матаны, трикотажды және мата емес жаймаларды, трикотажды, тоқыма-галантерея бұйымдарды ылғалды-жылу өңдеу және трикотажды негіздегі жасанды терілерді арнайы өңдеу процестерін берілген режимді сақтай отырып әртүрлі технологиялық түрдегі үтіктеу-ылғалдау машиналарда және каландрлерде жүргізу;
қызмет көрсететін қондырғыларды жұмысқа дайындау, маталарды, жаймаларды, бұйымдарды тасымалдау, мата кесінділерін тігу және оларды үтіктеу ылғалдау машиналарымен сабақтау;
талшықтың, маталар мен бұйымдардың түрлерінің қасиеттеріне тәуелді буды беруді, қыздыру мен ылғалдау жүйелерін реттеу;
белгіленген тәртіппен өндірілетін маталардың, жаймалар мен басқа да бұйымдардың сапасын жүйелі түрде тексеру, ақауларды анықтау;
маталардың және бұйымдардың соңын таңбалау;
өнімді алу;
жылу камерасымен агрегатталған каландрға қызмет көрсеткенде жылу камерасының температурасын бақылау;
газды каландрға қызмет көрсеткен кезде газды камераға газ бен ауаның берілуін реттеу және газдың қалыпты жануын бақылау;
өлшемдік машинамен агрегатталған каландрға қызмет көрсеткенде – матаның ені мен штампын жүйелі түрде тексерумен, өлшенген матаны алумен және оны арбашыққа тиеумен өлшемдік машиналарға қызмет көрсету;
өрнектеу каландрына қызмет көрсеткенде – біркелкі өрнектеуді және бедерлі суретті бақылау;
өңделген маталарды, жаймалар мен бұйымдарды белгіленген жерге тасымалдау.
114. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін машиналардың қондырғысын, пайдалану және күтіп-ұстау тәртібін;
олардың жекелеген бөлшектерінің өзара әрекетін, сабақтау және қайта сабақтау тәсілдерін;
өңделетін маталардың, жаймалар мен бұйымдардың ассортименті мен артикулдерін, өңдеудің технологиялық режимін;
қысып-басу ережесін, мемлекеттік стандарттарға сәйкес бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды;
жылу камерасымен агрегатталған каландрға қызмет көрсеткенде – жылу камерасымен жұмыс істеу ережесін;
өлшемдік машинамен агрегатталған каландрға қызмет көрсеткенде – машинаға матаны сабақтау тәсілдерін және өлшем барысында тартылу деңгейін, газды каландрға қызмет көрсеткенде – газбен жұмыс істеу тәртібін;
өрнектеу каландрына қызмет көрсеткенде – металл біліктің қызу деңгейін.
Біліктің үстін қолмен ажарлаған, реттеген және тегістеген кезде және каландрдың тораптары мен жүйелерін реттеу жөніндегі жұмыстарды орындаған кезде (қыздыру жүйелері, жаймаларды салу биіктігі механизмдері және тағы басқалар) – 4-разряд.
24. Қышқылдатушы
Параграф 1. Қышқылдатушы, 3-разряд
115. Жұмыс сипаттамасы:
жуу машиналарында, аппараттары мен баркаларда мерсерлерген соң иірімжіпті қышқылдаудың, жуу мен нілдеудің технологиялық процесін жүргізу;
химиялық материалдарды алу және тасымалдау, қышқыл мен ніл қоспасын әзірлеу;
иірімжіп орамдарын тақтайшаға (сырыққа) ілу немесе иірімжіп орамдарын қапшаларға салу, баркаларды сумен толтыру, суды жылыту;
иірімжіп орамдарын жуу машиналарына немесе баркаларға салу;
қышқылдау процесін, белгіленген режимге сәйкес иірімжіптерді толық бейтараптандырғанша және нілдегенше жууды жүргізу және реттеу);
өңдеу процесінде иірімжіпті бір баркадан басқаша ауыстыру, өңделген өнімдерді түсіру;
жуу машиналары мен баркаларды тазалау және жуу.
116. Білуге тиіс:
жуу машиналары мен баркалардың, қолданылатын бақылау-есептеу аспаптары мен автоматты аппараттардың құрылысы мен пайдалану ережесін;
сілтілер мен қышқылдардың қасиеттерін және қышқылдау мен жуу процесіндегі олардың иірімжіпке әсерлерін;
химикаттармен жұмыс істеу ережесін.
25. Маталар мен трикотаж жаймасы үлгілері коллекциясын жинаушы
Параграф 1. Маталар мен трикотаж жаймасы үлгілері
коллекциясын жинаушы, 2-разряд
117. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті маталар мен трикотаж жаймалары түрлері коллекциясын жинаушының басшылығымен жаңа суреттегі маталар мен трикотаж жаймалары үлгілерінің коллекциясын жинау;
кітаптарда маталардың нөмірлерін, түрлері мен суреттерін көрсетумен үлгілерін және жазба қағаздарын желімдеу;
іріктеп алынған үлгілерді сақтау немесе жөнелту үшін жинау.
118. Білуге тиіс:
маталар мен трикотаж жаймаларының ассортиментін;
суреттер мен бояу түрлерінің нөмірін, маталар мен трикотаж жаймаларының үлгілерін кесу ережесін;
олардың мөлшерлері мен сақтау тәртібін.
Параграф 2. Маталар мен трикотаж жаймасы үлгілері
коллекциясын жинаушы, 3-разряд
119. Жұмыс сипаттамасы:
түр-түсі және суреттері бойынша маталар мен тоқыма жаймалары үлгілерінің коллекциясын жасау;
тиісті кезеңге тапсырыстарды жазу үшін альбомға маталардың үлгілерін желімдеу;
көрмелер, көркемдік кеңестер, жәрмеңкелер, тапсырысушылар және экспорттық жеткізілімдер үшін маталар үлгілерін дайындау және сапасын бақылау;
оларды орамаға немесе контейнерге жіберілетін сөрелі, байламалы карталарға немесе маталарға арналған арнайы парақтарды жабыстыру үшін үлгілер дайындау;
сөре немесе байлам нөмірі, күні, сорты, артикулі мен түрі, кесек саны мен метрлер көрсетілген байлама картаны ресімдеу.
120. Білуге тиіс:
маталар мен тоқыма жаймалардың ассортиментін;
суреттердің, түр-түстердің нөмірлерін, маталардың үлгілерін кесу ережелерін және олардың өлшемдерін;
маталар үлгілерінің кітабын жүргізу тәртібі;
мата сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттарды.
26. Жинақтаушы
Параграф 1. Жинақтаушы, 1-разряд
121. Жұмыс сипаттамасы:
иірімжіптер, жіптер орамдарын куфтаға жинақтау және қолмен орау, белгіленген ұзындық пен салмақ тізбегінде жөргемдерді, иірімжіп пен ластиктер куфтасын, ызба орамын байлау;
орау ақауын түзетумен жөргемдер мен куфталардың байлануын тексеру;
өнімдерді тасымалдау;
жөргемдерді аспаға немесе қармаққа ілу және оларды жаю;
сыртқы түрі бойынша сапасыз жөргемдерді, иірімжіптерді немесе ластиктерді алып тастау;
белгіленген тәртіппен ақаулы өнімдерді тапсыру;
белгіленген жөргемдердің санын есептеу, оларды түсіру және куфталарға орау;
куфталарды ыдысқа салу.
122. Білуге тиіс:
иірімжіптер мен жіптердің түрлері мен желілік тығыздығын, иірімжіптердің, ластиктердің, ызбалардың сыртқы ақауларын;
иірімжіптер мен жіптердің желілік тығыздығына тәуелді жөргемдер саны бойынша куфталарды таңдау тәртібін;
байлау мен беру ережелерін.
Параграф 2. Жинақтаушы, 2-разряд
123. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті жинақтаушының басшылығымен қолданыстағы ережелерге және қабылданған белгілерге сәйкес иірімжіптер, торлар, қатты маталар, жаймалар, фурнитуралар, қосарланған жүннен басылған аяқ киімдер, киіздер мен киіз дөңгелектері, жүннен басылған аяқ киімдер үшін қалыптар, мата емес материалдар, шұлық-ұйық және қолғап бұйымдарын қолмен жинақтау;
торларды ілу;
өнімдерді тасымалдау, фурнитура іріктеу;
эластикалық таспаларды фурнитураға кигізу;
маталарды тігу үшін бет жағымен арбашаларға немесе кесіндісінің соңын қалдырумен үстелдерге жаю;
иірімжіптер мен таспаларды айыру және сілку;
мөлшерлері бойынша жүннен басылған аяқ киім үшін сыныптарды, олардың төзу деңгейін тексеру;
жіптерді үзіліссіз бұрауға байлау;
матаның, жайманың соңдарының екі соңының да бет жақтарына белгі салу, жинақталған өнімдердің есебін жүргізу;
жіп пен жайманың соңдарын тігу;
құжаттамаларды ресімдеу.
124. Білуге тиіс:
өңделетін маталардың, иірімжіптердің, торлардың, жаймалардың, фурнитураның ассортиментін;
партияны іріктеу мен жинақтаудың ережесін;
құжаттарды ресімдеу тәртібін;
эластикалық таспаны фурнитураға кигізу ережесін.
Параграф 3. Жинақтаушы, 3-разряд
125. Жұмыс сипаттамасы:
дайын маталарды, мата емес материалдарды, жаймаларды, таспаларды, иірімжіптерді, ызбаларды, бауларды, бас киімдерді, киіз бұйымдарын, пималарды және басқа да бұйымдарды тағайындалған белгілер және ыдысқа салу мен тұтынушыларға жөнелту үшін қолданылатын ережелер бойынша қолмен жинақтау және жұпқа іріктеу;
иірімжіптердің сыртқы ақауларын анықтау, иіршіктің диаметрін бақылау, қайта орауға қайтару және ақауларды түзету;
иірімжіптер мен партиялардың нөмірлерін қатаң бақылау;
ыдыстар мен жолдама жазба қағаздарды дайындау;
иірімжіптерді салынатын ыдысқа салу;
салынатын иіршіктерді есептеу;
жолдама құжаттарды толтыру;
дайын өнімдерді тасымалдау;
іріктелген партияларды сөрелерге қою;
жолдама құжаттарды салыстыру, қиындылар тізімімен есеп беруді жасау.
126. Білуге тиіс:
өңделетін маталар мен жаймалардың ассортиментін;
суреттерін, әрлеу мен өңдеу түрлерін, бұйымдар;
иірімжіптер ассортиментін, ыдысқа салу ережесін.
Параграф 4. Жинақтаушы, 4-разряд
127. Жұмыс сипаттамасы:
жинақтау: тағайындалған белгілер және тұтынушыларға жөнелту үшін қолданыстағы ережелер бойынша қолмен иірімжіптерді, берілген ассортиментте кілемдер дайындау үшін иірімжіптерді.
кілемдер мен түстік гамманың жалпы композициясын бүлдірместен бір түстегі және реңктегі иірімжіптерді басқасына дербес ауыстыру.
иірімжіптердің сыртқы ақауларын анықтау, иіршіктің диаметрін бақылау, ақауларды қайта орауға және түзетуге қайтару.
иірімжіптерді сұрыптау, салынатын ыдысқа салынған иіршіктерді есептеу, иірімжіптер мен партиялардың нөмірлерін бақылау.
ыдыстар мен жолдама жазба қағаздарды дайындау.
иірімжіптерді белгіленген тәртіппен ыдысқа салу.
жолдама жазба қағаздарды дайындау.
дайын өнімдерді ыдысқа салу және жөнелту үшін таңбалау.
өнімдер мен ыдысқа салу сапасы бойынша шағымдар мен наразылықтарды қарауға қатысу.
128. Білуге тиіс:
өңделетін маталардың, иірімжіптердің, кілемдердің және олардың техникалық суреттерінің ассортиментін;
кілемдер суреттерінің жалпы композициясын, суреттердің бір түрін басқасына мүмкін ауыстырудың нұсқаларын;
иірімжіптерді жинауды есептеудің тәртібін.
27. Өнімді өлшеуді бақылаушы
Параграф 1. Өнімді өлшеуді бақылаушы, 1-разряд
129. Жұмыс сипаттамасы:
таспаның, бұйымның, жіптердің, мата емес жайманың, матаның, ызбаның, трикотаж жаймасының, тікпенің, баудың ұзындығын өлшеуді бақылау, қолмен тігу;
өлшенген өнімдерді кесектерге салу немесе орамдарға орау;
жапсырма қағазға, бағыттық картаға немесе жазба қағазға артикулді, сұрыбын, метражын жазу және оларды кесекке немесе орамаға жапсыру;
жаймаларды таңбалау.
130. Білуге тиіс:
бұйымдардың барлық түрлерінің ассортиментін, артикулдерін;
ені мен суреттерін;
бұйымдарды өлшеу;
орау және орналастыру тәртібін.
Параграф 2. Өнімді өлшеуді бақылаушы, 2-разряд
131. Жұмыс сипаттамасы:
жіптерді, кілем бұйымдарын, трикотаж жаймасын, мата емес жайманы, матаны, ызбаны, таспаны, бауды өлшеуді бақылау және қызмет көрсететін машиналарға немесе қол станоктарына салу;
суреттер бойынша іріктеумен артикулдарымен және суреттерімен жаймаларды кеспелерге салу;
төсемді жамаумен жинақтау, бүктемені немесе үлгіні төсемге іріктеу;
өнімдерді тасымалдау, қызмет көрсететін машиналарды сабақтау;
жайманың, матаның қалыпты тартылуын және жиектерін келтіріп бүгу дұрыстығын қамтамасыз ету, ақауларды анықтау;
өлшеу нәтижелерін жазу, өлшенген өнімдерге жапсырма (жазба) қағаздарды жапсыру, жаймаларды таңбалау;
маталарды қосарлаудың, штамп ұзындығының дұрыстығын реттеу;
жаймаларды түрлері, артикулдері және сұрыптары бойынша салу;
қызмет көрсететін машиналарын тазалау және майлау.
132. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін машиналардың құрылысын, оларды пайдалану, күтіп-ұстау тәртібін;
тазалау және майлау режимін, өнімдердің ассортиментін, артикулдерін;
ені мен суреттерін;
сөрелерге төсемдер мен алулар үшін жаймаларды іріктеу тәртібін;
пішу жоспарын, жамауға шығын нормаларын.
Параграф 3. Өнімді өлшеуді бақылаушы, 3-разряд
133. Жұмыс сипаттамасы:
матаны, перде-шілтерлі, тюльдік, трикотаждық және мата емес жаймаларды өлшеу-салу-қосарлау машиналарында өлшеуді бақылау, жайманың соңын машинаға сабақтау;
жайманың біркелкі қозғалысын бақылау;
жапсырма қағазды алу, таңбалау, ресімдеу және жаймаларды түрлері, артикулдер мен сұрыптар бойынша қатарлап салу;
өнімдерді тасымалдау;
қызмет көрсететін машиналарын тазалау және майлау.
134. Білуге тиіс:
өлшеу-салу-қосарлау машиналарының құрылысын және жекелеген механизмдерінің өзара әрекетін;
оларды пайдалану мен күтіп-ұстау ережесін;
жаймаларды өлшеу мен қатарлап салу ережесін;
өлшенетін жаймалардың ассортиментін, артикулдері мен енін.
Параграф 4. Өнімді өлшеуді бақылаушы, 4-разряд
135. Жұмыс сипаттамасы:
өлшеу-салу-қосарлау машиналарында бір мезгілде өлшемді кесіндінің сапасы мен сұрыптауын бақылаумен матаны, перде-тюльдік және шілтерлік жаймаларды өлшеуді бақылау;
өндірістік ақауларды және олардың қиындыларын анықтау;
мемлекеттік стандартқа сәйкес жаймаларды орау сапасын, жаймалар орамы ұзындығы шамасының сақталуын бақылау, ұлтандық соңдарды таңбалау;
техникалық жағдайларға сәйкес өлшемді кесіндіні сұрыптау, қиындыларды (қалдықтарды) жинау және тапсыру;
жаймаларды қызмет көрсететін машиналарға және қалтағайға (білікке) сабақтау, өнімдерді алу;
өлшеу–орау машиналарына жасанды теріні орамаға орау және өлшеу процесін жүргізу;
қызмет көрсететін машиналарға жаймаларды сабақтау, қыстыру қондырғысына шөлмекті орнату, пистолетпен тері орамасының соңын шөлмекке сапалы түрде ату, штамптар қою, теріні өлшеу, есептегіш көрсеткішін алу, ақаулы жерлерді кесіп алу, бір ораманы екіншісінен бөлшектеу, машинадан ораманы түсіру және теріні ыдысқа салу, жапсырма қағазды тігу;
қызмет көрсететін машиналарды күтіп-ұстау.
136. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және жекелеген механизмдердің өзара әрекетін;
шығарылатын өнімдердің ақауын табу жөніндегі нұсқаманы, олардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарын;
өнімдерді таңбалау, ақауларды кесіп алу ережесін;
жолдама және есеп құжаттамаларын толтыру тәртібін;
өнімдерді орау тегістігі мен тығыздығын реттеу әдістерін;
қолданылатын қондырғыларды пайдалану және оларды күтіп-ұстау ережесін.
28. Сапаны бақылаушы
Параграф 1. Сапаны бақылаушы, 2-разряд
137. Жұмыс сипаттамасы:
өлшеу аспаптары мен қимаүлгінің көмегімен мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес технологиялық көшірмелер бойынша шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың сапасын бақылау.
маталар, жаймалар кесінділеріне жапсырма қағаздарды таңбалау немесе тігу, жартылай фабрикаттарды дайындау процесінде олардың сыртқы ақауларын анықтау және оны түзету бойынша шаралар қабылдау үшін ол туралы шебердің көмекшісіне хабарлау.
тиісті құжаттарды ресімдеумен сапаның техникалық шарттары мен талаптарына сәйкес келмейтін жартылай фабрикаттарды кері қайтару.
жібек орау өндірісінде – жібек шикізаты орамының ақауын іріктеу, орамаларды байлау және орау, түстері, ластануы, майлануы және басқа да белгілер бойынша алынған қалдықтардың дұрыстығын тексеру.
шикізаттың және жартылай фабрикаттың сапаларын бақылау жөніндегі құжаттамаларды жүргізу.
138. Білуге тиіс:
бақыланатын шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың ассортиментін;
артикулдерін, түрлерін, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың сапаларына қойылатын мемлекеттік стандарттарды;
техникалық шарттар мен талаптарды, қолданылатын өлшеу аспаптары мен құрал-жабдықтарының мазмұны мен пайдалану ережесін;
алғашқы құжаттамаларды жүргізу ережесі мен тиісті журналдарға, карталарға бақылау нәтижесін жазу тәртібін;
жібек шикізатын орау және ыдысқа салуды тексеру ережесін;
одан әрі қайта өңдеуге жартылай фабрикаттың жарамсыздығы туралы құжаттамаларды ресімдеу тәртібін.
139. Жұмыс үлгілері:
1) қысқа зығырлы және кендірлі талшықтар – сапасын бақылау;
2) автотөсем бөлшектері – сапасын бақылау;
3) піллә сыдырғышы – тегістеу тазалығы мен дұрыстығының сапасын бақылау;
4) таспалар, қыл-қыбыр, сызба, арқаужіп, жайғақ – сапасын бақылау;
5) жібек шикізатының орамасы – сапасын бақылау;
6) иірімжіптегі жіптер, таспалар, иірімжіптер, ызбалар, баулар-сапасын бақылау;
7) жайғақты қайнату және кептіру сапасын бақылау;
8) талшықты сұрыптау және дайындау дұрыстығын бақылау.
Параграф 2. Сапаны бақылаушы, 3-разряд
140. Жұмыс сипаттамасы:
мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен нұсқамаларға сәйкес шикізаттың, жартылай фабрикаттың және дайын бұйымдардың сапасын бақылау;
маталардың тығыздығын, ені мен өлшемін, шұға мен жайманың массасын, кендірлі және байпақ-киіз өндірістерінде жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың мөлшерін бақылау;
талшықтардың белгіленген қоспасының сақталуын, талшықтардың сұрыптылығы мен дайындалу дұрыстығын, түту сапасын бақылау;
байпақ-киіз өндірісіне жартылай фабрикаттардың жарамдылығын анықтау;
бұйымдар мен жартылай фабрикаттарда кемістіктер мен ақауларды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау, қажет болған жағдайда – оларды қайтадан өңдеуге қайтару және ақауларды жою;
иірімжіп ақауларын жөндеу;
жаймалардың кесіндісіне тиісті реквизиттерді енгізу;
жұмысы аяқталған катушкаларды түсіру;
иірімжіпті тазалауды бақылау;
белгіленген үлгі бойынша бақылау нәтижесі туралы алғашқы құжаттарды толтыру;
бақыланатын өнімдерді жұмыс орнына жеткізу;
қолданылатын қондырғыларды күтіп-ұстау.
141. Білуге тиіс:
бақыланатын шикізаттардың, жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың ассортиментін, артикулдері мен түрлерін және олардың сапасына қойылатын талаптарды, қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, шикізаттардың белгіленген араласуын, ақау тапқыш машиналардың жұмысы мен құрылысын;
иірімжіптегі және жартылай фабрикаттағы ақауларды жою және алдын алу жөніндегі шараларды, бақылау-есептеудің алғашқы құжаттамаларын жүргізу тәртібін.
142. Жұмыс үлгілері:
Сапаны бақылау:
1) ұзын зығырлы және кендірлі талшықтар;
2) қолғап, ұйық-шұлық бұйымдары;
3) торлы тоқу және тоқыма-галантерея өндірісінің (перделік, тюлдік, және шілтерлік өндірістің дайын өнімдерінен басқа) бұйымдары;
4) ширатылған бұйымдар;
5) боялғаннан кейін иірімжіптің орамалары;
6) қайнатылған жібек шикізатының орамалары;
7) жіптерді орау және тарту;
8) мата емес жаймалар;
9) жүн және байпақ-киіз өндірісінің жартылай фабрикаттары;
10) қатты трикотаждық және тігілген жаймалар, трикотаж негізіндегі жасанды тері;
11) мақта-қағазды, зығырлы, жібекті жүнді, штапельді, жібек және штапель қалдықтарынан, жасанды және синтетикалық талшықтардан, шарпылғаннан кейінгі табиғи жібектен иірімжіптер;
12) қатты тоқыма өндірісінің маталары;
13) әрлеу өндірісінің аралығындағы маталар;
14) түрлері, жіңішкелігі, ұзындығы, жағдайы және түрлері бойынша жуылған жүндер;
15) жүн таспасы;
16) трикотаж иірімжіптер өндірісі үшін таспалар, созбалар.
Параграф 3. Сапаны бақылаушы, 4-разряд
143. Жұмыс сипаттамасы:
мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен нұсқамаларға сәйкес маталардың, трикотаж жаймаларының, кілемдер және кілемдік бұйымдардың сапасын бақылау, ақауларды анықтау және олардың сұрыптылығын бағалау;
жолдама құжаттамалары мен есептеу деректерін жазумен матаның тығыздығын, ені мен өлшемін, жаймалар мен шұғаның массасын, трикотаждық және басқа да бұйымдарының мөлшерін бақылау;
трикотаж өндірісі жартылай фабрикаттарының сапасын таңдамалы бақылау;
түрлері, артикулдері және сұрыптары бойынша перде-тюлдік бұйымдарды іріктеу;
таңдамалы тексерудің белгіленген көлемін сақтау;
қайтадан өңдеу және ақауларды түзеу үшін бақыланатын маталар мен бұйымдарды кері қайтару;
дайын өнімдерді таңбалау;
сауда базалары мен тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдар мен бұйымдарға наразылықтарды қарауға қатысу;
дайын бұйымдарға төлқұжаттар және сапасы төмендетілген өнімдерге акт ресімдеу;
белгіленген үлгі бойынша бақылау нәтижесі туралы есептеу құжаттамаларын жүргізу;
ақауды жою және өнім сапасын арттыру жөніндегі шараларды жасауға және жүзеге асыруға қатысу.
144. Білуге тиіс:
бақыланатын дайын маталар мен бұйымдардың ассортиментін;
суреттердің нөмірлері мен түрлерін, ақаулардың түрлерін және оларды балдармен немесе басқа да шартты бірліктермен бағалау жүйесін, ақаулардың туу себептерін, дайын маталар мен бұйымдардың сапасын бақылау жөніндегі техникалық шарттар мен нұсқамаларды, қолданылатын машиналардың, құрал-жабдықтар мен аспаптардың құрылысын, маталардағы ақауларды алып тастау (кесіп алу), өнімдерді таңбалау мен белгілеу ережесін, өлшемдік және салмақтық қиындыларды қысқарту жөніндегі шараларды және маталар кесінділерін қалыптастыру тәртібін;
маталардың, бұйымдардың сұрыптарын анықтау және тиісті құжаттарды;
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерге сұрыптылығын төмендету актілерін ресімдеу тәртібін.
145. Жұмыс үлгілері:
Сапаны бақылау:
1) мақта-қағаздан, зығырдан, жүннен, жібек иірімжібінен және синтетикалық пен жасанды талшықтардан иірімжіптерден сыртқы трикотаж бұйымдары;
2) байпақ-киіз өндірісінің дайын бұйымдары;
3) трикотаж өндірісінің дайын бұйымдары (әйелдердің және ерлердің іш киімдері);
4) дайын мақта-қағаз, зығырлы, жүн, жібек, трикотаж маталары және тігілген жаймалар, трикотаж негізінде жасанды терілер;
5) дайын перделік, тюлдік және шілтерлік өндірісінің өнімдері, тігілген жаймалар, көкем өрнектеу бұйымдары;
6) тұтынушыларға жөнелту үшін таза жүннен иірімжіптер, күспелер.
7) трикотаж өндірісі үшін иірімжіптер.
Төмен разрядтағы бақылаушылар жіберген сұрыптылықты анықтаудағы қателіктерді түзету және ішінара бақылау:
1) ылғал жұтқыш, оташылық мақталар;
2) арқандық, канаттық, жіптік, қолғаптық, байпақ-ұйықтық бұйымдар;
3) тоқыма-галантерея өндірісінің (перделік, тюлдік және шілтерлік өндірістің дайын өнімдерінен басқа) бұйымдары;
4) бояудан кейінгі иірімжіптер орамалары;
5) беймата, қатты тоқыма және тігілген жаймалар;
6) байпақ-киіз өндірісінің жартылай фабрикаттары, ширатылған және боялған жібектер;
7) мақта-қағаз, зығыр, жүн, жібек иірімжіптері;
9) қатты мақта-қағаз, зығыр, жібек, жүн, кендір маталары.
Параграф 4. Сапаны бақылаушы, 5-разряд
146. Жұмыс сипаттамасы:
конвейерге түсетін пішуді және жұмыс орындарында орындалатын операциялардың сапасын жиі тексеру, конвекциялық картаның талаптарына сәйкес дайын өнімді бақылау;
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес дайын маталардың барлық түрлерінің, дайын ішкі және сыртқы трикотаж бұйымдарының, киіз бұйымдарының, кілем бұйымдарының, дайын перделік, тюльдік және шілтерлі жаймалардың және бұйымдардың сұрыптылығын анықтау және сапасын таңдамалы бақылау;
қайта бақылау үшін белгіленген таңдап алу көлемін сақтау;
маталар мен бұйымдарды қайта өңдеуге немесе ақауларды жоюға қайтару;
төмен сапалы және жарамсыз өнімдерге актілер ресімдеу;
қайта жарамды етуге бақылауға және сауда базаларынан, дүкендерден және тұтынушылардан түскен өнім сапасы бойынша шағымдарын және жарнамалауға, өнім сапасын арттыру бойынша шараларды өткізуге қатысу;
дайын бұйымдарды ораудың және маркалаудың дұрыстығын тексеру;
конвейерде жұмыс істейтін орындаушылардың операцияларды орындау сапасы карталарын жүргізу.
147. Білуге тиіс:
дайын өнімнің ассортиментін, ақаулар түрлерін және оларды бал бойынша бағалау жүйесін, ақаулар болу себептерін, дайын өнім сапасын бақылау бойынша мемлекеттік стандарттарды;
техникалық шарттарды және нұсқамаларды, мата кесінділерінің болу тәртібін және өлшемдік және салмақтық қиындылар шығуын азайту бойынша шараларды;
трикотаж жайма тығыздығын анықтау әдістерін;
өнім сапасын (сұрыптылығын) есепке алу және алғашқы құжаттамалар ресімдеу тәртібін, сапасыз өнімге актілер ресуімдеу;
қайта өңдеу және ақауларды жою үшін қайтарылатын матаны есепке алу тәртібін.
148. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
149. Жұмыс үлгілері:
Сапаны (сұрыптылықты) анықтаудың дұрыстылығын таңдамалы бақылау:
1) дайын іш киім және сыртқы трикотаж бұйымдары және оларды пішу, көркемдеп салу, шұлық-киіз (аяқ киім, бас киім, техникалық бұйымдар), кілем бұйымдары;
2) кілем және кілем бұйымдары;
3) дайын перделік, тюльдік, шілтерлі өндіріс өнімі, мата емес жаймалар;
4) дайын мақта-мата, зығыр, жібек, жүн, трикотаж маталар және кестеленген жаймалар.
29. Технологиялық процесті бақылаушы
Параграф 1. Технологиялық процесті бақылаушы, 3-разряд
150. Жұмыс сипаттамасы:
тиісті бақылау-өлшеу аспаптарының қолдануымен машиналарда, станоктар мен аппараттарда орындалатын технологиялық процестердің параметрлерінің сақталуын бақылау.
технологиялық ауысымдар бойынша машиналардың, станоктардың жұмысшы органдарының жылдамдығын және айналыс жиілігін өлшеу.
машиналар мен станоктарда дайындалатын жартылай фабрикаттардың немесе дайын бұйымдардың үзілу деңгейін анықтау үшін байқау жүргізу.
динамометрде иірімжіп пен матаның беріктігін, өндірістік ғимараттарда температура мен ылғалды өлшеу.
үлгіні пайдаланумен үзілуді, иірімжіпті орау тығыздығын, матаның, жартылай фабриаттар мен дайын өнімдердің тығыздығын, орама мөлшерін, химиялық ерітіндінің қоюлығын тексеру.
кондициялық аппараттарда шикізат мақтаның, мақта талшығының, зығыр талшығының, тараманың ластануын, сұрыптары калибрі, талшықтың араласуы мен ылғалдығының сапасы бойынша жібек құртын сұрыптау дұрыстығын, жартылай фабрикаттар мен иірімжіптер орамасын бақылау.
орындалатын жұмыс тәсілдерінің ұзақтығын, олардың қайталануын (уақыт бірлігіне немесе өнім бірлігіне жағдайлар саны) байқау.
байқау және бақылау нәтижелерін белгіленген үлгідегі алғашқы құжаттамаларға жазу.
байқаудың нәтижелерін статистикалық өңдеу.
151. Білуге тиіс:
технологиялық процестің негіздерін;
қолданылатын қондырғының құрылысын және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін;
өлшеулер мен байқаулар өткізу әдістерін;
алғашқы құжаттамалар түрлерін және оларды толтыру ережесін.
Параграф 2. Технологиялық процесті бақылаушы, 4-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:
тиісті бақылау-өлшеу аспаптарын қолданумен машиналарда, станоктарда, аппараттарда орындалатын технологиялық процестердің параметрлерінің сақталуын бақылау;
еңбекті ұйымдастырудың үнемді әдістерінің және көпстанокты қызмет көрсету әдістерінің сақталуын бақылау;
қондырғылармен жұмыс уақытын тиімді пайдалануды бақылау, жұмыс уақытын жұмсау нормативтерінің және қондырғы жұмысындағы үзілісті сақтауды бақылау;
күрделі хронометражды байқауды жүргізу, жұмыс уақыты мен қондырғының жұмысын суретке түсіру;
байқаудың нәтижесі бойынша белгіленген үлгідегі алғашқы құжаттамаларды толтыру;
байқау нәтижелерін статистикалық өңдеу, қолданыстағы нормативтермен салыстыру;
бақылау мен байқау нәтижелері бойынша құжаттамаларды (бақылау журналдары, кітаптары, карточкалар) жүргізу.
153. Білуге тиіс:
қолданылатын қондырғылардың техникалық сипаттамаларын;
технологиялық процестер мен еңбек нормаларының негіздерін;
еңбекті ұйымдастыру мен жұмыс тәсілдерінің әдістерін, қондырғылардың бас тұру себептерін;
көпстанокты қызмет көрсету кезінде еңбекті ұйымдастыру мен нормалау тәртібін, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын, бағыты мен жұмыс тәртібін;
технологиялық процестер мен жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру барысына байқау жүргізу әдістерін;
бақылау және хронометраждық байқау нәтижелерін есептеу үшін алғашқы құжаттамалар түрлерін, оларды толтыру тәртібін;
жұмыс уақытын жұмсау және қолданыстағы қондырғылар жұмысында үзіліс нормативтерін.
30. Суреттер мен карталарды көшіруші
Параграф 1. Суреттер мен карталарды көшіруші, 2-разряд
154. Жұмыс сипаттамасы:
көшіргі машиналарда түпнұсқадан калькаға немесе қабыршыққа үлкен фигурасы және ашық аясы бар күрделі емес суреттерді, баспасурет және баспа үшін көлеңкелі тегіс пикомен суреттерді, «Жаккарда» машинасы мен тігу автоматтары үшін карталарды көшіріп алу, үлгі – бұйым орындау үшін суретін есептеген техникалық суретті қағазға немесе картонға инемен түйреу және бейнелеу;
раппортты тексеру және жинау;
суретті көшіру кезінде бояулардың ағу шегін сақтау;
баспа білігінің дөңгелегіне суретті лайықтау;
калькаға көшірген кезде матрицаны қырнау үшін раппорттың мөлшерін дайындау;
қабыршыққа көшірген кезде түсті бөлу, жарық өткізбейтін бояудың негативін өңдеу;
картонды карталарға нөмірлеумен кесу;
дайындалған карталардың жиынтығын көшіріп басу машинасына сабақтау;
жетіспейтін тесіктерді қолмен тескілеу және артықтарын желімдеу;
карталарды тігу;
дайын карталар жиынтығын жинау;
техникалық суретті калькаға ауыстыру, суреттің сапасын бақылау, жұмыс кестесін баспа машинасында немесе стеклография басу;
белгіленген тәртіпте жұмысты тапсыру;
қызмет көрсететін машиналарды күтіп-ұстау.
155. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
карталар мен күрделі емес суреттерді көшіріп алу жөніндегі жұмыстардың әдістерін;
суреттің жоспарын құрау ережесін, раппорт және оны жинау ережесін;
суретті трафереттеуді, көшіріп алу үшін бояуларды құрау рецептурасын, дайындалатын карталар көшірмесіне және оларды тігу сапасына, оймалау әдісіне тәуелді суреттің көшірмесіне қойылатын талаптарды, түсті бөлу, өңдеу әдістерін;
шілтерлі тоқу технологиясын, жинақтауды орындау және оларды басу технологиясының әдістерін;
қолданылатын материалдардың қасиеттерін.
Параграф 2. Суреттер мен карталарды көшіруші, 3-разряд
156. Жұмыс сипаттамасы:
түпнұсқадан күрделі көлеңкелі растрлы суреттерді және айналма пішіндегі шығыс ою-өрнегімен суретті калькаға, қабыршыққа немесе миллиметрлік қағазға көшіріп алу;
суреттерді көбейту;
перделі-тюлді және шілтерлі өндірістерде тиісті есеп бойынша патронды қағазға суретті ауыстыру.
157. Білуге тиіс:
күрделі суреттерді көшіріп алу бойынша жұмыс әдістерін;
күрделі суреттерді көшіріп алуға қойылатын талаптарды;
көшіріп алу үшін бояуларды құрастыру рецептурасын.
Параграф 3. Суреттер мен карталарды көшіруші, 4-разряд
158. Жұмыс сипаттамасы:
түпнұсқадан иреңделген сынық сызықтары, торап және жұқа диагоналдары, көлеңкелі, тұтас сүңгілі, әртүрлі бүрмелі жартылай өңді суреттері бар ерекше күрделі көп білікті суреттерді баспасурет немесе үлкен емес фигуралармен басу үшін, бұйымдарды қолмен айшықтауға мәнер дайындау үшін суреттерді көшіріп алу;
кейіннен лекала дайындау үшін көшіріп алынған суретті бөліктерге бөлу;
суреттің құрамдас бөліктерін ағаш қалыптың үстіне ауыстыру және әр түсті – жекелеген ағаш тақташаға ауыстыру.
159. Білуге тиіс:
фотомеханикалық оймалау үшін ерекше күрделі көп білікті суреттерді көшіріп алу бойынша жұмыстардың әдістерін;
түстерді бөлуді және суреттерді трафереттеу, мәнердің мазмұны мен дайындау технологиясын;
суретті қағаздан ағаш қалыпқа және тақтайшаға көшіру тәртібін;
лекала дайындау үшін суретті құрамдас бөліктерге бөлу белгілерін.
Параграф 4. Суреттер мен карталарды көшіруші, 5-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:
ерекше күрделі көп білікті суреттерді барлық үндестік аймақтарын көрсетумен көшіріп алу;
түпнұсқа біліктің мөлшерін есепке ала отырып раппортты түзету;
жапсырмасымен кроктың түстерін бөлу;
түпнұсқа білікте суретті өңдеу, ақауларды түзету және растрлық құрастыруда трафереттерді тексеру;
үндестік градациясын өзгерту үшін үндестік түпнұсқасындағы түпнұсқадағы қиылыстарды өңдеу;
түпнұсқа білікте монораппорттық кроктарды көшіріп алу.
161. Білуге тиіс:
фотомеханикалық нақыштау үшін ерекше күрделі көп білікті суреттерді көшіріп алу бойынша жұмыстардың әдістерін;
үндестік градациясын алу қағидаттары мен мүмкіндіктерін;
түсті бөлу және суретті трафереттеу.
31. Бояушы
Параграф 1. Бояушы, 2-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:
мақта-бояу аралық аппараттарында және центрифугальды түрдегі аппараттарда бояу процесін жүргізу;
бояу процесі алдында дайындық жұмыстарын орындау, қанықтырушыны жұмысқа әзірлеу және тағы басқа
кәрзеңкеге талшықты толтыру және оның салмағын өлшеу;
боялған талшықты тасымалдау және түсіру;
жуу қорабына су мен ерітіндіні беруді реттеу;
қызмет көрсететін қондырғыларды тазалау және үйкелетін бөліктерін майлау.
163. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау ережесін;
мақтаның сұрыптарын, центрифугальды аппараттың кәрзеңкесін толтыру салмағы мен тығыздығы бойынша толтыру ережесін;
бояу, жуу және сығу режимін.
Параграф 2. Бояушы, 3-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі жоғары бояушының басшылығымен берілген технологиялық режимге сәйкес бояу машиналарында және әртүрлі жүйелердегі аппараттарда, қазандарда, қосқыштарда, баркаларда, желілерде, агрегаттарда, центрифугаларда және басқа әртүрлі жүйелердегі және түрлердегі бояу, жуу және сығу қондырғыларында мақтаны, иірімжіпті, жіпті, таралу таспасын, матаны, мата емес, перделі, тюлді, шілтерлі және трикотаж жаймаларды, бауларды, таспаларды, ызбаларды, торларды, байпақ-ұйық бұйымдарын, табиғи және химиялық талшықтарды, орамадағы жібекті, жүннен басылған аяқ киімді, бас киімді, киізді қайнатумен бояу, сіңіру, жуу және сығу процестерін жүргізу;
өнімді бояуға дайындау;
иірімжіпті кәрзеңкеге салу;
иірімжіпті сулау;
бұйымдар будасы партиясын шешу, қиындылар мен жаймаларды тігу және тарқату;
өнімді салу, қондырғыға бояу және химиялық ерітінділерді құю және олардың деңгейін реттеу;
бояу кезінде сынама алу;
технологиялық процестің барысын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін байқау және процесті автоматты түрде реттеу;
өнімді химикаттармен жуу, сығу және өңдеу;
бояу сапасын жүйелі тексеру;
өнімді таңбалау;
өнімді салу және тасымалдау;
өнімді түсіру және тасымалдау;
ерітіндіні ағызу немесе қайта құю;
қызмет көрсететін қондырғыларды тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.
165. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғыларының, реттейтін құрылғылардың және қолданылатын бақылау-есептеу аспаптарының құрылысын, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
боялатын бұйымның түрлеріне байланысты бояу, жуу және сығудың технологиялық режимін;
бояу ерітіндісін дайындаудың рецептурасын, қолданылатын бояулар мен химиялық материалдардың негізгі топтары мен қасиеттерін, берілген үлгі бойынша бояу тәсілдерін;
боялатын өнімдердің ассортиментін, иірімжіптің түрлері мен желілік тығыздығын, бояу сапасына қойылатын талаптарды, бояуларды, химиялық материалдарды, суды, буды жұмсау нормаларын, матаны сабақтау және тігу, талшықты, жартылай фабрикатты, таспаны, иірімжіпті салу ережесін;
өнімді сығудан кейінгі ылғалдық нормасын.
Параграф 3. Бояушы, 4-разряд
166. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық режимге сәйкес бояу аппараттарында, агрегатталған кептіру барабандары бар қысымдағы жабық аппараттарда (эжекторлық машиналарда), қазандарда, баркаларда, әртүрлі жүйелердегі машиналарда, сіңіру-бояу агрегаттары мен желілерде, қосқыштарда, бояу желілерінде және басқа да әртүрлі жүйелер мен түрлердегі бояу, жуу, сығу қондырғыларында мақтаны, иірімжіпті, матаны, таралу таспасын, синтетикалық және табиғи талшықтарды, перделік, тюлдік, шілтерлік және трикотаждық жаймаларды, мата емес жайманы, матаны, иірімжіпті, бояуларды, әртүрлі таспаны, ызбаны, табиғи немесе жасанды жібектен аврлы негіздерді «молния» ілгегі үшін таспаны, шұлық-ұйық бұйымдарын, жүннен басылған аяқ киімді, киізді, орамадағы жібекті, табиғи және синтетикалық талшықтардан тігін жіптерін бояу, жуу, қайнату және кептіру процестерін жүргізу;
бу өткізу және су өткізу жүйелерін байқау және дұрыстығын тексеру;
белгіленген ішімге бөлуге сәйкес бояу ерітіндісін дайындау, бояу және жуу ванналарын бояу ерітіндісімен, эмульсиямен, сумен толтыру;
қажетті температураға дейін бояу ерітіндісін қыздыру және ваннаның тиісті модулін орнату;
өнімді алу, партияның жолдама құжаттамаларына сәйкестігін тексеру;
қызмет көрсететін қондырғыға өнімді салу;
тиісті журналға немесе режимдік тақтаға технологиялық процестің және бояу режимінің барысын жазу;
бояу сапасын бақылау үшін сынамаларды жүйелі түрде алу;
бояу аппараттарына будың қысымы мен берілуін реттеу;
қызмет көрсетілетін қондырғылардың және жабдықтардың, аспаптардың техникалық жағдайын тексеру және олардың жұмысын реттеу;
матаның тартылуын байқау, матаның тораптары мен үзілуін жою;
қызмет көрсетілетін қондырғыларды тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.
167. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғылардың автоматика аспаптарының және бақылау-есептеу аспаптарының құрылысын, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін, мақтаның сұрыптарын, қайнатылатын және боялатын жартылай фабрикаттардың ассортиментін;
өнімді жуу кезінде қолданылатын, пайдаланылатын бояулар мен басқа да химиялық материалдардың негізгі топтары мен қасиеттерін, бояу, жуу, кептіру, сығу;
қайнату режимдерін, бояуларды және химиялық материалдарды дайындау әдістерін, қолдану ережесін;
бояу ерітіндісінің айналуын, қысымын реттеу тәсілдерін;
бояулар мен химиялық материалдардың шығыс нормаларын;
бояу процесіне температура мен басқа да факторлардың әсерін, әртүрлі түрдегі талшықтардың негізгі қасиеттерін және оларға пайдаланылатын химиялық материалдардың әсерін;
қайнату және бояу процесін жүргізу мен реттеу ережесін;
бу өткізу, су өткізу жүйелері мен аспаптарын пайдалану;
қысымдағы аппараттардың жұмыс ережесін.
Параграф 4. Бояушы, 5-разряд
168. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық режимге сәйкес бағдарламалық басқарылатын, қысыммен жұмыс істейтін жабық бояу аппараттарында перделік, тюлдік, шілтерлік, трикотаждық және мата емес жаймаларды, маталарды, синтетикалық және табиғи талшықтарды бояу, ағарту, қайнату және жуу процестерін жүргізу;
технологиялық процесті автоматты реттеумен желілер мен агрегаттарда матаны бояу, жылумен өңдеу, жуу, қайнату, кептіру процесін жүргізу;
қызмет көрсетілетін қондырғыларға өнімдерді салу, қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, қондырғыны дайындау және дұрыстығын тексеру;
будың қысымы мен берілуін реттеу;
матаны, жайманың тораптары мен үзілуін жою;
технологиялық процестің орындалуын, матаның тартылуын, автоматты және электронды қондырғылардың жұмысын және аспаптардың көрсеткіштерін байқау;
басқару пультінен технологиялық процесті дербес басқару;
бір мезгілде бақылау-есептеу аспаптарының көрсеткіштерін және технологиялық процестер бағдарламасының жаңылуын бақылаумен операциялардың жүйелілігін және еселілігін байқау;
нұсқамаға сәйкес қызмет көрсетілетін қондырғыдан өнімдерді түсіру, үйкелетін бөлшектерді тазалау және майлау, ыдыстарды жуу.
169. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, жұмыс істеу принципін;
оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
қысыммен жұмыс істейтін бояу аппараттарының жұмыс сапасына қойылатын ерекшеліктер мен талаптарды;
технологиялық режимді және орындалатын процестің рецептурасын реттеуді, өңделетін өнімдердің ассортиментін, әртүрлі түрдегі талшықтардың синтетикалық жіптердің негізгі қасиеттерін және оларға қолданылатын бояулар мен химиялық материалдардың әсерін;
олармен жұмыс істеу ережесін;
бу беру, су беру жүйелері мен аспаптарын пайдалану ережесін;
қызмет көрсетілетін қондырғыларды тазалау, майлау және жуу жөніндегі нұсқаманы.
32. Иіруші
Параграф 1. Иіруші, 2-разряд
170. Жұмыс сипаттамасы:
тетіктерде (өзі иіруші, дөңгелек) иірімжіпті иіру;
ширатпаға және шөлмекке жіпті сабақтау;
иірімжіптің немесе жіптің үзілуін жою;
иірілген иірімжіпті ширатпадан алу.
171. Білуге тиіс:
иірімжіптерді иіру үшін тетіктердің құрылысын, олармен жұмыс істеу тәсілдерін;
иірімжіптің (жіптің) номиналды тығыздығын;
қолданылатын тетікке жіпті сабақтау ережесін.
33. Ораушы
Параграф 1. Ораушы, 2-разряд
172. Жұмыс сипаттамасы:
тиісті тетіктердің көмегімен және қолмен орау станоктарында, машиналарда иірімжіптерді, таспаларды және басқа да бұйымдарды орау;
оралуы тиіс иірімжіптерді, таспаларды және басқа да бұйымдарды жұмыс орнына жеткізу;
бір мезгілде үтіктеумен тиісті тікиіргішке иірімжіптерді, таспаларды және басқа да бұйымдарды орау;
дұрыс түрдегі ораманы және тікиіргіш мөлшерін бақылау;
жіптің үзілуін жою;
өңделген өнімді алу және оны белгіленген тәртіппен қатарға қою;
өңделген өнімдер мен қалдықтарды тапсыру.
173. Білуге тиіс:
оралуға жататын иірімжіптердің, таспалар мен басқа да бұйымдардың түрлерін;
ораманың сапасына қойылатын талаптарды, өнімді қатарға қою ережесін;
қолданылатын тетіктер мен қондырғылардың құрылысын.
34. Суреттерді бедерлеуші
Параграф 1. Суреттерді бедерлеуші, 1-разряд
174. Жұмыс сипаттамасы:
металл қармақтың рамасына бекітілген бұйымдарды суреттеу үшін жаймаларды нақыштау, жаймалардың тартылуын реттеу.
175. Білуге тиіс:
рамадағы жайманы нақыштау әдістерін;
қолданылатын тетіктерді пайдалану ережесін;
маталардың түрлерін және олардың арқаужіпте және негізде тартылуын;
металл қармақтарды күтіп-ұстау ережесін;
жаймаларды нақыштау сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Суреттерді бедерлеуші, 2-разряд
176. Жұмыс сипаттамасы:
сурет үлгісі арқылы даналық бұйымдардағы суреттер сұлбасын қолмен бояумен нақыштау;
түсетін бұйымдар мен бояулардың сапасын бақылау;
бұйымдарды үстелден алу, кебуі үшін бұйымдарды ілу;
үлгіні тазалау.
177. Білуге тиіс:
суреттерді нақыштау үшін үстел мен үлгінің құрылысын;
нақыштау үшін түскен бұйымдардың ассортиментін;
қолданылатын бояғыштардың қасиеттерін.
Параграф 3. Суреттерді бедерлеуші, 4-разряд
178. Жұмыс сипаттамасы:
берілген кестеге сәйкес қолмен немесе жартылай механикаландырылған тәсілмен үстелде торлы үлгімен матаға, трикотажға, мата емес жаймаға, ауыспалы қағазға және бұйымға суретті нақыштау;
нақыштау үшін түскен маталардың, трикотаж және мата емес жаймалардың, ауыспалы қағаздың, бұйымдар мен бояулардың сапасын бақылау;
үлгінің, ракляның тазалығын тексеру;
суреттің раппортына сәйкес торлы үлгіні, ракляны, сырғыманы орнату;
матаға бояуды жүйелі енгізуді сақтаумен үлгі бойынша ракляның қозғалысы;
суретті трафереттеу;
үстелден ракляны, үлгіні, матаны (бұйымды), трикотаж және мата емес жаймаларды түсіру;
кептіру үшін матаны (бұйымды), трикотаж және мата емес жаймаларды ілу және оларды түсіру;
үлгілерді тазалау және клеенканы жуу.
179. Білуге тиіс:
суреттерін нақыштау үшін түскен маталардың, трикотаж және мата емес жаймалар мен бұйымдардың ассортиментін;
торлы үлгілермен суреттерді нақыштау тәсілдерін;
матаны, жайманы, бұйымды сабақтау, бояуды енгізу жиілігінің ережесін.
35. Суреттерді тегістеуші
Параграф 1. Суреттерді тегістеуші, 3-разряд
180. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті суретті тегістеушінің басшылығымен әр сурет үшін өтілім сандарын сақтаумен білікте күрделі емес суреттерді тегістеу;
молеттердің сапасын, аталмыш сурет үшін олардың сәйкестігі мен жарамдығын, машиналардың дұрыстығын тексеру;
білікті іріктеу және оны қысымды преске қыстыру, білікті машинаға орнату;
білікті бұрау, қырнау, жылтырату және қайрау.
181. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
күрделі емес суреттерді салу, олардың раппортын, жасалынған күрделі емес суреттерді нақыштау және жылжыту тәсілдерін;
әр сурет үшін өтілімдер санын, жаман дөңгелетуден туындайтын кемістіктерді, олардың алдын алу және жою тәсілдерін;
түрпілі материалдардың түрлері мен жылтырату пастасын.
182. Жұмыс үлгілері:
бір білікті суреттер – бұрандаға домалату тәсілімен білікке енгізу.
Параграф 2. Суреттерді тегістеуші, 4-разряд
183. Жұмыс сипаттамасы:
әр сурет үшін өтілім санын сақтаумен білікке күрделі емес суреттерді тегістеу;
молетті білікке орнату;
раппортқа суретті келтіру;
жұмысталған біліктерге күрделі суреттерді тегістеу;
мастикамен жабу, біліктегі кемістіктерді түзету мен оларды өңдеу және әрлеу.
184. Білуге тиіс:
жұмысталған біліктерге күрделі емес суреттерді тегістеу және күрделі суреттерді жылжыту тәсілдері мен әдістерін;
раппорттардың есебін, әр сурет үшін тісті доңғалақ пен бөлу дөңгелегін іріктеуді.
185. Жұмыс үлгілері:
бір білікті суреттерді білікке, екі біліктіні трафаретпен бұрандаға домалату тәсілімен жолаққа, торға, ауға енгізу.
Параграф 3. Суреттерді тегістеуші, 5-разряд
186. Жұмыс сипаттамасы:
әр сурет үшін өтілімдер санын сақтаумен күрделі суреттерді білікке тегістеу;
біліктегі фигуралар тігісін және раппорт жиынтығын тексеру;
суреттерді трафареттеу;
жұмысталған біліктерде ерекше күрделі суреттерді жылжыту.
187. Білуге тиіс:
суреттерді, олардың раппортын құрастыру және трафареттеу, күрделі суреттерді тегістеу әдістері мен тәсілдерін;
жұмысталған ерекше күрделі суреттерді жылжытуды, біліктерді өңдеу мен әрлеуді;
біліктерді өңдеу үшін қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін және дайындау әдістерін.
188. Жұмыс үлгілері:
тығыз трафереттеумен көп білікті суреттер, безендірілген фигуралар – бұрандаға, дөңгелекке тегістеу әдісімен білікке енгізу.
Параграф 4. Суреттерді тегістеуші, 6-разряд
189. Жұмыс сипаттамасы:
әр сурет үшін өтілімдер санын сақтаумен ерекше күрделі суреттерді білікке тегістеу.
190. Білуге тиіс:
ерекше күрделі суреттерді, олардың раппортын құрастыру және трафереттеу;
әр суреттің есебін, ерекше күрделі суреттерді тегістеу әдістері мен тәсілдерін.
191. Жұмыс үлгілері:
суреттерді көп білікті алғашқы бояу – бұрандаға, дөңгелекке, тартпаға домалату тәсілімен білікке енгізу.
Параграф 5. Суреттерді тегістеуші, 7-разряд
192. Жұмыс сипаттамасы:
әр сурет үшін өтілімдер санын сақтаумен ерекше күрделі суреттерді болат білікке тегістеу;
жіңішке контурмен, жартылай реңкпен, күрделі тормен суретті тегістеу мөлшері мен тереңдігін дәл сақтаумен білікке енгізу.
193. Білуге тиіс:
ерекше күрделі суреттерді, олардың раппортын құрастыру, трафереттеу, әр суретті есептеуді;
металдардың сипаттамасы және оларды өңдеудің тәсілдерін;
ерекше күрделі суреттерді домалатудың тәсілдері мен әдістерін.
194. Жұмыс үлгілері:
суреттерді көп білікті алғашқы бояу, пикалық – бұрандаға, дөңгелекке, тартқышқа, бірден-бірге, застанға домалату тәсілімен білікке енгізу.
36. Матаны, жайманы, бұйымды ораушы
Параграф 1. Матаны, жайманы, бұйымды ораушы, 2-разряд
195. Жұмыс сипаттамасы:
орау және қосарлау-орау, ұқсату-өлшеу-орау машиналарында және толассыз желіге қосылған машиналарда матаны, трикотаж және мата емес жаймаларды орау немесе қатарлау;
тазалаумен ораған кезде
Достарыңызбен бөлісу: |