3-бөлім. Мақта-мата өндірісі
117. Каустификация аппаратшысы
Параграф 1. Каустификация аппаратшысы, 3-разряд
588. Жұмыс сипаттамасы:
буландырғыш қондырғыда каустификацияның технологиялық процесін жүргізу;
қондырғыға каустика ерітіндісін толтыру;
бақылап-өлшегіш құралдардың көрсеткіштерін бақылау;
талдауға сынама алу;
каустикті буландырғыштан қабылдау багына жіберу;
матаны зерлеу, жібіту үшін және қайнату алдында сіндіру үшін ерітінді дайындау.
589. Білуге тиіс:
буландырғыш құрылғының құрылымы, оны қолдану және күту ережелері;
каустиктің ерітінділерінің негізгі қасиеттері;
буландырғыш құрылғыда каустификация кезінде бақылап-өлшегіш құралдарды қолдану ережелері.
118. Қайысты созушы
Параграф 1. Қайысты созушы, 4- разряд
590. Жұмыс сипаттамасы:
көп қабатты, жартылай капронды қайыстарды, созатын және орайтын машиналарда көп қабатты тасымалдағыш таспаларды созу және рулонға орау;
қайыстар мен тасымалдағыш таспаларды дайындау, мемлекеттік стандарттарға сәйкес рулондарға созу және орауды реттеу;
есептегіш бойынша рулондағы қайыстар мен тасымалдағыш таспалардың ұзындығын анықтау және есеп кітапшасына жазу;
рулондарды босату, өлшеу және тасымалдау;
белгіленген кесте бойынша қызмет көрсететін машиналарды тазалау және үйкелетін беттерді майлау.
591. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін машиналар құрылымын, оларды қолдану және күту ережелері;
көп қабатты қайыстар мен тасымалдағыш таспаларды рулонға тарту және орауды реттеу ережелері;
қайыстар мен таспалардың түрлері;
көп қабатты қайыстар мен тасымалдағыш таспаларға қатысты техникалық жағдайлар мен мемлекеттік стандарттар.
119. Касетаны салушы
Параграф 1. Касетаны салушы, 2- разряд
592. Жұмыс сипаттамасы:
касеталарға шпуля немесе патрондарды қолдан салу;
шпуля мен патрондарды жұмыс үстеліне қайта салу, жарамсыздарды алып тастап, касеталарға орнықтыру;
толыққан касеталарды ілу және орналастыру, олардың тасымалдағыш құрылғыда алмасуын бақылау;
тасымалдағыш құралдан бос касеталарды, шпуляны және патрондарды алып тастау.
593. Білуге тиіс:
шпуля, патрондар мен касетлардың өлшемі және таңбалануы;
касеталарға шпулялар мен патрондарды орнықтыру ережелері;
шпуля мен патрондарды тазалау әдістері;
тасымалдағыш құрылғыда шпуля;
патрондар мен касеталардың алмасу ережелері.
120. Сүзгішті ораушы
Параграф 1. Сүзгішті ораушы, 3- разряд
594. Жұмыс сипаттамасы:
қызмет көрсететін машиналарда сұйық отынды тазарту үшін сүзгіштік элементтерді орау, түзеткішті орнату және оны машинаға салу.
шиыршықты орайтын ұршыққа кигізу, сүзгіш қағазбен орау, орайтын ұршықты машинаға орнату.
сүзгіш элементтердің дұрыс оралуы мен сапасын бақылау, сүзгіш қағаздың екінші парағын салу, үзілуді болдырмау.
дайын сүзгіш элементтерді қызмет көрсетуші машиналардан шығару.
қалдықтарды жинақтау және тасымалдау.
қызмет көрсетуші машинаны тазалау және үйкелетін беттерді майлау.
595. Білуге тиіс:
қызмет көрсетуші машиналардың құрылымы, оларды қолдану және күту ережелері;
түзеткіштің сызықтық тығыздығы, дайындалатын сүзгіштік элементтердің түрлері;
сүзгіштерді орау ережелері.
Параграф 2. Сүзгішті ораушы, 4-разряд
596. Жұмыс сипатамасы.
тасқынды желіде сұйық отынды тазарту үшін сүзгіштік элементтерді орау.
иірілген жіптің тасқынды желі машиналарын толтыру, ораудың технологиялық процесін бақылау, алынатын барабан мен жұқартатын білікше арасындағы түтудің, айналдырып созатын иірілген жіп пен орайтын механизм арасындағы үзілуді болдырмау;
мычканы орап айналдыру үшін иірілген жіп пен тығырықты алмастыру;
сүзгіштік элементтерді таңбалау, қалдықтарды жинақтап, сұрыптау, дайын өнім мен қалдықтарды тасымалдау;
қызмет етуші жабдықты тазарту.
597. Білуге тиіс:
қызмет етуші жабдықтың құрылымы, оны пайдалану мен күту ережелері;
дайындалатын сүзгіштік элементтердің түрлері мен оларды орау ережелері.
121. Қалдықтарды өңдейтін агрегат операторы
Параграф 1. Қалдықтарды өңдейтін агрегат операторы, 3-разряд
598. Жұмыс сипаттамасы:
қалдықтарды өңдейтін агрегаттар машиналарында қалдықтарды өңдеу және оларды автоматтық прессте белгіленген үлгіде бумаларға пресстеу процесін жүргізу;
лабаздардың қалдықтармен толу деңгейін, талшықтардың араласуын, агрегатта қалдықтардың тазалануын бақылау;
буып түйетін матаның пресске оралуы;
буманың оралуы мен қалдықтарды престегеннен соң прессті босату;
мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес бумаларды өлшеу және таңбалау;
автоматтық немесе қолдан басқару жүйесінің көмегімен қалдықтарды өңдейтін агрегаттты қадағалау;
жұмыстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін машиналардың блокталу, қосылу, тоқтау жүйесінің жұмысын бақылау;
агрегат машиналарының үйкелетін беттерін тазарту және майлау;
жөндеуден соң жабдықтарды қабылдауға қатысу;
қызмет көрсететін машиналардың жұмысындағы ақаулар мен ұсақ олқылықтарды жою.
599. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережежелері;
қалдықтарды өңдейтін агрегат машиналарының автоматтық және қолдан басқару жүйе жұмысының принциптері, машиналардың үйлесімділігін түзету әдістері;
буып-түйілетін өнімдер мен қалдықтардың мемлекеттік стандарттары;
қалдықтарды престеу ережелері мен оларды технологиялық жабдықтан іріктеу мерзімі.
Параграф 2. Қалдықтарды өндейтін агрегат операторы, 4-разряд
600. Жұмыс сипаттамасы:
қалдықтарды өңдейтін агрегаттар машиналарында қалдықтарды өңдеу және оларды автоматтық прессте белгіленген үлгіде бумаларға пресстеу процесін жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықты алдын алу және ағымдағы жөндеу кезіндегі жұмыстарды атқару.
601. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережежелері;
қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеу жұмыстарының әдістері мен мерзімі.
122. Қопсыту-түту агрегатының операторы
Параграф 1. Қопсыту-түту агрегатының операторы, 4-разряд
602. Жұмыс сипаттамасы:
автоматтандырылған тасқынды желінің қопсытқыш-жұлмалағыш агрегатта талшықтың қопсытылу, араласу, тазартылу, түтілу процесін жүргізу.
дабыл жүйесінің жағдайы мен қопсытқыш-жұлмалағыш агрегат машиналарында талшықтың болуын тексеру, авто қоректендіргішті талшыққа толтыру, авто қоректендіргіштердің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету.
шілік барабандардың айналымын, жүк тақталарының күйін, қоректендіргіштердің электрлік болатының арқандарының жағдайын, қоспа жасайтын машинада талшықтардың араласуын бақылау.
автоматтық немесе қолдан басқару жүйесінің көмегімен қопсытқыш-жұлмалағыш агрегаттың жұмысын басқару.
шілік барабандардан оралымдарды уақытылы жою.
қопсытқыш жұлмалағыш агрегат машиналарының қосылу, тоқтатылуының блокталуының жұмысын және машиналардың жұмыстарының үйлесімділігінің қамтылуын бақылау.
конвейерді және мақта қалдықтарынан қорғайтын торлардың беттерін тазарту.
агрегаттың авто қоректендіргіштерінің, қысымды сымдарының шығарушы құйғыштарының мақтамен бітелуін болдырмау.
қопсытқыш жұлмалағыш агрегат машинасын қалдықтардан тазарту мерзімін сақтау.
қызмет көрсететін жабдықты күту.
603. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;
қалдықтарды өңдейтін агрегат машиналарының автоматтық және қолдан басқару жүйе жұмысының принциптері, машиналардың үйлесімділігін түзету әдістері және технологиялық процестің үзілмеуін қамту;
өңдеуге келіп түскен шикізаттың аты мен сапасы, мақта бумаларымен авто қоректендіргіштерді қосу ережесі;
мақтаның тазартылу, түтілу, араластырылу, қопсытылуының сапасына қойылатын талаптар;
қалдықтардың жіктелуін, нормасын және оларды азайту әдістері.
123. Арқаушыбықты сіңдіріп сорғыш машина операторы
Параграф 1. Арқаушыбықты сіңдіріп сорғыш машина операторы, 4- разряд
604. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық ережеге сәйкес арқаушыбықты сіңдіріп сорғыш машинада кордный жіптерді сновкалау, сіңдіру және созу процесстерін жүргізу.
науаны сіңдіру ерітіндісімен толтыру.
кордный жіптерді навояның ені бойынша орналастыру және оларды бекіту.
шпулярникте катушканы ауыстыру, жіптердің үзілуін болдырмау.
ставкадағы жіптердің есептік мөлшерін және сновканың берілген ұзындығын қадағалау, жіптің тартылуын реттеу.
механизмдер мен қызмет көрсетуші машиналардың құралдарының күйі мен жұмысын бақылау.
бағаларды қою.
навойларды алып тастау.
қалдықтарды жинақтау және тасымалдау.
машинаны тазалау және үйкелетін беттерді майлау.
жөндеуден соң жабдықтарды қабылдауға қатысу.
605. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;
сновканың қосылу есебі, кордтық жіптердің түрлері, қасиеттері мен сапасына қойылатын талаптар;
кордтық жіптерге қатысты мемлекеттік стандарттар мен техникалық жағдайлар;
сіңдіру ерітіндісінің рецептурасы мен қасиеті және олардың қызметі, сіңдірудің технологиялық тәртібі;
жіптің тартылуын реттеу ережелері;
қалдықтардың жіктелуі мен нормалары.
124. Кенеп созғыш машинаның операторы
Параграф 1. Кенеп созғыш машинаның операторы, 3- разряд
606. Жұмыс сипаттамасы:
кенепті созатын машинада кенептерді өндіру, машиналарды кенеппен толтыру;
науадағы кенептің үзілуін болдырмау және озатын жабдықтың білікшесі мен цилиндрін оралған талшықтардан тазарту;
өңделген кенепті алу және иілімді білікшені ауыстыру;
өңделген кенепті, бос катушкаларды, қалдықтарды тасымалдау;
қызмет көрсететін жабдықты күту.
607. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;
өңделген кенептердің сызықтық тығыздығы, олардың сапасына қойылатын талаптар.
125. Түту-ленталы агрегат операторы
Параграф 1. Түту-ленталы агрегат операторы, 4-разряд
608. Жұмыс сипаттамасы:
түткіш ленталық агрегат машиналарында лентаны жасау процесін жүргізу;
тетіктің көмегімен пневматикалық үлестіргіштерден түту машиналарының үздіксіз талшықтармен бірқалыпты қоректенуін қамту;
түту мен лента сапасын бақылау, қоректендіретін үстелде лентаны тасымалдау;
түту мен лентаның үзілуін болдырмау;
компенсатор мен ленталық машинаның қоректендіру механизміне лентаны орнықтыру;
сорғыш құралдың ақаулы қысымды білікшелері мен ленталық машинаның жұқарту білікшелерін алмастыру;
ленталық машинаның жұмыс атқаратын бөліктерінен лентаның оралуын жою;
автоматты немесе қолдан басқару жүйесінің көмегімен түткіш ленталық агрегат жұмысын басқару, машиналардың жұмыстарының үйлесімділігінің қамтылуы үшін агрегат машиналарының қосылу, тоқтатылуының блокталуының жұмысын бақылау, жасалған лента мен шылапшынды ауыстыратын автомат жұмысын бақылау;
ленталық машинаның түбіт жинайтын бөлігінен қалдықтарды жою;
қызмет көрсететін жабдықты күту.
609. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;
түткіш ленталық агрегат пен оның автоматты құрылғыларының жұмысын автоматты және қолдан реттеу принципі;
түту мен лентаның үзілу себебі, түту, лента, мақта талшықтарының қопартылу деңгейінің сапасына қойылатын талаптар;
қалдықтардың түрлері мен нормалары.
126. Матаны жаюшы
Параграф 1. Матаны жаюшы, 2- разряд
610. Жұмыс сипаттамасы:
жаятын машинада мата мен тыстарды жаю;
мата сапасын қарау;
шығыршықты, матасы бар арбаны жеткізіп тұру, шығыршықты машинаға орнату, матаны тігу және босаған шығыршықтарға төсеу;
шебер мен шебердің көмекшісінің нұсқауына сәйкес маталар партиясын артикул, сорты бойынша таңдау;
маталарда табылған ақауларды нұсқай отырып, шығыршық паспорттарын толтыру;
жаятын машинаны тазарту және үйкелетін беттерді майлау.
611. Білуіге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;
жайылатын мата түрлері, мата мен тыстарды тігу және жаю ережелері;
маталы шығыршықтардың паспорттарын толтыру ережесі.
4-бөлім. Зығыр өндірісі
127. Дымқыл қалдықтарды жуушы
Параграф 1. Дымқыл қалдықтарды жуушы, 2- разряд
612. Жұмыс сипаттамасы:
иірудің сулы қалдықтарын жуу және кептіру;
жуу машинасына су құю және дымқыл қалдықтарды салу;
қалдықтарды шаю;
машинадан қалдықтарды шығару, центрифугаға салу және сығу;
қалдықтарды центрифугадан шығару және кептіруге арналған арбаға салу;
арбаларды кептіргішке кіргізу;
қалдықтардың кептірілуін бақылау;
кептіру кезінде арбадағы қалдықтарды аударып тұру;
қалдықтардың кептірілуі аяқталған соң, оларды арбаға салып, пресске орналастыру;
қалдықтарды бумаларға престеу және буу;
бумаларды жинақтау орнына тасымалдап, қатарымен орналастыру.
613. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;
қалдықтарды жуу, сығу, кептіру әдістері;
қалдықтардың рұқсат етілетін ылғалдылығы.
128. Зығыр түтетін машина операторы
Параграф 1. Зығыр түтетін машина операторы, 2- разряд
614. Жұмыс сипаттамасы:
зығыр түткіш машинада түтілетін талшықтың түтілу процесін жүргізу;
берілген салмақ бойынша талшықтар уысын түтуге дайындау;
берілген салмақ бойынша талшықтарды уыстарға бөлу, ұзындығы бойынша түзулеумен қатар ақауларды жою;
машина үстеліне талшықтар уысын уақытылы жеткізу арқылы зығыр түтетін машинаның үздіксіз жұмысын қамту;
түтілген талшықтарды жұмыс орнына тасымалдау;
сыдырылған талшықтар байламдарын босату, талшық байламдарының белдеулерін қию;
уыстарды аудару;
байламдарды түту;
шпагат пен жапсырмаларды дайындау;
белгіленген салмақта түтілген талшықтарды буып, талшықтардың түрі мен нөмірі көрсетілген жапсырмаларды салу;
талшық бумаларын тасымалдағыштың аспасына салу.
615. Білуге тиіс:
бірінші өңдеу әдісі, нөмірі, түсі мен ұзындығы бойынша түтілген талшықтың түрлері;
түтілген талшықтың түрі мен нөмірі, түрлі ұзындықтағы талшық уыстарына белгіленген салмағы;
талшықтар уыстарын байламдарға буу ережелері.
Параграф 2. Зығыр түтетін машина операторы, 3- разряд
616. Жұмыс сипаттамасы:
автоматтық жайып салғышпен агрегатталған зығыр түтетін машинада түтілген талшық уыстарынан лентаның жасалу процесін жүргізу;
берілген ұзындық пен салмақта лента шылыпшынын өңдеу;
лентаның жасалу процесінің барысын бақылау және зығыр түтетін машиналардың ақаулықтарын жоятын қажетті шараларды қолдану;
өткізулер мен лентаның басқа ақауларын жою және алдын алу;
шылыпшын мен лентаны алмастыру, прессте ленталарды байламдарға жапсырмалармен бірге буу;
орамға шпагаттарды дайындау;
талшықтардың білікшеге және үйінділердің қырқаға оралып қалуын болдырмау;
тазалағыштар мен білікшеден түбіттерді жою;
білікшелерді сүрту;
зығыр түтетін машиналарды желпу және тазарту, жөндеуден соң машинаны қабылдап алуға қатысу.
617. Білуге тиіс:
автоматты жайып салу механизмдерінің өзара алмасу және жұмысының міндеті мен принциптері;
қолданатын жабдықты күту ережелері;
түтілген талшық пен лентаның сапасына қойылатын талаптар;
шылыпшынға жасалатын лентаның белгіленген ұзындығы мен салмағы, прессте лентаны буу ережелері.
Параграф 3. Зығыр түтетін машина операторы, 4- разряд
618. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі жүйедегі зығыр түтетін машиналарда ұзын талшықтарды түту процесін жүргізу;
зығыр түтетін машина қалыптарына белгіленген салмақтағы ұзын талшықтардың уыстарын тегістеу және салу;
автоматтық жайып салушы тасымалдағышқа талшықтарды төсеу процесін бақылау және өткізулерді жоятын қажетті шараларды қолдану;
уыстарды қалыптардан шығару және оларды сұрыптау, түтілген талшықтарды нөмірі мен түсі бойынша орналастыру;
зығыр түтетін машинада ұзын талшықтарды түту процесін бақылау, талшықтардың оралып қалуын болдырмау, жөндеуден соң машинаны қабылдап алуға қатысу.
619. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;
талшықтардың түрлері және оларды сұрыптау ережелері;
ұзын талшықтардың уысының белгіленген салмағы.
129. Жайып салатын машина операторы
Параграф 1. Жайып салатын машина операторы, 4- разряд
620. Жұмыс сипаттамасы:
жайып салу машиналарында түтілген зығыр уыстарынан жайылуы мен жасалу процесін жүргізу;
лента жасалуының технологиялық процесінің үзілмеуін қамту, лентада өткізулерді алдын алу және шылыпшында белгіленген лентаның ұзындығымен белгіленген салмақта лента алу;
лентаның үзілуін алдын алатын жұмыстар жүргізу, қырқада және лентаны біріктіретін тақтада үйінділерді жою;
қызмет көрсететін жабдықтарды күту жөніндегі жұмыстарды атқару, қысым көрсететін білікшелерді және лентаны біріктіретін тақтаны бормен сүрту;
тазалағыштардан түбітті жинау;
жөндеуден соң машинаны қабылдау.
621. Білуге тиіс:
жайып салатын машинаның негізгі механизмдерінің құрылысы мен өзара әрекеттесуі, қолданылатын жабдықты күту ережелері;
түтілген зығырдың түрлері мен нөмірі, өңделетін лентаның белгіленген ұзындығы мен салмағы;
түтілген зығыр мен лентаның сапасына қойылатын талаптар.
130. Талшық өңдеуші
Параграф 1. Талшық өңдеуші, 2- разряд
622. Жұмыс сипаттамасы:
түтілген талшық уыстарының соңдарын өңдеу және қол қырқасына талшықтарды түту үшін түсіру;
түтілеген талшық уыстарының белдеулерін қию;
белгіленген салмақ бойынша зығырды уыстарға бөлу;
байламдарды сұрыптау және түтуге дайындау;
өңделген талшық уыстарын байламдарға салу және нөмірлері бойынша қапшықтарға толтыру;
салмағы бойынша өңделген талшықтарды тапсыру.
