2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет8/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Ұлттық   алдын   алу   тетігінің   қатысушылары   мекемелер   мен   ұйымдарда

орналасқан   адамдарға,   сондай-ақ   аталған   мекемелер   мен   ұйымдардың

персоналына құрметпен қарауға тиіс.

Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында

адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның

келісуінсіз жария етуге құқылы емес.

Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларының алдын ала болуға жататын

мекемелер мен ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.

Ұлттық   алдын   алу   тетігінің   қатысушылары   заңсыз   әрекеттер   жасаған

жағдайда,   алдын   ала   болуға   жататын   мекемелер   мен   ұйымдар   әкімшілігінің

басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қауіпсіздігін, соның ішінде

аумақта еріп жүруді қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын мекемелер мен

ұйымдардың   әкімшілігіне   жүктеледі.   Мекеме   мен   ұйымның   әкімшілігі

қауіпсіздікке   төнген   нақты   қауіп   және   әңгімелесудің   құпиялылығын   шектеу

қажеттілігі туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысын хабардар етеді.

Ұлттық   алдын   алу   тетігінің   қатысушысының   алдын   ала   болуға   жататын

мекемелер   мен   ұйымдарда   орналасқан   тұлғалармен   әңгімелесудің

құпиялылығын шектеуден бас тартуы жазбаша ресімделеді.

Алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда топтардың алдын

ала   болуы   мерзімі   жолда   жүру   уақытын   есептемегенде   екі   жұмыс   күнінен

аспауы   тиіс.   Алдын   ала   болу   мерзімін   ұзартуға   ерекше   жағдайларда   Адам

құқықтары   жөніндегі   уәкілдің   келісімімен   бес   жұмыс   күнінен   аспайтын

мерзімде жол беріледі.

Ұлттық   алдын   алу   тетігі   қатысушыларының   алдын   ала   болу

бойынша 


шығындарын   өтеу

  бөлінген   бюджет   қаражаты   шегінде   жүзеге

асырылады.

Әрбір алдын ала болу нәтижелері бойынша топ атынан Үйлестіру кеңесі

бекіткен нысан бойынша болу туралы жазбаша есеп жасалады және Үйлестіру

кеңесіне   беріледі,   оған   алдын   ала   болуды   жүзеге   асырған   топтың   барлық

мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша ресімдейді

және есепке қоса береді.

Алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың ұлттық алдын алу

тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу туралы есебі

Үйлестіру кеңесіне:

кезеңдік алдын ала болу үшін екі апталық мерзімде;



аралық алдын ала болу үшін бес күндік мерзімде;

арнаулы   алдын   ала   болу   үшін   екі   күндік   мерзімде   ұсынылады.



            Алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда алдын ала болу

туралы топтардың есептері құпия болып табылады (Ереженің 17-тармағы).

2.

Ішкі істер министрлігіне бағынысты мекемелерде орналасқан

тұлғалардың жағдайы 

17



2.1.  ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелерінде 

Жалпы жағдай 

ҰАТ іске асырудың қалыптасқан әлемдік тәжірибесі бойынша күдіктілер,

қылмыс   жасауда   айыпталушылар,   сотталушылар   орналасқан   қамауда   ұстау

және бас бостандығынан айыру орындарында алдын ала болуларына ерекше

көңіл бөлінуде. 

Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары 2014 жылғы наурыз-сәуірде

Қылмыстық-атқару   жүйесі   мекемелеріне   (тергеу   изоляторлары   мен   сот

ұйғарымы   бойынша   бас   бостандығынан   айыру     түріндегі   жазалауды   өтеп

жатқан тұлғалар үшін мекемелер) кіруге қол жеткізді. 

2014 жыл ішінде  қылмыстық-атқару жүйесінің  72 мекемесінде болды –

бұл   тергеу   изоляторлары   мне   түзеу   мекемелері,   осындай   мекемелерде   12

арнаулы алдын ала болулар өткізілді.

Тергеу   изоляторларында   алдын   кесу   шарасы   ретінде   қамауға   алу

қолданылатын күдіктілер және қылмыс жасаған деп айыпталғандар, одан басқа

мекеменің   шаруашылық   қызметін   қамтамасыз   ету   үшін   қалдырылған

сотталушылар, сондай-ақ әрі қарай бас бостандығынан айыру орнына көшірілу

барысында уақытша ұсталатын сотталушылар орналасқан. Тергеуде жүргенде

сотқа   дейінгі   қылмыстық   тергеу   барысында   қамауда   ұсталынады,   бұл

тұлғалардың кінәсі әлі дәлелденбеген және бұл қамауда ұстау жазалау емес, тек

қана   қылмыстық   процесті   қорғау   үшін   арналған   шара   болып   табылады.

Сонымен   қатар,   бұл   тұлғалар   кей   жағдайда   ұзақ   уақыт   бойы   азаптау   мен

қатыгез   іс-әрекеттерді   қолдану   тәуекелі,   орналасудың   нашар   жағдайларында

ұсталынады.

Тергеу мекемелерінде сот ұйғарымы бойынша бас бостандығынан ұзақ

мерзімге  айырылған  тұлғалар орналасқан. Бірқатар  жағдайлар,  соның ішінде

субъективті жағдайлар себебінен, қоғамнан жабық бас бостандығынан айыру

орындарында көп жағдайда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының

бұзушылықтары байқалады.

ҚР   ІІД   ҚАЖК   бағынысты   мекемелер   ҰАТ   енгізілуіне   дейін-ақ   адам

құқықтарын   қоғамдық   бақылау   (қоғамдық   мониторинг)   жүзеге   асырылған

орындар   болып   табылады.   Осындай   бақылауды   қоғамдық   бақылау

комиссиялары   (ҚБК)   жүргізеді   және   Қазақстан   Республикасы   Қылмыстық

атқару   кодексінің   тиісті   нормаларымен   заңнамалық   бекітілген.   Адам

құқықтарының   барлық   спектріне   мониторинг   жүргізуден   ерекшеленетіні,

азаптауларды алдын алу бойынша ҰАТ қатысушылары осында й   мекемелерде

адам   құқықтарымен   қалыптасқан   жағдайды   адамның   ар-намысын,   оған

конституциялық қолсұқпаушылық қағидасын қолдау, оқиғаларды, салдарларды

немесе қатыгез іс-әрекеттер, жазалау немесе азаптаулар жағдайларын белгілеу

(қажет болған жағдайда) тарапынан зерттеген.  

Жағдайды бағалау

Қатыгез   және   ар-намысты   қорлайтын   іс-әрекеттердің   айқын   фактісі

ұстаудың   тиісті   емес   жағдайлары,   тозып   кеткен   инфрақұрылым,   өткен

18



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау