық-техникалық базасы (аудиториялық қор, компьютерлік
сыныптар, зертханалар, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, қор материалдары)
болуы тиіс.
85. Оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1) оқу процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
магистранттардың магистратураның білім беру бағдарламасын сапалы
меңгеруіне кепілдік беруі тиіс;
2) білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық
желілерге, электронды деректер қорларына, кітапхана қорларына, компьютерлік
технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу
мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс;
3) кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдаушылардағы
оқу әдебиеттерімен қамтамасыздандыру білім беру қызметін лицензиялау
кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
86. Практикаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
ғылыми
және
педагогикалық
магистратурадағы
білім
беру
бағдарламасына практиканың екі түрі кіреді:
1) білім беру ұйымдарында ӛткізілетін педагогикалық практика;
2) диссертацияны орындау орны бойынша ӛткізілетін зерттеу практикасы.
Педагогикалық практика оқытудың практикалық дағдылары мен
әдістемесін қалыптастыру мақсатында ӛткізіледі.
Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол
үзбей ӛткізіледі. Осы ретте магистранттар бакалавриатта сабақ жүргізуге
тартылуы мүмкін.
Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның
жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми
зерттеудің, эксперименттік деректерді ӛңдеу мен интерпретациялаудың қазіргі
әдістерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.
Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы ӛндірістік
20
практиканы қамтуы тиіс.
Магистранттың ӛндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық
білімін бекіту, оқып жатқан мамандығы бойынша кәсіптік қызмет дағдыларын,
құзыреттері мен тәжірибесін жинақтау, сондай-ақ озық тәжірибені игеру
мақсатында ӛткізіледі.
Зерттеу/ӛндірістік практиканың мазмұны диссертациялық (жобалау)
зерттеу тақырыбымен айқындалады.
87. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарының
нәтижесі ӛтілуіне қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың
есебі түрінде ресімделеді.
МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында
инновациялық технологиялармен және ӛндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін
ғылыми ұйымдарда және/немесе тиісті қызмет салалары бойынша ұйымдарда
міндетті түрде ғылыми тағылымдамадан ӛту қарастырылады.
88. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксприменттік-зерттеу
жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (магистрлік жоба)
болып табылады.
89. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір
жарияланымда және/немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында
кӛрінуі тиіс.
ӘАОО-да магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ұсынылуы
қажет:
бейінді магистратураның магистранттары ғылыми журналда немесе
ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларда кемінде бір
жарияланым;
ғылыми және педагогикалық магистратураның магистранттары ғылыми
журналда немесе ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларда
кемінде екі жарияланым.
90. Магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) мазмұны мен
ресімделуіне, оның дайындалуы мен қорғалуына қойылатын талаптарды
жоғары оқу орны ӛзі айқындайды.
ӘАОО-да магистерлік диссертацияның мазмұнына және ресімдеуге,
оларды әзірлеу мен қорғауға қойылатын талаптарды ӘАОО дербес немесе тиісті
уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
91. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден ӛтуі
тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының
ӛзі анықтайды.
92. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар
лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен
айқындалған.
ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының
талаптарын ұстанған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен ӛткізудің
әдіс-тәсілдері мен нысандарын, оқытудың әдістерін еркін таңдауға құқылы.
93. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір