«2016 - 2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасын» орындау барысында 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Халықты әлеуметтік қорғау саласында «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ атқарылған жұмыстары жөнінде
Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту» Заңды басшылыққа ала отырып
«2016 - 2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасы» бойынша 2018 жылы 430 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған
2018 жылдың 1 маусымына 190 жаңа жұмыс орындары ашылды 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 102,7% ашылған жаңы жұмыстың тұрақты негізде 151 орын немесе 79,5%
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары
|
400
|
430
|
Ашылған жаңа жұмыс орындары
|
185
|
190
|
Орындалуы %
|
46,2
|
44,2
|
Есептік мерзімінде «Ойыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмыспен қамту мәселесімен 869 адам жүгінді.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
Жүгінген адамдардың саны
|
732
|
869
|
2018 жылы 116 адам жұмысқа орналастырылды жоспар 689 орындалуы 36,3%. 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 165,6%
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
Жылдық жоспар
|
458
|
689
|
Жұмысқа орналастырылғандар
|
247
|
250
| Аудан тұрғындарының экономикалық тұрғыдан белсенді халық санынан (9800) алғанда 2018 жылдың 1 маусымына ресми есепте тұрған жұмыссыздар саны 288 ол белгіленген жұмыссыздық деңгейі–2,9%. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (0,2) 2,7 бірлікке жоғары.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
Жұмыссыздық деңгейі
|
0,2
|
2,9
|
Адам саны
|
21
|
288
|
2018 жылға 600 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылу жоспарланып, 243 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды ол жоспардың 40,5%. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,0%.
АҚЖ тартылған
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
Жылдық жоспар
|
600
|
600
|
Жұмыссыздар саны
|
243
|
243
|
Жастар тәжірибесіне 2018 жылға 85 орын ұйымдастыру жоспарланып 36 түлек қатысуда ол жоспардың 42,4%, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен (48 түлек) салыстырғанда 75,0%
Жастар практикасы
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
Жылдық жоспар
|
65
|
85
|
Жұмыстандырылған түлектер саны
|
48
|
36
|
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу 2018 жылға 75 әлеуметтік ашу жоспарланды 54 ашылып жоспардың 72% орындалды. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен (48 орын) салыстырғанда 112,5%
әлеуметтік жұмыс орындары
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
Жылдық жоспар
|
80
|
75
|
Қатысқан жұмыссыздар саны, адам
|
48
|
54
|
Ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 24 қаулысымен Ойыл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде квота белгіленді.
|
2011
Жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
Жыл
|
2015
Жыл
|
2016
жыл
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
МАӘК алушылар саны
|
7/35
|
2/5
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
199/1071
|
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша мүмкіндіге шектеулі 16 адам іс шарамен қамтылды оның 8 қоғамдық жұмысқа, 4 әлеуметтік жұмыс орнына, 3 қысқа мерзімді кәсіптік оқуға және 1 «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында кәсіпкерліктің негізін оқуға жолданды.
Мүгедектік себебі
|
жалпы аурудан
|
бала кезінен 16 жасқа дейін
|
Жұмыс орнында жүріп мүгедектік алғандар
|
бала кезінен
|
Семей снақ полигоны зардабынан
|
кенес армиясы
|
ЧАС
|
16-18 мүгедек балалар
|
Барлығы
|
бала кезінен
|
|
62
|
|
|
|
|
|
|
62
|
І топ
|
22
|
|
|
11
|
|
|
|
3
|
36
|
ІІ топ
|
99
|
|
2
|
70
|
|
1
|
|
3
|
175
|
ІІІ топ
|
97
|
|
5
|
61
|
5
|
|
1
|
1
|
170
|
барлығы
|
218
|
62
|
7
|
142
|
5
|
1
|
1
|
7
|
443
|
«Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 140 қаулысымен «аудан бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы: елуден жүз адамға дейін–жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде; жүз бірден екі жүз елу адамға дейін–жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде; екі жүз елу бірден артық адам –жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленген.
А.ж. 1 маусымына 6 «бос орындар жәрменкесі» өткізілді оған 33 жұмыс берушілер 351 жұмыс іздеушілер қатысты. Нәтижесінде: 76 адам кеңес алды, 32 адам жастар практикасына, 45 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 20 адам жұмысқа жолдама алды.
Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімінің
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
1. Мүгедек балаларды үйге оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу: 8 мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшін мүгедек балалардың ата-аналарына білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тағайындалып төленді.
2. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру: 518 жолдама берілді;
3. Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу: өтініш түскен жоқ;
4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (МАӘК): «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алып 1071 адамы бар 199 отбасына 20583,7 мың теңге тағайындалып оның 15670,0 мың теңгесі төленді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің 58 адамы бар 15 отбасына шартсыз ақшалай көмегін 1178,5 мың теңге көлемінде тағайындап оның 899,5 мың теңгесі төленді;
5. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау: Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі негізінде ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай: Туберкулездің әртүрлі нысандарымен және онкологиялық аурулармен ауыратын тұрғындарға емделу мерзімі уақытында денсаулық сақтау мекемесінің тізімі бойынша, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 50 адамға 5651,6 мың теңге тағайындалып, төленді. 9 мамыр жеңіс күніне 138 ардагерге 2865,0 мың теңге мерекелі атаулы күнге байланысты, аз қамтылған 199 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындарға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1673,4 мың теңге жәрдемақы төленді .
6. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау. Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы № 119 шешімі бойынша: 824 өтініш қабылданып 405 бойынша 3900,0 мың теңгесі төленді.
7. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру: өтініш түскен жоқ;
8. Ақталған адамға куәлік беру: өтініш түскен жоқ;
9. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу: 17 адамға жолдама берілді.
10.Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету: 64 адам қамтылды;
11. Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу: өтініш түскен жоқ.
12. Мүгедектерге кресло-арбалар беру: 3 адамға берілді;
13. Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету: 3 адамға бкрілді;
14. Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу: 6 адамға көрсетілді;
15.Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу: өтініш түскен жоқ.
16.Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру: 5 адамғ берілді;
17. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу: 822 адам;
18. Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу: 702 адам;
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау: өтініш түскен жоқ;
Бөлім басшысы: Е.Сембин
Достарыңызбен бөлісу: |