2013 жылғы 26 ақпан №73-Ө-м астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (44-шығарылым) бекіту туралы



жүктеу 5,38 Mb.
бет12/17
Дата10.12.2017
өлшемі5,38 Mb.
#3609
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

8-бөлім. Жібек орау өндірісі

176. Піллә булау машина аппаратшысы

Параграф 1. Піллә булау машина аппаратшысы, 2- разряд

775. Жұмыс сипаттамасы:

піллә булаушы машиналарда пәлләны булау процесін жүргізу;

белгілі сортты және калибрлі пілләларды алу және тасымалдау;

белгіленген салмақтағы піллә үлестерін өлшеу және қозғалатын кассеталарға салу;

кассеталардың қозғалуын бақылау;

бос кішкене бөшкелердің бар болуын, кассеталардың автоматты түрде ашылуының уақыты мен дұрыстығын тексеру;

қоспалауыш бактан кішкене бөшкелерге су жіберу және оларды босату құйғыштардың астына орнату;

пілләлары бар кішкене бөшкелерді тасымалдауға дайындау;

ауысымның соңында піллә қалдықтарын тапсыру;

қызмет ететін жабдықтарды тазарту.

776. Білуге тиіс:

піллә булаушы машиналардың құрылымы, кассетадағы піллә үлесінің салмағы, буланған пілләлардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

пілләлардың тұқымын, сортын, калибрін анықтау әдістері;

қызмет ететін жабдықтарды тазалау тәсілдері мен жиілігі.
177. Одоноктарды булау аппаратшысы

Параграф 1. Одоноктарды булау аппаратшысы, 2- разряд

777. Жұмыс сипаттамасы:

автоклавта одоноктарды булаудың технологиялық процесін жүргізу;

булау камерасына одоноктарды қолмен салу;

одоноктарды сұрыптау, бөтен заттар мен оралмаған одоноктарды жою, одоноктарды жәшіктерге қолмен салу, жәшіктерді булау камерасына салу;

булау камерасындағы температуралық ылғалдылық тәртібін реттеу;

булау камераларынан одонкалары бар жәшіктерді шығару;

автоклавтағы одонкаларды булаудың технологиялық тәртібін бақылау;

қолданылатын бақылау өлшеу аспаптарының жұмысының дұрыстығын тексеру;

буланған одонкалары бар арбаларды қолмен итеріп шығару;

булау камераларын тазалау және жуу.

778. Білуге тиіс:

автоклавтың құрылымы мен пайдалану ережелері;

одонкаларды булаудың технологиялық тәртібі;

будың температурасы, ылғалдылығы мен қысымын реттеу әдістері;

буланған пілләлардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.
178. Пілләларды булаушы

Параграф 1. Пілләларды булаушы, 4- разряд

779. Жұмыс сипаттамасы:

піллә ораушы автоматтық станоктармен сагрегирленген механикалық піллә ораушы станоктарда пілләларды орау процесін жүргізу;

қызмет ететін машмналардың булау құтылары мен арналарын берілген қатынастағы жаңа және ескі пілләлармен қамту және пілләлы жіптерінің соңдарын тазарту;

соңдары бар пілләларды соңдары жоқтардан бөлу, пілләлардың жайылып тасталған аймағын көп соңды пілләлар мен қабыршақтан тазарту;

шылапшынға тазаланған және жіптерінің соңдары табылған пілләларды шығару;

пілләларды тасымалдау үшін конвейердің шыныаяқ науасына піллә үлесін салуды реттеу;

пілләлық сыдыруларды түзету;

пілләларды тарау аймағынан жайып салу аймағына көшіру, автоматты піллә ораушы машинаның жайып салатын ілгегі мен қалбағайына сыдыруларды салу;

қалбағайдың жүйелі ауысуы, піллә шектерін қалбағайдан кесу, оларды бір байламға орау;

щеткамен өңдеу үшін қызмет ететін машина арнасына пілләларды жіберуді қамту;

щеткалардың күйін тексеру, оларды айналу саздылығын бақылау;

судың деңгейі мен температурасын, шынжырланған транспортер автоматтың ыдыстарына піллә үлесін жіберуді қадағалау;

жинақтаушыны жуу, бөлу шылапшынынан және жинақтаушыдан суды жіберу;

оралмаған пілләлардың қалдықтарын тапсыру.

780. Білуге тиіс:

булау жабдығының құрылымы, оның өнімділігі, пілләларды булаудың технологиялық тәртібі;

буланған піллә мен шала өңделген жібектің сапасына қойылатын талаптар, пілләның тұқымын;

калибрі мен сортын анықтау әдістері;

піллә жіптерінің соңдарын табу тәсілдері;

пілләні жайып тастау, олардың пілләнің меншікті шығынына әсер ету тәсілдері;

жаңа және ескі пілләларды қоспалау тәртібі;

пілләларды булаудың температуралық тәртібін реттеу ережелері;

қызмет ететін жабдықты тазалау және жуу жиілігі;

бақылау өлшеу аспаптарын пайдалану ережелері.


179. Пілләларды калибрлеуші

Параграф 1. Пілләларды калибрлеуші, 2- разряд

781. Жұмыс сипаттамасы:

піллә беттерінен мақта сыдыруларын шешу процесін жүргізу және сыдыру калибрлеу агрегатында көлденең диаметрі бойынша калибрлеу;

қызмет ететін агрегат бункерін қосу, сыдырулары бар білікшелерді шешу және қосалқымен алмастыру, білікшеден сыдыруларды кесу, калибрленген пілләлары бар қапшықтарды өлшеу, тігу, белгіленген орынға тасымалдау;

сыдыру калибрлеу агрегатына пілләның келіп түсуін, сыдыруларды шешу және пілләларды калибрлеудің технологиялық процесін бақылау;

қызмет ететін агрегаттың үйкелетін беттерін тазарту, желпу, майлау.

782. Білуге тиіс:

сыдыру калибрлеу агрегатының құрылымы, пілләның тұқымын, калибрі мен сортын анықтау әдістері;

білікшелерді шешу және орнату, мақта сыдыруды кесу тәсілдері;

қызмет ететін агрегатты тазалау және майлау тәсілдері мен жиілігі.
180. Пілләларды ораушы

Параграф 1. Пілләларды ораушы, 4- разряд

783. Жұмыс сипаттамасы:

отандық өндірістің түрлі жүйедегі механикалық және автоматты піллә ораушы жабдықтарда шала өңделген жібектің белгілі сызықтық тығыздығын өңдеуге пілләлардың тарқату процесін жүргізу;

тарқатудың жартылай тиелген кезінде пілләларды тарқату процесін жүргізу;

піллә жіптерін түйіндер мен шабуылдарға байланысты қарау және тазарту, соңдары бар пілләларды соңдары жоқ пілләлардан бөлу, піллә ораушы шылапшынның тарту білікшесінде немесе ілгегінде піллә жіптерінің соңдарын бекіту, пілләларды ұстағыштардың астына тастау және розалардан артық піллә мен одоноктарды үзу, шала өңделген жібек жіптерінің үзілуін болдырмау, одоноктарды оралмаған пілләлардан сұрыптау;

ылғалдау арнасына кірерде пілләнің тоқтап қалуын болдырмау, шикі жібектің жұқарған және қалыңдаған жерлерін шешу, тарту білікшелерін оралып қалған жібек жіптерден тазарту;

қажетті шикі жібектің сызықтық тығыздығын алу үшін бір уақытта оралатын әрбір ұстағыштың астындағы жаңа және ескі пілләлардың берілген саны мен үйлесуін қамту;

пілләларды орау шылапшындарында берілген температура мен су деңгейін қамту;

мотовилаға жіптердің оралуын, кептіру шкафтарының температурасын бақылау;

өңделген шикі жібекті шығаруға қатысу;

піллә ораушы жабдықты жөндеуден соң қабылдап алуға қатысу;

піллә ораушы жабдықты тазалау.

