6М120200 – Ветеринарлық санитария мамандығына арналған
«Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі» атты білім беру
бағдарламасының спецификасы
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты -магистранттардың азық-
түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі жөнінде сұрақтарын меңгеру. Сол
себептен білім беру бағдарламасын мазмұны үшін сапаның жəне мал
шаруашылығының азық-түлігінің қауіпсіздігінің ветеринарлық-санитарлық
сараптамасын жасау алдағы дүниежүзілік сауда ұйымға кіру жəне
практикалық дағдының сəйкес талабы жəне халықаралық ветеринарлық
ұйым (МЭБ, ФАО, жəне т.б. ВОЗ) ұсынысын қамтамасыз ету.
6М120200 – Ветеринарлық санитария мамандығының магистерлық білім
беру бағдарламасының негізгі міндеті болып:
-азық-түлік өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау жұмыстарын
жүргізу
жəне
жаңашыл
тəжірибелік
əдістерді
ұйымдастыруды
докторанттарға үйрету;
-азық-түлік өнімдерінің құрамындағы жануар мен адамның организміне
зиян келтіретін бөгде заттардың негізгі топтарымен магистранттарға
таныстыру;
-азық-түлік өнімдерінің құрамындағы бөгде заттарды анықтауды негізгі
əдістерді үйрету;
-магистранттардың таңдаңан мамандығы бойынша жеке білім алу
жоспарымен қамтамасыз ету;
-оқып жатқан докторанттарға жеке қалыптасу жəне жаңа білім алуды
қалыптастыру;
-əртүрлі сатыдағы ғылыми шараларды қалыптастыру əдістерін үйрену
жəне докторантураға ғылыми дайындығын жетілдіру;
Берілген бағдарлама нақты жұмыс берушілердің талаптарын ескере
құрастырылған, бұл бағдарлама ветеринарлық-санитарлық сараптау жəне
азық-түлік қауіпсіздігі зертханаларындағы мамандарға қажет.
6М120200 – Ветеринарлық
санитария
мамандығы
бойынша
құрастырылған білім беру бағдарламасы Ұлттық квалификация төңірегінде
жəне мамандандырылған стандарттармен, Дублиндік дескрипторлармен
мақұлданған жəне Европалық квалификация төңірегінде, Мемлекеттік
жоғары оқу орындарына арналған жалпы білім беру стандарттарына сəйкес,
магистратура, 01 қырқүйек 2006 жылдың ҚР Үкіметінің қаулысына (№ 779)
сəйкес құрастырылған. Білім беру бағдарламасы пəндерді модульдік жүйеде
оқыту бойынша құрастырылған жəне жалпы мəдени, арнайы тілдер,
профессионалдық пəндер аясында 7 модульден тұрады. Берілген білім беру
бағдарламасына 59 кредит, оның ішінде: теоретикалық оқу пəндері бойынша
кредиттердің жалпы саны – 42 кредит, тəжірибелік оқуға (тəжірибенің бүкіл
түрі) – 6 кредит, магистрлық диссертацияны жазу мен қорғау – 10 кредит,
мамандық бойынша Мемлекеттік емтихан – 1 кредит.
Оқу жоспарына элективті пəндердің каталогы құрастырылған, ол білім
алушыға элективті оқу пəндерінің альтернативті түрде таңдауға мүмкіндік
береді.
6М120200 – Ветеринарлық санитария мамандығының ветеринария
ғылымдарының магистрі кəсіби қызметінің функцияларына келесілер
жатады:
1) азық қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
-дайын өнімдердің жəне жануар шикізатын сапасын бақылау мен
қауіпсіздігі;
-жануарлардың өнімділік қасиетін жақсартуда ветеринарлық шараларды
ұйымдастыру;
-жануар өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау бойынша сапалы
өніммен қамтамасыз ету;
2) адам мен жануардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету:
-жануар, құс, балық, аралардың жұқпалы жəне жұқпалы емес
ауруларының диагностикасы, профилактика жəне ликвидациялау;
-адам мен жануарға ортақ аурулардан халықты сақтау;
-мемлекет территориясын инфекциялық аурулардан қорғау;
-биопрепарат пен медикаменттер дайындауда ветеринарлық-санитарлық
ережелерді сақтау;
3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
-территорияны антропозоонозды аурулардан қорғау;
-мемлекет территориясын сапасыз өндірістік қалдықтардан, шикізат пен
биопрепараттардан қорғау;
4) білім беру;
5) ұйымдастырушылық;
6) өндірістік-технологиялық;
7) проектті.
Жұмыс берушілер мен кəсіпорындар:
1) РМК «Республикалық ветеринарлық зертхана»;
2) МҰ «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық»
3) Ветеринарлық ғылыми-зерттеу ұйымдар;
4) Ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханалары;
5) Акиматтағы ветеринария бөлімдерінде;
6) Ветеринарлық мамандары бар ЖОО-дар мен колледждер;
6М120200 – Ветеринарлық санитария мамандығының ветеринария
ғылымдарының магистрі келесі бағытта компетентті болу тиіс:
-ветеринарлық істің заңдылықтары, республикадағы ветеринарлық
қызметтің құрылымы, мемлекеттік ветеринарлық ұйымдардың қызметі
жөніндегі құжатнамаларында;
-мемлекеттік монополияларға қатысты ветеринария саласындағы
саясатта;
-ветеринарлық-санитарлық сараптау, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапа
жөнінде бағалануы, жануар текті жоғары сапалы өнім шығару жолдарын;
-жануар текті өнім мен шикізатты сақтау, өңдеу кəсіпорындарында,
өткізу жұмыстары бойынша ветеринарлық-санитарлық қадағалау;
-жануардың инфекциялық ауруларын алдын-алу шараларының əдістері;
- инфекциялық жəне жұқпалы емес ауруларға қарсы қолданылатын
алдын-алу шараларын ветеринарлық-санитарлық ұйымдастыру мəселерінде;
-жаппай жұқпалы емес ауру тіркелген жағдайда жəне індетке қарсы жəне
алдын алу шаралары жоспарын əзірлеу;
-ветеринарлық-санитарлық қадағалау талаптарын ұйымдастыру;
-ветеринарлық білімді өрбіту.