623. Білуге тиіс:
зығыр мен түтілген зығырдың сорты мен нөмірі;
түрлі нөмірдегі және түрдегі талшықтардың уыстарына белгіленген салмағы және рұқсат етілген ақаулықтар;
түтілген зығыр мен очестың сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Талшық өңдеуші, 3- разряд
624. Жұмыс сипаттамасы:
қол қырқасында түтілген талшықты өңдеу, талшықты нөмірі және түсі бойынша сұрыптау;
уыстың белгіленген салмағын сақтау;
өңделген уыстарды байламдарға салу, буу және салмағы бойынша тапсыру.
625. Білуге тиіс:
талшықтың нөмірі мен түрлері;
түтілген талшық пен очестың сапасына қойылатын талаптар;
түрлі нөмірдегі және түрдегі талшықтардың уыстарына белгіленген салмақ нормасы және рұқсат етілген ақаулықтар.
Параграф 3. Талшық өңдеуші, 4- разряд
626. Жұмыс сипаттамасы:
талшықтың нөмірі мен сапасын жоғарлату үшін қол қырқаларында талшықтарды өңдеу;
түтілген зығыр материалдарының белгіленген шығу нормасын сақтау және берілген нөмірлерін алу;
мемлекеттік стандартта орнатылған талаптарға сәйкес талшықты нөмірі мен түсі бойынша сұрыптау;
өңделген талшық уыстарын байламдарға салу, буу және салмағы бойынша тапсыру.
627. Білуге тиіс:
талшықтың нөмірлері мен түрлері;
талшыққа қатысты мемлекеттік стандарттар және түтілген талшықты сұрыптау ережелері;
түтілген талшық пен очестың сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 4. Талшық өңдеуші, 5- разряд
628. Жұмыс сипаттамасы:
түтілген талшықтың соңғы өңделуін жүргізу;
қоймадан келетін шикізатты қабылдау, биркада, тауар құжаттамасында, тіркеу кітабында белгіленген өңдеудің нөмірі мен түрлеріне сәйкестігін қадағалау;
зығыр талшықтарын жұмыс орнына уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік стандарттарға сәйкес өңдеу, қайта түту, сұрыптау кезінде талшықтарды нөмірі мен түсі бойынша сұрыпталуын ішінара қадағалау;
өңделген талшық пен очес бойынша есеп жүргізу.
629. Білуге тиіс:
талшықтың нөмірлері мен түрлері, талшыққа қатысты мемлекеттік стандарттар;
түтілген талшықты өңдеу және сұрыптау ережелері;
түтілген талшық сапасына қойылатын талаптар, қырқаның нөмірлері, талшық байламдарын жасау ережелері;
өңделген талшық пен очесты есептеу тәртібі.
131. Қалдықтарды престеуші
Параграф 1. Қалдықтарды престеуші, 2- разряд
630. Жұмыс сипаттамасы:
механикалық және гидравликалық престерде қалдықтарды бумаларға пресстеу;
қалдықтар мен буылған материалдарды престеуге дайындау;
қалдықтар мен буылған материалдарды өлшеу және преске салу;
қалдықтарды бумаларға престеу;
қалдықтардың алуан түрлері мен сортторының араласып кетуін болдырмау;
бумаларды бекіту, техникалық талаптарға сәйкес орау және таңбалау;
белгіленген жерге қалдық бумаларын тасымалдау және орнықтыру;
престі тазарту және үйкелетін беттерді майлау.
631. Білуге тиіс:
қалдықтардың түрлері иен сорттары, бумалардың өлшемі мен салмағы, престің құрылысы мен жұмыс жасау ережелері;
престі тазартудың әдістері мен жиілігі, үйкелетін беттерді майлау, қалдықтарды буу сапасы мен буатын материалдардың шығынының нормасына қойылатын талаптар, экспортқа арналған жүктерді буу ережелері;
бумаларды таңбалау ережелері.
132. Өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандырушы
Параграф 1. Өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандырушы, 3- разряд
632. Жұмыс сипаттамасы:
латекстеуге арналған агрегат машиналарында өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандыру және жоғары дәрежелі өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандырушының басқаруымен каландрированияға арналған жолдарды ылғалдандыру процесін жүргізу.
машина өлшемі бойынша өрт сөндіретін қолғаптарды жайып салу және қайта байлау.
техникалық талаптарды сақтай отырып, машинаға өрт сөндіретін қолғаптарды салу.
бу шығару.
белгіленген температураға дейін жұмыс ерітінділерін қыздыру.
машинада қажетті температураны, бу қысымын және жұмыс ерітіндісінің деңгейін қадағалау.
химиялық ерітінді ағып кету үшін ылғалдандырылатын өрт сөндіру қолғабын машинадан алу және вертикалды күйде орнату.
ылғалдануды бекіту үшін өрт сөндіру қолғабын ерітіндісі бар келесі машинаға салу.
өрт сөндіретін қолғаптарды кептіру камерасына тасымалдап, орнықтырып, кептіру.
қызмет көрсететін жабдықты тазарту.
633. Білуге тиіс:
қызмет ететін жабдықтың механизмдерінің құрылысы мен өзара әрекеттесуі, оларды пайдалану және күту ережелері;
өрт сөндіретін қолғап артикулдары, өрт сөндіретін қолғаптарға қатысты мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;
химиялық материалдардың қасиеті мен қызметі;
өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандыру ережелері мен олардың сапасына қойылатын талаптар;
қызмет ететін жабдықтарды тазарту әдістері мен жиілігі.
Параграф 2. Өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандырушы, 4- разряд
634. Жұмыс сипаттамасы:
латекстеуге арналған агрегат машиналарында өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандыру және каландрированияға арналған жолдарды ылғалдандыру процесін жүргізу.
қызмет көрсететін машинаны жұмысқа дайындау.
белгіленген қосылымды сақтай отырып, жұмыс ерітіндісін дайындау және машинаны әзірленген ерітіндіге толтыру.
ылғалдандыруға келіп түскен өрт сөндіретін қолғаптардың сапасы мен өлшемін тексеру.
бу шығаруды және қысымды реттеу.
өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандырудың технологиялық процесін бақылау.
ылғалдануды бекіту үшін ылғалдандырылған қолғаптарды жұмыс ерітіндісі бар келесі машинаға салу, ылғалдандыру сапасын бақылау.
өрт сөндіретін қолғаптарды сығу механизмінің толқындарынан өткізу, өрт сөндіретін қолғаптарды кептіру камерасына тасымалдап, кептіру процесін бақылау.
өрт сөндіретін қолғаптарды қысыммен тексеру. Қолданылатын қолғаптардың сынамасын алу.
635. Білуге тиіс:
қызмет ететін жабдықтың механизмдерінің құрылысы мен өзара әрекеттесуі, оларды пайдалану және күту ережелері;
өрт сөндіретін қолғап артикулдары, өрт сөндіретін қолғаптарға қатысты мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;
химиялық материалдардың қасиеті мен қызметі, қолданылатын жұмыс ерітінділерінің рецептурасы;
өрт сөндіретін қолғаптарды ылғалдандыру және кептірудің технологиялық ережелері мен олардың сапасына қойылатын талаптар, жұмыс ерітінділерін сынаққа алу тәртібі;
қызмет ететін жабдықтарды тазарту әдістері мен жиілігі.
133. Дымқыл қалдықтарды жинақтаушы
Параграф 1. Дымқыл қалдықтарды жинақтаушы, 2- разряд
636. Жұмыс сипаттамасы:
дымқыл иіретін машиналардан дымқыл қалдықтарды қолмен жинау.
торлар мен су ағатын орларды тазалау.
жиналған қалдықтардан бөгде заттарды сұрыптау.
қалдықтарды арбаларға салу және тасымалдау.
637. Білуге тиіс:
қалдықтарды сұрыптау тәртібі мен олардың жарамдылық дәрежесі.
Достарыңызбен бөлісу: |