784. Білуге тиіс:

піллә ораушы жабдықтың құрылымы, пілләларды ораудың технологиялық тәртібі;

буланған пілләнің немесе шикі жібек тазалығының сапасына қойылатын талаптар;

шикі жібектің орташа сызықтық тығыздығын, піллә ораушы шылапшындардағы берілген температурасы мен судың деңгейін қамту тәсілдері;

пілләнің меншікті шығыны, шикі жібектің сызықтық тығыздығы, пілләның тұқымын, калибрі мен сортын анықтау әдістері;

піллә ораушы жабдықты тазалау тәсілдері мен жиілігі.
Параграф 2. Пілләларды ораушы, 5- разряд

785. Жұмыс сипаттамасы:

шетелдік өндірістің автоматты піллә ораушы жабдықтарда шала өңделген жібектің белгілі сызықтық тығыздығын өңдеуге пілләлардың тарқату процесін жүргізу.

тарқатудың тиелген кезінде пілләларды тарқату процесін КМ-90 піллә ораушы жабдықта жүргізу.

орау шылапшынының күту аймағына пілләларды конвейерден салу.

тарту білікшесінде піллә жіптерінің соңдарын бекіту, түймелердің ұстағыштары мен көзшелерін толтыру, бағыттаушы шығыршықтар арқылы жіптерді өткізу, жіптерді қайта ширату, жіптің бақылау аппаратының тетігін реттеу, жайып салғышты реттеу, пілләларды ұстағыштардың астына тастау және розалардан артық піллә мен одоноктарды үзу және шала өңделген жібек жіптерінің үзілуін болдырмау.

ылғалдаушы ыдыстарда пілләнің болуын тексеру, щеткаларды, бақылау аппаратының тетігін бітеліп қалудан тазарту.

қызмет ететін жабдықтарды тазалау.

786. Білуге тиіс:

піллә ораушы жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережелері;

пілләларды ораудың технологиялық тәртібі;

шикізаттың сипаттамасы, буланған пілләнің немесе шикі жібек сапасына қойылатын талаптар;

шикі жібектің тазалығына қойылатын талаптар;

пілләнің меншікті шығыны;

піллә ораушы жабдықты тазалау тәсілдері мен жиілігі.
181. Пілләларды қоспалаушы

Параграф 1. Пілләларды қоспалаушы, 2- разряд

787. Жұмыс сипаттамасы:

пілләларды қоспалаудың технологиялық процесін жүргізу және пілләларды қоспалаушы машинада түрлі партияларды біреуіне ірілендіру;

пілләларды араластырудың берілген тәртібіне сәйкес пілләларды қоспалаушы машинаның бенкерлеріне пілләларды тасымалдау және салу;

қапшықтарды пілләларға толу шамасына сай шығару;

қапшықтарды өлшеу, тігу, белгіленген орынға тасымалдау;

піллә қоспалаушы машинаның жұмысын бақылау, машинаны тазалау.

788. Білуге тиіс:

піллә қоспалаушы машинаның құрылымы;

піллә партияларын араластыру ережелері мен тәртібі;

пілләнің тұқымы мен буданын, сорттары мен калибрін анықтау әдістері;

қызмет ететін машинаны тазалау тәсілдері мен жиілігі.
182. Пілләларды талдаушы зертханашы

Параграф 1. Пілләларды талдаушы зертханашы, 3- разряд


789. Жұмыс сипаттамасы:

пілләларды араластыру, калибрлеу, сұрыптау тәртібін, булау және берілген сызықтық тығыздық тәртібін, тарқату жылдамдығын, пілләлардың шығынының меншікті қалпын орнату үшін піллә шикізатын талдау;

пілләлардың үлгілерін алу, оларды қабықшасының қаттылығы, калибрі, ақаулары бойынша сұрыптау;

піллә жібінің сызықтық тығызыдығын және сызықтық тығыздық бойынша шикі жібек жібінің бір қалыпты еместігін анықтау үшін үлгілерді тарқату;

пілләларды булау тәртібін, үздіксіз тарқалатын піллә жібінің ұзындығын анықтау үшін үлгілерді тарқату, тарқату жылдамдығын анықтау, піллә шығынының меншікті қалпын бақылау;

пілләларды талдау нәтижелерін жазу және өңдеу, сәйкес құжаттаманы дайындау.

790. Білуге тиіс:

шикі жібек өндіру технологиясы, сұрыптау, булау, тарқату тәртібін орнату үшін піллә үлгілерін талдау жөнінде нұсқаулық;

үздіксіз тарқатылатын піллә жібінің ұзындығын анықтау үшін піллә үлгілерін талдау жөніндегі нұсқаулық, піллә шығынының меншікті қалпы;

сынау аппаратурасының құрылымы және онда жұмыс істеу ережелері;

алғашқы құжаттаманы дайындау тәртібі.
Параграф 2. Пілләларды талдаушы зертханашы, 4- разряд

791. Жұмыс сипаттамасы:

пілләлар мен шикі жібектің үлгілеріне талдау жасауды, үлгілерді талдау нәтижелерін жазуды тексеру;

піллә мен шикі жібектің бақылау сынамасын алу және жүргізу;

пілләларды сұрыптау және тарқату жөніндегі технологиялық картаны жасау, өндірістік журналда белгіленген тәртіптерді тіркеу;

келіп түсетін піллә үлгілерін, шикі жібек пен қалдықтардың шығуын есептеу.

792. Білуге тиіс:

үздіксіз тарқатылатын піллә жібінің ұзындығын анықтау үшін піллә үлгілерін талдау жөніндегі нұсқаулық;

піллә шығынының меншікті қалпы, пілләнің тұқымын, буданын, сортын, калибрін, реңі мен ақауларын анықтайтын қасиеттер, пілләларды калибрлеу, сұрыптау;

булау және тарқатудың технологиялық процесі, сынау аппаратурасының құрылымы, сынақтарды өткізу ережелері;

құжаттаманы өңдеу және дайындау тәртібі.
183. Кенептерді жуушы

Параграф 1. Кенептерді жуушы, 2- разряд


793. Жұмыс сипаттамасы:

науада немесе жуу машиналарында кенептерді жуу процесін жүргізу, науаны немесе жуу машинасын жұмысқа дайындау, науаға су толтыру және суды жылыту үшін бу жіберу, химикаттарды мөлшерлеу және кенептерді салу;

жуу машинасының жұмысын бақылау немесе науадағы кенептерді араластыру;

жуу машинасынан немесе науадан кенептерді шығару;

жуу машинасының үйкелетін беттерін тазалау және майлау.

794. Білуге тиіс:

жуу машинасының құрылымы, кенептерді жуудың технологиялық тәртібі;

кенептердің сапасына қойылатын талаптар, кенептерді салу ережелері;

химикаттардың қосылымын, жуу машинасының үйкелетін беттерін тазалау және майлау тәсілдері мен жиілігі.
184. Одонкаларды толтырушы

Параграф 1. Одонкаларды толтырушы, 1- разряд

795. Жұмыс сипаттамасы:

одонкаларды жәшіктерге қолдан толтыру;

жәшіктерді дайындау және тазалау;

одоноктарды қабылдау үшін еденді сыпыру;

одонкалардан бөтен қоспаларды және неразмотты іріктеу.

796. Білуге тиіс:

жәшіктерді толтыру нормасы;

неразмотты іріктеу ережелері.


185. Піллә қалдықтарын қайнатушы

Параграф 1. Піллә қалдықтарын қайнатушы, 3- разряд

797. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық тәртіпке сәйкес қайнату аппараттарында немесе ыдыстарда піллә қалдықтарын қайнатудың технологиялық процесін жүргізу;

піллә қалдықтарын салу және шығару;

піллә қалдықтарын қайнатудың технологиялық тәртібі бойынша қайнату аппаратында немесе ыдыстардағы ерітінді температурасын қажетті деңгейге дейін жеткізу, қайнату процесі кезінде оны реттеу;

қайнату аппаратында қайнату кезінде әрбір науадағы ерітіндінің деңгейі мен қосылымын, қайнау процесінің барысын, конвейердің қозғалу жылдамдығын бақылау;

қалдықтарды шығару, шаю және центрифугада сығу, сабынды ерітіндіні әзірлеу, өңделген ерітінділерді төгу;

қызмет ететін жабдықтарды тазалау және шаю.

798. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың және қолданылатын бақылау өлшеу аспаптарының құрылымы;

піллә қалдықтарын қайнатудың технологиялық режимі;

қалдық түрлері, химиялық заттардың шығындалу нормасы мен ерітінділердің рецептурасы;

қайнату процесі кезінде ерітіндінің температурасы мен қосылымын реттеу тәсілдері;

қайнатылған қалдықтардың сапасына қойылатын талаптар;

су және бу жүргізетін жүйелерді пайдалану ережелері;

қызмет ететін жабдықтарды тазалау және жуу тәсілдері мен жиілігі.
186. Кенептерді сығушы

Параграф 1. Кенептерді сығушы, 2- разряд

799. Жұмыс сипаттамасы:

центрифугада кенептерді сығудың технологиялық процесін жүргізу;

кенептерді центрифугаға салу;

центрифуга жұмысы мен сығу ұзақтығын бақылау және қадағалау;

кенептерді центрифугадан шығару, тасымалдау және сығылған кенептерді орнықтыру;

центрифуганың үйкелетін беттерін тазалау және майлау.

800. Білуге тиіс:

центрифуганың құрылымы мен пайдалану ережелері;

центрифугаға кенептерді салу ережелері мен нормасы;

кенептерді сығудың технологиялық тәртібі;

сығудан соң кенептің ылғалдылық нормасы;

центрифуганы тазалау және майлау тәсілдері мен жиілігі.


187. Байлаушы

Параграф 1. Байлаушы, 4- разряд

801. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық піллә ораушы станоктарда шикі жібектің үзілген жіптерінің соңдарын байлау;

шикі жібекті мотовилаға орауды бақылау;

бағыттаушы шығыршықтарды оралып қалған жібектен тазарту;

шикі жібек жіптерінің жұқаланған және қалыңдаған жерлерін алып тастау;

қайта ширатылған жіптің қалыпты ұзындығын қамту, булаушылар мен піллә ораушылардың пілләні булаудың және тарқатудың технологиялық тәртібінің сақталуын қадағалау;

пілләні тарқату кезінде технологиялық тәртіп бұзылғанда соңғы оралған жіпті зертханалық сынаққа алу;

кептіру шкафында белгіленген температураны қамту;

шикі жібектің оралған жібін мақта-маталы иірілген жіппен байлау;

өңделген жібекті мотовиладан шығару;

өндірілетін шикі жібектің сапасын бақылау;

қалдықтарды қапшықтарға жинау;

қызмет ететін станоктарды тазалау.

802. Білуге тиіс:

қызмет ететін станоктардың құрылымы, шикі жібек жіптерін байлау тәсілдері;

қайта ширатылған жіптің қалыпты ұзындығының өлшемі, шикі жібекті кептірудің температуралық тәртібі;

шикі жібекті бумаларға жинақтау тәртібі мен шикі жібек сапасына қойылатын талаптар;

пілләні булаудың және тарқатудың технологиялық тәртібі;

қызмет ететін станоктарды тазалаудың тәсілдері мен жиілігі.
188. Оралған жіптерді байлаушы

Параграф 1. Оралған жіптерді байлаушы, 1- разряд

803. Жұмыс сипаттамасы:

шикі жібектің оралған жіптерін қолдан мақта-мата жібімен байлау;

шикі жібектің оралған жіптерін ақаулығы мен тазалығы бойынша сырттай қарап шығу;

оралған жіптерді швильге кигізу;

оралған жіптерді реттеу, жіптердің астыңғы және үстіңгі соңдарын табу;

оралған жіптердегі жабысқан жерлерін ашу;

оралған жіптердегі кірленген жерлерді ерітінділерді қолдана отырып тазалау;

оралған жіптердің ішкі және сыртқы соңдарын байламдардың біріне қосу;

шикі жібектің оралған жіптерін шығару және оларды ілгішке ілу.

804. Білуге тиіс:

мемлекеттік стандартқа сәйкес оралған жіптерді байлау тәртібі;

станоктарды сызықтық тығыздығы мен шикі жібек сериясы бойынша орналастыру;

шикі жібекті байламдарға жинақтау тәртібі;

шикі жібектің сызықтық тығыздығын;

түсі мен реңін анықтайтын қасиеттері;

ерітінділерді пайдалану ережелері.


189. Қалдықтарды кептіруші

Параграф 1. Қалдықтарды кептіруші, 2- разряд

805. Жұмыс сипаттамасы:

қуыршақтарды жәшіктік кептіргіштерде кептірудің технологиялық процесін жүргізу;

қуыршақтарды бөтен қоспалардан тазарту, оны центрифугада сығу және жәшікті кептіргішке салу;

кептіргіште белгіленген температураны сақтау және технологиялық тәртіпке сәйкес кептіру процесін бақылау;

қуыршақтарды перелопачивание және оларды жәшікке салу;

құрғақ қуыршақты елеу және қапшықтарға салу, өлшеу, жамау және белгіленген орынға тасымалдау.

806. Білуге тиіс:

центрифугаға және кептіргішке қуыршақтарды салу ережелері;

қуыршақтарды кептірудің технологиялық тәртібі;

қуыршақтарды бөтен қоспалардан тазарту әдістері.


Параграф 2. Қалдықтарды кептіруші, 3- разряд

807. Жұмыс сипаттамасы:

кептіру камераларында немесе машиналарында піллә орау қалдықтарын кептірудің технологиялық тәртібін жүргізу;

кептіру машиналары мен камераларына қалдықтарды жеткізу, оларды түзету және қағу;

кептіру камерасының ылғалдандыру торына қалдықтарды біркелкі қабат етіп төсеу және кептіру камерасының ілгектеріне пілләлардың сыдырулары мен кенептерді ілу;

технологиялық тәртіпке сәйкес кептіру процесінің температурасы мен созылу ұзақтығын бақылау;

кептірілген қалдықтарды ілгектерден немесе машиналардан шығару, оларды белгіленген орынға тасымалдау және орналастыру.

808. Білуге тиіс:

кептіру камерасын немесе машиналарын қосу ережелері;

қалдықтарды кептірудің температуралық тәртібі;

кептіруден соң қалдықтардың ылғалдылық нормасы.
190. Шикі жібекті жинаушы

Параграф 1. Шикі жібекті жинаушы, 3- разряд

809. Жұмыс сипаттамасы:

шетел өндірісінің піллә ораушы автоматтан шикі жібекті жинау;

өзекше, талон, арбаларды, піллә ораушы станоктарды жинауға дайындау, станоктардың тоқтауын, шикі жібек жіптерінің үзілуін болдырмау;

піллә ораушы автоматтан шикі жібек қалбағайы бар білікті шығару, бір уақытта оларды бос қалбағаймен алмастыру және қалбағайдағы шикі жібек жіптерін дайындау;

шығарылған шикі жібек қалбағайлары бар біліктерді арбаларға орнату, оларды талон білігіне кигізу;

қалбағайдағы шикі жібек жіптерін дайындаған соң, қызмет ететін станоктарды қосу және қосу кезінде пайда болатын шикі жібек жіптерінің үзілуін болдырмау;

қалбағайдағы шикі жібектің дұрыс жайылуы мен оралуын бақылау;

вакуум аппаратқа піллә ораушы станоктан шығарылған шикі жібек қалбағайы бар біліктерді тасымалдау, біліктен қалбағайды шығарумен қатар оларды ағаш өзекшелерге кигізу және шикі жібектің қалбағайлары бар өзекшелерді өлшеу;

қалбағай, өзекшелер, тасымалдаушы арбалардың дұрыстығын тексеру, оларды тазалау, жарамсыз қалбағайларды, өзекшелерді алмастыру;

піллә ораушы автоматтардың кептіру шкафтарын тазарту.

810. Білуге тиіс:

піллә ораушы автоматтың құрылымы мен пайдалану ережелері;

қалбағайларға шикі жібекті орау және жазу ережелері;

шикі жібекті шығару және қалбағайларды толтыру тәртібі;

шикі жібек сапасына және оны қалбағайға орауға қойылатын талаптар;

қызмет ететін жабдықты тазарту әдістері мен жиілігі.


191. Піллә сыдыруларын тазартушы

Параграф 1. Піллә сыдыруларын тазартушы, 1- разряд


811. Жұмыс сипаттамасы:

піллә сыдыруларының шектерін қолдан тазарту және жазу, оларды қуыршақтардан, одонкалардан, тарқатылмайтындардан және түрлі қоспалардан тазарту;

тығыз түйіндерді жазу;

тазартылған сыдыруларды бумаларға жинау және кептіруге тапсыру.

812. Білуге тиіс:

піллә сыдыруларын тазарту ережелері мен оның сапасын;

түсін, реңін айқындайтын қасиеттер.
9-бөлім. Трикотаж өндірісі

192. Бұйымдарды аудару аппаратшысы

Параграф 1. Бұйымдарды аудару аппаратшысы, 3- разряд

813. Жұмыс сипаттамасы:

барабан типтес түрлі жабдықтардың технологиялық тәртібіне сәйкес түрлі талшықтың иірілген жіптерінен жасалған трикотажды, шұлық-ұйық, қолғап және тоқыма галантереялық бұйымдарды аудару процесін жүргізу.

берілген рецепт бойынша ерітінді әзірлеу.

қызмет ететін жабдыққа бұйымдарды салу және ерітінді құю.

су және бу жіберілуін реттеу.

бұйымдарды аударудың температуралық тәртібін сақтау, олардың аударылуының аяқталу уақытын анықтау.

аударудан соң бұйымдарды шығару, центрифугаға салу, сығу және шығару.

қызмет ететін жабдықты тазалау, үйкелетін беттерін майлау.

814. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы;

өңделетін бұйымдардың түрлері және киізденуіне қабілеті;

иірілген жіптердің әр түрінен жасалған бұйымдарды аударудың технологиялық тәртібі;

бұйымдардың аударылуына қойылатын талаптар;

қызмет ететін жабдықты тазалау және майлау тәсілдері мен жиілігі.
193. Трикотаж бұйымдарды, кенепті тоқушы

Параграф 1. Трикотаж бұйымдарды, кенепті тоқушы, 2- разряд

815. Жұмыс сипаттамасы:

бір түсті бұйымдарды тоқу: шұлықтар, орамалдар, бас киімдер, шарфтар мен қолғаптарды тегіс немесе екі түсті өрнекпен жиектеумен теріс жағымен түптеу, ойыншық өндірісінде бұйымдардың бөлшектерін қолдан тоқу бізімен, ілгекпен немесе арнайы құрылғыда тоқу;

иірілген жіптерді дайындау, түптеу түрлері мен тоқу тығыздығына сәйкес бірнеше қабатты бұдаққа орау;

тоқу біздері мен ілгектерін іріктеу;

тоқыма кезінде бұйымның берілген өлшемін сақтау.

816. Білуге тиіс:

ілгектер мен тоқу біздерінің нөмірлері, түптеу түрлері және оларды алу тәсілдері;

иірілген жіптің сызықтық тығыздығы;

тоқу тығыздығы;

түрлі түптеу түрлерінің ілмектер тоқу тәсілдері;

ілмектердің кему және арту мөлшері.
Параграф 2. Трикотаж бұйымдарды, кенепті тоқушы, 3- разряд

817. Жұмыс сипаттамасы:

тегіс түптеулі орамалдарды, шарфтарды, беек және тегіс кенептерді қолдан, механикаландырылған, жартылай автоматты жазық тоқу машиналарында, айналма және көп қапсырмалы машиналарда тоқу, дөңгелек және жазық тоқу машиналарындағы напульсник, техникалық шұлықтарға арналған ластик тоқу, жоғарғы трикотажды өңдеуге пілте мен пілте тоқу машиналарында ораушы тоқыма бауларын тоқу, тегіс немесе екі түсті өрнекпен жиектеумен теріс жағымен түптеулі бір түсті жоғарғы трикотаж бұйымдарын, балалар гарнитураларын, қолғаптарды қолдан, тоқу біздері мен машиналарында тоқу, қолдан тоқу біздерімен машиналық тоқыманың иірілген жіптерінен орамалдарға көркем жиектерді тоқу;

иірілген жіпті дайындау және қызмет ететін машиналарды толтыру;

жіптердің тартылуы мен тоқу тығыздығын реттеу;

сәйкес нөмірлі тоқу біздері мен ілгектерді іріктеу;

жіптердің үзілуін, кенептердің жыртылуын болдырмау;

өздігінен жұмыс істеу механизмі болмаған жағдайда қапсырмалы ілмектерді тілу және бұйымдарды бөлшектері бойынша бөлу;

қызмет ететін машиналардан өңделген бұйымдар мен кенептерді шығару және бөлу, бұйым, кенептің сапасын тексеру, бұйымдардың өлшемін анықтау;

қызмет ететін машиналарды тексеру және үйкелетін беттерді майлау.

818. Білуге тиіс:

қызмет ететін машиналардың класстары, олардың құрылымы мен негізгі механизмдерінің өзара әрекеті;

ілгектер мен тоқу біздерінің нөмірлері, инелі платиналы бұйымдарды класс, бағыт, қызметі бойынша пайдалану;

түптеу түрлері және оларды алу тәсілдері;

иірілген жіптің түрлері мен сызықтық тығыздығы, тоқу тығыздығын реттеу ережелері;

трикотаж бұйымдардың түрлері;

қызмет ететін машиналарды тазарту және майлау тәсілдері мен жиілігі.
Параграф 3. Трикотаж бұйымдарды, кенепті тоқушы, 4- разряд

819. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары трикотажды жартылай жүйелі бұйымдарды, қолғаптарды, кенеп, купон және түрлі түптеулі жамау жасқауларды тоқу, жүн орамалдар, көркем жиекті шарфтар мен палантиндер, трикотажды жасанды терілерді тоқу, тегіс тоқу, айналмалы, дөңгелек тоқу, дөңгелек трикотажды, сопақ, негіз тоқитын беек машиналарда және дөңгелек шұлықты автоматтарда тегіс шұлықтарды тоқу, көп түсті және бір түсті жоғарғы трикотаж бұйымдарын, балалар гарнитураларын, қолғаптарды, гетраларды, шәлілер мен түрлі түсті өрнектермен жиектелген, суретті және селдірлі балалар гольфтарын тоқу бізімен немесе машиналарда тоқу, қолдан жасалған иірілген жіптен көркем жиекті орамалдарды қолдан тоқу бізімен тоқу;

қажетті түсті және реңді иірілген жіптерді дайындау;

инелерді, инелі плиткаларды, ине жүргізушіні ауыстыру және жөндеу, шпуль мен бобинді ауыстыру;

тоқу біздері мен ілгектерді іріктеу, ілмектер мен тоқу құрылымын есептеу;

жіптердің, түту ленталарының үзілуін, кенептер мен есептеу тізбектерін ауыстырумен бұйымдарды тоқу;

тоқу тығыздығын, кенептерді тартылуын реттеу, бұйымдардың өлшем деректерін тексеру;

тоқу жабдығы мен құралдарының, тоқу машиналарының түту аппараттарының техникалық күйі мен жұмысын және лентаның дұрыс жеткізілуін бақылау;

жартылай өңделген өнімді, бөлу қажет болған жағдайда кенептерді қию және шығару, қолдан немесе арнайы құрылғыларда бұйымдарды теріс айналдыру, қапсырмалы ілмектерді кесу, резиналы жіптерді бекіту;

жұмыс процесінде кенеп, бұйымдар мен түту лентасының сапасын тексеру;

ілмектерді көтеру және суретті қалпына келтіріп, тастамдарды көктеп жамау;

трикотажды бұйымдардың өлшемін анықтау, оларды сұрыптау, жинақтау, өнімділікті белгілеу, талонды тіркеу, бұйымдарды бумаларға байлау және тапсыру;

қызмет ететін машиналар мен жабдықтарды тазалау және үйкелетін беттерді майлау.

820. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;

инелі платиналы бұйымдар, қызметі, нөмірі мен бағыты;

арнайы толықтырулар үшін механизмдер мен құрылғылардың қызметі;

түптеу түрлері бойынша толықтыруларды есептеу, жіп немесе иірілген жіптің сызықтық тығыздығы, трикотаж бұйымдардың артикулы мен өлшемдері;

технологиялы операциялардың орындалуының рационалды әдістері;

тоқу тығыздығын реттеу ережелері;

трикотажды бұйымдар мен кенептерді сұрыптау бойынша мемлекеттік стандарттар;

техникалық шаралар мен нұсқаулықтар;

қызмет ететін машиналар мен жабдықтарды тазарту және майлау тәсілдері мен жиілігі.


Параграф 4. Трикотаж бұйымдарды, кенепті тоқушы, 5- разряд

821. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары трикотажды жүйелі бұйымдарды, кенептер мен шілтерлерді, жүн орамалдарды, қолдан деккеровка жасау әдісімен көркем жиекті шарфтар мен палантиндер тоқу, суретті және түрлі түсті көлденең жолақтары бар шұлық бұйымдарын, котонды, негіз тоқитын, айналмалы, түрлі жүйедегі және класстағы дөңгелек шұлық автоматтарында алды автоматты жабылатын бұйымдарды, сонымен қатар тегіс шұлық бұйымдарын дөңгелек шұлық 28-34 классының автоматтарында тоқу, қолдан тоқу бізімен қолдан жасалған иірілген жіптен селдір орамалдар, шарфтар, палантиндер тоқу, модель үйлерінде, көркем шеберханаларда, зертханаларда түрлі жабдықтарда және қолдан трикотаж бұйымдары мен кенептерді тоқу, цехтарда, киім шеберханаларында, трикотажды бұйымдарды түптеу түрлерімен, эскиз бойынша түстермен, сызбалармен, суреттемелермен суретші мен технологпен бірге тіркелген үлгілер мен өлшемдері бойынша халықтың жеке тапсырысы бойынша трикотаж бұйымдарды тоқу;

қызмет ететін жабдықтың, инелі платиналы бұйымдардың күйін, май деңгейін, қажетті шикізат мөлшерінің болуын тексеру;

қызмет ететін жабдықты толтыру;

шпуля, бобин, копстарды ауыстыру;

кенептердің, бұйымдардың есептеу тізбегін алмастырумен үзілуін болдырмау;

жабдықтың, құрылғының және тарту құрылғыларының техникалық күйі мен жұмысын бақылау, оларды реттеу;

инелерді, ине жүргізушілерді, ілгек реттеушілерді, деккерларды жөндеу және ауыстыру;

өнім сапасын тексеру, қажет болған жағдайда бұйымдарды қолдан немесе арнайы құрылғыларда теріс қарату, қапсырмалы ілмектерді тілу, бұйымдарды бір-бірден бөлу және эласто өлшегіш жіппен бекіту;

инелердің бүкіл енімен арқау жіпті жүргізу, негіз жіптерін бөлу;

трикотаж бұйымдардың өлшемдерін анықтау және бақылау;

өнімдерді жинақтау, белгілеу, талондарды тіркеу, паспортты толтыру және салу, контейнерлерді ауыстыру, өнімді тапсыру;

қызмет ететін машиналар мен жабдықтарды тазалау және үйкелетін беттерді майлау.

822. Білуге тиіс:

қызмет ететін машиналар мен жабдықтардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;

қолданылатын инелі платиналы бұйымдардың позициялары, тоқу біздерінің нөмірі;

есептеу құрылғыларының жұмыс принципі, иірілген жіптің сызықтық тығыздығы, трикотаж бұйымдардың артикулы мен өлшемдері, кенеп пен бұйымдарды түптеудің негізгі түрлері, оларды алу әдістері;

түптеу суреттері мен өрнектердің жасалуына ілмектерді есептеу;

тоқу тығыздығы, автоматтық механизмдерді ауыстырып қосуды және негіздердің тығыздығын, бөлу және есуді реттеу ережелері;

технологиялық операциялардың орындалуының рационалды әдістері;

трикотаж бұйымдар мен кенептерді сұрыптау бойынша мемлекеттік стандарттар;

техникалық шаралар мен нұсқаулықтар;

қызмет ететін машиналар мен жабдықтарды тазарту және майлау тәсілдері мен жиілігі.


Параграф 5. Трикотаж бұйымдарды, кенепті тоқушы, 6- разряд

823. Жұмыс сипаттамасы:

авторлық үлгілердің барлық түрлері мен класстарын, дайын үлгілерді құрастыратын модель конструкцияларды, сәйкес толтыру карталарын есептеуді бағдарламалық басқаратын машиналарда тоқу.

824. Білуге тиіс:

толтыру карталарын есептеу және дайын үлгілерді құрастыру әдістері;

қызмет ететін жабдықтардың пайдалану ережелері;

инелі платиналы бұйымдардың түрлері, бұйымдардың, модельдердің, шикізаттың, түптеудің түрлері, тоқу тығыздығы, суреттерді құрастыру үшін ілмектерді есептеу, толтыру карталары, компьютерде қажетті бағдарламаларды шақыру ережелері;

бағдарламалық басқаратын машиналардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою тәсілдері.


194. Кеттельші

Параграф 1. Кеттельші, 4- разряд

825. Жұмыс сипаттамасы:

кеттельді машинада немесе қолдан шұлық, қолғап бұйымдары мен жоғарғы трикотажды кетлеу;

бұйымдарды қабылдау және кетлеге дайындау;

токольдар мен ілмектерді өткізбейтін бұйым бөлшектерін бір көлденең қатар, ілмек бағаналары мен қиғаш кесу бойынша бет немесе теріс жағымен бұйым ілмектерін кеттельді машинаның токоль фонтурасына кигізу;

кеттельді машинаның тігу механизмін дайындау;

жіптің үзілуін болдырмау;

шпуляны ауыстыру;

өзіндік ернеуі бар кеттельді машиналардан жоғарғы трикотаж бұйымдарын қолдан кетлеу кезінде жемпір жағасын, бортиктарды, жеңдер мен қырларын ілмек бағаналары бойынша ілмектерді дәл қолдан инемен тігу;

кетленген бұйымдардың сапасын тексеру, оларды шығару және белгіленген орынға тасымалдау;

кеттельді машиналарды желдету, тазарту және үйкелетін беттерді майлау.

826. Білуге тиіс:

кеттельді машиналардың құрылымы және пайдалану ережелері;

кетлеуге қолданылатын ілгіш, ине, ілгішектердің түрлері мен позициялары;

иірілген жіп пен жіптің түрлері мен сызықтық тығыздығы, бұйымдардың артикулдары мен түптеу құрылымы;

бұйымдардың сұрыпталуын анықтау әдістері.
195. Жуу-кептіру-ширильді-тұрақтандыру желісінің машинисі

Параграф 1. Жуу-кептіру-ширильді-тұрақтандыру

желісінің машинисі, 4- разряд

827. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі жуу, кептіру, ширильно, тұрақтандыру желісін жүргізушінің басшылығымен бағдарламалық басқарумен өңдеу желілерінде әр түрлі трикотаж кенептерді өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;

қызмет ететін жабдықты жұмысқа дайындау, трикотаж кенептерді салу;

жабдықтың жұмысын, трикотаж кенептердің тартылуын, аспаптар көрсеткішін, бу жіберуді, жайып салушының жұмысын бақылау;

қызмет ететін жабдықтың жұмысындағы ұсақ олқылықтарды жою.

828. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

кенептерді өңдеудің технологиялық тәртібі;

технологиялық тәртіптерді автоматтық реттеу жүйесі әрекетінің принципі;

трикотаж кенептерді өңдеу кезінде пайда болатын ақауларды жою тәсілдері;

трикотаж кенептердің түрлері;

трикотаж кенептерді шөктірудің көлеміне әсер ететін факторлар;

кенептер сапасына қойылатын талаптар.


Параграф 2. Жуу-кептіру-ширильді-тұрақтандыру

желісінің машинисі, 5- разряд

829. Жұмыс сипаттамасы:

бағдарламалық басқарумен өңдеу желілерінде әр түрлі трикотаж кенептерді өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;

өңдеу желілеріне техникалық қызмет көрсету;

қызмет ететін жабдықты жұмысқа дайындау;

кенептерді өңдеудің технологиялық процесін түзету, аспаптардың көрсеткіші бойынша автоматты және электронды құрылғылардың жұмысын реттеу;

өңдеу желісін ұсақ жөндеуден өткізу;

үйкелетін беттерді тазарту және майлау, қызмет ететін жабдықтардың механизмдерін жуу.

830. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың құрылымы, оны пайдалану, жөндеу және күту ережелері;

трикотаж кенептерді өңдеудің технологиялық тәртібін түзету, трикотаж кенептердің түрлері;

өңделетін кенептердің сапасына қойылатын талаптар, олардың сапасын тексеру әдістері мен тәсілдері;

үйкелетін беттерді тазарту және майлау ережелері;

тәсілдері, жиілігі, қызмет ететін жабдықтарды жуу, жөндеу, түзету.
Параграф 3. Жуу-кептіру-ширильді-тұрақтандыру

желісінің машинисі, 6-разряд

831. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі жуу, кептіру, ширильдеу, тұрақтандыру желісін жүргізушінің басшылығымен бағдарламалық басқарумен өңдеу желілерінде әр түрлі трикотаж кенептерді өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;

қызмет ететін жабдықты жұмысқа дайындау, науаны суға толтыру және тығыз ауаны жіберу, трикотаж кенептерді салу;

рецептура мен технологиялық тәртіпке сәйкес трикотаж кенептерді жуу мен аппретирлеу үшін ерітінділерді дайындау;

кенептерді өңдеудің технологиялық процесін, аспаптардың көрсеткіші бойынша автоматты және электронды құрылғылардың жұмысын реттеу;

өңдеу желісін ұсақ жөндеуден өткізу;

үйкелетін беттерді тазарту және майлау, қызмет ететін жабдықтардың механизмдерін жуу.

832. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың құрылымы, оның механизмдері мен автоматтық құрылғыларының өзара әрекеті;

трикотаж кенептердің түрлеріне байланысты оларды реттеу тәсілдері;

түрлері, артикулдары, суреттері бойынша кенептерді өңдеудің технологиялық тәртібі;

химиялық заттарды өңдеу кезінде пайдалану ережелері;

өңделетін кенептердің сапасын тексеру әдістері;

кенептердің түрлері, үйкелетін беттерді тазарту және майлау ережелері;

тәсілдері, жиілігі, қызмет ететін жабдықтарды жуу, жөндеу, түзету.
Параграф 4. Жуу-кептіру-ширильді-тұрақтандыру

желісінің машинисі, 7- разряд

833. Жұмыс сипаттамасы:

бағдарламалық басқарумен өңдеу желілерінде әр түрлі трикотаж кенептерді өңдеудің технологиялық процесін жүргізу және оларды жөндеу;

трикотаж кенептерді өңдеудің технологиялық процесінің орындалуына тиімді жағдайды таңдау, оны орындау кезінде өңдеу желісіне технологиялық қызмет көрсету;

трикотаж кенептерді өңдеу процесінің технологиялық параметрлерін түзету, технологиялық тәртіптен ауытқу кезінде автоматтық құрылғыларды реттеу.

834. Білуге тиіс:

өңдеу желісінің құрылымы, желі, компрессорлы құрылғы, кептіру камерасының құрамына кіретін машиналарды пайдалану ережелері;

желілер мен автоматтық құрылғылардың механизмдерінің өзара әрекеті;

өңдеу желілеріне қызмет ету кезінде олқылықтардың пайда болу себебі мен жою тәсілдері;

кенеп түрлеріне байланысты технологиялық тәртіпті реттеу ережелері;

түрлері, артикулдары, суреттері бойынша трикотаж кенептерді өңдеудің технологиялық тәртібі;

кенептерді өңдеудің технологиялық процесінің параметрлерінің қолайлы мәндері және оларды түзету, үйкелетін беттерді тазарту және майлау ережелері;

тәсілдері, жиілігі, қызмет ететін жабдықтарды жуу, жөндеу, түзету.

835. Жұмыс үлгілері:

Технологиялық процессті жүргізу:

1) трикотаж кенептерді жуу, аппретирлеу, кеңейту, кептіру, тұрақтандыру, булау және суыту;

2) трикотаж кенептерді жуу, сығу, кептіру, каландирлеу, жайып салу.

196. Тістер мен ілмектерді теруші

Параграф 1. Тістер мен ілмектерді теруші, 2- разряд

836. Жұмыс сипаттамасы:

пішінді суретті сақтай отырып, орамалдар, шарфтар, палантиндердің тістерін олар боялғаннан соң, болат иненің көмегімен жіпке теру.

келесі тістерді үстеп тоқу үшін айналмалы машинадан шығарылғаннан кейін бұйымның екі жағынан да орамалдар, шарфтар, палантиндердің ілмектерін тоқу біздеріне теру.

бұйымды өңдеуге дайындау.

жіп соңдарын байлау және шарфтар, орамалдар мен палантиндерді кептіру агрегатына жіберу.

тоқу біздерін арнайы қалпақшалармен бекіту.

837. Білуге тиіс:

әзірленетін бұйымдардың артикулы, өлшемі, түптеу түрлері;

тоқу тығыздығы, тістер мен ілмектерді теру ережелері.
197. Суретті теруші

Параграф 1. Суретті теруші, 5- разряд

838. Жұмыс сипаттамасы:

қолдан немесе арнайы құрылғылардың көмегімен сурет раппортына сәйкес дөңгелек тоқу машиналарының суретті барабандарына штифттерді және өрнекті дискке платиналарды теру және орналастыру;

барабанды суретті, суреттің технологиялық картасы мен басқаруды (бір патронға суретті есептеу және машина жүйелері бойынша купонды тоқудың схемалық жазбасы) реттеуге дайындау;

басқарудың перфолентасы мен ленталарын жапсыру;

иірілген жіпті түрі, сызықтық тығыздығы мен сапасы бойынша қабылдау;

қолданылатын жабдықты бақылау және техникалық қызмет көрсету;

жаккардты және өрнек жасайтын механизмдер мен құрылғылардың жұмысын бақылау;

итерушілердің орындарын ауыстыру және қапсырманы алмастыру;

кенепті шығару және жарамды ету;

сурет терудің ақауларын табу және түзету.

839. Білуге тиіс:

қызмет ететін машиналардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;

суретті есептеу және алу ережелері;

қажетті суретті алу үшін инелі платиналы бұйымдарды орналастыру тәсілдері;

кенептер мен купондарды тоқудың технологиялық процесі;

толтыру және технологиялық карталар;

түптеудің түрлері;

иірілген жіптің сызықтық тығыздығы мен иірілген жіп сапасына қойылатын талаптар;

кенептерді сұрыптау ережелері.
198. Пішінге келтіру-орау машинасының операторы

Параграф 1. Пішінге келтіру-орау машинасының операторы, 3- разряд

840. Жұмыс сипаттамасы:

«Кремпель-Вепомат» типтес немесе осыған ұқсас пішінге келтіру-орау машиналарында бұйымдарды орау;

технологиялық процесстің барысын бақылау және реттеу;

бұйымдарды орау үшін жапсырмаларды белгілеу;

бұйымдарды пакеттерге орау сапасын бақылау;

бұйымдарды қораптарға орауға дайындау, бұйымдарды есептеу;

бұйымдарды қораптарға салу, ПШК-1 типтес машиналарында қораптарды тігу.

841. Білуге тиіс:

қолданылатын машиналардың құрылымы мен қызметі;

өңделетін бұйымдардың артикулы, өлшемі, сорттары;

технологиялық процесс және бұйымдарды орау ережелері.
Параграф 2. Пішінге келтіру-орау машинасының операторы, 4- разряд

842. Жұмыс сипаттамасы:

«Кремпель-Вепомат» типтес немесе осыған ұқсас басқару электронды блоктары бар пішінге келтіру-орау машиналарында текстурированной капрон жіптері эластиктен шұлық бұйымдарын құру және сұрыптау процесін жүргізу;

бұйымдарды қабылдау және құруға дайында;

бұйымдарды пішінге кигізу;

бақылау өлшеу аспаптарының көмегімен бұйымдарды пішінге келтірудің технологиялық тәртібін сақтау;

мемлекеттік стандарттар мен эталондарға сәйкес шұлық бұйымдарын түсі, өлшемі, артикулы, сорты бойынша сұрыптау.

843. Білуге тиіс:

қолданылатын машиналардың құрылымы мен қызметі;

өңделетін бұйымдардың артикулы, өлшемі;

сорттары, шұлық бұйымдарын пішінге келтіру және сұрыптаудың технологиялық тәртібін сақтау ережелері және мемлекеттік стандарттардың талаптары.
199. Түктерді өңдеуші

Параграф 1. Түктерді өңдеуші, 2- разряд

844. Жұмыс сипаттамасы:

тазарту машиналарында түкті өңдеу және жасанды терінің кенептерін бекітілмеген түктерден тазарту процесін жүргізу;

жасанды терінің кенептерін тасымалдау және тазару машинасына салу;

жасанды тері кенептерін тазарту процесін бақылау;

тазарту машинасының механизмдерін реттеу;

кенептерді орау және белгіленген орынға тасымалдау.

845. Білуге тиіс:

тазарту машинасының құрылымы және пайдалану ережелері;

жасанды тері кенептерін тазартудың технологиялық тәртібі.
Параграф 2. Түктерді өңдеуші, 3- разряд

846. Жұмыс сипаттамасы:

қағу, үтіктеу және үтіктеу қырқу машиналарында жасанды тері түктерін өңдеу процесін жүргізу;

жоғары дәрежелі түкті өңдеушінің басшылығымен қырқу және үтіктеу қырқу машиналарында түкті қырқу процесін жүргізу;

қызмет ететін машинаға жасанды тері кенептерін салу;

орнатылған аспаптар мен құрылғылардың күйі мен жұмысын, жасанды терінің түктерін өңдеудің технологиялық тәртібінің параметрлерін сақталуын бақылау;

өңделген өнімді шығару, жасанды терінің кенептерін қайта өңдеуге тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты тазарту және майлау.

847. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы және пайдалану ережелері;

қызмет ететін машинаға жасанды тері кенептерін салу және шығару ережелері;

жасанды терінің сапасын анықтау әдістері;

жасанды тері түктерін өңдеудің технологиялық параметрлері;

қызмет ететін жабдықтарды майлау тәсілдері мен жиілігі.


Параграф 3. Түктерді өңдеуші, 4- разряд

848. Жұмыс сипаттамасы:

үтіктеу және үтіктеу қырқу машиналарында жасанды тері түктерін өңдеу процесін жүргізу, түту машиналарында нашар бекітілген талшықтарды түту, теріні кітапшаға салу;

қырқу және үтіктеу қырқу машиналарында жасанды тері түктерін қырқу процесін жүргізу, жасанды тері кенептерін тарқату, тігу және қызмет ететін машинаға салу;

түктерді термо өңдеу процесін бақылау, қызмет ететін машинаның механизмдерін реттеу және жөндеу, басқарудың электр жүйелерінің жұмысын бақылау;

дайын өнімді шығару және белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықтың үйкелетін беттерін тазарту және майлау.

849. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы және пайдалану ережелері;

жасанды тері кенептерінің түрлері және артикулы, түкті өңдеудің технологиялық тәртібі;

өңдеу температурасы, температуралық өңдеу кезінде түрлі талшықтардан жасалған жасанды терінің қасиеттері;

жасанды терінің сапасын анықтау әдістері;

қызмет ететін жабдықтарды тазарту және майлау тәсілдері мен жиілігі.
200. Технологиялық жабдықтауды түзетуші

Параграф 1. Технологиялық жабдықтауды түзетуші, 4- разряд

850. Жұмыс сипаттамасы:

аспаптарда, арнайы құрылғыларда немесе қолдан инелі платиналы бұйымдарды және салынатын қырқаларды түзету және тегістеу, мальезных машиналарға инелерді бұрмалау;

инелер, платиналарды, салынатын қырқаларды алу және оларды жұмыс орнына тасымалдау;

инелер мен платиналарды сырттай тексеру және техникалық шараларға сәйкес сапасын тексеру;

жарамсыз инелер мен платиналарды анықтау және жарамды ету;

ілгекті иненің өзекшесін, өкшесі мен зевті түзету, ыдысы мен тілшесін тазарту, клапанды түзету, ілгекті иненің клапандарын тексеру және түзету;

ине салғыштарды инемен және салынатын қырқаларды ілгектермен толтыру, оларды қызмет ететін машинаға орнату;

ине адымына қарай ине бастарын қатаң түрде көлденең сызық бойымен түзету және тегістеу, оларды бекіту;

белгіленген тәртіппен түзетілген инелер мен қырқаларды тапсыру.

851. Білуге тиіс:

қызмет ететін машиналардың класстары және инелі платиналы бұйымдардың қызметі, инелер мен платиналарды түзету тегістеу әдістері;

инелі платиналы бұйымдарды түзету тегістеуге арналған аппараттар мен арнайы құрылғылардың құрылымы және оларды пайдалану ережелері;

жазық және дөңгелек тоқу машиналарының тоқу механизмдерінде инелер мен платиналарды орналастыру;

техникалық шараларға сәйкес инелі платиналы бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

трикотаж өндірісінің технологиясы және инелі платиналы бұйымдарды дайындау.
201. Термобасушы
Параграф 1. Термобасушы, 4-разряд

852. Жұмыс сипаттамасы:

термопресстің көмегімен суретті қағаздан трикотажды жартылай жүйелі және бір даналы бұйымдарға өткізудің технологиялық процесін жүргізу;

пресс үстелінде жартылай жүйелі және бір даналы бұйымдардың пішінін салу;

қайтарылатын қағазды қию және салу, байқау үлгісіне сәйкес бұйымдар мен пішін бөлшектеріне сурет салу;

өңделетін бұйымдардан қайтарылатын қағаздарды салу;

бұйымдар мен пішін бөлшектерін суыту және жинақтау;

термопресс көмегімен суреттің салыну дұрыстығын бақылау;

термопресстің жұмысы кезінде ұсақ олқылықтарды уақытылы жою.

853. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың құрылымы, прессті термобасу тәртібіне реттеу ережелері;

суретті қағаздан бұйымға ауыстыру технологиясы;

шикізат түріне сәйкес температуралық тәртіп, трикотаж бұйымдардың түрлері;

қайтарылатын қағаз түрлері.


Параграф 2. Термобасушы, 5-разряд

854. Жұмыс сипаттамасы:

ауыстыру каландрының көмегімен технологиялық тәртіпке сәйкес суретті қағаздан трикотаж кенепке өткізудің технологиялық процесін жүргізу;

қызмет ететін жабдықты жұмысқа дайындау, газ құбырының, май қазанының, арматуралар мен электро өлшегіш аспаптардың дұрыстығын тексеру;

насосты, газ жанарғыны, автоматтық құрылғыларды қосу және олардың жұмысын бақылау;

май қазанының автоматтық құрылғыларының бірізді қосылуын бақылау;

каландрды қажетті температураға дейін қыздыру;

шикізат түріне байланысты технологиялық тәртіп параметрлерін реттеу;

трикотаж кенеп пен қағазды тасымалдау, оларды каландрға салу, қағаз бен кенептің қозғалысын, өңделген қағаз бен басылған кенептің дұрыс оралуын бақылау;

қағаз бен кенепте қыртыстар мен кертпелердің пайда болуын, бүклтелген жиектерді, кенептердің ауытқуын алдын алу;

басылған кенептің сапасы бойынша біліктің бір қалыпты қызуын бақылау, кенеп пен қағазды шығару, белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

855. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтар мен автоматты құрылғылардың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;

трикотаж кенептердің түрлері, қағаз бен бояғыштардың қасиеті, газдың шектеулі қысымы, шикізат түріне байланысты суретті кенепке ауыстырудың технологиялық тәртібі;

қызмет ететін жабдықты күту ережелері;

кенеп пен қағазды салу және шығару тәсілдері;

сурет ауыстырылатын трикотаж кенептің түріне байланысты каландр білігінің қызуын реттеу тәсілдері.


202. Трикотаж бұйымдарды жасаушы

Параграф 1. Трикотаж бұйымдарды жасаушы, 3- разряд

856. Жұмыс сипаттамасы:

шұлық және қолғап бұйымдарын жасау, кептіру жасау машиналарында, бу және электро формаларда, булау пресстерінде және бу ауа манекендерінде киімдер мен жоғары трикотажды ылғал және жылумен өңдеу;

бұйымдарды жасауға қабылдау және дайындау;

пішіндеу тігісін сақтай отырып, оларды формаларға кигізу;

кептіру пішіндеу машиналарында жұмыс істеу кезінде формалары бар күймелерді кептіру камераларына итеріп салу және оларды кепкеннен кейін және пішінделгеннен кейін камералардан итеріп шығару;

бұйымдарды престеу үстеліне жайып салу және үтіктеп престеу, бұйымдарды бу ауа манекендеріне кигізу;

бу ауа манекендерінде пішіндеудің, үтіктеп престеудің, ылғал және жылумен өңдеудің созылу ұзақтығын сақтау, форма мен ауаның қызу температурасын сақтау, қажетті бу қысымын сақтау;

бақылау өлшеу аспаптарын, автоматты реттеуіштерді және басқару пультін бақылау;

бұйымдарды формалардан, бу ауа манекендерінен уақытылы шығару;

пішіндеу, ылғал және жылумен өңдеу, бүктеу сапасын тексеру және дайын бұйымдарды есептеу;

сапасыз бұйымдарды іріктеу;

қызмет ететін жабдықтарды тазарту.

857. Білуге тиіс:

кептіру пішіндеу жабдығы мен ылғал және жылумен өңдеуге арналған жабдықтардың түрлері;

құрылымы мен қызметі, өңделетін бұйымдардың артикулы мен өлшемі;

форма өлшемдерінің бұйым өлшемдеріне сәйкес келуі;

трикотаж бұйымдарын пішіндеу және ылғал және жылумен өңдеудің технологиялық және температуралық тәртібі;

қызмет ететін жабдықты тазарту ережелері.


Параграф 2. Трикотаж бұйымдарды жасаушы, 4- разряд

858. Жұмыс сипаттамасы:

жоғарғы трикотаж бұйымдарын үлгі бойынша ұзындығы мен енін тегістеумен қатар сурет раппортын сәйкестендіріп, бөлшектердегі күліштерді жою, иық енінің сызығын реттеу, қол тартқыштарды орнату, юбканың қажетті енін реттеу, пішіндеу машиналарында, бу және электро формаларда пресстерде, б ауа манекендерінде қыртыстарды, плисселерді, гофрелерді пішіндеу, үтіктеу;

бұйымдарды қабылдау және дайындау, пішіндеу тігісін сақтай отырып, оларды формаларға кигізу;

кептіру пішіндеу машиналарында жұмыс істеу кезінде формалары бар күймелерді кептіру камераларына итеріп салу және оларды кепкеннен кейін және пішінделгеннен кейін камералардан итеріп шығару;

бұйымдарды престеу үстеліне жайып салу және үтіктеп престеу, қыртыстар мен бүктеліп қалуларды болдырмау, бұйымдарды бу ауа манекендеріне кигізу;

өңделетін бұйымдардың пішінделуінің, үтіктеп престелуінің, ылғал және жылумен өңделуінің созылу ұзақтығын сақтау, форма мен ауаның қызу температурасын сақтау, қажетті бу қысымын сақтау;

бақылау өлшеу аспаптарын, автоматты реттеуіштерді және басқару пультін бақылау;

бұйымдарды формалардан уақытылы шығару;

ылғал және жылумен өңдеу сапасын бақылау, бұйымның ені мен ұзындығын өлшеу, резинаның тығыздығы мен биіктігін өлшеу, ілмек діңгектерін тегістеу;

дайын бұйымдарды бүктеу, есептеу, оларды байламдарға жинақтау;

қызмет ететін жабдықтарды тазарту.

859. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың түрлері;

құрылымы мен пайдалану ережелері;

өңделетін бұйымдардың артикулы мен өлшемі, форма өлшемдерінің бұйым өлшемдеріне сәйкес келуі, бұйымдарын пішіндеу және ылғал және жылумен өңдеудің технологиялық және температуралық тәртібі;

өңдеу сапасына қойылатын талаптар.
203. Кенептерді тегістеуші

Параграф 1. Кенептерді тегістеуші, 3- разряд

860. Жұмыс сипаттамасы:

өолғап бұйымдарын жасау үшін трикотажды айналдыру кенептерінің тегістеу машиналарында күдеріге сәйкес етіп тегістеу процесін жүргізу;

айналдыру трикотаж кенептерді қабылдау және сапасын тексеру, кенеп жиектерін қию және тігу машинасында кенеп қалдықтарының соңдарын тігу.

кенепті тегістеу машинасына салу;

тегістеудің технологиялық тәртібін сақтай отырып, кенепті тегістеу процесін бақылау, кенептегі қыртыстар мен кертпелерді болдырмау, кенепті тегістеу жылдамдығын реттеу.

861. Білуге тиіс:

тегістеу және тігу машиналарының құрылымы мен пайдалану ережелері;

кенептің түрлері мен артикулы, оны тегістеудің технологиялық тәртібі;

қиылатын жиектердің ені;

кенепті қию және тігу кезінде қалдықтарды азайту шаралары.


жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау