III. Санның ондық құрамы.
Санның ондық құрамын анықтау кезінде сандағы ондықтар мен бірліктері анықталады. Мысалы сұрақтар:
- 13 санында неше бірлік бар?
- 13 санында неше ондық бар?
IV. Санды жазу.
Екінші ондықтағы сандарды жазуға үйретуде есеп шотымен, разрядтық кестемен жұмыс жасаған тиімді. Оқушылардың назарын 13 санының жазылуы қалай пайда болғанына аудару керек: алғаш ондықтарды жазамыз, содан кейін бірліктерді.
V. Екі таңбалы санда әр цифр орнын бекіту.
- 13 санын жазуға бізге неше цифр керек болды?
- ол қай цифрлар?
- 13 санындағы 3 цифры нені білдіреді?
- осы сандағы 1 цифры нені білдіреді?
- 13 санында бірліктер қай орында тұрады? (оң жақта бірінші)
- ондық қай орында орналасқан? (оң жақтан екінші)
Мұндай сұрақтар қою арқылы екітаңбалы сандағы цифрлардың орындарының маңызын бекітеміз.
VI. Сан қатардағы санның орнын келесі сұрақтар арқылы бекітеміз.
- 13 саны қай саннан кейін тұрады?
- 13 саны қай санның алдында тұрады?
VII.Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: санға бірнеше затты таңдап алу, керісінше бірнеше затқа соған сәйкес санды таңдау. Мысалы, мен қандай санды көрсетемін, сендер соншалықты шапалақтайсыңдар. Немесе мен бірнеше затты қойып шығамын, сендер соған сәйкес санды таңдайсындар. Мысалы тапсырмалар:
- Берілген санға сәйкес цифрді таңда.
- Мен қанша сан көрсетемін, сен соншалықты заттар қойып шық.
VIII. Сандарды салыстыру.
Балаларды салыстыруға үйретуде шартты түрде 3 кезеңнен өтеміз:
1-кезең: көрнекі құралдарды қолдану арқылы сандарды салыстырамыз (бумалар мен таяқшалар, брусоктар мен кубиктер, жолақшалар мен квадраттар қолдана отырып). Разряд бойынша салыстыруды үйретеміз, салыстыруды ондықтар разрядынан бастаймыз.
2-кезеңде көрнекілікті ауыстырамыз, разрядтық кестені сүйеніп салыстыру.
3-кезеңде көрнекі-дидактикалық материалдарды қолданбай, натурал сандардың сандық қатардағы қасиетіне сүйенеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қ.С. Тебенова, Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі - Алматы : Дәуір, 2011.5-212б
Ә.Қ. Қағазбаева Ж. Қайдасов Математиканы оқыту теориясы мен эдістемесі бойынша практикум. Алматы : «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2003-105-109 бет.
М. Ералиева Математиканы оқытуды ізгілендіру. Алматы. «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2003 ж 12-45б
«Математика». Көмекші мектепке арналған байқау бағдарламасы. Алматы- 2004 33-39б
Перова М.Н. Методика преподавания математики во вспомогательной школе. М.2001. 6-105б
Достарыңызбен бөлісу: |