Материалды меңгеру ерекшеліктері:
1. Сандардың аттарын көпке дейін есте сақтай алмайды, шатастырады (20, 30, 40, 50).
2. Санның реттілігін қиындықпен меңгереді.
3. Екі таңбалы сандағы әр цифрдың орнының мағынасын түсінбейді, орындарын ауыстырады (алдымен бірлікті содан кейін ондықты жазады). Мысалы: он екі - 21 12.
4. Санның ондық құрамын талдауда қиналады.
5. Келесі заңдылықты қиындықпен меңгереді: 10 бірліктен - жаңа бірлік құрылатынын.
6. Разрядтан асып шығаратын есепті қиындықпен меңгереді, мысалы: 5+6=11, 46+56.
7. Арифметикалық амалдарды орындағанда разрядтарды ескермейді.
Пайдаланатын көрнекі-практикалық материалдар: жеке және ондықтарға арналған санақ таяқшалары; арифметикалық жәшіктегі брусоктар мен кубиктер; есеп шоты; жолақшалар мен квадраттар; абак; разрядтық кесте; цифрлық касса; санауға арналған түрлі заттар.
11-ден 20-ға дейін әр санмен бөлек таныстырамыз. Әр санды оқытуға бірнеше сабақ беріледі. 20 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытуда келесі сұрақтар қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |