2014 жылғы «27» ақпандағы суiд №1554қаулысымен



жүктеу 195,09 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі195,09 Kb.
#2085
түріҚұрамы


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2014 жылғы «27» ақпандағы суiд

№ 1554қаулысымен


бекiтiлген


«Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттiк қызметті облыстардың, Астана және Алматы ққ. жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi, оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны қайта ресiмдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияның телнұсқаларын беру – 2 (екi) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.

3) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің – «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлімінде www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.

2) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензия алу үшiн:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшiн:

еркін нысанды өтiнiш;

лицензияны қайта ресімдеу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

лицензияның түпнұсқасы (лицензияны қағаз тасығышта алған жағдайда);

лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).

Лицензия мынадай: жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) өзгерген; дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

3) лицензияның телнұсқасын алу үшiн:

еркін нысанды өтiнiш;

лицензияның телнұсқасын беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Порталға:

1) лицензия алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

лицензияның түпнұсқасы (лицензияны қағаз тасығышта алған жағдайда);

лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).

Лицензия мынадай: жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) өзгерген; дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы сұрау салуды құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салуы.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
_________________________


«Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша



    

Заңды тұлғаның лицензияны алуға арналған өтiнiшi
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

(қызметтiң түрi көрсетiлсiн)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензия

қағаз тасығышта _________________________________

(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгiсiн қою керек) беруiңiздi сұраймын

Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы, елдi мекенi, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)

Электрондық пошта ___________________________________________________

Телефондары ________________________________________________________

Факс ________________________________________________________________

Банк шоты __________________________________________________________

(шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы (лары) ________________________________

(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы, елдi мекенi, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)

__ парақ қоса берiлiп отыр.

Осымен:


көрсетiлген барлық деректердiң ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген ақпаратты жiберуге болатындығы;

көрсетілетін қызметті алушыға қызметтiң лицензияланатын түрiмен және (немесе) кiшi түрiмен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

қоса берiлген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетiнi және жарамды болып табылатындығы расталады.
Басшы _________ _______________________________________________

(қолы)    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)


Мөр орны

Толтыру мерзiмi 20__ жылғы «___» ____________________



«Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша





Өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне

мәлiметтер нысаны
1. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшiн:

Тау-кен және мұнай газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттердi жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау үшiн; мұнай химиялық, химиялық өндiрiстерiн жобалау үшiн:

1) жобалау үшiн лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудiң электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшiру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпарат __________________________________(бағдарламалық қамтамасыз етудiң атауын жазу, арнайы құралдарды және ұйымдастыру техникасын көрсету);

2) тау-кен өндiрiсiн пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргiзу; кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстарын жүргiзу үшiн:

инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, тетiктердiң, құралдардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестiң болуы туралы ақпарат ________________(инженерлiк құрылыстарды, машиналарды, тетiктердi, құралдарды, арнайы көлiктердi және өзге жабдықтарды көрсету);

3) пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн:

жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмiрi ____;

шарттың нөмiрi *________________________________________________;

шарттың жасалған күнi *_________________________________________;

лицензиясы бар ұйымның атауы *__________________________________;

ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат*____________________________________________________________.

* ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды;

4) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшiн:

каротаж станциясының (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткiштерiн тiркеуге арналған жерүстi аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдiң, ұңғымада түсiру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпарат ______________________________(қолда бар жабдықтың атауын көрсету);

5) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшiн:

жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмiрi ____;

шарттың нөмiрi *________________________________________________;

шарттың жасалған күнi *_________________________________________;

лицензиясы бар ұйымның атауы *__________________________________;

ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат*_____________.

* ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды;

6) мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су қоймаларында бұрғылау үшiн:

бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергiш агрегаттардың болуы туралы ақпарат _____________________________________________________________

____________________________________(жабдықтың атауын көрсету);

7) ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату үшiн; ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшiн:

тиiстi технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат _________________________________ (қолда бар жабдықты көрсету);

8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшiн:

техникалық құралдар кешенiнiң, қабаттардың мұнай беруiн арттыру үшiн арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпарат ___________________________ (қолда бар құралдарды, техниканы, технологияларды көрсету);

9) құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшiн:

теңiздегi мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзушi резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтiн агрегаттардың лақтыруға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпарат _______________________________ (қолда бар жабдықты көрсету);

10) мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшiн:

тетiктердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде болуы туралы ақпарат _______________________________________

________(қолда бар тетiктердi, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);

өнiмнiң стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмiрi және берiлген күнi ________________________________________________________;

аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмiрi *_______________;

аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күнi *________________.

* 3), 4) тармақтардағы ақпарат меншiктi зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.

2. Құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары мен (немесе) қалдықтары болған мүлiк кешенiн сатып алу нәтижесiнде және заңды тұлғаларда жеке өндiрiсiнiң барысында құрылған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу бойынша қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет үшiн:

1. Меншiк құқығындағы мамандандырылған өндiрiстiк база:

1) базаның мекенжайы ___________________________________________;

2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi ______________.

2. Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалданған немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiктiң болуы туралы ақпарат ________________________________________________________ (әрбiр көлiк құралдардың атауын, техникалық құжаттардың нөмiрлерi және берiлген күндерiн көрсету).

3. Мынадай көлемде:

түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 400 ш.м. __________________ (учаскесiнiң көлемiн көрсету);

қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 1000 ш.м. __________________ (учаскесiнiң көлемiн көрсету) автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнiң не оның үлесiнiң болуы туралы ақпарат;

жер учаскесiн беру туралы шешiмнiң нөмiрi және оны қабылдаған күнi ________________________________________.

4. Кәсiпорында тиiстi қара және түстi металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процеске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал:

1) мамандардың тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)______________;

2) лицензияланатын қызметтiң кiшi түрiнiң саласындағы жұмыс өтiлi___.

5. Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындауы), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның аумақтық тұрғыдан өңiрдiң басқа жерiнде орналасқан филиалының, мамандандырылған өндiрiстiк базаның бөлiгi болып табылатын қабылдау пунктiн ашу үшiн:

қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпарат __________________________________ (қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету).

6. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөнiндегi қызметтiң кiшi түрi үшiн:

1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ негiзгi жабдықтардың техникалық сипаттамасы бойынша ақпаратты көрсете отырып, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдарды, жабдықты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсету);

2) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:

қызметтi құру туралы бұйрықтың нөмiрi ___________________________;

бұйрықтың қол қойылған күнi ____________________________________;

жауаптының Т.А.Ә. _____________________________________________;

3) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – мұнай-газ саласындағы арнайы орта бiлiм) жауап беретiн және осы саладағы мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемiнде 70 %-ы) құрамы туралы штат кестесi бойынша ақпарат:

қызметкердiң Т.А.Ә. ____________________________________________;

бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

лауазымы _____________________________________________________;

осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi _____________________.

7. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөнiндегi қызмет үшiн:

1) осы саладағы мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнайы бiлiмi және осы саладағы мамандығы бойынша кемiнде жарты жыл жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi басшылар мен мамандар құрамы туралы ақпарат:

қызметкердiң Т.А.Ә. ____________________________________________;

бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

лауазымы ______________________________________________________;

осы саладағы жұмыс өтiлi ________________________________________.


_________________________
жүктеу 195,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау